Микробиология



Pdf көрінісі
бет176/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Клиникалық белгілері. 
Вирустың организмге ену жолына, 
қҧстардың жасы мен кҥтіміне байланысты ауру ағымы инкубациялық 
кезеңі 2 кҥннен 15 кҥнге дейін созылады. Вирус организмге алғаш 
енгенде жіті (кей жағдайда жітілеу және созылмалы), типтік және 
атиптік формада ӛтеді. Аурудың ошағы жылдың кез келген мерзімінде 
шығуы мҥмкін.
Аурудың жіті ағымында 
қҧстардың дене қызуы 43-44ºС-ге дейін 
кӛтеріледі, қысылады, азыққа тәбеті болмайды, мойынын созып, 
тҧмсығын ашып тыныс алады, тыныс жолдарының экссудатқа толуынан 
қҧстарға тән шаңқылдаған, әлсіз шиқылдаған дыбыс шығарады, сырыл 
пайда болады, тыныс жолдарында жиналған экссудатты шығаруға 
тырысып тҥшкіреді. Ауруға шалдыққан қҧстардың 40-70%-ында 
жемсауының ҧлғаюы байқалады, ауыз қуысынан жағымсыз иісі бар 
сҧйықтық ағады. нәжісі сҧйық, кілегей, қан және ӛт араласқан болады. 
Орталық жҥйке жҥйесінің зақымдануынан бастары қалтылдайды, 
мойындарын бҧрап, басын біресе арқасына біресе бауырына апарады, 
қанаттары мен аяқтары салданады. Аурудың бастапқы 4-5-ші кҥндері 
балапандардың ӛлімге ҧшырауы 100%-ға жетеді. Ересек тауықтардың 
ауру белгілері кештеу байқалып, жҧмыртқалауы 50%-ға дейін тӛмендеп 
кетеді, жҥйкесі зақымдалады, ҧйқышылдық тартып тҧрады, бҧлшық 
еттері дірілдейді, кӛпіршікті қан араласқан жасылтым тҥсті іші ӛтеді. 
Қанаттары мен аяқтарының салдануы, кератоконъюнктивит байқалып, 
қҧстардың 90-100%-ының ӛлімге ҧшырауы мҥмкін. 
Аурудың типтік (кәдімгі) формасы
кӛбінесе вакцина егілгеннен 
кейінгі иммунитет қалыптаса қоймаған кезеңдегі 20-30 кҥндік 
балапандарға тән. 
Атипті формада 
ауруға тән клиникалық белгілер байқалмайды 
немесе ауру ағымы жеңіл тҥрде ӛтеді. Ол негізінде тауық ағзасына енген 
вирус уыттылығының әлсіз болуынан, иммундық қорғаныс қабілетінің 
кҥштілігінен немесе биологиялық дәрі-дәрмектердің әсерінен болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет