Судың коли-титрін және коли-индексін анықтау. Судағы ішек таяқшаларының шамадан артық болуы, олардың нәжістермен және патогенді микроорганизмдермен ластанғандығын көрсетеді. Судың ішек таяқшаларымен ластану дәрежесі – коли-титр және коли-индекспен көрсетіледі. Коли-титр – 1 ғана ішек таяқшасы кедесетін судың ең аз мөлшері. Коли-индекс – 1 литр судағы ішек таяқшаларының жалпы саны.
Практикада бұл көрсеткіштерді анықтауда мембраналық сүзгіштермен сүзу әдісі жиі қолданылады. Ол үшін құбыр мен құдық суларының 300 және 500 мл-ін №3 нитроцеллюлозалық мембраналық сүзгіден өткізіп, сүзгіні Петри шыныларындағы стерильді Эндо ортасының бетіне (тегіс емес жағымен) аударып, 18-24 сағат бойы термостатта (370С) ұстайды. Сонан соң мембраналық сүзгі бетіне өсіп шыққан колонияларды санау арқылы олардың коли-титрі мен коли-индексін анықтайды. Ашық суаттардағы таза суды 100; 10; 1; 0,1 мл-ден (ластанған суды алдын ала стерильді сумен араластырады) алып, сүзгіден өткізеді. Бір сүзгіден өткізеді.
Ауаны санитарлық-бактериологиялық зерттеу. Ауаның микробтармен ластану дәрежесін анықтауға арналған бірнеше тәсілдер бар. Солардың ішіндегі ең қарапайым седиментациялық тәсіл. Бұл тәсіл Кох тәсілі деп те аталады. Қоректік орталары бар Петри шыныларын 5 минутқа бөлме ішінде ашық қалдырғаннан кейін оларды жауып, 30-350С-қа дәлденген термостатқа 2-3 тәулікке қойылады. Петри шыныларындағы қоректік орта бетіне өсіп шыққан колониялар саналынады. Бұл тәсілде қоректік ортаның 100 см2көлеміне 5 минут аралығында ауаның 10 литрлік мөлшерінен микробтар қонады деп есептеледі. Сонымен қатар, ауаның ластану дәрежесін Кротов приборыныңкөмегімен де зерттеуге болады. Бұл тәсіласпирациялық тәсілдердіңбірі болып табылады. Бұл тәсілдің нәтижелері седиментациялық тәсілдердің нәтижелеріне қарағанда дәлірек болып келеді.
Ауаның ластану дәрежесін Дьяковтың фильтрациялық тәсіліменде анықтауға болады. Мұнда ауаның белгілі бір көлемі стерильденген қоректік орта (ет-пептонды сорпа) немесе стерильді физиологиялық ерітінді арқылы өткізіледі. Ауаның үлгісі өткізілген орта мұқият араластырылып, оның 1 мл-і стерильді Петри шынысына құйылады. Шыныларға 40-450С-қа дейін суытылған ет-пептонды агарды құяды да, айналмалы қозғалыспен біркелкі таратады. Қоректік орта тығыздалған соң, термостатқа 35-370С қойылады. 2-3 тәуліктен соң өсіп шыққан микроб колонияларының саны анықталады. Қоректік орта арқылы өткізілген ауаның көлемін еске ала отыра, ауаның 1 м3көлеміндегі микробтардың саны айқындалады. Микробтардың ауадағы санын анықтау үшін сусылмалы заттар да, қант ұнтағы т.б. қолданылады. Олармен стерильденген шыны түтіктер толтырылып, ауаның белгілі бір көлемі шыны түтіктер арқылы өткізілгеннен соң, қант ұнтағы стерильді судың 5 мл-де ерітіледі де, 1 мл-і ЕПА бар Петри шынысына себіледі. Ауаның 1 м3мөлшеріндегі микробтар саны зерттеуге алынған ауаның көлемін сусылмалы ұнтақтың ерітілу дәрежесін және себуге алынған ерітіндінің көлемін ескеру арқылы анықталады.
Залалсыздандыру Залалсыздандыру-жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу;мал шарушылығында – қораларды,көң қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.
Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды).