183
ӛсіруге болады. Эмбриондардың жасы ҧлғайған сайын олардың вирусқа
сезімталдылығы тӛмендей бастайды. Вирус жҧқтырғаннан кейін
эмбрион 1-2 тәулік аралығында ӛлімге ҧшырамаған жағдайда олардың
хориоалантоис қабықшасында алғашында пролиферативті,
кейіннен
некротикалық ӛзгерістер дамиды. Сонымен қатар вирустар алантоис
қуысында да кӛбейе алады. Вирусты тауық эмбриондарынан басқа
интрацеребральды және интраперитонеальды жолмен жҧқтырылған 7-10
кҥндік ақ тышқан балаларының организмдерінде де ӛсіруге болады.
Тауық эмбриондары мен тышқан балаларының организмінде ӛсірілген
вирустардың мӛлшері 10
7
-10
9
ИД
50
/мл-ге дейін жетеді.
Вирустарды
тауық эмбриондарының фибробласттары мен теңіз шошқасы,
ірі қара
мал, шошқа бҥйректерінің ҧлпаларынан алынған алғашқы жасуша
ӛсінділерінде және әр тҥрлі тҧрақты жасуша ӛсінділерінде (L, Hela, KB,
KEM, Hep, RES және т.б.) ӛсіруге болады. Жасуша ӛсінділеріндегі
вирустардың кӛбеюі цитопатикалық ӛзгерістердің байқалуымен
сипатталады.
Биосынама.
Ірі қара малдардың тіліне немесе қызыл иегіне және
скарификацияланған кілегей қабықтарының бетіне жҧқтырған жағдайда
аурудың нақты клиникалық белгілері байқалады.
Аэрозольды жолмен
жҧқтырылған жануарларда клиникалық белгілері байқалмай, олардың
организмінде вирусқа қарсы телімді антиденелер тҥзіледі.
3-4 апталық
ақ тышқандарға интрацеребральды жолмен жҧқтырғанда
энцефалит
дамиды. Салмағы 500-600 грамм болатын теңіз шошқаларының аяқ
терісінің плантарлық беткейіне вирусты енгізгенде 44-50 сағаттан соң
сол жерлерде везикулалар пайда болады және бҥйрегі мен бауыры да
зақымдалады. Вирусы бар материалды қояндардың
тіліне және миына
жҧқтырады. Ҥйректер мен қаздарға материалды тілі мен аяқтарының
плантарлық беткейіне, ал балапандарға интрацеребральды жолмен
жҧқтыруға болады.
Везикулярлы стоматиттің типтерін ажырату ҥшін
патологиялық
материалдарды гемагглютинация реакциясымен зерттейді. Бҧл
реакцияда Нью Джерси мен Индиана деп аталатын серологиялық
типтері адсорбциялану мен елюациялану жағдайларына байланысты
ажыратылады. Нью Джерси (рН 6,4 ортада) мен Индиана (рН 5,8 ортада)
штамдары қаз эритроциттерімен тӛменгі температурада белсенді
сорбцияланы. Гемагглютинация реакциясын рН 5,8, температурасы +4ºС
болатын ортада қаз эритроциттерінің кӛмегімен жҥргізеді. +56ºС-де
гемагглютинация 1
минуттың ішінде талқандалса, +35ºС-де рН 9
болатын ортада гемагглютинация бірнеше кҥнге дейін сақталады.
Вирустардың идентификациясында
комплементті байланыстыру
реакциясы, иммунды ферменттік талдау және жасуша ӛсінділерінде,
тауық эмбриондары мен тышқан балаларының организмінде ӛсірілген
вирустарды бейтараптау реакциясы қолданылады.
184
Серологиялық балауда
вирустарды бейтараптау реакциясы,
иммунды ферменттік талдау мен комплементті байланыстыру реакциясы
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: