5.3.3. Микробқа қарсы химиопрепараттардың әсер ету механизмі Микробқа қарсы химиопрепараттардың таңдамалылығының негізі-олар әсер ететін микроб жасушасындағы нысаналардың макроорганизм жасушаларынан айырмашылығы болады. Көптеген химиотерапевтік препараттар әдетте микроб жасушасының метаболизміне әсер етіп , оның дайын құрылымын бұзбайды, сондықтан препараттар микроорганизмдердің өсу және көбею фазасына белсенді әсер етеді . Микробқа қарсы химиопрепараттардың әсер ету механизмі бойынша келесі топтарын ажыратады: жасуша қабырғасы синтезінің ингибиторлары , ақуыз синтезінің ингибиторлары,нуклейн қышқылдар қызметі мен синтезін бұзушылар, ЦПМ қызметі мен синтезін зақымдайтындар (5.1. - кесте)
Кесте 5.1.
Әсер ету механизмі бойынша антимикробты химиопепараттардың жіктелуі