180
дайындалған суспензияны егеді. 3-4 бас жҧқтырылмаған ақ тышқан
бақылау ретінде алынады. Барлық жҧқтырылған және жҧқтырылмаған
ақ тышқандарды анасымен бірге бір апта бойы бӛлек ҧстайды. Оң
нәтиже кӛрсеткен жағдайда жануарлар жартылай немесе толық
салданып, 2-5 кҥндері ӛледі. Тышқандардың ӛлексесін қолданғанға
дейін қатырады немесе келесі ақ тышқандарға қайта жҧқтырады. Ӛлген
тышқандардың бҧлшық еттерінен КБР қоюға қажетті антиген
дайындайды. Тәжірибе аяқталғаннан кейін
аналық және бақылаудағы
тышқандарды жойып, олардың тҧрған жерлерін мен азық қалдықтарын
дезинфектанттармен залалсыздандырады.
Вирусы бар материалдың 0,2-0,5 мл мӛлшерін 5 бас теңіз
шошқаларының
артқы
аяқтарының
плантарлы
беткейіне
(интрадермальды) егеді. Жҧқтырғаннан кейін алғашқы зақымдалулар 2-5
кҥндері байқала бастайды. Патологиялық материалдардан дайындалған
вирусы бар материалдарды теңіз шошқаларына бір неше рет пассаж
жасағаннан кейін ғана клиникалық белгілері (афталар) айқын байқалады.
Аусыл вирусының типі мен варианттарын анықтау ҥшін
патологиялық материалдардан КБР-на қажетті антиген дайындайды. Ол
ҥшін афталар қабырғаларын физиологиялық
ерітіндімен шаю арқылы
консервілегіш заттардан тазартып, сҥзгіш қағазда кептіріп, қайшымен
ҧсақтағаннан кейін фарфорлы ыдыста ҧнтақтайды. Ҧнтақталған ҥлгіге
рН 7,4-7,6 болатын физиологиялық ерітіндіні қосу арқылы дайындалған
33%-ды
суспензияны 2 сағат бойы бӛлме температурасында
араластырып, –10–20ºС 5-18 сағатқа қатырады. Ерітілген суспензияны 3-
5 мың айналымда 30 минут центрифугада тҧндырып, тҧнба
сҧйықтығының 1-2 мл-ін зертханалық жануарларға биосынама қою ҥшін
қҧйып алады. Қалған сҧйықтықты 40 минут бойы +58ºС температурада
инактивациялап, КБР-ында антиген ретінде пайдаланады.
Вирустардың идентификациясында
иммунды
ферменттік талдау
және комплементті байланыстыру реакциясы қолданылады.
Серологиялық
балауда
Қазақстан
Республикасы
Ҧлттық
биотехнология орталығы иммунохимия және иммунобиотехнология
зертханасының мамандары моноклоналды антиденелер негізінде
әзірлеген иммунды ферменттік талдаудың жанама қойылымы мен
вирустарды бейтараптау реакциясы пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: