Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Аурухана ішілік инфекция этиологиясы



бет25/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Аурухана ішілік инфекция этиологиясы.
АІИ-ны шақыратын қоздырғыштар саны 300-ден артық, олардың құрамына патогенді және шартты патогенді флоралар кіреді. Ең жиі кездесетін АІИ-ларға жатады: Грам оң коккты флора:Стафилококктар (алтын, эпидермальды), Стрептококктар (пиогенді, энтерококк, пневмония шақыратын). Грам теріс таяқшалар: энтеробактер туыстығы және көк іріңді таяқша. Вирустар: жай герпес (ұшық) және жел шешек қоздырғышы, аденовирустар, тұмау, парагрипп, паротит, РС-инфекция, энтеровирустар, риновирустар, ротавирустар, т.б. инфекциялар. Аурухана ішілік инфекция көзі: Ұзақ уақыт тасымалдаушы болған және сырқаттардың жасырын түрімен ауырып жүрген медицина қызметкері Стационарда ұзақ уақыт емделіп жатқан науқастар. Олар өте төзімді АІИ штаммының тасымалдаушысы болады. АІИ-ның берілу жолдары мен факторлары Ауа-тамшылы (аэрозольды) Сулы-алиментарлы. Тұрмыстық-қатынастық. Жарақаттан кейінгі инфекция.
Құрал жабдық арқылы жұғу:

  • инъекциядан кейінгі операциядан кейінгі босанудан кейінгі;

  • қан құюдан кейінгі эндоскопиялы тексеруден кейінгі трансплантациядан кейінгі Гемодиализден кейінгі;

  • Геморбциядан кейінгі Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық жіктелуі Қоздырғышына байланысты:

  • облигатты-патогенді және шартты патогенді.

  • Ағымының ұзақтығы мен ерекшелігіне байланысты: жедел, жеделдеу, созылмалы. Ауырлығына байланысты:

  • ауыр, орташа ауырлықта және жеңіл түрі

Емдік мекемеде АІИ-мен аурушаңдықтың себептері
Жалпы себептері:

  • Көп мөлшерде инфекция көзінің болуы және таралуына қолайлы жағдай.

  • Пациент ағзасының төзімділігінің төмендеуі.

  • Қоздырғыштардың қоршаған ортаға, залалсыздандырғыш заттарға төзімді болып алуы

Негізгі себептердің бірі: антибиотиктерді «оңды – солды» қолдана беру. Нәтижесінде көптеген антибиотиктерге төзімді штамдар пайда болады.
АІИ тууы мүмкін контингенттердің жоғарылауы.

  • Ауруханада емделіп жатқан және емханада ем алушы пациентердің арасында төмендегі топтардың жоғарылауы:

  • қарт адамдар

  • Ерте жастағы балалар ағза қарсылығының төмендеуімен

  • Шала туған балалар

  • Әртүрлі иммунодефицитті жағдайлы науқастар

  • Қолайсыз экологиялық фактордың әсеріне байланысты қолайсыз преморбитті фонның болуы.

Емдік диагностикалық мақсатта инвазивті шаралардың көбеюі. ДСҰ мәліметі бойынша бұл шаралардың 30% негізсіз деп есептеледі.
Олардың ең қауіптілеріне жататындар:

  • Диагностикалық: қан алу, асқазанды, он екі елі ішекті, ащы ішекті зондтау, эндоскопиялар, пункциялар (жұлын ми, төс және т.б. мүшелерді), венесекция, мануальды зерттеулер (вагинальды, ректальды)- әсіресе шырышты қабатта эрозия мен жара болса.

  • Емдік шаралар: трансфузиялар, инъекциялар, мүшелер мен тіндер трансплантациясы, операциялар, интубация, ингаляциялық наркоз, өкпені жасанды желдету, катетеризация, гемодиализ, аэрозольді ингаляция, бальнеологиялық емдік шаралар

Емдік мекеменің архитектуралық жоспарының дұрыс болмауы, яғни “таза” және “лас” ағындардың қиылысуы, бөлімшелердің функциональды изоляциясының болмауы.
Аурухана ішілік инфекцияны алдын алу
Медицина қызмекерлерін вакцинациялаудың инфекцияның алдын алуда орны ерекше:мысалы гепатит В, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық, полиомиелит, іш сүзегі сияқты сырқаттарға қарсы вакцинацияны медицина қызметкерлері толықтай жоспарлы түрде алу керек.
Қызметкердің тазалығы. күнделікті жұмыстан шығарда душқа не ваннаға жуынуы,шаш пен тырнағының жинақылығы, халатының тазалығы, маскалық тәртіпті ұстану, жөтелу не түшкіру кезінде басын адамнан басқа жаққа қаратуы, әжетханаға барғаннан кейін қолын жуу сияқты күнделікті әдеттерді жадыда сақтау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет