Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



бет15/39
Дата27.11.2023
өлшемі256,41 Kb.
#129595
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Сусло-агарда өсуі. Мукор – зигомицеттер класының өкілдері. Ол сусло-агарда қоңыр түсті үлпілдек
қатпар тәрізденіп, өсуі бірінші тәулікте байқалады. Аспергил – дейтеромицеттер класының өкілі. Бұл
мукорға қарағанда баяу өседі. Өсуі екінші тәулікте байқалады. Конидиялары қара (Aspergillus niger), сары
(Aspergillus flavus), сары-жасыл (Aspergillus fumigatus), жасылтым сары (Aspergillus orizae) түсті болуы
мүмкін. Пеницилл – дейтеромицеттер класының өкілі. Олар қоректік ортада жұмсақ сұрғылт-жасыл немесе
ашық жасыл түсті үлпілдек қатпар құрайды. Қатпарлардың перифериясы ақ жиекті болып келеді.
Препараттарды дайындау. Зең саңырауқұлақтарын «қысылған тамшы» әдісімен препарат
дайындап, зерттейді. Ол үшін материалды препарат инесінің көмегімен зат шынысының бетіндегі бір тамшы
физиологиялық ерітіндіде таратады.
Мукордан препаратты бір тәуліктік өсіндіден, ал пеницилладан екі тәуліктік өсіндіден дайындайды.
Зерттеуге мукор мен аспергилланың өсінділерінен сұр бүршіктері, пеницилланың сүр және жасыл
шеңберлерінің ортасы алынады. Сұр конидиялары бар аспергилланың стеригмалары күнбағыстың
жапырақшалары тәрізді болады. Мукорды микроскоптың аз ұлғайтуымен (объектив х8) қарайды,
аспергилланың конидия сақтаушысының ұлғайған жерін әуелі микроскоптың орташа ұлғайтумен (объектив
х40) жақсылап зерттейді. Пенициллаларды микроскоптың орташа ұлғайтуымен (объектив х8), сосын оны
орташа ұлғайтумен (объектив х40) жақсылап зерттейді. Пенициллаларды микроскоптың орташа
ұлғайтуымен (объектив х40) табады. Зең саңырауқұлақтардың споралары арқылы көбейетінін есте ұстаған
жөн. Сондықтан препарат дайындағанда материалдың шашырауының алдын алу керек. Препарат инелері
жұмыс аяғында жалын үстінде мұқият зарарсыздандырылады.
Фузариум (жетілмеген саңырауқұлақтар). Мицелилері ақ, қызғылт немесе сары түсті болады.
Олардан қысқа бұтақталаған конидия сақтаушылар таралады. Олардың конидиялары орақ тәріздес
(микроконидиялар) және сопақша түрде (микроконидиялар) болады. Макроконидиялардың қалқалары
болады, ал микроконидиялар көбінесе қалқасыз күйінде кедеседі. Хламидоспоралар шар тәріздес, алмұрт
тәріздес шоғырланып немесе тізбектеліп орналасады. Олар ескі конидия сақтаушыларының бойында,
конидияларда түзіледі. Үлпілдек мицелилері жақсы жетілген.
Фузариумдар табиғатта кеңінен таралған. Олардың көбі жемістердің, көкөністердің бұзылуына
себепкер болады, өсімдіктердің жапырақтары сарғайып, олардың бетінде сұрғылт қызыл түсті жұқа қабық
пайда болады. Фузариумдар төменгі температураларда токсиндер (зераленон, Т-2 микотоксин және т.б.)
түзеді. Зақымдалған өсімдіктермен азықтанған малдар мен құстар уланады. Жануарлардың күйі нашарлап,
қозғалуы (координациясы) бұзылады. Фузариумдардың микотоксині шошқалардың эстрогенизмін, аналық
бездерінің дегенеративтік өзгерістерін қоздырады да, бедеулікке әкеледі. Т-2 микотоксині ішек – қарын
жолын, жүрек тамыр жүйесін, сонымен қатар жілік майын, лимфа бездерін және басқа органдар мен
тканьдерін зақымдайды.
Әдебиеттер:
1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық
медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік



нұсқауы. Астана, 2005ж. 23-25 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва,


«Агропромиздат». 1988. С. 38-42. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по
ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 34-43.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет