Микробиология тарихында Рим профессоры


Анаэробты бактерияларды өсіру



бет44/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52

Анаэробты бактерияларды өсіру


Бұл топтағы микроорганизмдерді өсіру аэробтарға қарағанда күрделі келеді. Ол үшін төмендегідей арнаулы қоректік орталарды қолданады.
Ет- пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС) немесе Китт- Тароцци ортасы.Бұл ортаны дайындау үшін ірі қараның 20-30 г бауырын тілімдеп кеседі, 20-30 мл түтік суына салып, 1200С- та 40 минуттай уақыт залалсыздандырады. Бауыр сорпасын мақта арқылы сүзеді де оны көлемінен үш есе көп ет сорпасымен сұйылтады. Осы қоспаның бір литріне 2,5 г ас тұзын қосып, қышқылдығын (рН) 7,6-7,8-ге жеткізеді. Бауырды тағы да алып сыртындағы жарғағынан тазартып, кішкене- кішкене етіп тілімдеп әр пробиркаға салып үстіне дайындалған сорпаны құяды. Орта бетіне вазелин майын құйып 30-40 минут 1200С- та автоклавта залалсыздандырады.
Қантты- қан агары. 100 мл балқытылған және 450С- да салқындатылған ет- пептонды агарды, 10 мл 20%- тік залалсыздандырылған глюкоза ерітіндісін және 15-20 мл қойдың тазартылған және залалсыздандырылған қанын қосады. Осы қоспаны көбік немесе ауа бүршіктері шықпайтындай етіп ептеп қана шайқап араластырады да бактериологиялық аяқшаларға құяды. Аяқшадағы ортаны 5-7 сағаттай термостатта кептіреді. Бұл ортаны анаэробтардың таза культураларын алуға және олардың өсуі мен колонияларының пішінін анықтау үшін қолданылады. Микроорганизмдерді арнаулы аспап- анаэростаттарда да өсіреді.
Билет 42
1. Инфекция туралы түсінік беріп, локализациясы бойынша инфекциялық аурулардың топтарының ерекшеліктерін талдаңыз.
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:

  • Ішек аурулары;

  • Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;

  • Қан немесе трансмиссивті аурулар ;

  • Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Инфекция термині (лат. Infectio зақымдау, жұқтыру, ластау) инфекциялық агенттің –– микроорганизмге еніп, биологиялық процестер тудыруы.
Қоздырғыштардың берілу механизміне байланысты Л.В. Громашевский инфекциялық ауруларды бөліп қарастыруды ұсынды:
1 . Фекальдіоральді инфекциялық аурулар (ішек инфекциялары).
2 . Ауаберілу механизмді 4 тамшылы немесе аэрогенді берілу механизмді топқа инфекциялық аурулар (тыныс алу жолдарының инфекциялары, тұмау, қызылша).
3 . Трансмиссивті берілу механизмді инфекциялық аурулар (кен энцефалиті, малярия).
4 . Контакты берілу механизмді аурулар (тері жабындыларының инфекциялық инфекциялары, венерологиялык аурулар).

2. Микроорганизмдер қатысуымен күкірт қосылыстарының өзгеріске ұшырауын талдаңыз.


Күкірт қосылыстарының өзгерістері. Табиғатта кездесетін күкірт қосылыстарының өзгерістері негізінен екі процеспен жүреді. Бірінші –күкірттің органикалық және органикалық емес қосылыстары күкіртті сутегіне дейін тотықсызданады. Екінші – осылай тотықсызданған күкірт қосылыстары молекула күйінде күкірт пен күкірт қышқылына дейін тотығады. Күкірт тірі организмдер клеткасында кездеседі. Ал өсімдік қалдықтары, жануарлар өлекселері топырақта ыдыраған кезде, одан күкірт көбінесе күкіртті сутегі ретінде бөлініп шығады. Көбінесе күкіртті сутегі құрамында күкірт элементі бар белокты заттар ыдырағанда, яғни шірігенде пайда болады. Бұған шіріту бактериялары қатысады. Сонымен қатар күкірттің әр түрлі қосылыстары (SO2, SO3, H2S) түрлі вулкандар атқылауы кезінде газ күйінде бөлініп, атмосфераға таралады. Күкірттің тотықсызданған органикалық емес қосылыстарының тотығуы, бірқатар автотровфы және гетеротрофты микроорганизмдер көмегімен жүреді. Бұларға Тиобациллус, Бегиотта, Тиотрикс туысына жататын жіпше бактериялар мен фотосинтез деуші жасыл және қошқыл бактериялар жатады. Жіпше бактериялар көбінесе балшықыт суларда кездеседі. Ал фотосинтездеуші бактериялар жай суларда, тағамдарда, теңіздің жойылма суында, көлдерде тіршілік етеді.Тиобациллус туысына жататын бактериялар 1902 жылы Неополитан шығанағынан табылды. Олар тиосульфатты күкіртті сутегін, сульфидтерді тотықтыра алады. Бұлар спора түзбейді, ұзындығы 1-3 микрон шамасында. Олардың көпшілігі жіпшелер көмегімен қозғала алады.Жіпше күкірт бактериялары бегиотта қатарына жатады. Оған бегиотта, тиотрикс жатады. Бегиотта бактериялары көмір қышқылынан көміртегін болып алып, сіңіре алады, яғни олар хемоавтотрофтылар болып есептеледі. Ал өздеріне қажетті энергияны сульфидтерді молекула күйіндегі күкіртке дейін тотықтыру барысында камтиды. Ол күкірт тамшы трінде бактерия клеткасында жиналады. Ал ортада сульфид азайғанда клеткадағы тамшы күкірт, күкірт қышқылына дейін тотығады да, ол басқа заттармен қосылып, сульфид құрайды. Фотосинтездеуші күкірт бактериялары псеудомоналис қатарына, бұған тиородация хлоробактериалес тұқымдасы, ал тиородация тұқымдасына қошқыл күкірт бактериялары жатады. Олар таяқша тәрізді, көпшілігінің мөлшері бірден он микронға дейін, ал кейбір өкілдерінің шамасы тіпті 100 микрондай болады. Кейбір қошқыл күкірт бактериялар пішіні жөнінен әр түрлі колониялар түзеді де, ол шырынды қабыққа оралады.Бұл бактериялардың клеткасында пигмент кездеседі. Оны бактериопурпурин деп атайды. Ол қажетті органикалық заттарды екі жолмен синтездейді. Бірінші жолы – хемосинтез, екіншісі — фотосинтез. Қошқыл бактериялардың ішінде күкірт сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алмайтын, сөйтіп өз бойына органикалық заттарды жинай алмайтын топтар да кездеседі. Ол органикалық заттарды , тек фотосинтез көмегімен жинақтай алады. Табиғатта кездесетін күкіртті сутегі тион бактериялары молекула күйіндегі күкіртті күкірт қышқылына дейін тотықтыра алады, бірақ олар өз клеткасына күкірт жинамайды. Олар кермек және тұщы суларда, топырақта кең тараған, спора түзбейтін өте ұсақ таяқшылар, пайда болған күкірт қышқылы топырақтағы кейбір қосылыстарды ерітіп, пайдалы сіңімді күйге айналдыруға көмектеседі.
3. Ауа микрофлорасын Кротов әдісімен анықтау әдісін сипаттап жазыңыз, басқа әдістерден ерекшелігін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет