Алдын алу[өңдеу | қайнарын өңдеу] Жыныстық қатынас[өңдеу | қайнарын өңдеу] Үрпекқапты тұрақты пайдалану – АИВ жұқтыру қаупін шамамен 80% төмендетеді.[115] Егер ерлі-зайыптылардың біреуі инфекция жұқтырған болып, бірақ тұрақты түрде үрпекқап қолданса, жұғу қаупі – жылына 1% төмен болады.[116] Әйел үрпекқаптары да дәл осындай көрсеткіш көрсетеді деген растама бар.[117] Африкада жүргізілген зерттеу нәтижесінде қатынасқа түсер алдында құрамында теновир болатын қынаптық гель инфекция жұқтыру қаупін 40% төмендететіні анықталған.[118] Ал ноноксинол-9 спермицидін қолдану керісінше қынап пен тік ішекті тітіркендіретіндіктен, жұқтыру қаупін көбейтеді[119] Сахара оңтүстігіндегі Африкада гетеросексуал ерлерді сүндеттеу 24 ай ішінде АИВтен сақтау дәрежесін 38%-дан 66%-ға дейін жоғарлатқан.[120] Осы зерттеу сүйеніп, 2007 жылы ДДСҰ мен UNAIDS АИВ деңгейі жоғары аймақтарда инфекцияның әйелден ерге берілуінің алдын алу әдісі ретінде еркектерді сүндетке отырғызуды ұсынды.[121] Әйтсе де бұл әдіс инфекцияның ерден әйелге берілуінен қорғайтыны әлі де дауға арқау болып отыр,[122][123] сондай-ақ дамыған елдерде және ермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлерде аталған әдістің тиімділігі анықталмаған.[124][125][126] Дегенмен Халықаралық вирусқа қарсы қоғам (ағылш. The International Antiviral Society) жыныстық қатынасқа түсетін барлық гетеросексуал ерлерді сүндеттеуді ұсынады, сондай-ақ ермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлерді де сүндеттеу мәселесін көтеріп жір.[127] Кей сарапшылар сүндеттелген ерлер инфекция жұқтыру қаупі төмен дегенге қатты сеніп, ретсіз әрі қорғаусыз жыныстық қатынасқа түсіп, әдістің тиімділігін жоққа шығарады деп қорқады.[128] Секстен тартынуды қолдайтын бағдарламалар АИВтің кейінгі қаупіне әсер етпеуі мүмкін.[129] Құрдастардан білім алу да профилактикада мардымсыз екені анықталған.[130] Ал мектептегі кешенді жыныстық сауаттандыру қорғанусыз жүрісті төмендетуі мүмкін.[131][132] Жастардың кей бөлігі АИВ/ЖИТС туралы білсе де, АИВ жұқтыру қаупін елемей, қорғаусыз қатынасқа түсіп жатады.[133] Ерікті кеңес беру және АИВке тегін тексеру – нәтижесі теріс болғандардың өмір салтын өзгертуге әсер етпейді, бірақ статусы – оң болғандардың алдағы уақытта үрпекқап қолдануын арттырады.[134] Отбасын жоспарлаудың жетілдірілген қызметтері қарапайым қызметтермен салыстырғанда АИВ бар әйелдердің контрацепция қолдануын ынталандырады.[135] Жыныстық жолмен берілетін басқа да жұқпаларды емдеу АИВтің алдын алудағы тиімділігі әзірге белгісіз.[62] Жұқтыруға дейінгі[өңдеу | қайнарын өңдеу] CD4 саны ≤ 550 жасуша/µL адамдарда антиретровирусты терапия жүргізу — серіктесіне АИВ жұқтырудың алдын алады (болдырмас үшін емдеу (БЕ) страдегиясы).[136] БЕ жұқтыру қаупін 10-20 есе төмендетеді.[136][137] Ермен жыныс қатынасына түсетін ерлер, жұбайы АИВ–оң және Африкадағы гетеросексуалдар секілді жұқтыру қаупі жоғары адамдарға жұқтыруға дейінгі профилактика (ЖдП) ретінде теновофирдің тәуліктік дозасын эмтрицитабинмен не бөлек беру – айтарлықтай тиімді екені анықталған.[118][138] Бұл сондай-ақ есірткіні көктамырға егетіндер үшін де тиімді болуы мүмкін. Зерттеу нәтижесі бойынша аталған топта жұқтыру қаупі 100 адамға шаққанда жылына 0.7-ден 0.4-ке дейін төмендеген.[139] 2019 жылы USPSTF жұқтыру қаупі жоғары барлық топтарға ЖдП жүргізуді ұсынған.[140] Денсаулық сақтау саласындағы әмбебап сақтық шаралары АИВ жұқтыру қаупін төмендетуде тиімді деп саналады.[141] Есірткіні көктамырына енгізетіндерде жұқтыру қаупі жоғары екені белгілі. Ине алмастыру бастамасы мен опиоидты алмастырушы терапияның да осы қауіпті төмендетуде тиімді екені анықталған.[142][143] Жұқтырудан кейінгі[өңдеу | қайнарын өңдеу] АИВ–оң адамның қаны не жыныс мүшелерінен бөлінген секрециямен контакт болғаннан кейін 48–72 сағат ішінде антиретровирусты терапия жүргізу жұқтырудан кейінгі профилактика (ЖкП) деп аталады.[144] Зидовудиннің бір агентін қолдану инемен жарақаттануда АИВ инфекциясын жұқтыру қаупін бес есе азайтады.[144] Америка Құрама Штаттарында АИВтің алдын алу үшін тенофовир, эмтрицитабин және ральтегавир беріледі, бұл қауіпті айтарлықтай төмендетеді[145] Зорлаушы статусы оң не белгісіз болса да, зорланған адамға ЖкП жүргізу ұсынылады.[146] Әдетте, терапия төрт аптаға созылады.[147] Бұған себеп: зидовудин ішкендердің 70% пайда болатын жанама әсер, олар: лоқсу (24%), шаршағыштық (22%), қажу (13%) бас ауырсынуы (9%).[48] Анадан балаға[өңдеу | қайнарын өңдеу] АИВтың тікесінен берілуін болдырмау бағдарламалары жұқтыру қаупін 92-99% төмендетуі мүмкін.[80][142] Бұл бағдарламаға сәйкес антиретровирусты терапия жүктілік барысында анасына және босанғаннан кейін баласына жүргізіліп, нәресте ана сүтін емес, шөлмектен тамақтанады.[80][148] Шөлмектен (жасанды) тамақтандыру қолжетімді, қолайлы әрі қауіпсіз болса, барынша ана сүтін бермеген абзал, ал олай болмаса, алғашқы айда тек емшек сүтін беруге болады.[149] Егер нәресте тек ана сүтін емсе, кеңейтілген антиретровирусты профилактика жүргізу қажет, сол арқылы балаға АИВ берілуін төмендетуге болады.[150] 2015 жылы Куба АИВтің анадан балаға берілуін түпкілікті жойған алғашқы ел атанды.[151] Вакцинация[өңдеу | қайнарын өңдеу] Қазіргі таңда АИВ не ЖИТСке қарсы лицензия алған вакцина жоқ.[13] Әзірге ең нәтижелі вакцина сынағы 2009 жылы Тайландта жарияланған RV 144 вакцинасы; ол инфекцияның берілуін шамамен 30% төмендеткені белгілі. Бұл көрсеткіш келешекте бұдан да тиімді вакцина ойлап табуға болатынына үміт сыйлайды.[152] RV 144 вакцинасының сынағы әлі де жалғасып жатыр.[153][154]