Аэробты микроорганизмдерді қатты қоректік ортаның бетіндежәне сұйық орталарда өсіру. Мұндайда оларды қатты қоректік ортаның бетінде немесе жұқа қабатты сұйық ортада өсіреді. Олар өттегін қиналмай сіңіре алады. Мұндай микроб өсіп тұрған ортаның ауамен жанасу бетін ұлғайтса болады. Осындай жағдайды Петри табақшасын жасау қолайлы. Ал факультативті анаэробтар қоректік ортаның беті ғана емес сұйық ортаның төменгі қабаттарында да тіршілік ете береді. Осыған орай микроорганизмдерді беттік әдіспен өсіру лабораторияларда және өнеркәсіптік жағдайда қолданылады.
Сұйық ортада микроорганизмдерді өсіруде де қоректік ортаның оттегімен жанасу ауданының үлкен болғаны қолайлы. Бұндай жағдайда микроорганизмдер сұйықтығы еріген оттегін пайдаланады. Сондықтан аэробты микроорганизмдерді өне-бойы шайқалып тұратын қондырғыларға қойып өсіреді. Мұнда микроб өсіп тұрған колбаларды неғұрлым шапшаңырақ шайқаса солғұрлым орта оттегіне байый түседі. Өнеркәсіп жағдайына микроорганизмдерді былғауышы бар арнаулы аспап ферментерлерде өсіреді. Қолайлы температурада аэробты бөлме жағдайында да өсіреді.
Билет 40
1. Антибиотиктерді микробқа қарсы әрекеттің сипаты мен спектрі бойынша жіктеңіз.
Антибиотиктер (гр.autі — қарсы және гр.bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді. Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген.
Әсер ету спетріне байланысты:
1- әсер ету спектрі тар препараттар: негізінен грам-оң бактерияларға – пенициллиндерге, линко-мицинге әсер етеді; негізінен грам-теріс бактерияларға – полимиксиндерге, монобактамдарға әсер етеді.
2 – әсер ету спектрі кең препараттар: 3–ші ұрпақ цефолоспопориндер, тетрациклиндер, амоксициллин, ампициллин.
Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады.
Жасуша жағдайында зат алмасудың реттелуі мен жасуша функциясы қамтамасыз етіледі: - физика-химиялық заң негізінде, - ферментативті катализ заңы негізінде, -транскрипция мен трансляция механизмі негізінде, -жасуша мембранасының функциясы мен қасиеттері негізінде.
Зат алмасудың реттелуі мен жасуша функциясын қамтамасыз ететін физика-химиялық заңдылыққа массалар әрекеті заңы жатады, яғни онда химиялық реакциялар жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясына пропорционал делінеді. Жасушада өтіп жатқан метаболизмдік процесстер бір-бірінен әр түрлі жылдамдықпен ерекшеленетін көп сатылы химиялық реакциялардың көрінісі болып табылады.(V1,V2,V3 және т.б.): А--->В--->С--->D--->E--->F--->....--> X V1 V2 V3 V4 V5 V6 Vn Бір бөлімдегі метаболит концентрациясының өзгеруі химиялық реакция жылдамдығының өзгеруіне алып келеді.
3. Микроорганизмдерге температураның әсерін зерттеу жұмысын жүргізу алгоритмін жасаңыз.
Су моншасын 80оС температураға дейін қыздырады. Қатқан ет-пептонды агар бар Петри табақшасын астынғы жағынан үш секторға бөледі. Олар дақылдардың қыздыру уақытын білдіреді (0-10-30 белгіленеді). Физиологиялық ерітіндіде (0,85%-дық NaCl ерітіндісі) алдын ала дайындалған пробиркадағы спорасыз бактериялардың (Escherichia coli) өлшемесін бактериологиялық тұзақпен 0 яғни қыздырылмаған секторға егеді Егуді агар бетіне штрих әдісімен жүргізеді. Дақылы бар пробирканы 10 минут су моншасында қыздырып, кейін дақылды 10 деп белгіленген секторға егеді. Пробирканы қайта су моншасына салып, қосымша 20 минут қыздырады да, агардың 30 деген секторына егеді. Табақшаларды температурасы 37оС термостатқа қояды.
Билет 41
1. Антибиотиктерді практикалық қолданудың пайдасы мен зиянын талдап, салыстырыңыз.
Антибиотиктер ауруларға қарсы күрес жүргізу кезінде, адам денесіндегі пайдалы бактерияларға зиянын тигізеді. Антибиотикті шамадан тыс, тым көп қолдану адам денсаулығына ұзақ уақыт кері әсерін тигізеді.
Louis Pasteur (Луи Пастер) 1877 жылы ең алғашқы антибиотик болған пеницилин дәрісін ойлап тапқан кезде былай деген:
«Біз бұл дәрінің көмегімен талай ауруларды жеңеміз. Бірақ, пайдалы бактериялардың адам денсаулығы үшін маңызы өте зор екенін ұмытпауымыз керек» деген.
Бактериялар – тамыр және жасушалардың (клетка) дұрыс дамуын қамтамасыз етеді. Иммунитет үшін керекті ферменттердің пайда болуын қадағалайды. Асқорыту жүйесінде жұмыс жасайтын бактериялардың көбі, денедегі гармондық тепе-теңдікті сақтап тұрады. Антибиотик дәрілері үздіксіз қолданылған кезде, пайдалы бактериялар өзгеріске ұшырайды да, зиянды бактерияға айналады. Нәтижесінде денедегі гармондық тепе-теңдіктің болмауы және ас-қорыту сияқты проблемалар мазалай бастайды. Осындай ауру-сырқаттарды туғызбаудың бірден-бір жолы антибиотиктерді мүмкіндігінше аз пайдалану. Болар болмас тұмау, суық тию кездерінде антибиотик қолданбауға тырысу керек. Тек, ауру нақтылы белгілі болған жағдайда және дәрігердің кеңесімен, антибиотик қолданудың зияны болмайды.
Сондай-ақ антибиотиктерді жиі қолдану денедегі аурудың микроптарының да қарсы тұру қабілетін арттырады. Бұл микроптарды жеңу үшін бұрынғыдан да ауыр антибиотиктер қабылдауға тура келеді. Нәтижеде аурудың жазылуы да ұзап, дене де ауыр антибиотиктердің әсеріне тап болғандықтан басқа мүшелерге де зияны тимей қоймайды.
Дегенмен антибиотиктер пайдасыз емес. Ол жиі ауыратын адамдарға қажет. Сондықтан оны дәрігер тағайындап, қадағалап отыруы керек. Ол қанша күнге деп берсе, арасын үзбей, сонша күн қолоданған жөн. Әйтпесе кейін тағы ауырған жағдайдағы инфекцияға оның шамасы жетпей қалады. Сондай-ақ бұрынғы қолданылған антибиотиктің қалдығын пайдалануға, оны гауқастанған туысқа өз бетімен беруге болмайды.
Антибиотиктердің аса жұқпалы аурулар эпидемиясы мен пандемиясын тоқтатқан кездері болған. Бірақ бұл дәріге жалпы көпшіліктің қолы жете бермейтін жағдайда орын алған. Яғни антибиотиктердің жалпыға бірдей қолжетімді болуы оны жаппай, арнайы рецепт, қадағалаусыз қолдану оның сапасын түсіреді екен. Бактериялық жұқпалар оған бейімделіп, кейін оның әсері болмай қалуы мүмкін. Жаңа антибиотиктер шығаруға тура келеді. Көпшілік арасына бактериялық жұқпа таралған жағдайда антибиотиктің қауқарсыз қалуы қоған үшін аса қауіпті. Сондықтан да бүгінде антибиотиктер тек қана дәрігер тағайныдап, қадағалауымен қолданылуы тиістігі қатаң айтыла бастады.
Қысқасы, антибиотиктердің пайдасы өте зор екен. Сондай-ақ жұрыс қолданған жағдайда одан түк те пайда болмауы, тіпті денсаулыққа зияны тиюі де ықтимал. Мамандар осылай деп отыр. Есте ұстаңыз, антибиоикті дәрігер тағайындауынсыз және қадағалауынсыз қолданған дұрыс болмайды екен.
2.Микроорганизмдерге сыртқы орта жағдайларының әсерін талқылаңыз.