Микробиология тарихында Рим профессоры



бет51/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
микро

Трансферазалар— ферменттер тобы. Әртүрлі атомдардың бір молекуладан (донор) екінші молекулаға (акцептор) тасымалдауын жылдамдатады. Тасымалданатын атомдардың химиялық негізіне сай трансферазалар бір углерод тасыйтын (метилтрансферазалар), альдегид немесе кетон қалдықтарын, ацил топтарын, қант қалдықтарын тасыйтын (гликозилтрансферазалар), аминтоптарын (аминотрансферазалар), фосфор калдықтарын (фосфотрансферазалар) т. б. таситын болып бөлінеді. Трансферазалар табиғатта кең тараған, зат алмасуында үлкен орын алады. 450-ден астам Трансферазалар белгілі.
Гидролазалар — ферменттер тобы. Гидролиз реакциясын яғни органикалық қосылыстардың үзілген жеріне су молекуласын (Н+ ОН) жалғау арқылы ыдырауын жеделдетеді. Гидролиз байланысының түріне қарай гидролазалар екіге бөлінеді: күрделі эфир байланысына және пептид байланысына әсер ететіндер. Табиғатта белоктарды (протеазалар), углеводтарды (гликозидазалар), майларды (липазалар) және нуклеин қышқылдарын (нуклеазалар) ыдырататын ферменттер көп тараған.

2. Микроорганизмдер экологиясы туралы әңгімелеңіз.


Адам ағзасының микрофлорасы бұл дені сау адамның ағзасында болатын микробтар биоценозының бірлестігі. Қалыпты микрофлора тұрақты (облигатты, резидиентті) және кездейсоқ (факультативті) түрде болады. Мекендеу ортасының ерекшеліктеріне байланысты адам денесінің әр жеріндегі (тері, ауыз қуысы, тыныс алу, ішек-қарын және несеп-жыныс жолдары) микрофлора құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Қалыпты микрофлораның түрлік құрамы адамның жасына, жынысына, ағзаның иммунологиялық реактивтілік жағдайына, қоректену тәртібіне, географиялық, маусымдық, әлеуметтік факторларға байланысты.
Қалыпты микрофлора көпшілік адамдарда бір типтілігімен және ұқсастығымен сипатталады. Олардың құрамы бұзылған жағдайда жылдам бұрынғы қалпына келеді. Қалыпты микрофлораның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары көп: патогенді микробтарға антагонистік әсер етеді, иммундық жағдайдың қалыпты болуына әсер етеді, асқорыту, зат алмасу процесіне қатысады, витаминдер синтездейді.
Қалыпты микрофлораның кейбір өкілдері адам ағзасы әлсіреген жағдайда немесе өздеріне тән емес жерге енгенде шартты-патогенді, тіптен патогенділік қасиетке ие болып, әртүрлі іріңдеп қабыну ауруларын қоздырып зиян келтіреді.
Адам жүрген жердің барлығында микроорганизмдер кездеседі, ол экожүйенің бір бөлігі болып есептеледі. Экожүйе бұл тірі организм мен қоршаған ортаның өзара қатынасы. Экожүйенің ішінде күрделі биоценз пайда болады, мысалы микробтық биоценоз, яғни топырақтағы, ауадағы, судағы, адам ағзасындағы әртүрлі микроорганизмдердің өзара тіршілік етуі.
Экология қоршаған орта мен тірі организмдердің өзара қатынасы туралы ғылым. Экожүйеде барлығы бір-бірімен өзара байланысты және тепе-теңдік жағдайда болуы керек. Әлемдегі микробтардың басым көпшілігі сапрофиттер, яғни ауру қоздырмайтындар, сонымен бірге зиянды ауру қоздырушылары патогенділері де болады. Барлық экожүйедегі эволюциялық процесс нәтижесінде микроорганизмдердің қасиеттері өзгеріп отырды, микробтар арасында, микробтар мен макроорганизм арасында ерекше өзара қатынас дамып, симбиоз пайда болады. Микробтық симбиоздың бірнеше түрлері болады-мутуализм, антагонизм т.б.
3. Суреттегі микроорганизмді анықтап, сипаттама беріңіз



Суретте көрсетілген микроорганизм:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет