115
Қҧрамында вирусы бар ӛсінді сҧйықтықтарынан антигендерді алу
ҥшін, оларды 2-3 сағат бойы –20ºС температурада қатырып, еріткеннен
кейін сҧйықтықты 15 минут бойы 3000 айн/мин центрифугамен
тҧндырады. Тҧнба сҧйықтығын +58ºС-де белсенділігін жойған соң қайта
тҧндырып, оны КБР-да антиген ретінде қолданады.
Негізгі зерттеуді жҥргізу.
Вирустардың типін анықтау ҥшін
негізгі
зерттеумен қатар, бақылау – барлық телімді антигендер мен қан
сарысулары қойылады.
Реакцияны қою ҥшін компоненттер келесі кезекпен қҧйылады: 1)
жҧмыс титріндегі барлық телімді қан сарысуларының әр қайсысы бір
қатарға (тігінен) 0,2 мл мӛлшерінде; 2) жҧмыс
титріндегі антигендер
бірінші қатардағы тҥтікшелерге (кӛлденеңінен) 0,2 мл мӛлшерінде, әр
антиген бір қатарға; 3) зерттеуге алынған антиген 0,2 мл мӛлшерінде, әр
сҧйылтымға бір қатар тҥтікшеден (кӛлденеңінен); 4) физиологиялық
ерітінді
соңғы
қатардағы
тҥтікшелерге,
антигеннің
орнына,
кӛлденеңінен (қан сарысуының бақылау) және қан сарысуының орнына,
тігінен (антигендердің бақылауы) 0,2 мл мӛлшерде; 5) жҧмыс
сҧйылтымындағы комплементті 0,2 мл-ден барлық тҥтікшелерге.
Тҥтікшелерді ақырын шайқап, +37-38ºС
температураға реттелген су
моншасында 20 минут ҧстайды; 6) барлық шыны тҥтікшелерге 0,4 мл-
ден гемолиттік жҥйені қосып, шайқағаннан кейін қайта су моншасына
(+37-38°С) 30 минутқа қояды. Реакцияны су моншасында тҧрғаннан
кейін 5-10 минуттан соң оқиды және соңғы нәтижені 10-12 сағаттан
кейін анықтайды. Гемолиздің тежелу дәрежесін келесі кӛрсеткіштер
бойынша бағалайды: ++++ - 100%
гемолиздің тежелуі; +++ - 75%
гемолиздің тежелуі; ++ - 50% гемолиздің тежелуі; + - 25% гемолиздің
тежелуі; – - толық гемолизге ҧшырауы.
Егер зерттеуге алынған антиген телімді антиденелерге тән болса –
гемолиз тежеліп,
реакция оң болады; ал антигенге телімді антиденелер
болмаса – реакция теріс болып, толық гемолиз байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: