5.3.4. Антимикробты химиотерапия кезіндегі асқынулар Барлық дәрі-дәрмектер сияқты , әрбір антимикробты химиопрепараттар тобының макроорганизмге , микробтарға және басқа дәрілік заттарға да жанама әсері болады .
Макроороганизмге қатысты асқынулар.Препараттардың уытты әсері. Бұл асқынудың дамуы препараттың қасиетіне , оның дозасына , енгізу жолына , науқас жағдайына байланысты және антимикробты химиотерапевтік препаратты жүйелі түрде ұзақ қолданғанда , ағзада оның жиналуына жағдай болғанда болады. Әсіресе мұндай асқынулар , препараттың әсер ету нысанасы құрамы немесе құрылымы бойынша макроорганизм жасушасының сәйкес құрылымына ұқсас процестер немесе құрылымдар болғанда жиі болады. Антимикробты препараттардың уытты әсеріне балалар , жүкті әйелдер , әрі бүйрек, бауыр қызметтері бұзылған науқастар жиі шалдығады.
Уытты жанама әсері мынадай көріністермен байқалады: нейротоксикалық (мысалы, гликопептидтер мен аминогликозидтер ототоксикалық яғни, есту нервіне әсер етіп, кереңдікке әкелуі мүмкін); нефротоксикалық (полиендер, полипептидтер, аминогликозидтер); жалпы улық (саңырауқұлаққа қарсы препараттар – полиендер , имидазолдар); қан түзуді тежеу (тетрациклиндер, сульфаниламидтер, левомицетин, хлорамфеникол, оның құрамында сүйек кемігі қызметінің супрессоры - нитробензен бар); тератогенді [аминогликозидтер, тетрациклиндер балалар мен ұрықтың шеміршегін және сүйек дамуын тіс эмалі қалыптасуын бұзады, левомицетин хлорамфеникол - нәрестелерге уытты, олардың бауыр ферменттері толық жетілмеген («синдром серого ребенка»), хинолондар- дамып келе жатқан шеміршек пен дәнекер тініне әсер етеді].
Антибиотиктер ятрогенді аурулардың дамуында алдыңғы орын алады. Олардың шығу тегі әр түрлі, көп жағдайда аллергиялық, иммунологиялық, токсикалық және т.б. әсері болады. Сондықтан 6000 – нан астам антибиотиктердің ішінде жүз шақтысы ғана клиникалық практикада қолданыс тауып отыр.
Химиялық құрамына байланысты антибиотиктердің жанама әсерлері де әр түрлі. Бұл терілік, гематологиялық көріністер, бүйректің, бауырдың, асқазан – ішек жолдарының және т.б. зақымдануларына себепкер болуы мүмкін.
Антибиотиктерді ретсіз пайдалану аурудың қоздырғыштарын ғана өлтіріп қоймай қалыпты микрофлораның өкілдерін де қырып жіберіп, нәтижесінде дисбактериозға соқтыруы мүмкін.
Қазіргі уақытта клиницистердің қолдануында антибиотиктер мөлшері жеткілікті, сондықтан жанама әсерлерден сақтану үшін емдік препаратты дұрыс таңдаған жөн.
Асқынудың алдын алу - науқастың белгілі препаратқа қарсы көрсеткіш болса - қолданбауға, бауыр, бүйрек т.б. қызметінің жағдайын бақылауға негізделген.
5.4. Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылығы
Антибиотиктерге резистенттіліктің негізгі екі типін ажыратады:
1. Табиғи төзімділік – микроорганизмнің антибиотиктерге сезімталдығының жоқтығы генетикалық қамтамасыз етілген (мысалы вирустардың антибиотиктерге, грам теріс бактериялардың бензилпенициллинге , анаэробты бактериялардың 1 ұрпақтағы цефалоспориндерге тұрақтылығы).
2. Жүре пайда болған резистенттілік бактериялық жасушада болатын мутация нәтижесінде геномдағы өзгерістерге негізделген. Біріншілік төзімділік микроб дақылының кейбір варианттарында антибиотикпен емдеуге дейін байқалады(мысалы кейбір певмококк штамдарының немесе алтынды стафилококктың бензилпенициллинге тұрақтылығы). Екіншілік тұрақтылық микроб антибиотикпен жанасқаннан кейін пайда болып, ары қарай дамып күшейе түседі.
Антибиотик бактерияның өсуін басады, егер ол:
бактерия жасушасына енсе;
тіршілікте маңызды қызметті атқаратын жасушаішілік құрлыммен қарым – қатынасқа түссе;
функциясын барынша басса бактерия антибиотикке төзімді болады.(жоғарыдағы жағдайлардың тек біреуі ғана орындалмаса да). Бұған келесі биохимиялық механизмдер жауап береді:
1.Белсенсіз формасын түзетін антибиотиктің модификацияланылуы.Негізінде бұл ферменттердің, (көбінесе пептидазалардың – В лактамазалардың, ацетилтрансферазалардың, фосфотрансферазалардың, аденилтрансферазалардың) синтезделуі нәтижесінде болады. В – лактамазалар пенициллиннің ß – лактамды сақинасын тарқатады, ацетилтрансферазалар ацетилді топты антибиотиктің функционалды тобына ауыстырады. Мысалы - хлорамфениколдың ацетилхлорафениколға айналуы. Фосфотрансферазалар антибиотиктерге фосфатты топтарды қосу арқылы инактивациялайды. Бұндай модификацияға мысалы, стрептомицин ұшырайды.
2.Антибиотик әсер ететін нысананың модификацияланылуы. Мұндай модификацияның мысалы, стрептомицинге сезімтал – Р10 ақуыздарын байланыстыратын және Р8 50S өзгерген ақуызы бар эритромицинге сезімтал - рибосомалардың суббөлшекті кейбір мутанттары болуы мүмкін.
3.Антибиотиктің жасушаға енгіштігінің өзгеруі.Тұрақтылықтың тағы да бір себебі - жасушаға антибиотиктерді өткізбеуді жасайтын мутация болып табылады. Бірақ спецификалық тасымалдаушы механизмнің көмегімен жасушаға антибиотиктер енген кезде, тасымалдаушы спецификалық ақуыз қасиетінің өзгеруімен қамтамасыз етілетін тұрақтылық неғұрлым шынайы болып табылады.