Генетикалық инжерения әдісімен алынған биологиялық препараттар. Гениетикалық инженериямен алынған көптеген жүзден астам препараттардың тек бір бөлігі ғана тәжрибеге енгізілген: интерферондар, интерлейкендер, инсулин, өсу гормоны, плазминогеннің тіндікактиваторы, гепатитке қарсы вакцина,бүйректі алмастыру кезінде тіндіқ абылдамаудың алдын алуға арналған моноклонды антиденелер, АИТВжәне т.б анықтау үшін диагностикалық препараттар. мұндай жағдайды бір қатар себептермен түсіндіруге болады. Біріншеден осы препараттарғажәнемикроорганизмдердің рекомбинантты штамдарын қауіппен қарады, себебі экологиялық қауіпті рекомбинантты микроорганизмдердің ретсізтаралу мүмкіншілігігіне байланысты. Дегенмен бұл күндеқауіптілер іс жүзінде жоқ деуге болады. Еіншіден өнімдердің рекомбинантты штамдарын қолданужәне мақсатты өнімдібөліп алу үшін күрделі технологиялық процестерді өңдеу қажет. Генетиккалық инженерия әдісімен алынған препараттардың технологиясын өңдеуге клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер үшін штамдарды алуға қарағанда көп қаражат жұмсалады.
Бірақ генитикалық инженерия әдісі медицинада құнды болып саналатын көптеген ақуызды биологиялық заттарды алу кезіндегі өте жетістікті әдістердің қатарына жатады. Медицианлық тағайындаулары бар биологиялық белсенді заттарды генетикалық инженерия әдісі көмегімен құрастыру саласына зерттеулер келесі кезеңде жалғасуда-екінше ұрпақтық препараттар, яғни жоғары тиімділік әсерге ие табиғи заттардың аналогтары жасалынуда. Медицианылық және басқада препараттарды дәстүрлі әдіспен салыстыра отырып алу кезеңінде генетикалық инженерия әдістерінің қажеттілікгімен үнемділігін анықтау үшін көптеген жағдайлар есепке алынады, біріншіден осы әдістің қол жетімділігі,оның үнемділігі, алынатын препараттың сапасы, жаңалығы, жүргізілетін жұмыстың қауіпсіздігі т.б.
Препаратты алу кезінде ,егер табиғи микроорганизм немесе жануармен өсімдік жасушалары өндірістік жағдайда өсірілмесе генетикалықинженерия жалғыз ғана әдіс болып табылады. Мысалы, мерез бен безгек қоздырғыштары жасанды қоректік оратада іс жүзінде өспейді. Сондықтан диагностикалықпрепараттар немесе вакциналарда алу үшін протективті антигендлердің генін клондау немес түзу қажет.