Микробиология



Pdf көрінісі
бет24/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Ет-пептонды агарды
(ЕПА)
дайындау ҥшін ЕПС-ға 2-3% агар-
агарды қоса отыра балқытады. Балқыту кезінде қоректік ортаны агар-
агардың кҥйіп кетпеуі ҥшін әлсін-әлсін араластырып отырады. 
Балқытылған ЕПА-ын ыстық кҥйінде тез сҥзіп (мақталы-дәке арқылы) 
шыны тҥтіктерге қҧяды. «Қиғаш» қатырылған ЕПА-ды 3-4 мл-ден, ал 
«тік» қатырылған ЕПА-ды шыны тҥтіктерге 10 мл-ден қҧяды. Шыны 
тҥтіктер тығындармен жабылып 120°С-де 20-30 минут стерильденеді. 
Ет-пептонды желатин (ЕПЖ) 
микроорганизмдердің белокты 
ыдырату қасиетін анықтау ҥшін қолданылады. ЕПЖ-ды 10-15% желатин 
қосу арқылы дайындайды. Әуелі желатинді 15 минут ЕПС-нда ісіндіріп 
алған соң су моншасында 50°С температурада балқытады. Ортаның рН-
ын 7,3-ке дейін апарып, 20 минут 120°С температурада стерильдейді.
Сусло-агар (СА)
зең саңырауқҧлақтарды, ашытқыларды және басқа 
микроорганизмдерді ӛсіруде қолданылады. Сусло (сыра ашытқысы) 
қҧрамында кӛмірсулар, амин қышқылдары, В тобы витаминдері 
минералды тҧздар және басқа пластикалық материалдар мен энергияның 
кӛзі болып табылатын заттардың кӛптеген мӛлшері (20% дейін) болады. 
Сусло-агарды қызбаған суслоға 2-3% агар-агарды қосу арқылы 
әзірлейді. Қызбаған суслоны сыра қайнататын зауыттан алуға немесе 
зертханада дайындауға болады. Жаңа дайындалған сыра ашытқысында 
қанттың концентрациясы 14-18°-қа дейін жетеді. Баллинг градустары 
(
0
Б) 
ареометрдің 
кӛмегімен 
анықталады. 
Қанттың 
керекті 
концентрациясын келтіру ҥшін ортаға ағын су қосады. 


30 
Зең саңырауқҧлақтарды – 4-6°Б, ашытқыларды – 6-8°Б, сҥт 
қышқылды микробтарды – 8-12°Б мӛлшерінде қанттары бар ортада 
ӛсіреді.
Агар және желатин қосылған орталарды мақтасы бар дәкемен сҥзу 
арқылы немесе тауық жҧмыртқасының белогы кӛмегімен мӛлдір етуге 
болады. Сарысынан ажыратылған жҧмыртқаның белогын сол 
мӛлшердегі сумен араластырып, кӛбіктің пайда болуына дейін 
араластырады. Кӛпіршіктенген белокты балқытып 50°С-ге дейін 
суытылған ортаға қосып, жақсылап араластырғаннан кейін қайнап 
жатқан су моншасында бір сағат бойы қыздырады. Белок ҧйып, қоректік 
ортадағы қалқып жҥрген бӛлшектері ӛзіне тартып алады. Орта 
сҥзілгеннен кейін мӛлдірленеді. 
Қоректік ортаның жоғарғы бӛлігінің мӛлдіреуі сонымен қатар баяу 
салқындату кезінде де байқалады. Бҧл ҥшін қоректік ортаны 
стерильдегеннен соң оны бу стерилизаторының ішінде 10-12 сағатқа 
қалдырады. Қоректік орта тығыздалғанға дейін қалқып жҥрген 
бӛлшектер шыны тҥтіктердің немесе шыны ыдыстардың тҥбіне шӛгеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет