Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі



бет2/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі.
1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі. 2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады. 3) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек. 4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн. 5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.
6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт. 7) Сабақтың соңыеда жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет.
8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн. 9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды. 10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек. 11) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет. 12) Зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.
Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдау
Дәрігердің дұрыс диагноз қоюы, науқасқа алдын ала қойылған диагнозына, аурудың кезеңіне байланысты зерттеуге арналған материалды дұрыс таңдап, алып және тасымалдауына тәуелді.
Аурудың кезеңіне байланысты микроорганизмдер жұтқыншақта, мұрын қуысында, лимфа түйіндерінде, қанда, ішекте болуы мүмкін және қоршаған ортаға қақырық, зәр, нәжіс арқылы бөлінуі мүмкін.
Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі, мына шарттарды талап етеді:

  • Материалды ХТП немесе антибиотиктерді қолданғанға дейін алу керек (егер қолданған болса оны ескеру керек).

  • Материалды стерильді жағдайда алу керек.

  • Материалды жинайтын ыдыс стерильді болуы тиіс (ескерту: ыдыста дезинфектанттардың да ізіде болмауы тиіс).

  • Зерттеуге арналған материалды жеткілікті мөлшерде алу керек.

  • Мүмкіншілігінше материалды тез арада лабораторияға жеткізу керек. Зерттеуге арналған материалдың түріне (микроорганизмнің тобына) байланысты белгілі температураны сақтай отырып, арнайы тасымалдайтын (контейнермен) ыдыспен, кейде арнайы көлікпен лабораторияға жеткізілуі тиіс.

  • Зерттеуге арналған материалмен бірге міндетті түрде, материалды жіберуші, толық, дұрыстап толтырған жолдама жіберуі тиіс (жіберуші жолдамада науқастың аты жөні, жасы, мекен-жайы, зерттеуге арналған материалдың аты, науқастың жұмыс орны, алынған күні мен уақыты, науқастың алғашқы клиникалық диагнозын жазып, өзінің қолын қоюы тиіс).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет