Бақылау сұрақтары: 1 Везикулярлы стоматит қоздырғышының
қысқаша сипаттамасы. 2 Везикулярлы стоматитке сезімтал келетін
жануарлар. 3 Ауру қоздырғышының денеге ену жолдары. 4 Везикулярлы
стоматитті балау қандай зерттеулерді жҥргізуге негізделген? 5
Клиникалық, патологоанатомиялық және дифференциалдық балауы. 6
Везикулярлы стоматит қоздырғышын қандай орталарда ӛсіруге болады?
7 Биосынама қою ҥшін зертханалық жануарларға қалай жҧқтырады? 8
Везикулярлы
стоматит
қоздырғышының
индикациясы
мен
идентификациясында қолданылатын реакциялар. 9 Везикулярлы
стоматиттің серологиялық балауында қандай реакциялар қолданылады?
ШЕШЕК Шешекке сҥт қоректілер, қҧстар мен жәндіктер шалдығады. Шешек
вирусының біреулері жануарлардың белгілі бір тҥрлерін ғана ауруға
шалдықтыратын болса екінші бір тҥрлері барлық жануарларды ауруға
шалдықтырады. Бҧл ауруға шалдыққан жануарлардың клиникалық
белгілері бір-біріне ҧқсас келеді. Олардың кілегейлі қабықшалары мен
терінің жҥні жоқ жерлерінде розеола (қызарады), папулалар (ісінеді) мен
везикулалар (кҥлдіреуіктер) пайда болады. Сонан соң везикулалар
жарылып, қабыршықтанады. Аурудың жайылған тҥрінде жануарлардың
дене қызуы кӛтеріледі, әлсірейді, азыққа тәбеті жоғалады, тері асты
клетчаткалары ісінеді, тауықтардың тыныс жолдары қабынады. Шешек
вирусының вириондарының кӛлемі 200-390 нм-ге дейін жететіндіктен,
жарықтық микроскоппен кӛруге болады (84-сурет).
Шешек
қоздырғыштары
ДНҚ-лы бар вирустар тобына,
Poxviridae тҧқымдастығына
жатады.
Poxviridae тҧқымдас-
тығының ӛзі екі тармаққа:
Chordopoxvirinae – омыртқалы-
лар
поксвирустарына
және
Entomopoxvirinae – жәндіктер
поксвирусына бӛлінеді.
Chordopoxvirinae тҧқым
тармағы 8 туысқа:
Ortopoxvirus, Parapoxvirus, Avipoxvirus, Capripoxvirus, Leporipoxvirus, Suipoxvirus, Molluscipoxvirus, Yatapoxvirus бӛлінеді.
Entomopoxvirinae тҧқым тармағының ҥш туысы (
А, В, С ) бар.