Микробиология тарихында Рим профессоры


Бұл қандай микроорганизмдер? Сипаттама беріңіз



бет40/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52
3. Бұл қандай микроорганизмдер? Сипаттама беріңіз.



Көбінесе жұппен (диплококктар) немесе қысқа тізбектерде кездесетін грам-позитивті кокктарды физиологиялық ерекшеліктері бойынша стрептококктардан ажырату қиын.
Энтерококктар – диаметрі 0,5-1 мкм сфералық немесе сопақша бактериялар жұппен немесе қысқа тізбекпен (сұйық қоректік ортада) қосылады. Энтерококктар айқын жасушалық полиморфизммен сипатталады, кейбір штаммдары қозғалғыш, 1-4 жгутикасы бар. Энтерококктарда генетикалық трансформация және конъюгация құбылыстары табылды. Конъюгация трансмиссивті плазмидалардың болуымен анықталады
Зәр шығару жолдарының инфекциялары, бактериемия, бактериалды эндокардит, дивертикулит және менингит сияқты көптеген клиникалық маңызды инфекцияларды тудырады.Сезімтал штаммдарды ампициллинмен және ванкомицинмен басуға болады.
Enterococci тұқымының ең маңызды ерекшелігі - олардың эндемиялық антибиотиктерге төзімділігінің жоғары деңгейі. Кейбір энтерококктарда бета-лактамды антибиотиктерге (пенициллиндер мен цефалоспориндер), сондай-ақ көптеген аминогликозидтерге төзімділіктің ішкі механизмдері бар. Соңғы екі онжылдықта ванкомицинге (ванкомицинге төзімді энтерококк немесе VRE) төзімді және ауруханаішілік инфекцияларды тудыруы мүмкін энтерококктардың әсіресе вирулентті штамдары пайда болды.
Ұлыбритания сияқты басқа дамыған елдер VRE індетінен аз зардап шекті, ал Сингапур оны 2005 жылы тоқтатты. VRE сезімталдығы шамамен 70% болатын квинупристин/далфопристин (Synercid) антибиотиктер комбинациясы арқылы емделеді
Энтерококк менингит – нейрохирургиялық операциялардың сирек асқынуы. Көбінесе бұл мәселе талқыланса да, ішілік немесе интратекальды (интратекальды) ванкомицинмен емдеуді қажет етеді. Ванкомицинді қолдану нәтижеге әсер ете ме, жоқ па, белгісіз, өйткені нейрохирургиялық жүйелерді жою осы инфекцияларды емдеудің маңызды бөлігі болып табылады.
Билет 30

  1. Микроорганизмдерге ылғалдылықтың, құрғатудың және осмостық қысымның әсерлерін сипаттаңыз.

Физикалық фактордың әсері.
Физикалық факторлардың ішінде температураның микроорганизмдер үшін маңызы зор. Бірақ микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарларға қарағанда температураның құбылуына төзімді келеді. әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктессі бар: оптималь - ең тіршілікке қолайлы температура;
Минималь – бұл тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі; макисаль - микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа, тіршілік ете алмайды. Жалпы микроорганизмдердің температураға қатысын зерттегенде оларды үш топқа бөлуге болады:
1. Психрофилдер.
2. Мезофилдер.
3. Термофилдер.
Ылғалдылық әсері.
Микроорганизмдер ылғалды ортада ғана тіршілік ете алады. Суда еріген қоректік заттарды микробтар клеткасы сорып алып, қоректенеді. Мұнда суда еріген заттардың концентрациясыныңзор маңызы бар. Егер бұлзаттардың концентрациясы суда аз болса, онда оны гипотоникалық ерітінді деп атайды. Ал ол заттар концентрациясы оптималды болса, микроорганизмдер тіршілігі үшін жақсы жағдай жасалады. Заттар концентрациясы молайған сайын сыртқы ортадағы осмостық қысым арта бастайды. Ондай ерітіндіні гипертоникалық ерітінді деп атайды. Осмостық қысым жоғары ерітінділер микроб клеткасындағы ылғалды тартып алады да, клетка тіршілігін жоя бастайды. Мұндай құбылысты плазмолиз деп атайды. Кейбір микроорганизмдерге ортаның жоғарғы осмостық қысымы олардың тіршілік етуіне зиян келтірмейді. Олардың осмофильді, яғни жоғары қысымды “сүзгіштер” деп атайды. Бірқатар микроорганизмдер ас тұзының жоғары концентрациясында тіршілік етуге бейімделген. Оларды галофильдер, яғни тұздың жоғары концентрациясын “сүйгіштер” деп атайды.
Кептірудің әсері.
Микроорганизмдердің кептіруге төзімділігі олардың физикалық-химиялық қасиеттері мен спора түзу қабілеттілігіне байланысты. Споралар орташа ылғалы 40%-ке дейін жеткенше тіршілікке қабілеттелігін жойылмайды. Құрғақ күйінде споралардың жүздеген жылдар тіршілігін жоймай сақталатыны мәлім. Ал спора түзетін бактериялар орташа ылғалы азайғанда өз тіршілігің тоқтата бастайды. Құрғатқанда микроорганизмдердің тіршілік процесі өте баяулайды, көбеюі тоқталады. Сондықтанжылддам бұзылатын ет, балық, жемістер, сүт шөпті құрғату арқылы сақтайды. Мұны сублимация деп атайды. Онда төменгі температура мен шапшан салқындату қатар жүргізіледі. Тағамдар осылай етіп өңдегенде екі жыл және одан да ұзақ сақталды.

  1. Рекомбинантты ДНҚ-ның технологиясы ерекшелігін жазыңыз.

Рекомбинанттық ДНҚ технологиясы клетканы зерттеуде төңкеріс жасады. Қазіргі кезде реструктуралаушы нуклсазаларды пайдалана отырып, клетка ДНҚ-нідің кез-келген бөлігін кесін алуға, клондауға және осы генетикалық материалды шексіз мөлшерде алуға, содан соң оның кезектесуін күніис бірндес жүздеген нуклеотидке дейін анықтауға болады. Осы әдіснен эукариоттардың көптеген өндерінің және қоюмдарының кодталмайтың бөдіктері анықталған.
Рекомбинантты ДНҚ технологияларының мүмкіндіктері жоғары. Шексіз мөлшерде сүт қоректілердіц ақуызын синтездейтін бактериялар немесе ашытқылар жасалуы мүмкін. Бұл ақуыздың структурасы мен функциясын анализдеуге немесе медициналық мақсатта қоданылатын (вакиина немесе дәрілік препараты) ақуыздар алуға мүмкіндік берді.
ДНҚ клондау — табиғаты кез-келген ДНҚ фрагментін плазмидаға немесе бактериофатқе енгізіп, осы генетикалық элементтің бактерия немесе ашытқы клеткаларында көбейтуге мүмкіндік беретін әдіс. Клон — қажетті клеткалардың үлкен популяциясы; плазмида — клондау векторы.
Рекомбинанттық ДНҚ технологиясы көптеген әдістердің жиынтығы. Ескі, жаңа, басқа пәндерден алынған әдістер микроорганизмдер генетикасынан алынған әдістер.
Ең негізгі әдістер:
1) ДНҚ-ны арнайы рестриктуралаушы нуклсазалармен ыдырату.
2) Нуклеин қышқыдарының гибридизациясы. Ол нуклеин қышқылынын өзара комплементарлы бөліктерге байланыса отырып жоғары дәлдікпен ДНҚ мен РНҚ-ныц нуклеотидтік кезектесуін анықтауға мүмкіндік береді.
3) Белгілі бір ДНҚ фрагменттерін жылдам репликацияланатын генетикалық элементтерге (плазмида, вирустар) енгізу үшін қолданылатын ДНҚ-ны клондау.
4) Клонданатын ДНҚ фрагментіндегі нуклеотидтердід кезектесуін анықтау.
Рек-ДНҚ-ның селекциясының 3 жолы бар: генстикалық (маркерлар бойынша, тандамалы орталардың көмегімен), иммунохимиялық және таңбаланған ДНҚ нсмссс РНҚ-лы гибридизациялық.
Гендік инженерия әдістсрінің жедел дамуының нәтижесінде рибосомалық, траспорттық және 5S РНК, гистондар, тышқан, қоян, адамның глобиидері, коллаген, овальлбумин, адам инсулины жэне т.б. пептидтік гормондары, адамның интерфероиы және т.б. гендердін клондары алынган.
Гендік инженерия негізінде қазіргі биотехнологияның бір бағыты болып табылатын «ДНК индустриясы» деп аталатын фармацевтиканың саласы пайда болды.



  1. Микробиологиялық лабораторияда ыдыстар мен құрал-саймандарды бу ағыныда және бу қысымымен зарарсыздандырудың жолдарын сипаттаңыз, олардың тиімділігін көрсетіңіз.

Бу ағыныда зарарсыздандыру. Бөлшектеп зарарсыздандыру немесе тиндализациялау. Бу ағанында зарарсыздандыруды Кох аппаратында жүргізеді. Бұнда зарарсыздандырылатын материалға белгілі бір мерзім ішінде ыстық бумен бірнеше рет әсер етеді. Әрине бұны автоклавтарда жүргізуге болады. Бұл әдіс көбінесе зарарсыздандырылатын материал 100 0С және одан да жоғары температурада өз қасиетін жоятын болса ғана қолданылады. Бұған құрамында кейбір көмірсулары бар қоректік орталар (Гисс ортасы, Сүт, ЕПЖ т.б. жатады.) Сондықтан да бұларды Кох аппаратында 30 минуттай үш күндей зарарсыздандырады. Әрбір рет 30 минут зарарсыздандырылғаннан кейін коректік ортаны аппараттан шығарып алып термостатқа немесе жылы болса бөлмеге қояды. Сонда жылы жерде микроб споралары өсіп өнеді. Екінші рет зарарсыздандыруды қайталғанда вегетативтік клеткалар тағы да қырылып кетеді. Бұл әдісті бөлшектеп зарсыздандыру немесе тиндализациялау деп атайды. Тиндализация әдісін Тиндаль ұсынған болатын. Бұнда зарарсыздандырылатын материалды термореттеушісі бар су моншасында 60-65 0С бір сағаттан бес күн бойына немесе 70-80 0С үш күн бойына жүргізеді. Әрбір қыздыру аралығында зарарсыздандырылып отырған материалды споралардан вегетативті формалар өсіп шығуы үшін 25 0С термостатқа қойып отырады. Негізінен тиндализациялау әдісін құрамында белогы көп қоректік ортаны ұрықсыздандыру мақсатында қолданады.
Бу қысымымен зарарсыздандыру. Бұны автоклавта жүргізеді. Бұның өзі сопақша екі қазаннан тұрады. Сыртқысын су-бу камерасы деп, ал ішкісін зарарсыздандырушы камера деп атайды. Ішкі камераға зарарсыздандырылатын материал орнатылады. Осы камераның жоғарғы жағында сыртқы камерадан бу келетін кішкене тесік бар. Автоклав қақпағы ешбір саңылаусыз берік етіп жабылады. Автоклавта қысымды және температураны оның жұмыс істеу кезінде көрсетіп тұратын манометрмен, термометрмен жабдықталған. Автоклавпен жұмыс істеушілер арнайы нұсқаулармен қамтамасыз етіледі және оларды үйрететін арнаулы орында бар.
Билет 31
1.Микроорганизмдерге температураның әсерін талдап, олардың температураға байланысты топтарын анықтаңыз.
Орта температурасы – микроорганизмдерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардан микроорганизмдердің айырмашылығы – микроорганизмдер температураның өзгеруіне төзімді келеді. Мәселен, пішін таяқшасы +5-57 градуста көптеген сапрофит бактериялар +20-35 градус арасында тіршілік етуге бейімделген. Бірақ ауру қоздырушы паразит микроорганизмдердің басым көпшілігі тірі организмдер, солардың дене қызуының шамасында, яғни +35-36 градуста тіршілік етеді.
Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктесі бар. Олар: оптималь, максималь және минимал температуралар.
Оптималь температурада микроорганизмдерге ең қолайлы жағдай туады. Бірақ көптеген спора түзуші микроорганиздердің өніп-өсуі мен олардың спора түзуі қажетті бұл темпператураға үнемі сәйкес келе бермейді. Мәселен, өсіп дамуы үшін +37 градус керек болса, олардың спора түзуге қажетті температурасы +31 градус. Сүт қышқылды бактериялардың оптималь температурасы +25-30 градус, ал темофильді микроорганизмдер үшін ол +45 градус шамасында болады.
Минималь температурада тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі. Ал температура бұдан төмендесе тіршілікке қажетті ең төменгі шекті температурадан кем температурада микроорганизмдер тіршілік ете алмайды.
Жалпы микроорганизмдердің температураға қатысын зерттегенде оларды үш топқа бөлуге болады:
1. Психрофилдер.
2. Мезофилдер.
3. Термофилдер.
Психрофилдер – суықты сүйетіндер, солтүстікте мекендейді. Үйлесімді температура – 10-20°С, max – 35, min - 0°С.
Мезофилдер (гректің "мезос"- орта)- микроорганизмдердің көп таралған тобы, 5-10-ден 40-50°С дейін температуралық шектерде дамитындар. Бұл топқа көптеген шірігендер, сонымен қатар барлық патогендік және токсигендік бактериялардың түрлері жатады.
Термофилдер – термалді қайнарларды, шөлді далалардың құмдарын, компостық үймелерді, өздігінен жанатын қиларды, т.б. мекендеушілер. Үйлесімді температура –50-60°С, max – 75, min - 40°С. Көпшілігінде споралық түр дамыған

2.Микроорганизмдердің суды тазартудағы маңыздылығы, олардың теңіздерді және мұхитттарды тазарту жолдары туралы толық мәлімет беріңіздер.


Биологиялық тазалау әдісі микроорганизмдердің ағынды өздерінің субстраты ретінде сулардағы түрлі қосылыстарды пайдалану әрекетіне негізделген. Бұл әдістің құндылығы оның ағын су құрамындағы органикалық және бейорганикалық кең спектрлі заттарды жоюында жатыр. Алайда бұл әдістің ойдағыдай жүруі үшін тазалау қондырғыларының құрылысына көп мөлшерде қаржы бөлу қажет. Тазарту процесі барасында тазалаудың технологиялық режимін қатаң сақтау және микроорганизмдердің ластанудың жоғары концентрациясына өте сезімтал келетінін ескеру қажет. Сондықтан биологиялық тазарту жүргізбестен бұрын, ағын суларды сұйылту қажет
Биологиялық жолмен тазарту процестерінің 2 әдісі бар: Аэробты – микроорганизмдер заттарды тотықтыру үшін оттегі пайдаланады Анаэробты – микроорганизмдер бос күйіндегі еріген оттегімен де, сондай – ақ нитратиондарыны электрондарының артық акцепторларымен баййланысқа түсе алады
Анаэробты тазалау Қалдық ағынды суларды анаэробты ыдырату кезінде қалдық сулардың қатты фазасы, яғни ортақ белсенді тұнба мен 1 -ші су тұндырғыштан шыққан қалдықтардың өңдеу процесі жүзеге асады. Егер тазаланатын су тұрмыстық қалдық су болса, олардан әр түрлі жағымсыз қасиетті тұнбалар түзіледі. Бұл тұнбалардың иісі нашар, ұиын кебеді, санитарлық жағдайда қауіпті болады. Бұндай тұнбаларды анаэробты қондырғыларда өңдеу кезінде органикалық заттардың анаэробты ыдырауы жүреді. Нәтижесінде тұнбаның физикохимиялық құрамы өзгереді. Ал ашудан қалған өнімді тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Метантенк дегеніміз – әр түрлі конструкциялы жабық камера. процесс жасанды жолмен 30 -350 С қыздырумен басталады. Бұл кезде қарқында түрде мезофильді микроорганизмдер дамиды. Температураны 50550 С жоғарылату ыдыратуды тездетіп, термофильді анаэробты микроорганизмдердің дамуына септігін тигізеді. Метантенктен шығатын газдың 60 -65% метан, 16 -34% СО 2, 3% азот, сутек және күкіртті сутек құрайды. Метанды жанғыш газ ретінде пайдаланады, көп жағдайда 70 -90 тазалау жүйесінің өз қызметтеріне пайдаланады. Анаэробты тазаланудан қалған қалдықтар тыңайтқыш ретінде мал және ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
Аэробты тазалау • Өңдеу кезінде қалдық ағынды суларды механикалық ластаушылардан тазалау жүргізіледі. Тазалау әр түрлі торлар, тұндырғыштар, құмұстағыштар арқылы жүргізіледі. • Екінші кезеңде аэробты микроорганизмдердің қатыскымен еріген орг зат-ң ыдырауы жүзеге асады. Ыдыраудан кейінгі микроб клетканың бір бөлігі реакторларға қайта құйылады, қалған бөлігі жойылады. • Азот және фосфорды ыдырату және химиялық тұнбаландыру жүзеге асады. • 1 ж/е 2 кезеңде түзілген тұнбаны қайта өңдеу үшін анаэробты ыдырату қолданылады. Бұл жағдайда тұнба көлемі мен патогенді орг-ң мөлшері төмендейді, иісі кетеді, бағалы орг жанармай – метан түзіледі. Практикада 1 деңгейлі немесе көп деңгейлі тазалау жүйесі қолданылады. Қалдық ағынды сулар орташаландыруға түскенде белсенді тұнбамен араластырады. Араластыру ауа арқылы жүреді. Орташаландыру кезеңінде қалдық аминді сулар бірнеше сағат болады. Одан кейін судың биологиялық тазалануы аэротенттерде жүзеге асады. Аэротенк - ашық темір бетонды қондырғы. Оның құрамында органикалық ластаушылар мен белсенді тұнбасы бар қалдық су болады. Олар аэротенкте ауамен аэрацияланып отырады. Белсенді тұнба суспензиясын оттегімен қарқынды аэрациялау оның органикалық қоспаларды сорбциялау қабілетін қалпына келтіреді.

3.Микробиологиялық лабораторияда қоректік орталарды сүзу арқылы зарарсыздандырудың жолдарын сипаттаңыз, олардың тиімділігін көрсетіңіз.


Сүзу арқылы зарарсыздандыру. Кейбір қоректік орталарды жоғары температурамен зарарсыздандыруға болмайды. Өйткені олардың құрамы мүлдем өзгеріп кетуі мүмкін. Сол үшін сұйық орталарды микробтар өте алмайтын саңылауы бар арнаулы бактериялық сүзгіштерден өткізеді. Вирустар бактериялық сүзгіштерден өтіп кетеді. Бұндай сүзгіштерді тым кішкене бактерияларды ұстап қалатын материалдардан (коалин, асбест, нитроцеллюлоза және т.б.) жасайды.
Асбест сүзгіш (Зейтц сүзгіші). Бұл қалындығы 3-5 мм және диаметрі 35 және 140 мм көлемі кішкене немесе үлкен сұйықтарды сүзуге арналған асбест пластинкалар. Бұл сүзгіштерді қолданар алдында аспаптарға бекітіп, солармен бірге зарарсыздандырады. Асбест сүзгіштері бір рет қолдануға ғана жарайды.
Мембраналы ультрасүзгіштер. Бұл диаметрі 35 мм және қалыңдығы 0,1 мм органикалық затнитроклетчаткадан жасалған ақ дискі. Пайдалану алдынан мембраналы сүзгіштерді де қайнату арқылы зарарсыздандырып алу керек. Ол үшін сүзгіні температурасы 50-600С жылытылған суға салады. Одан соң суды 30 минуттай қайнатады. Бұнда суды 2-3 рет ауыстыру қажет. Мембраналы сүзгіштерді де, арнаулы сүзгіштерді де арнаулы сүуші аспапқа (Зейтц аспабы) орнатады.
Сүзу барысында сүзгідегі қысымның өзгеруіне байланысты сұйық сүзгі саңылауынан өтеді де, микробтар сүзгі бетінде қалып қояды.
Билет 32
1.Микроорганизмдерге оттегінің әсерін талдап, олардың оттегіге қатысы бойынша топтарын анықтаңыз.
Тірі микроорганизмдердің тыныс – тіршілігіне оттегі қажет. Облигатты аэробты микроорганизмдер тек оттегінің қатысуымен өніп — өседі. Бұларға – кейбір бактериялар мен саңырауқұлақтар жатады. Оттегіні пайдаланбайтын микроорганизмдер анаэробтар деп атайды. Олар 2 үлкен топқа бөлінеді: облигатты анаэробтарға оттегі улы болады, ал оттегінің қатысуымен тіршілік ететін бактерияларды аэротолерантты анаэробтар дейді.Облигатты анаэробтардың құрамында тотықтырушы ферменттердің болмауынан оттегі у ретінде әсер етеді. Бұл ферменттер каталаза және дегидрогеназа. Облигатты анаэробтарға жататын бактериялар:Clostridium және актиномицеттер Streptomyces туыстары. Сонымен қатар факультативтік анаэробтар да кездеседі. Факультативті анаэробты микроорганиздер сыртқы орта жағдайына қарай оттекті және оттексіз ортада тіршілік ете алады. Мысалы, ашытқылар. Аэробты жағдайда оттегінің қатысуымен қантты көмір қышқыл газы және су тотықтырады. Ал анаэробты жағдайда қант спиртке және қышқылдарға, көміртегі газына айналады. Факультативті анаэробты бактериялардың өкілдері: bacillus, vibrio, Escherichia, ал ауру қоздырғыш бактериялар туысынан salmonella, shigella, staphylococcus т.б атап өтуге болады. Табиғатта микроаэрофильді бактериялар да кездеседі. Бұларға жататын микроорганизмдердің тіршілік етуіне оттегінің аз мөлшері де жеткілікті.

2. Ылғалдың топырақтағы микробиологиялық процестерге әсерін түсіндіріңіздер


Топырактың түріне қарай оның механикалық қүрамы да өзгеріп отырады, олардың ұсақ бөлшектерінің шамасы миллиметрдің өлігіндей және одан ірілеу болады. Осындай бөлшектердің арасында ауа, су болумен қатар микро-организмдер де тіршілік етеді. Олардың көпшілігі топырақ бөлшектерінің ішінде, қалғандары топыраіқ ерітіндісінде кездеседі. 
Топырақ ылғалдығының және температура-сының микробиологиялық процестерге әсері. Микроорганизмдер негізінен ылғалды жерде жақсы тіршілік етеді. Сондықтан қажетті мөлшерде ылғалдың болуы микробиологиялық процестің тез жүруіне күшті әсер етеді. Әр түрлі микроорганизмдер үшін қажетті ылғалдың мөлшері де түрліше болады. Кейбір микроорганизмдер ылғал шамадан тыс аз болса да тіршілігін тоқтатпай-ды. Оларға микроскоптық саңырауқұлақтар мен актиномицеттер жатады. Ылғалдың азаюы әсіресе бактериялардың тіршілігін киындатады, олар тіршілік барысында топырақ қүрамына байла-ныоқан сулармен қоректенуге бейімделген. Осындай ерекшелік көптеген балдырларда да бар. Олар көбінесе тіршілікке қолайсыз, ылғалсыз жерлерде, тастарда тіршілік етеді. 
Жалпы топырақтағы ылғал сыйымдылығының 60—70%-дей мөлшеріне жешенде микробиологиялық процестердің жылдамдығы артып, органикалық заттардың минералдануы күшейе түседі. Ылғал шамадан тыс кәп болса да микроорганизмдердің тіршілігін нашарлатады. Бүл — топырактағы ауа режимінің дүрыс сақталмауынан болатын процесс. Өйткені ауа мен су топырақта өз ара қарама-карсы әсер ететін факторлар. Мәселен, органикалық заттардың минералдануы кәбінесе аэробты жағдайда жүреді, егер осы кезде ылғал шамадан тыс көбейіп кетсе процесс тежеледі. Оны болдырмау үшін топырақты дренаждау, яғни артық ылғалды әр түрлі тәсілдермен ағызып, құрғату шаралары қолданылады. Дренаждалған және дренаждалмаған топырактардағы микробиологиялық процестердің бірдей болмайтынын Мырзашөлде жүргізілген тәжірибелер айқын дәлелдеді (9-таблица). 
Таблицадан, дренаждалған топырақтарда су-ауа режимдерінің жақсаруынан микробиологиялық процестің де төздетілгенін бай-қау қиын емес. 
Әдетте саз топырақта микроорганизмдер баяу дамиды. Органи-кальгқ қалдықтардың ыдырауы оның беткі 40 см қабатында ғана жүреді. Одан тереңдеген сайын бұл процесс баяулайды, кейде тоқ-тап та қалады. Ал актиномицеттер саз шымтезекті топырактардың тек беткі қабатында ғана тіршілік етеді. Мүнда бірлі-жарым микроскоптық сақырауқүлақтар да кездеседі. 
Практикада топыракты суландырғанда органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Мүны Қырғыз республикасында жүргізген Е. Н. Мишустиннің тәжірибесінен көруге болады. 
3.Биологиялық микроспоптың құрылысын сипаттаңыз және онымен жұмыс істеу алгоритмін жазып көрсетіңіз.
Микроскоппен микрообъектілерді зерттейді. Ол өте сезімтал оптикалық аспап. Білімгерлер лабораториялары көбінесе МБР-1 микроскопымен қамтамасыздандырылған. Сонымен бірге қазір лабораториялық МБР-2 микроскоптарымен де жабдықталған.
МБР-1 микроскоптың құрылысы. МБР-1 микроскопының миханикалық бөлігі, заттық столі бар штатив /2/ және тубустан тұрады. Заттық үстел оң және сол жағында орналасқан екі бұранда винттің көмегімен /3/ горизонтал жазықтықта жылжи алады. Бұл препараттағы кез келген нүктені көру аймағының ортасына ығыстырып әкелуге көмектеседі. Үстел бетінде қысып ұстап тұратын екі қысқашы /клеммасы/ бар. Заттық әйнек астында штативке конденсорлық кронштейн /6/ бекітілген. Штативтің жоғары жағына тубусты ұстап тұрғыш /5/ бекітілген, ол штатив бекітілген тубусты 50 мм тік көткріп, одан соң төмен түсіріп тұруға жәрдем етеді. Бұл механизм макрометр /4/ және микромтр /1/ винттердің айналуынан қолға түседі. Сөйтіп зерттейтін объектілерді тұрпайы жәнешебер көрсетуге мүмкіндік туады. Сағат тілінің айналысына қарай осы винттерді бұрағанда тубус ұстағыш төмен түседі, ал оған керісінше айналдырғанда жоғары көтеріледі. Микромтрдің толық бір айналымы тубустың 0,1 мм қашықтыққа жылжуына тең. Тубус ұстағыштың жоғары жағында өз өсінен айналып тұратын револьвер /14/ бар. Оның тесігіне объективтер мен тубус бекіледі. Микроскоптың көлбей орналасқан тубусын оның тік өсінен зерттеуші айналдыра отырып, ыңғайлы жағдайғаріп, қозғалмайтын етіп винтпен /5/ бекітіп қояды. Тубустың төменгі жағына окулярды онатады.
Микроскоптың оптикалық бөлігі: окуляр, объектив және жарық бергіш қондырғыдан тұрады. Жарық бергіш қандырғығы айна және заттық әйнектің астына орналасқан диафрагма мен конденсатор жатады. Айна екі жақты және қозғалып тұрады, бір жағы дөңес, ал екінші жағы ойыс болады. Күн сәулесі түскенде дөңес бетін, ал жасанды жарыққа ойыс бетін қолданады.
Конденсатор екі линзадан тұрады. Ол арқылы айнадан шағылысып келген сәуле конденсацияланып /шоғырланып, жинақталып/ препараттың тегіс бетіне бағытталады.
Күн сәулесімен препаратты конденсатор заттық әйнекке дейін көтеріліп қойылады. Ал жасанды жарық болғанда ол препарат жатқан жерде жарық көрінетіндей деңгейге төмендетіледі. Жарық күштілігі конденсатордың астында орналасқан иристі диафрагмамен реттеледі. Ол рычаг күшімен адам көзі сиқты ашылып- жабылып тұратындай етіп жасалған. Объектіні көру үшұн тубус екі жүйемен қозғалтылады. Алғашқы көру үшін макрометр винті, ал оны жақсылап, анықтап көру үшұн микровинтті қолданады. Соңғы винт нәзік болады. Сондықтан онымен жұмыс істегенде аса сақтық, ептілік керек.
Объективтер микроскоптың ең маңызды бөлігі, ол оның оптикалық қуаттылығын көрсетеді. Объектив металл қорапқа орналасқан линзаның екі жүйесінен тұрады. Ең бастысы сыртқа /фронтальды/ линза, оның фокустық қашықтығына объективтің үлкейткіштігі байланысты Объективтің үлкейткіштік шамасы оның сыртқы қорабында жазылған. МБР-1 микроскопының 8,40 /құрғақ/ және 90 /иммерсиялы/ рет үлкейтетін объективтері болады.
Микроорганизмдерді зерттегенде үнемі иммерсиялы немесе майға батып тұратын объективтерді қолданады. Бұл үшін объектив пен заттық әйнек арасына самырсын /кедр/ майы тамызылады. Сонда препарат пен объектив арасында бос жер болмайды: препарат шынысы- самырсын майы –объектив шынысы болып біртұтас көру жүйесін түзеді. Осының арқысында барлық сәуле сынбай және бағытын бөгде жаққа өзгертпей объективке бірден бағытталады да ұсақ объектілердің көрінуін анағұрлым жақсарады.
Объективтер тубустың төменгі бөлігі, яғни револьверге бұралады. Микоскоптың жалпы үлкейткіштігін білу үшін объективтің және окулярдың өздеріне жазылып қойылған жеке үлкейткіштеріне көбейтеді.
Окуляр екі көздік /жоғары жағы/ және жинаушы /төменгі жағы/ линзалардан тұрады. Окулярдың негізгі міндеті объектив жіберген кескінді үлкейту. 5, 7, 10, 12, 15 және 20 есе үлкейтетін окуляр болады. Мысалы, алынған объектив көрсеткіші Х8, ал окулрдікі Х7 жазылған делік, сонда микроскоптың үлкейткіштігі 56 есе болғаны, ал объектив көрсеткіші Х90, окулярдікі Х20 болса, онда үлкейту- 1800 есе деген сөз.
Осымен қатар микроскоптың жарық бергіш бөлек құралы бар. Онсыз жасанды сәулені микроскопқа жиі беруге болмайды және жарық бергіш тәуліктің барлық уақытында ешбір жағдайға тәуелсіз жұмыс жасай беруге мүмкіндік туғызады. Әдетте ОИ-19 жарық бергішті қолданады /2-сурет/. Оның шамы өте төмен вольтті /8в. 20 вт/. Оның корпусындағы шамның алдына иристі диафрагмасы бар екі линзалы конденсор және жарық сүзгішінің қоятын ұяшығы орналасқан. Жарық бергішті микроскоптың алдына айнаға қаратып қояды. Шам жарығының күшін бәсеңдету мақсатында оған сәуле сүзгіш орнатады.
Жоғарыда объектив күші көбейгенде, мысалы Х90 болғанда иммерсиялы жүйе қолданылады деп айтып кеттік. Бұл жұмысты атқару үшін мыналарды орындаған шарт. Алдымен микроскоптың кішкене үлкейткішін /объективті Х8/ жарыққа бағыттайды да препараттағы қаралатын аймақты белгілеп алады. Содан соң таңдап алынған орынға самырсын майын тамызады да, револьверді айналдыра отырып Х90 объективінің линзасын ептеп тигізеді. Объектіні анықтап көру үшін микровинтті жайлап әрлі – берлі бұрау арқылы объективті қозғалтып көреді. Микроптарды қарап болғаннан соң тубусты жоғары көтеріп, препаратты алдыда, объективтегі линзадан дәкемен майды жақсылап сүртіп алады. Тубысты окулярсыз қалдыруға болмайды, өйткені оған шаң- тозаң жиналып қалады. Жұмыс аяқталғаннан соң микроскопты таза орамалмен сүрпіп, өз қорабына салып қояды. Бұнымен қатар микроскоптың және микробтарды қараудың бірнеше түрлері бар. Бірақ олардың басым көпшілігі ғылыми- зерттеу жұмыстарында қолданылатын болғандықтар, оларға бізбұл жерде тоқталып жатпаймыз.

Билет 33
1.Микроорганизмдерге жарық пен радиоактивті сәулелердің әсерлерін сипаттаңыз.


Жарықтың микроорганизмдерге әсері.
Жарық, негізінен зат алмасу процесінде жарық энергиясын пайдаланатын микроорганизмдер үшін ғана қажет, ал басқа микроорганизмдерге тікелей әсер ететін сәуле аса зиянды.
Паразит бактерияларға қарағанда, сапрофит микрорганизмдер күн сәулесіне төзімді келеді. Туберкулез таяқшалары, сүзек және топалаң микробтары күн сәулесінен тез қырылады. Шашырап түскен күн сәулесінің, тікелей түскен сәулеге қарағандаәлсіздеу болады. Дегенмен, шашырайтүскен сәуле үзақ әсер етсе, микроорганизмдер тіршілігі тежеледі. Міне сондықтан да лаборатория жағдайында микроорганизмдерді қараңғы жерде сақтаған жөн. Күн сәулесінің осы қасиетінің гигиеналық маңызы бар. Сондықтан үй,мектеп салғанда жарықтың жақсы түсуін еске алады. Қараңғы бөлмелерге қарағанда, жарық бөлмелерде микробтар анағұрлым аз болады.
Күн сәулесінің өзі бірнеше құрам бөліктен тұрады
• Бұлардың ішінде ультракүлгін, күлгін және көк бөліктерінің әсері күшті. Ультракүлгін сәуле тура түскенде микроорганизмдер тез қырылады. Бұл сәуленің осындай әсері суды, сүтті, тағамдық басқа да заттарды және аздап бөлмелерді залалсыздандыруда (стерилизация) тұрмыста кеңінен қолданылады. Ультракүлгін сәуле микроорганизмдердің тек вегетативтік клеткаларын ғана емес, спораларьш да қырады.
• Ультракүлгін сәуленің мұнымен қатар кемшілігі де бар. Ол залалсыздандырылатын заттардың терең қабатына өте алмайды. Олардың беткі жағындағы микробтарды және спораларын ғана жоя алады.
Сонымен қатар белгілі бір мөлшерде радий және рентген сәулелері микроорганизмдердің өсуіне және дамуына қолайлы жағдай туғызады. Ал, ол радий және рентген сәулелерінің мөлшері шамадан тыс көбейіп кетсе микроорганизмдер қырыла бастайды. Осының керісінше, кейбір микробтарға белгілі бір мөлшерде осы сәулелермен әсер еткенде, клеткасындағы май, нуклеин қышқылдары, антибиотиктер және витаминдердің мөлшері арта түседі. Мұны қазіргі кезде кейбір микробиологиялық өнеркәсіпте қолданып жүр.
2.Ауа құрамындағы микроорганизмдерді анықтаудың маңыздылығын жазыңызда
Топырақта микроорганизмдер тіршілік етумен қатар өніп-өсіп, көбейеді. Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Ал керісінше ауыл-село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз болады. Құрамында органикалық заттары көп өңделген топырақтың бетіндегі ауада микроорганизмдер әжептәуір болады. Сол сияқты құмды аңызақ жел тұратын жерлердегі ауада микробтар өте аз кездеседі. Тіпті бір жердің ауасының өзінде жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, жауын өткеннен соң едәуір азайып қалады. Ауаға көтерілген сайын микробтар да азая түседі. Мұндай жағдайда тіпті үлкен қалалардың үстінен де байқауға болады. Е.Н.Мишустиннің зерттеуіне қарағанда Москваның үстінде 500м биіктікте ауаның 500-700 бактерия кездескен. Осындай биіктікте, бірақ Москвадан 5-7 км дей қашықтықтағы ауа мүлде таза болған.
Ауадағы микроорганизмдерді анықтау үшін арнайы құралдар мен арнайы орталар қолданылады (диаг­ностикалық және дифференциальды-диагностикалық).
Ауадан сынама алу әдісі
Ауаны зерттеуге арналған негізгі екі әдіс бар: 1) седиментациялық—микроорганизмдердің механикалық жолмен түсуіне арналған; 2) аспирациялық — ауаны активті түрде соруға негізделген (бұл әдіс арқылы бактериялардың сандық және сапалық деңгейін анықтауға болады).
Седиментациялық әдіс
Петри шынысындағы ЕПА қоректік ортаны еденнен әртүрлі деңгейде горизантальді түрде ашып қоямыз. Әдістің негізі бактерияныңқоректік ортаның бетіне механикалық жолмен түсуі негізделген. Ауаның ластану деңгейіне байланысты Петри шынысын 10 – 20 мин қалдырамыз. Патогенді флораны анықтау үшін элективті орталар қолданады. Бұл кезде экспо­зиция уақыты 2-3 сағатқа созылады. Экспозициядан кейін шыныны жабады да лабораторияға жеткізіп онда 370С 24 сағатқа қояды. Келесі күні өскен колонияларды тексереміз. Бұл әдіс көбіне жабық мекемелерде қолданады.
Аспирациялық әдіс
Бактерия ұстаушы Речменскиидің. Жұмыс басында құралды стерильді содамен толтырамыз. Осы құрал арқылы аспиратормен ауаны сорамыз. Бұл уақытта құралда сұйықтық болады. Жұмыс соңында ауаны өткізген сұйықтықты сорып аламыз, Петри шынысындағы 0,1-0,2 мл ЕПА егеміз. Керек болған жағдайда мөлшерін көбейтіп (0,3-0,5 мл) элективті ортаға егеміз. Қабылдағышта қалған сұйықтықты жануарларды зақымдауға болады. (мысалы, зерттеу барысында вирустар немесе риккетсияны анықтау үшін және т.б.).

3. Қоректік орталардың түрлерін сипаттап, оларды дайындау әдістерін көрсетіңіз.


Микроорганизмдерді түрлі субстраттан бөлу, көбейтіп алу және оларды жоғалтып алмай сақтап қалу, сонымен бірге олардың биологиясын зерттеп білу үшін қоректік орталар дайындау керек. Ол орталар тек қажетті элементтер қоры ғана емес, сонымен бірге микрооганизмдердің тіршілік ететін мекені де болып саналады. Сондықтан микроорганизмдерге арнап қоректік орталар дайындағанда олардың тіршілігіне қажетті заттардың болуын ғана емес клеткамен сол орталар арасында зат алмасу процесінің мейлінше жақсы жүруін қамтамасыз етілуін де ескеру керек.
Микроорганизмдер үшін қажетті қоректік элементтерге: көміртегі, азот, күкірт, фосфор, күл элементтері, сонымен бірге олардың топтарына қосымша қоректік заттар: витаминдер, өсуді қолдаушы түрлі факторлар және т.б. қажет болады. Негізгі факторларға қоректік элементтерден басқа ылғалдылық, ортадағы осмос қысымының деңгейі, орта қышқылдығы (рН), тотығу-тотықсыздану потенциалы (rH2), температура, аэрация және басқалары жатады. Сондықтан қоректік орталарды дайындағанда жоғарыдағы көрсетілгендерді қамтамасыз етуден басқа микроорганизмдердің өз денесін құрайтын, тіршілігін сүйемелдейтін заттардың да болуына баса көңіл аудару керек.
Қоректік орталарды табиғи және жасанды деп бөледі. Табиғи қоректік орталарға сүт, жұмыртқа, картоп түрлі тағамдық өсімдіктер және олардың қайнатпасы, көң, топырақ, ет, балық, түрлі жармалар жатады. Жасанды қоректік орталарға түрлі табиғи қосылыстардың қоспалары жатады. Олар пептон, еттен алынған түрлі сығындылар, қан, сарысу және түрлі тұздардан тұрады.
Ал құрамы белгілі нақты химиялық заттардан тұратын орталарды синтетикалық орталар деп атайды.
Барлық қоректік орталарды үш топқа бөледі.
Әдеттегі немесе жай орталар микробтардың басым көпшілігін өсіруге жарамды. Бұларға: ет-пептонды сорпасы (ЕПС), ет-пептонды агар (ЕПА) ет-пептонды желатина (ЕПЖ), жартылай сұйық (қоймалжың) агар т.б.
Арнаулы қоректік орталар – жай, яғни әдеттегі орталарда өспейтін микробтарды өсіруге арналған. Бұған: ет-пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС), анаэроб микробтарды өсіруге арналған қан, қантты агар, саңырауқұлақтарды өсіруге арналған Сабуро ортасы, туберкулез (өкпе ауруы) бактерияларын өсіруге арналған орталар.
Дифференциалды – диагностикалық орталар – түрге жіктеуді қамтамасыз ететін микробтардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу үшін қолданылады. Бұған Андрэдэ индикаторы бар орта, Эндо агары, Конради-Дригальский ортасы және басқалары жатады. Бұндай орталарға микроорганизм қоспалары себілсе, осы қоректік орта дәл белгілі бір микроорганизм өсуіне аса қолайлы болса, сол бірінші болып қаулап дамиды.
Осымен қатар белгілі микроорганизмдерді өсіру үшін қолданылатын орталар да бар. Оларды элективті (талғамды) қоректік орталар деп атайды.
Физикалық күйі жағынан қоректік орталар сұйық, жартылай және қатты болып бөлінеді.
Дайын қоректік орталарды құрғақ салқын жерде сақтайды. Аздап құрғап кеткен, ұзақ сақталған қоректік орталарды микробтарды себер алдынан балқытып алады да, содан соң белгілі бір пішінде (қиғаштап) қатырады.
Қоректік ортаға арналған ыдыстарды (пробиркалар, колбалар) тазалап жуады, кептіреді, және автоклавта немесе құрғатқыш шкафта 160-170 0С зарарсыздандырады. Ыдыс тығынын мақтадан қабаттап жасайды. Ол ыдысқа тығыз кіріп тұруы шарт. Бұрын қолданылған тығындарды алдымен құрғатып, зарарсыздандырып алады. Содан соң ғана оларды қайтадан қолдануға болады. Тығынды ұзақ уақыт қолданғанда шеттері шетінеп, бұдырланып кетеді. Сонда оларды дәкеге орап жоғары ұшын жіппен байлап қолдануға болады. Тығынның құрғақ болғанына баса назар аударылғаны жөн. Өйткені ылғал тығынмен ыдысты тығындағанда онда түрлі зең саңырауқұлақтар өсіп кетуі ықтимал. Олар тығын ішіндегі қоректік ортаға енсе оны бүлдіретіні белгілі.
Көпшілік микроорганизмдерге ет қайнатпасын қолайлы қоректік орта болады деп жоғарыда айтқан болатынбыз. Ет қайнатпасын даярлау үшін 1 кг жаңа сойған мал етін (сүйексіз, майсыз, шандырысыз жері) езіп, оған 2 литр құбыр суын құйып, салқын жерге 4-6 0С температурада 18-20 сағатқа қалдырады. Содан соң етті сығып, тұндырманы бір сағаттай қайнатады. Ет тұндырмасын қағаз сүзгімен сүзіп, оған бастапқы көлемге жеткенше дистилденген су құяды. Содан соң колбаларға құйып 120 0С температурада 30-40 минуттай автоклавта зарарсыздандырады. Қоректік орталарды ыдысқа құю үшін 3-суретте көрсетілген аспап пайдаланылады. Оның ұшына резинка кигізеді. Ал резинаға ортаны мөлшерлеп жіберіп тұратын қысқыш орнатады. Бұл пробирка шеттеріне қоректік орта тамбауын қамтамасыз етеді де, кейін пробирка мойнының таза болуына мүмкіндік туғызады.
Ет-пептонды сорпа (ЕПС). Бұны даярлау үшін ет тұнбасына 1% пептон, 0,5% химиялық жағынан алғанда аса таза ас тұзын қосып 10 минут қайнатады. Содан соңсорпаны қағаз сүзгімен сүзіп, оның қышқылдығын (рН) анықтайды. рН көрсеткішін 7,3-7,4 деңгейіне жеткізу үшін оған қышқыл немесе сілті қосады. Сорпаны су қосып бастапқы көлемге жеткізіп 10 минут қайнатады. Бұдан кейін пробиркаларға немесе колбаларға құйып 120 0С температурада 20-30 минуттай автоклавта зарарсыздандырады.
Глюкозасы бар ет-пептонды сорпа. Дайын ет-пептонды сорпаға 1% глюкозаны қосады. Глюкоза ерігеннен соң сүзеді де, ішінде ашытуға арналған түтікшелері бар пробиркаларға құйып, бөліп-бөліп бу ағынын түзетін аппаратта зарарсыздандырады.
Қан сорпа. Дайын ет-пептонды сорпаға алдын-ала фибриллаларынан тазартылған қоянның, қойдың, жылқының немесе сиырдың (бір бөлігі қан 4 бөлігі сорпа) қанын қосады.
Қанды малдың бастан басталатын (яремная) венадан алады. Қан алар алдында ол жердің жүнін қырқып тазартып, теріні зарарсыздандырады. Фибринді айыру үшін қаны бар колбаны 15-20 минуттай қатты шайқайды.
Ет-пептонды агар (ЕПА). Қатты қоректік орта болып саналады. Құрамы жағынан қатты көректік орталар сондай сұйық орталармен бірдей. Тек мұнда ортаны қатайту үшін агар-агар немесе желатина қосылады. Көбінесе бұл мақсатта агар-агарады қолданады.
Билет 34
1.Микроорганизмдерге физикалық факторлардың тигізетін әсерін сипаттаңыз.
Физикалық фактордың әсері.
Физикалық факторлардың ішінде температураның микроорганизмдер үшін маңызы зор. Бірақ микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарларға қарағанда температураның құбылуына төзімді келеді. әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктессі бар: оптималь - ең тіршілікке қолайлы температура;
Минималь – бұл тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі; макисаль - микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа, тіршілік ете алмайды. Жалпы микроорганизмдердің температураға қатысын зерттегенде оларды үш топқа бөлуге болады:
1. Психрофилдер.
2. Мезофилдер.
3. Термофилдер.
Психрофилдер. (гректің психрос –сусыз деген сөзіненшыққан). Салқын сүйгіш бактериялар. Бұларға кейбір топырақ және теңіз бактериялары, сонымен бірге балық және су өсімдіктеріне ауру қоздырғыш микроорганизмдер жатады. Көптеген психрофилдер мезофилдер үшін қолайлы температураларда өсе береді. Бұл топтағы микроорганизмдердің кейбір өкілдері төменгі температурада өсуге бейімделген. 25оС және одан да жоғары температура тіршілігн жояды. Бұларды облигат психрофилдер деп атайды. Психрофилдер 5оС немесе одан да төмен температурада өсуге бейімделген.
Мезофилдер (гректің мезос – орташа, аралық деген сөзінен шыққан). Микроорганизмдердің басым көпшілігі осы топқа жатады. Олардың ішінде ауру қоздырғыштары да бар. Адам мен жылы қанды жануарларда солардың дене температурасы деңгейінде жақсы өніп-өседі.
Термофилдер (гректің термо-жылы деген сөзінен шыққан). Жоғарғы температурада тіршілік етуге бейімделген, жылу сүйгіш микроорганизмдер. Олар үшін ең төменгі температура 35-40 оС. Облигатты термофилдер 37оС және одан да төменірек температурада өсуге қабілеті бар. Термофиль микроорганизмдердің жоғары температурада тіршілік етуі олардың клетка мембранасында болатын липидтердің құрамының ерекшеліктеріне және белоктары мен ферменнерінің температураға өте шыдамдылығына байланысты.
Ылғалдылық әсері.
Микроорганизмдер ылғалды ортада ғана тіршілік ете алады. Суда еріген қоректік заттарды микробтар клеткасы сорып алып, қоректенеді. Мұнда суда еріген заттардың концентрациясыныңзор маңызы бар. Егер бұлзаттардың концентрациясы суда аз болса, онда оны гипотоникалық ерітінді деп атайды. Ал ол заттар концентрациясы оптималды болса, микроорганизмдер тіршілігі үшін жақсы жағдай жасалады. Заттар концентрациясы молайған сайын сыртқы ортадағы осмостық қысым арта бастайды. Ондай ерітіндіні гипертоникалық ерітінді деп атайды. Осмостық қысым жоғары ерітінділер микроб клеткасындағы ылғалды тартып алады да, клетка тіршілігін жоя бастайды. Мұндай құбылысты плазмолиз деп атайды. Кейбір микроорганизмдерге ортаның жоғарғы осмостық қысымы олардың тіршілік етуіне зиян келтірмейді. Олардың осмофильді, яғни жоғары қысымды “сүзгіштер” деп атайды. Бірқатар микроорганизмдер ас тұзының жоғары концентрациясында тіршілік етуге бейімделген. Оларды галофильдер, яғни тұздың жоғары концентрациясын “сүйгіштер” деп атайды.
Кептірудің әсері.
Микроорганизмдердің кептіруге төзімділігі олардың физикалық-химиялық қасиеттері мен спора түзу қабілеттілігіне байланысты. Споралар орташа ылғалы 40%-ке дейін жеткенше тіршілікке қабілеттелігін жойылмайды. Құрғақ күйінде споралардың жүздеген жылдар тіршілігін жоймай сақталатыны мәлім. Ал спора түзетін бактериялар орташа ылғалы азайғанда өз тіршілігің тоқтата бастайды. Құрғатқанда микроорганизмдердің тіршілік процесі өте баяулайды, көбеюі тоқталады. Сондықтанжылддам бұзылатын ет, балық, жемістер, сүт шөпті құрғату арқылы сақтайды. Мұны сублимация деп атайды. Онда төменгі температура мен шапшан салқындату қатар жүргізіледі. Тағамдар осылай етіп өңдегенде екі жыл және одан да ұзақ сақталды.
Жарықтың микробтарға әсері.
Күн сәулесінің тікелей түсуі микроорганизмдерге жойқын әсер етеді. Бірақ микробтардың ішінде қарақошқыл күкірт бактериялары сәуледен өлмейді, қайта оны өз бойына сіңіре алады. Күн сәулесінің әсеріне, патоген, яғни ауру қоздырғыш бактериялар шыдамсыз болады. Сондықтан да жұмыста бөлмені желдетіп, күн сәулесін түсіріп алып тұрғанда, санитарлық жағдай жақсарып, зиянды микробтар қырылады. Микроорганизмдерге жойқын әсер ететің күн сәулесінің бір бөлігі –ультракүлгін сәуле. Міне оның бұл қасиетін лабораторияларды, емдеу мекемелерінің ішін зарарсыздандыру мақсатында кеңінен қолданады. Бактерияларға қарағанда вирустар ультракүлгін сәулеге төзімсіз.

2.Өсімдіктер тамырындағы микроорганизмдерді талқылаңыз.


Өсімдік тамырларының айналасындағы микроорганизмдерді ризосфералық микроорганизмдер деп атайды. Мүндай жағдайларды бүршақ тұқымдастарынан жиі кездестіруге болады. Ал ризосфера деп тамыр системасына нағыз таяу жатқан аймақты айтамыз. Өсімдік тамыры бүл микроорганизмдерді коректік заттармен камтамасыз етіп қана қоймайды, олардың барлық топтарына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Сөйтіп тамыр айналасында микробтардың болуына байланысты өсімдіктердің тіршілігіне қолайлы жағдай да асалады. Тамыр айналасындағы топырақта органикалық заттар мол, сонымен қатар микроорганизмдер мен тамырлар бөліп шыға-ратын түрлі химияльгқ қосылыстар да болады. Бұл аймақта едәуір мөлшерде ферменттер, витаминдер, ауксиндер, кейбір амин қыш-кылдары кездеседі. Ризосфера микроорганизмдері тамыр айналасындағы органика-лық заттарды ыдыратып, өсімдіктердің тіршілігіне қажетті заттарға айналдырады. Тамыр сіңіретін қоректік заттар түгелімен дерлік микробтар тіршілігінің әрекеті нәтижесінде түзіледі. Сөйтіп тамыр мен микроорганизмдер арасында белгілі бір қарым-қатынас пайда болады. Мүның ауыл шаруашылығында зор маңызы бар. Ризосфера екі үлкен секторға бөлінеді:
Шалғай ризосфера — үсақ тамыршалардан бастап радиусы бірнеше миллиметрден 50 см-ге дейінгі аймақты алып жатады.
Таяу ризосфера •— деп үсак тамыршалармен түтасып жатқан аймақты айтады. Бүл аймақтағы микроорганизмдердің көптігі соншалық тамыршалар және оның түктері микробтан көрінбейді.Микробтардың бүлай шоғырлануы тамырдан олардың тіршілігіне қажетті заттардың бөлінуіне байланысты.
Тамырға таяу аймақтағы микроорганизмдердің жалпы саны мал азықтық астық тұқымдастарда, техникалық дақылдарда, ағаш тектес өсімдіктерде, шалғай ризосфераға қарағанда (10, 100, 1000-дап) әлдеқайда көп болады. Ризосферадағы микробтардың саны оларДың тамырға таяу және одан шалғай орналасуына бай-ланысты емес, сонымен қатар өсімдіктердің түріне, өсіп дамуы сатысына тікелей байланысты болады.
Өсімдікте тіршілік процесі неғүрлым активті жүрсе, олардың тамырларынан бөлінетін заттардың мөлшері мен сапасы да соғүр-лым артады. Микроорганизмдер өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде, гүлдеудің алдында ғана қаулап, дамиды. Өсімдік қурай бастағанда микроорганизмдердің саны да азайып кетеді.Өнімді жинап алғаннан кейін, егер топыракта ылғал жеткілікті болса, тамырға таяу ризосферадағы микроорганизмдердің тіршілігь кенет қаркынды дамиды. Өйткені өсімдік қалдыктары — тамыр системасы — ыдырай бастайды да, одан бәлінген заттар микроорга-низмдердің тіршілігіне қолайлы жағдай жасайды. Соның нәтиже-сінде ондағы микроорганизмдер антибиотиктерді, витаминдерді (соның іиіінде Ві2 витаминін), органикалық қышқылдарды, түрлі ауксиндерді түзеді. Мүндай заттармен топырақтағы басқа микро-организмдер қоректеніп, олар да қаулагс, дамиды. Ризосфера мик-роорганизмдері өсімдіктерді қауіпті ауруларға шалдықтыратын паразит микробтармен күресіп, өсімдіктердің тамырын сақтап қалады. Бүл ризосфера микроорганизмдерінің тіршілігін қажет бағытқа өзгертуге мүмкіндік береді. Ризосфера микроорганизмдерінің ішін-де кебірек таралғандары спора түзбейтін бактериялар; азотобактериялар, түйнек бактериялары, аммонификациялаушы, денитрификациялаушы т. б. организмдер. 

3. Микроорганизмдердің клеткаларын тірілей зерттеу үшін қолданылатын әдістерді сипаттаңыз.


Микроорганизмдердің клеткаларын тірілей зерттеу үшін жаншылған және аспа тамшылар әдісін қолданады. Осы екі жағдайда да микробтарды тірілей бояуға мүмкіндік бар.
Жаншылған тамшы әдісі. Таза заттық әйнек бетінде құбыр суының бір тамшысын тамызады. Бұған ілмешекпен микроб культурасын салып, араластырады да жабын әйнегімен ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп жабады. Шыны таяқшамен жабын әйнекті заттық әйнекке ептеп жаншы қысады. Әйнек шетінен шыққан артық суды сүзгіш қағазбен сорғызып алады. Егер де иммерсиялы объективпен қараса жабын әйнек бетіне самырсын майын тамызады. Бұл әдіспен бактериялар қозғалысын және ірі – зең саңырауқұлақтары ашықтылар сияқты объектілері сияқты объектілерді қараған қолайлы. Сонымен, бұл әдістің клетка ішіндегі қор заттарын қарағанда да көп көмеге бар. Осындай әдіспен микробтарды тірілей зерттегенде концентрациясы 0,001 ден 0,0001% дейін болатын метил көгі және бейтарап қызыл бояуларды қолдану керек.
Аспа тамшы әдісі. Микроорганизмдер клеткаларын ұзақ уақыт бақылағанда аспа тамшы әдісін қолданады. Сұйық қоректік ортада өсірілген немесе осы мақсатқа арнап физиологиялық ерітінде дайындалған микробтар суспензиясын зарарсыздандырылған жабын әйнек аударып жабады. Сонда ойық бетінде тамшы асылып қалады. Жабын әйнек айналасын вазелинмен қымтап жауап тастайды.

Билет 35
1.Микроорганизмдерге химиялық факторлардың тигізетін әсерін сипаттаңыз.


Микроорганизмдер клеткасы сыртқы ортадағызаттардың құрамы мен оның концентрациясына тым сезімтал келеді. Химиялық заттар аз болсада микробтарға әсер етеді, ал көбірек мөлшерде оларды қырып жібереді. Әсер ету сипатына қарай химиялық заттарды бірнеше топтарға ажыратады.
Беттік белсенді заттар – микроорганизмдердің сыртқы қабығын бұзып, цитоплазмалық мембрананың жұмыс қызметін бұзады. Бұларға детергенттер, сабындар, майлы қышқылдар жатады.
Акрилдер – ( дибензопирин типтес заттар ) нуклейн қышқылдарына әсер етіп, клетканың бөліну қабілеттілігін білдіреді.
Бояулар – бактериядардың өсуін тоқтатуы немесе өлтіріп жіберуі мүмкін. Оларға бриллиантты жасыл, этакридин лактат, флавакридин т.б. жатады.
Фенол мен оның туындылары – бактериялардың қабығын бұзып, белоктарды зақымдап, ферменттердің жұмысына нуқсан келтіреді.
Ауыр металдар тұздары – (қоғасын, мыс, күміс, сынап, мырыш) бактериялық құрамындағыбелоктарды коагуляцияға ұшыратады.
Тотықтырғыштар – (хлор, хлорлы әк, хлорамин, йод, калий перманганаты, сутегі тотығы, әр түрлі қышқылдар) белсенді белоктардың сульфигидрильді тобына әсер етеді. Түзегіштер, соның ішінде формальдегид оның 40% ерітіндісі - формалин) микроорганизмдегі белоктардың амин тобына қосылып оның бұзылуына душар етеді.
Химиялық заттардың микроорганизмдерге зиянды болатын қасиетің дезинфекциялау жұмысында антисептик ретінде қолданады. Дезинфекциялрудағы басты мақсат, ауру қоздырғыш микроорганизмдерге зиянды әрекет жасайтын түрлі қышқылдарды, сілтілерді, ауыр металдардың тұздарын, түрлі тотықтырғыш заттарды пайдалану болып табылады. Химиялық заттар микробтардың барлық тобына бірдей жойқын жойқын әсер ете алмайды. Мысалы, химиялық заттарға өкпе ауруы таяқшасы төзімді болады. Олай болатын себебі, бұл микробтың қабығында май тектес заттар болады. Олар химиялық заттардың клетка ішінде енуін боялатады. Кейбір тағамдарды консервілеу үшін бор, салицил, бензол қышқылдарын қолданады. Ал ауыз суды зарарсыздандыру үшін хлорды және хлорлы әкті пайдаланады. Микроорганизм жеке топтарының өсіп-өнуі үшін, ортаның қышқылдық және сілтілік дәрежесі әр түрлі болады.

2.Сүт микрофлорасын сипаттаңыз. Сүт құрамының өзгеруін және сүттің ашу процесін түсіндіріңіз.


Сүт және сүттен дайындалатын тағамдармикроорганизмдердің өсіп-өнуі үшін қолайлы тіршілік орта болыптабылады, бұлардың тіршілік әрекеті салдарынан сүт тағамдары тезбұзылады. Сүт тағамдарында кездесетін микроорганизмдерді –бактериялар, ашытқы жәнезеңдер деп үш топқа бөледі
Бактериялар тобынан сүт өндірісінде кеңінен пайдаланатыны сүтқышқылы бактериялар.Сүт қышқылы бактериялары көбінесе моно және дисахаридтердіашытады, ал крахмал және сол сияқты күрделі қанттарполисахаридтерді ашыта алмайды. Соңғы жылдары шартәрізді сүтқышқылы бактерияларының ішінде крахмалды едәуір дәрежедеашыта алатын топтар табылып, өндіріске ұсынылды. Кейбір сүтқышқылы бактериялары басқа, әсіресе шіріту бактерияларынажойқын әсер ететін антибиотиктерді бөлетіні анықталды
Сүт ашу процесі ерекше микроорганизмдер — сүт қышқылы бактерияларының көмегімен жүреді. Мұнда глюкоза қанты екі молекуланы сүт қышқылына айналады. Оны мына реакция бойынша жазылады:
С6Н12Ос ® 2СН3СНСООН + 18 ккал энергия
Сүт қышқылының ашу процесінің ішкі табиғаты біршама жақсы зерттелген.
Ашу процесінің сипатына қарай сүт қышқылы бактерияларын екі топқа бөлуге болады: а) гомоферментативті сүт қышқылы бактериялар. Олар қанттан тек қана сүт қышқылын түзеді. б) гетероферментативті сүт қышқылы бактериялары. Қанттан сүт қышқылын, едәуір молшерде сірке қышқылын, этил спиртін, глицерин және көмір қышқыл газын түзеді. Формуласы:
С6Н12Ос®СН3СНОНСООН+СН3СООН+СН2СН2ОН+СН2ОННСОН СН2ОН+СО2
Сүт қышқылы бактерияның клеткасы шар және таяқша тәрізді болады, қозғалмайды, спора түзбейді және ауалы немесе ауасыз жерде тіршілік етуге бейімделген. Бірақ қышқыл ортаға шар тәріздер төзімсіз. Ал таяқша тәріздер төзімдірек.
Сүт қышқылы бактериялары 7-ден 42 градус жылылық арасында тіршілік етеалады. Әрине, бұлар спора түзбейтіндіктен температура жоғарылағанда қырылып калады. Тіршілік ету барысында олар қышқыл түзеді. сөйтіп, ортаны қышқылдандырып, басқа микроорганизмдердің тіршілік етуіне жол бермейді. Реакциясы бейтарап ортада өте жақсы тіршілік етеді. Гомоферментативті ашу процесі шар тәрізді сүт қышқылы бактериянының көмегімен жүреді. Бұлар стрептококкус және педиококкус туысына жатады.
Стрептококкус туысына жататын бактериялардың клеткалары дөңгелек, аздап сопақша, диаметрі 0,5-0,6 1 мкм дейін барады, клеткалары жеке күйінде, қос-қостан немесе моншақ тәрізді тізіле орналасады. Олар табиғатта кең тараған.Бұл туысқа стрептококкус диацетилатис, стрептококкус термофилус түрлері жатады.
Педиококкус туысына спора түзбейтін, грам-оң, қозғалмайтын, шар тәрізді клеткалары бір-бірлеп, екі-екіден және шоғырланған бактериалар жатады. Гомефермонтативті процесте сүт қышқылымен бірге диацетил және басқада өнімдер түзіледі. Олар ашыған көкөністерде, сүрлемде , сүтте жануарлар ішек-қарындарда кездеседі.
3. Микроорганизмдердің фиксацияланған препараттарын дайындау әдістерін сипаттаңыз.
Микроорганизмдердің фиксацияланған препараттарын даярлау. Микробиологияда осындай препаратты көбірек өолданады. Препаратты бояғанна соң микроскоппен қарайды. Фиксациялау деп микроскоппен қарайтын тірі объектіні алдын ала тез арада өлтіруді айтады. Сонда клетка ішіндегі заттар бүлінбей сақталып қалады. Ал фиксацияланған препарат шыныға жабысады да бояу жақсы сіңеді. Бұл әдіс заттық әйнекті дайындау, жұғындыны әзірлеу, кептіру, фиксациялау және бояу сияқты бірнеше жұмыстардан тұрады.
Жұғындыны дайындау. Таза, майсыздандырылған заттық әйнекке құбыр суның бір тамшысын тамызады. Пробиркадан бактериологиялық ілемшекпен зарарсыздандырылған жағдайда микробтың бір түйірін іліп алып, тамшыда езеді. Суспензия қою болып кетсе, сумен сұйылту керек. Ол үшін қою суспензияның бір тамшысын екінші заттық әйнек бетіне су тамызып соған салып езеді. Жұғындыны жайып, бөлме температурасында немесе спиртовканың жалынының әлсіз жеріне ұстап кептіреді. Ыстық жалында кептіруге болмайды. Өйткені бұнда клетка белогы ұйып, оның пішіні мен құрылымы бұзылады. Кептірілген препаратты фиксациялайды.
Жұғындыны фиксациялау. Фиксациялау кезінде микроорганизмдер өледі, әйнекке жабасып қалады. Сонда жұғындыдағы микробтар оңай боялады. Сонда жұғындыдағы микробтар оңай боялады. Фиксациялауды жалында жүргізеді. Заттық әйнектің микробы бар жағын жоғары қаратып, спиртовка жалынында әлсін-әлі қыздырып алады. Жалпы әйнек ысып, қолға бата бастағанда фиксациялауды тоқтатады.
Әйнек салқындаған соң жұғындыны бояуға кіріседі. Метилен көгі мен негізгі фуксин ең қарапайым және іс жүзінде көп қолданылатын бояулар. Егерде фуксинмен боялса препаратты бұл бояуда 2-3 минут ұстайды, ал метилен көгі қолданылса, онда 3-4 минут керек. Бұдан кейін бояуды сумен жуады немесе таза сумен біраз шаймалайды. Сонда аққан су мөлдір болуы керек. Сүзгі қағазбен әйнекті құрғатады, ал жұғындыны сүзгіш қағазды ептеп жабу арқылы дегдітеді. Дайын препараттың бір бетіне бактериялар пішін, препарат дайындаған студент фамилиясы, оқу тобының нөмірі жазылады.
Бактерияларды Грам әдісі бойынша бояу. Микроорганизмдерді жалпы бояу үшін метилен көгі, карбол немесе сілті ерітіндісіне даярланған генициан күлгіні қолданылады. Бұл бояулармен барлық микробтар клеткасы бояла береді, бірақ микробтар цитоплазмасының құрылысы барлығында бірдей бола бермейді. Кейбір микробтар клеткасы бояуларға талғампаз келеді. Егер де олардың бір тобы бір бояумен боялса, қалған кейбір топтары осы бояумен боялмайтын болады. Міне микроб клеткаларын осындай қасиетін ескере отырып, бояудың күрделі түрлерін қолдану іске асырылды. Күрделі бояу әдістерінен лабораториялық жағдайда Грам әдісі, Циль-Нильсен, Козловский т.б. әдістері қолданылады.
Грам әдістемен бояу. Бұл әдісті 1888 ж. Дания ғылымы Грам ұсынған болатын. Осы әдіспен боялу және боялмауына байланысты микробтарды Грам оң, Грамтеріс деп үлкен екі топқа бөледі. Бұл әдістің мәнісі мынада: трифенилметан қатарындағы бояулар, мысалы геницианвиолет, метилвиолет, кристаллвиолет протоплазмадағы рибонуклеин қышқылы магний тұзы бар жерде иодпен қосылғанда спиртте бактериялар артынан спиртпен өңдегенде бояу кетпей, көкшіл-күлгін түске боялған күйі қалып қояды. Бұл Грам оң бактериялар. Бұған көптеген шар тәрізді бактериялар, таяқша тәрізді бактериялардың біраз түрі, мәселен Вас. Subtilis, Cl. Pasteurianum т.б. жатады.
Кейбір бактериялар клеткасында мукополисахарид және фолифосфат нуклеотид қосылыстары өте аз болады және оларды липопротеидтен тұратын екі қабат қоршап жатады да, генецианвиолет және иод оған өте жәй енеді және онымен мықты байланыс түзе алмайды. Препаратты жуған кезде ол спиртте тез еріп, клеткадан – шайлып кетеді. Бактериялар түссізденіп қалады. Оларды басқа бояумен бояса, сол түске бояла береді. Бұндай бактерияларды (Escherichia Coli, Proteus Vulgaris, Pseudomonas және т.б.) Грамтеріс деп ажыратады.
Бояу тәртібі. Фиксацияланған жұғындының бетін сүзгіш қағаз тілімен жабады да оның үстіне геницианвиолет ерітіндісін құйып, 1-2 минут ұстайды. Содан соң препаратты сумен жуып, үстіне Люголь ерітіндісін құяды да 2 минуттай ұстайды. Осыдан кейін препаратты сумен жуып, 960 спиртке 0,-1 минуттай батырып қояды. Препаратты тағы да жуып, фуксинмен 1-2 минуттай бояды. Бояуды төгіп препаратты тағы да жуады, сүзгіш қағазбен кептіреді, иммерсиялы жүйені қолдана отырып микроскоппен қарайды. Грам әдісімен боялған бактериялар қара күлгін түсті, ал боялмағандары қызыл түсті болады. Грам әдісімен боялғанына анық сену үшін жаңадан дайындалған микроб культураларын алған жөн.

Билет 36
1.Микроорганизмдерге биологиялық факторлардың тигізетін әсерін сипаттаңыз, орта және микроорганизмдер арасындаңы қарым-қатынастар түрлерін талдаңыз.


Табиғатта микроорганизмдер басқа да организмдермен бірге біртұтас экологиялық ортада тіршілік етеді. Микробтар қауылының өз ішінде қиян-кескі күресіп немесе бір-бірімен селбесіп тіршілік ететіні де мәлім. Әр түрлі микроорганизмдер топтарының арасында белгілі бір арақатынас болатыны анықталды. Оларға симбиоз, метабтоз, синергизм, антагонизм жатады. Симбиоз дегеніміз – бір тіршілік ортасында, организмдердің бір немесе бірнеше түрлері бір-біріне зиян жасамай, бірлесіп тіршілік етуі. Кейбір микроорганизмдерге мұндай бірлесіп тіршілік ету тіпті қажет-ақ. Мысалы, анаэроб микроб – клостридиум пастеурианум аэроб микробтармен бірлесіп тіршілік ететіні мәлім. Мұнда аэробты микроорганизмдер ортадағы оттагін сіңіріп, анаэроб организмдердің зиянды өнімдерін ыдыратып, қолайлы жағдай жасады. Ал анаэробтар ауа азотын сіңіріп, онымен аэробты микроорганизмдерді қоректендіреді. Мұндай бірлесіп тіршілік етуді өзара көмек немесе мутуализм деп атайды. Метабилз деп – бір организм тіршілігі барысында екінші микроорганизмнің өсіп-өнуіне қолайлыжағдай жасауын айтады. Мысалы, көптеген сапрофит бактериялар белокты пептонға, амин қышқылдары мен ол сияқты жай қосылыстарға дейін ыдыратады. Ал бұл өнімдер, мәселен нитрификациялаушы бактериялар үшін таптырмайтын.қорек болып есептеледі. Пайда болған аммиак тұздарын алдымен азотты, содан саң азот қышқылыққа дейін өзгертеді. Ал бұл өсімдіктер үшін өте бағалы қорек. Топырақта органикалық заттардың шапшан минералдануын, яғни заттардың табиғаттағы айналымға түсуін осы метабиозбен түсіндіруге болады.
Синергизм – микробтың бір немесе бірнеше түрлерінің тіршілік етуі кезнде қолқабыс беруі, яғни ынтымақтастық бұған азотобактер мен Бациллус микойдес микробтарының бірлесіп, өсімдік тіршілігіне қажетті, өсуді қолдаушы заттарды түзуі мысал болады.
Антагонизм немесе антибиоз деп – бір микробтың екінші бір микроб бар жерде тіршілік ете алмауын айтамыз. Антогонизм құбылысын 1877 жылы Пастер ашқан болатын. Ол сібір жарасы микробтарының тіршілігін басқа бактериялар тежейтінің байқаған. Антагонизм табиғаттың басқа факторларымен бірге табиғи сұрыптауда, өзгергіштікке және микроорганизмдер эволюциясында зор роль атқарады. Міне, антагонизм құбылысын жете зерттеу қазіргі кезде кеңінен қолданылып отырған антибиотиктерді алуға мүмкіндік береді. Антибиотиктерді тек микробтар ғана емес жануарлар мен өсімдіктер де түзеді. Микроорганизмдер бөлетін антибиотиктер басқа микробтардың тіршілігін тежейтін, яғни бактериостатикалық немесе оларды құртып жіберетін, яғни бактерицидтік қасиеті бар. Ол антибиотиктердің кейбіреулері көптеген микроорганизмдерге әсер етеді, ал қалғандары микроорганизмдердің аздаған түрлеріне әсер ете алады. Қрзіргі кезде микробтардан көптеген антибиотиктер алынады.
Пенициллин – пенициллум зең саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотик. Оған стрептококтар және пневмакоктар жатады. Пенициллин микробтар клеткасына өте шапшақ енеді. Пенициллин әсер еткен микробтардың сыртқы пішіндері өзгереді, өніп-өсу қабілеті жойылады, қоректенуі бояулап қалады. Антибиотик әсерінен клетка қабығының құралуы бөлінеді, протоплазма ыдырап, клетка өледі. Пенициллин тіршілік ортасында шамадан тыс көп жиналса, оның биологиялық активтігі кеміп кетеді, медицинада кеңінен қолданылады.
Стрептомицин – актиномициттердің бір түрінен алынатын антибиотик. Оның көптеген микроорганизмдерді, соның ішінде өкпе ауруы таяқшасының тіршілігін жоятын қасиеті бар. Пенициллинге қарағанда ол клетка нашар сіңеді. Дегенмен ол клеткадағы тотығу процесін шапшаң тоқтатады. Стрептомицин тұз және күкірт қышқылы тұздары түрінде өндіріледі.
Грамицидин – спора түзетін топырақта тіршілік ететін Бациллус бревис микробынан алынады. 1942 жылы одан “С” грамицидин антибиотигі алынды. Ол стафилококтарға, стрептококтарға, пневмококтарға жойқын әсер етеді.
Гризеофулвин – зең саңырауқұлақтарының кейбіреуінен бөліп алынған антибиотик. Көптеген тері, шаш ауруларын емдеуге кеңінен қолданылады. Ашытқылар қоздыратын кандидамикоз ауруына қарсы бұл препарат қолданылмайды.
Антибиотиктердің бактерияларға әсері олардың оған сезімталдығы, дозасына, қолдану мерзіміне байланысты. Антибиотиктердің көпшілігі организмдегі бактерияларды өлтірмейді, тек олардың өсуін тоқтатады. Одан әрі организмнің бактериялардан тазаруы, ол оның қорғаныс күштеріне байланысты.
Антибиотиктер пайдасымен бірге, олар организмге зиянды да әсер етеді. Мысалы, антибиотиктер аллергиялық реакция беруі мүмкін, сол сияқты антибиотиктер нерв жүйесіне, ішкі ағзаларға улы әсер етуі де мүмкін. Антибиотиктерді ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда ішектегі пайдалы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, олардың антогонистерін қоздыруы мүмкін.

2.Микроорганизмдердің заттар айналымындағы рөлін ашып көрсетіңіз.


Өсімдік текті және жануар текті органикалық қосылыстар микроорганизмдермен көміртегі,азот, күкірт, фосфор, темір және т.б. элементтерге дейін минералданады. Көміртегі айналымы. Көміртегі айналымына фотосинтез процесінде көмірқышқыл газын сіңіретін цианобактериялар, балдырлар және өсімдіктер белсенді қатысады.Сонымен бірге,өлі өсімдіктер мен жануарлардың органикалық затын көмірқышқыл газын бөліп ыдырататын микроорганизмдер қатысады.Органикалық заттар аэробты ыдырағанда көмірқышқыл газы және су түзілсе,анаэробты ашытуда-қышқылдар,спирттер, көмірқышқыл газы түзіледі.Спирттік ашытуда микроорганизмдер көмірсулардың этил спирті мен көміртегінің қос тотығына дейін ыдырайды.Сүт қышқылды ашыту-сүтқышқылды ашыту-сүтқышқылды бактериялар сүт қышқылын, сірке қышқылын және көміртегінің қос тотығын бөлумен сипатталады.
3. Ауа микрофлорасын Кохтың табақша әдісімен анықтау жолын сипаттап жазыңыз, басқа әдістерден ерекшелігін анықтаңыз.
Ауадағы микробтарды анықтау үшін бірнеше әдістер ұсынылған. Олардың ішінде тек жалпы саны ғана емес микробтардың түрін анықтауға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер де бар. Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей ауа микрофлорасын толық зерттеп шығуға мүмкіндік береді депайту қиын.
Кохтың шөгу әдісі. Ең қарапайым тәсіл. Ол бір түйір шаң-тозаң немесе ұсақ тамшылардың өз салмағының әсерінен Петри табақшасындағы агар бетіне қонуына негізделген.
Жұмыс барысы. Зарарсыздандыру талабын ескере отырып Петри табақшасына балқытылған ет-пептонды агарды жұқа қабатпен жайып, құяды. Петри табақшасын тегіс үстел бетінде ептеп дөңгеленте айналдырып, табақша түбіне агардың біркелкі жайылып қатуын қадағалайды. Петри табақшасы қақпағының сыртына тәжірибе вариантын жазып қояды.Бұдан соң ауа микробын қармау үшін Петри табақшасын бөлмеге қойып, қақпағын ашылған күйінде ол жердің ластану дәрежесіне қарай 10 минуттан, бір сағатқа дейін қалдырады. Тәжірибе дәптеріне бұның уақытын белгілеп қою шарт. Уақыт мерзімі біткеннен сон, табақша қақпағын жауып, оны 37° С температурасы бар термостатқа орналастырады. Одан соң табақшаны алып 25° С температураға ауыстырады. Бұндағы мақсат төменгі температурада өніп өсетін микробтардың дамуына жағдай туғызу. Тәжірибе екі рет қайталанады.Тәжірибе уақыты біткеннен кейін табақшадағы сол , мерзім ішінде өсіп шыққан микробтар колониясын санайды. Әдетте сапрофит микробтарданет-пептонды қоректік ортада әр түрлі коккалар, соның ішінде сары сарцина споралары бар таяқшалар және әр түрлі зең саңырауқұлақтар өсетінін анықтауға болады. Петри табақшасында өскен микробтардың 1 шаршыдецимет аудандағы өскен колониясын санайды.
Билет 37
1.Антибиотиктерге түсініктеме беріңіз және олардың түзілуі антагонизм құбылысына жататындыңын дәлелдеңіз.
Антагонизм немесе антибиоз деп – бір микробтың екінші бір микроб бар жерде тіршілік ете алмауын айтамыз. Антогонизм құбылысын 1877 жылы Пастер ашқан болатын. Ол сібір жарасы микробтарының тіршілігін басқа бактериялар тежейтінің байқаған. Антагонизм табиғаттың басқа факторларымен бірге табиғи сұрыптауда, өзгергіштікке және микроорганизмдер эволюциясында зор роль атқарады. Міне, антагонизм құбылысын жете зерттеу қазіргі кезде кеңінен қолданылып отырған антибиотиктерді алуға мүмкіндік береді. Антибиотиктерді тек микробтар ғана емес жануарлар мен өсімдіктер де түзеді. Микроорганизмдер бөлетін антибиотиктер басқа микробтардың тіршілігін тежейтін, яғни бактериостатикалық немесе оларды құртып жіберетін, яғни бактерицидтік қасиеті бар. Ол антибиотиктердің кейбіреулері көптеген микроорганизмдерге әсер етеді, ал қалғандары микроорганизмдердің аздаған түрлеріне әсер ете алады. Қрзіргі кезде микробтардан көптеген антибиотиктер алынады.
Пенициллин – пенициллум зең саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотик. Оған стрептококтар және пневмакоктар жатады. Пенициллин микробтар клеткасына өте шапшақ енеді. Пенициллин әсер еткен микробтардың сыртқы пішіндері өзгереді, өніп-өсу қабілеті жойылады, қоректенуі бояулап қалады. Антибиотик әсерінен клетка қабығының құралуы бөлінеді, протоплазма ыдырап, клетка өледі. Пенициллин тіршілік ортасында шамадан тыс көп жиналса, оның биологиялық активтігі кеміп кетеді, медицинада кеңінен қолданылады.
Стрептомицин – актиномициттердің бір түрінен алынатын антибиотик. Оның көптеген микроорганизмдерді, соның ішінде өкпе ауруы таяқшасының тіршілігін жоятын қасиеті бар. Пенициллинге қарағанда ол клетка нашар сіңеді. Дегенмен ол клеткадағы тотығу процесін шапшаң тоқтатады. Стрептомицин тұз және күкірт қышқылы тұздары түрінде өндіріледі.
Грамицидин – спора түзетін топырақта тіршілік ететін Бациллус бревис микробынан алынады. 1942 жылы одан “С” грамицидин антибиотигі алынды. Ол стафилококтарға, стрептококтарға, пневмококтарға жойқын әсер етеді.
Гризеофулвин – зең саңырауқұлақтарының кейбіреуінен бөліп алынған антибиотик. Көптеген тері, шаш ауруларын емдеуге кеңінен қолданылады. Ашытқылар қоздыратын кандидамикоз ауруына қарсы бұл препарат қолданылмайды.
Антибиотиктердің бактерияларға әсері олардың оған сезімталдығы, дозасына, қолдану мерзіміне байланысты. Антибиотиктердің көпшілігі организмдегі бактерияларды өлтірмейді, тек олардың өсуін тоқтатады. Одан әрі организмнің бактериялардан тазаруы, ол оның қорғаныс күштеріне байланысты.
Антибиотиктер пайдасымен бірге, олар организмге зиянды да әсер етеді. Мысалы, антибиотиктер аллергиялық реакция беруі мүмкін, сол сияқты антибиотиктер нерв жүйесіне, ішкі ағзаларға улы әсер етуі де мүмкін. Антибиотиктерді ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда ішектегі пайдалы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, олардың антогонистерін қоздыруы мүмкін.
2. Сәуле және хош иіс түзетін микроорганизмдерді талдап, ерекшеліктерін жазыңыз.
2) Хош иісті бактериялар — тіршілік ету барысында хош иісті заттар түзе алатын кейбір микроорганизмдер. Мұндай микроорганизмдерге, бактериялардан басқа, ашытқылар, өңезденген саңырауқұлақтар жатады. Микроорганизмдердің хош иісі спирт пен органик. қышқылдардың әрекеттесуінен микроорганизм түзетін, эфирлерге байланысты болады. Олардың бұндай қасиетін тәжірибеде, өндірістік жағдайда көптеген тағамдарды (май, ірімшік, шарап, т.б.) алуда пайдаланады. Мысалы, Streptococcus, Betacoccus және Leіconastos туысына жататын сүт қышқылы бактериялары мұндай заттарды көп түзеді.
Қазіргі кезде жарық сәулелі тіршілік иелерінің 800-ге жуық түрі белгілі. Олардың көпшілігі теңізде тұрады. Бұл бактериялар, біржасушалы флагеллат балдырлары, радиоларийлер, саңырауқұлақтар, планктондық және жабысқан целентераттар, сифонофорлар, теңіз қауырсындары, цтенофорлар, эхинодермалар, құрттар, моллюскалар, шаян тәрізділер, балықтар. Ең жарқыраған жануарлардың кейбіреулері - пиросомалар (от қоңыздары). Тұщы судың биолюминесцентті түрлерінің арасында Жаңа Зеландия гастроподты моллюскасы Латия неритоидтары және бірқатар бактериялар белгілі. Құрлықтағы организмдер арасында саңырауқұлақтардың, құрттардың, ұлулардың, милипедтердің және жәндіктердің кейбір түрлері жарқырайды.
Микроскопиялық деңгейде біз өте сезімтал фотометрлердің көмегімен ғана тіркей алатын өте әлсіз жарқыл - реактивті оттегі түрлерін ферменттердің бейтараптандыруының жанама әсері болып табылады, олар қажетті, бірақ клеткаларға - глюкозаның тотығу процесіне қатысушыларға әсер етеді. Олар сонымен қатар химилюминесценцияға қажетті энергияны әртүрлі фосфор ақуыздарымен қамтамасыз етеді.
Бактерияларда фосфор ақуыздары жасушаға шашыраңқы; бір жасушалы эукариотты (жасуша ядросы бар) организмдерде олар цитоплазмадағы мембранамен қоршалған көпіршіктерде орналасқан. Көп жасушалы жануарларда жарықты әдетте арнайы жасушалар - фотоциттер шығарады, көбінесе арнайы органдарға - фотофорларға топтастырады. Целентераттардың және басқа да алғашқы жануарлардың фотоциттері, сондай-ақ симбиотикалық фотобактериялардың әсерінен жұмыс істейтін фотофоралар үздіксіз немесе бірнеше секунд механикалық немесе химиялық ынталандырудан кейін жарқырайды. Азды-көпті дамыған жүйке жүйесі бар жануарларда ол фотоциттердің жұмысын басқарады, оларды сыртқы тітіркендіргіштерге жауап ретінде немесе организмнің ішкі ортасы өзгерген кезде қосып-сөндіреді. Жасуша ішіндегі, теңіздегі асшаяндардан басқа, сегізаяқ, маргаритка мен кальмардың жарқырауының секреторлық түрі бар: екі түрлі бездердің секреция өнімдерінің қоспасы мантиядан немесе қабықтың астынан шығарылып, жарқыраған бұлт тәрізді суда таралады, жауды соқыр етеді.
3. Бактерияларды Грам әдісі бойынша бояу алгоритмін жазып көрсетіңіз.
Грам әдістемен бояу. Бұл әдісті 1888 ж. Дания ғылымы Грам ұсынған болатын. Осы әдіспен боялу және боялмауына байланысты микробтарды Грам оң, Грамтеріс деп үлкен екі топқа бөледі. Бұл әдістің мәнісі мынада: трифенилметан қатарындағы бояулар, мысалы геницианвиолет, метилвиолет, кристаллвиолет протоплазмадағы рибонуклеин қышқылы магний тұзы бар жерде иодпен қосылғанда спиртте бактериялар артынан спиртпен өңдегенде бояу кетпей, көкшіл-күлгін түске боялған күйі қалып қояды. Бұл Грам оң бактериялар. Бұған көптеген шар тәрізді бактериялар, таяқша тәрізді бактериялардың біраз түрі, мәселен Вас. Subtilis, Cl. Pasteurianum т.б. жатады.
Кейбір бактериялар клеткасында мукополисахарид және фолифосфат нуклеотид қосылыстары өте аз болады және оларды липопротеидтен тұратын екі қабат қоршап жатады да, генецианвиолет және иод оған өте жәй енеді және онымен мықты байланыс түзе алмайды. Препаратты жуған кезде ол спиртте тез еріп, клеткадан – шайлып кетеді. Бактериялар түссізденіп қалады. Оларды басқа бояумен бояса, сол түске бояла береді. Бұндай бактерияларды (Escherichia Coli, Proteus Vulgaris, Pseudomonas және т.б.) Грамтеріс деп ажыратады.
Бояу тәртібі. Фиксацияланған жұғындының бетін сүзгіш қағаз тілімен жабады да оның үстіне геницианвиолет ерітіндісін құйып, 1-2 минут ұстайды. Содан соң препаратты сумен жуып, үстіне Люголь ерітіндісін құяды да 2 минуттай ұстайды. Осыдан кейін препаратты сумен жуып, 960 спиртке 0,-1 минуттай батырып қояды. Препаратты тағы да жуып, фуксинмен 1-2 минуттай бояды. Бояуды төгіп препаратты тағы да жуады, сүзгіш қағазбен кептіреді, иммерсиялы жүйені қолдана отырып микроскоппен қарайды. Грам әдісімен боялған бактериялар қара күлгін түсті, ал боялмағандары қызыл түсті болады. Грам әдісімен боялғанына анық сену үшін жаңадан дайындалған микроб культураларын алған жөн.
Билет 38
1. Антибиотиктердің микроорганизмдер метаболизмінің төмен молекулалы өнімдері ретіндегі рөлі мен маңыздылығын сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет