Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар



бет14/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Сақтық залалсыздандыру – алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді,малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу. 
Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Қорытынды залалсыздандыру жүргізіледі: (науқас ауруханаға жатқызылғанан соң , қайтыс болған кейін залалсыздандыру шаралары жүргізіледі) жұқпалы ауру ошақтарында және елистериоз , тырысқақ, қайталама сүзек, Брилль ауруы, Ку қызбасы, сібір жарасы, туберкулез, жоғарғы контагиозды вирустық гемррагиялық қызбасы, іш сүзегі, паратиф, сальмонеллез, лепра, орнитоз (пситтакоз), дерматофитиялар (микроспория , трихофития, руброфития, фавус) күдікті аурларына науқастар үшін жүргізіледі. Ұйымдасқан ұжымдарда (бала-бақшаларда, балаларға арналған жабық мекемелерде, медициналық мекемелерде) сары ауру тағы басқа энтеровирустық жұқпалар , ішек иерсиниозы, қантышақ, жіті ішек жұқпасы, қышыма, педикулез жұқпалы аурулар тіркелгенде.
Залалсыздандырудың тәсілдері
Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал-жабдығын тазартады.Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б.пайдаланылады.
Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориды, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.
Жараға жұқпаның түсуі кез келген жараның жиі кездесетін және кауіпті асқынуларының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да барлық хирургиялык жұмыстардың негізгі жара жұкпасынын алдын алу (сактандыру) қағидасына тіреледі. Жараның беткі кабатына тиетін нәрсенін барлығында ауру туғызатын микробтар болмау керек, (стерильдену кажет), сондай-ақ жараға түскен микробтарды барынша әлсірету кажет.
Жара жүқпасының алдын алу және онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпадан сақтандырудың біртұтас жүйесін кұрайтын асептика мен антисептиканың әр алуан тәсілдері қолданылады
Химиялық (бактериологиялық әрекетті микробтардың дамуы мен кебеюін басып тастайтын және бактерицидті әрекеті — олардың енуін қамтамасыз ететін антисеп-тикалық заттар колдану). 
Биологиялық – антибиотиктер, бактериофагтар қолдану, тіршілікке қабілетсіз жасушаларды лизистеу үшін протеолитикалық ферменттер қолдану.
Стерилизация –барлық микроорганизмдерді, сонымен қатар бактериялардың, (патогенді,патогенді емес) спораларын түгелдей жою болып табылады. Стерилизацияға барлық қанмен жұмыс істеген құралдар,инекциялық препараттар және диагностикалық құрал-саймандар түсуі керек. Стерилизацияны ауалық,булық,химиялық әдістермен,сонымен қатар йондық сәулелермен жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет