Микробиология



Pdf көрінісі
бет15/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Капсулаларды бояу.
Кейбір микробтардың жасуша қабырғасының 
бетінде шырышты қабаты болады. Ол цитоплазмада тҥзіліп, жасуша 
қабырғасының 
бетінде 
секрет ретінде 
шығарылып 
отырады. 
Капсулалардың химиялық қҧрамы әр тҥрлі: олардың кейбіреулері 
белоктар кешенінен тҧрса, ал енді біреулері полисахаридтерден 
қҧралады. Капсула мен жасушаның қалған бӛлігі бірдей боялмайды. 
Капсула 
қорғаныс 
рӛлін 
орындап, 
кӛбінесе 
патогенді 
микроорганизмдерде 
кездеседі. 
Мҧндай 
микробтар 
капсуласы 
жануарлар организмінде жиі, ал сирек жағдайда жасанды қоректік 
орталарда да пайда болуы мҥмкін. Капсулалар жарық сәулелерін әлсіз 
сындырады, сондықтан тірі боялмаған жасушада оларды байқау ӛте 
қиын. Капсулаларды бояудың бірнеше тәсілдері бар. 
Ольт тәсілі.
Жағындыны сафраниннің 2-3%-ды ерітіндісімен 
бояйды. Бояғышты қолданар алдында оның ҧнтағын ыстық суда еріту 
арқылы дайындайды (ерітінді сҥзіледі). Бояуды жалынның ҥстінде 1-3 
минут аралығында жҥргізеді де, оны тез арада сумен шаяды. Препарат 
кептірілмей (оның ҥстінде судың болуы керек) жапқыш шынымен 
жабылып микроскоптың иммерсионды жҥйесімен зерттеледі. Су 
қабатынан ӛткен жарық сәулелері капсула мен микроб жасушасының 
денесінің айырмашылығын ҥдете тҥседі. Микроскоптың кӛз шалымында 
микроб жасушасының денесі қызыл, ал капсула сары тҥсті болып 
кӛрінеді. 
Михин тәсілінде
бекітілген жағынды Леффлердің метилен кӛгімен 
2-3 минуттай ысыта отыра боялады. Жағынды тез сумен шайылып
кептіріледі. 
Микроскопиялық кӛрініс: микроб жасушасының денесі қара кӛк, ал 
капсуласы ашық қызғылт. 
 
Микроб жасушасының элементтерін бояу 
Гликогенді бояу.
Микроб жасушасының цитоплазмасында гликоген–
жануарлар крахмалы (полисахарид) жиі кездеседі. Оны ӛсінді 
тамшысының ҥстіне сол мӛлшерде Люголь ерітіндісін қосу арқылы 


21 
табуға болады. Люголь ерітіндісімен қосылған гликоген қызыл қоңыр 
тҥске боялады. Бҧл элементтер ашытқыларда, пішен бацилласында және 
т.б. микробтарда кездеседі. Қоректік ортада кӛмірсулардың мӛлшері кӛп 
болған жағдайда гликогеннің жиналуы байқалады. 
Гранулезаны бояу.
Гранулеза–полисахарид, крахмал тәріздес зат. 
Олардың кӛп мӛлшері жасушаның ҧрық тҥзуі алдында байқалады. 
Гликоген тәрізді гранулезада Люголь ерітіндісімен әрекеттескенде 
қаракӛк тҥске боялады. Май қышқылды бактерияларда гранулезалар кӛп 
болады. Гранулезаны табу ҥшін картоп ортасында ӛсірілген май 
қышқылды микробтардың ӛсінділеріның тамшысына сол мӛлшерде 
Люголь ерітіндісін қҧйып, жамылғы шынысымен жауып, микроскоптың 
иммерсионды жҥйесімен қарағанда кӛк тҥске боялған ҧршық тәріздес 
жасушаларды кӛруге болады. Бҧл жасушалардың бір шетінде боялмаған 
ҧрықтар орналасады. 
Майды бояу.
Май кӛптеген микроорганизмдердің жасушасында 
(картоп бацилласы, ашытқылар) болады. Микробтардың майын судан 
ІІІ-тің спирттегі ерітіндісімен бояйды (0,05г судан ІІІ + 100мл 96% этил 
спирті). Ол ҥшін ӛсінді тамшысына бояғыш затты қосып араластырады. 
Май тамшылары қызыл тҥске боялады, ал цитоплазма тҥссіз болып 
қалады. 
Волютин түйіршіктерін бояу.
Волютин микроб жасушасында 
гранула тҥрінде кездеседі. Бҧл гранулалар полифосфаттар мен нуклеин 
қышқылдарына жақын заттардан тҧрады. Препаратты Омелянский 
тәсілімен бояу арқылы волютин гранулаларын табуға болады. 
Жалынның ҥстінде бекітілген жағындыны 30 секунд Циль 
фуксинімен бояйды. Препарат шайылған соң 1%-ды кҥкірт 
қышқылының ерітіндісімен 20-30 секунд тҥссіздендіріледі. Сумен қайта 
шайылған жағындыны метилен кӛгінің әлсіз ерітіндісімен (1:40) 15-20 
секунд бояйды. 
Микроскопиялық кӛрініс: волютин тҥйіршіктері қызыл, ал 
цитоплазма кӛк тҥсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет