Микробиология



Pdf көрінісі
бет156/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

83-сурет. Бабеш-Негри 
денешіктері 


177 
әдістермен вирус антигендері мен Бабеш-Негри денешіктері айқындалса, 
нәтиже оң, ал 30 тәулік аралығында ӛлімге ҧшырамаған жағдайда 
нәтиже теріс деп есептеледі. 
Құтырық 
вирусының 
идентификациясында 
диффузиялық 
преципитация, комплементті байланыстыру, иммунды флуоресценция 
реакциялары, моноклоналды антиденелер кӛмегімен қойылатын 
иммунды ферменттік талдау және полимеразалық тізбекті реакция 
қолданылады. 
Серологиялық және ретроспективтік балауында
иммунды 
ферменттік талдаудың жанама қойылымы, гемагглютинацияны тежеу 
реакциясы, иммунды флуоресценция реакциясы, бейтараптау реакциясы 
мен радиоиммунологиялық талдау әдістері пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары:
1 Қҧтырық вирусының қысқаша сипаттамасы 
және олардың сыртқы орта жағдайларына тӛзімділігі. 3 Қҧтырық ауруын 
балауда жҥргізілетін зерттеулер. 4 Қҧтырық ауруының клиникалық, 
патологоанатомиялық және дифференциалдық балауы. 5 Биосынама 
қойылатын 
жануарлар. 

Вирустардың 
идентификациясында, 
серологиялық және ретроспективтік балауында қолданылатын тәсілдер. 
 
АУСЫЛ 
Аусыл (
Aphthae epizooticae
) – жҧп тҧяқтылардың арасында (ірі қара 
мал, қой, ешкі, шошқа және барлық кҥйіс қайыратын жабайы жануарлар, 
ӛте сирек жағдайда тҥйелер) жіті тҥрде ӛтетін аса қауіпті контагиозды 
індет. Аусыл ауруы қызбамен, ауыз және мҧрын қуыстарының кілегейлі 
қабықтары, 
желін, 
тҧяқ 
арасы, 
бҧлшық 
еттің 
кҥлдіреуікті 
зақымдануларымен сипатталады.
Ауру қоздырғышы РНҚ-лы бар вирустар тобына, 
Picornaviridae
тҧқымдастығына, 
Aphthovirus
туыстығына жатады. Бҧл вирусты 1898 
жылы Леффлер мен Фрош ашқан. Вирион ҧсақ икосаэдр пішінді, 
диаметрі 20-25 нм, қҧрамы шамамен 31,5% РНҚ және 68,5% белоктан 
тҧрады. Ауру қоздырғышы жеті серологиялық типтерге бӛлінеді: А, О, 
С, SAT 1, SAT 2, SAT 3 және Asia 1. Бҧл типтерді бір-бірінен антигендік 
қасиеттері арқылы ажыратуға болады. Қазіргі кезде аусыл вирусының 
80-нен астам тип тармақтары бар. Вирустың РНҚ-дағы нуклеотидтік 
жҥйесінің ӛзгеріске ҧшырап отыруына байланысты биологиялық 
қасиеттері де ӛзгеріп отырады. Аусыл вирусының А типі – 32, О тҥрі – 
14, С типі – 5, SAT 1 типі – 10, SAT 2 типі – 3, SAT 3 типі – 4, ал Asia 1 
типі – 3 тип тармақтардан тҧрады.
Бҧлашев А.Қ., Мҧқанов Қ.Қ және басқалар (2005) аусыл вирусының 
А
22
және О
1
серологиялық типтері антигендерінің қҧрылымдарын 11%-
ды полиакриламидті гель электрофорезі кӛмегімен зерттеу барысында 
А
22
серотипінің қҧрамында молекулалық салмақтары 94, 66, 45, 34, 30, 
26, 24, 20, 14 кД, ал О
1
препаратының қҧрамында молекулалық 


178 
салмақтары 92, 66, 50, 45, 34, 30, 26, 20 және 14 кД болатын белок 
фракциялары 
айқындалды. 
Жҥргізілген 
зерттеу 
нәтижелерін 
қорытындылай келе вирустың екі серотипіне ортақ молекулалық 
салмақтары 66, 45, 34, 30, 26, 20 және 14 кД-ды қҧрайтын жеті белок 
фракцияларының болатындығы дәлелденді.
Аусыл вирусы иодоформға, аммони ерітінділеріне, гипохлорит, 
фенолға тӛзімді, салқын және рН-ы нейтралды орталарда ҧзақ 
сақталады, ал рН 6 ортада белсенділігі тез жойыла бастайды.
Қоздырғыш сыртқы ортаға аурудың клиникалық белгілерінің 
кӛрінуіне 3-4 кҥн қалғаннан бастап ауа, сілекей, нәжіс, зәр, сҥт және 
спермалары арқылы тарайды. Аурудан сауыққан және вакцина егілген 
малдардың жҧтқыншағы мен мҧрын қуысының қосылған жерінде вирус 
9 айдан (қойларда) 2,5 жылға (ірі қара малдарда) дейін сақталады. 
Аурудың жасырын кезеңі 2 тәуліктен 14 тәулікке дейін созылады. 
Аусыл ауруын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық 
белгілеріне, патологоанатомиялық ӛзгерістеріне, вирустарды бӛліп алуға 
және биологиялық сынама қоюға негізделген. Ал олардың типтерін, тип 
тармақтарын анықтауда комплементті байланыстыру, вирустарды 
бейтараптау, полимеразалық тізбекті реакциялары және иммунды 
ферменттік талдау тәсілдері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет