Микроорганизмдерге ылғалдық әсері. Микроорганизм-дер клеткаларының 85%-тейі су. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті ылғалды жерде ғана жүреді. Көптеген қоректік заттарды микробтар клеткасы тек ертінді күйінде ғана сіңіре алады. Ылғал әсіресе, микроорганизмдер клет-касы бөлінгенде және көбейгенде қажет. Кейбір микроор-ганизмдер ылғалдың тапшылығына қарамастан тіршілік ете береді. Ал микроорганизмдердің кайсыбір топтары құрғақ жерде бірнеше жылдар бойы тіршілік қабілетін жоймайды. Бактериялар және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар спораларының тіршілігі ұзақ уақыт бойы сақталады. Бірақ құрғақ жерде өніп-өсе алмайды. Бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтардың тіршілігі ортаның ылғалдылығы 20—30%, зең саңырауқұлақтарының тіршілігі —15—20% болғанда тоқталады. Бұл олардың клеткаларының copy күшінің көптігін көрсетеді.
Микроорганизмдер тіршілігіне суда еріген қосылыстар концентрациясының әсері. Микроорганизмдер тіршілігіне суда еріген қосылыстар концентрациясы едәуір әсер етеді. Мұндай заттар аз болса, гипотоникалык ертінді деп атайды. Ортада заттар концент-рациясы қолайлы дәрежеде болса, олар жақсы өніп-өседі. Ал заттар концентрациясы артса, ортаның осмостық қысымы да артады, сөйтіп микроорганизмдер тіршілігі ба-яулайды. Жоғары осмостық қысымдағы ерітінділерді ги-пертоникалық ертінді деп атайды. Осындай жағдайда микробтар клеткасындағы ылғал сыртқы ортаға ауысып кетіп, клетка сусызданады да, протопласт жиырылып қалады. Бұл құблысты плазмолиз деп атайды. Ал ортада осмостық қысым тым аз болса, ылғал клеткаға еніп, оны жарып жіберуі ықтимал. Бұл жағдайда плазмомптиз құбылысы байқалады. Грам оң бактериялардың клеткасындағы осмостық қысым 3-106 ПА, ал Грам терістерінде 4∙105 - 8∙105 ПА. Сонда осмостық қысымы тым жоғары ертіндіде (9∙106-107 ПА), яғни ас тұзының концентрациясы 15—20 проценттей болғанда тек бактериялар емес басқа да организмдер тіршілігіне қауіп төнеді. Табиғатта едәуір осмостық қысымда тіршілік ете алатын микроорганизмдер кездеседі.
3. Анаэробты микроорганизмдерді қоректік орталарда өсіру әдісін сипаттаңыз және ерекшелігін көрсетіңіз.