Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Туберкулез қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикасы



бет36/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Туберкулез қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу заттары қақырық, экссудат,ірің, несеп, жұлын сұйықтығы. Туберкулез диагностикасы үшін микробиологиялық әдістерді: бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық, биологиялық және аллергиялық сынамаларды қолданады. Науқас өзінің қақырығын шыны ыдысқа немесе түкірікшеге жинайды. Зерттеудің нәтижесі,егер науқастың қақырығын жарты күннен асырмай зерттесе дұрыс болады. Бактериоскопиялық сынама кезінде зерттеу материялы ретінде қақырық, несеп, жұлын сұйықтығын алады. Бұл материалдарда туберкулез бактерилары азған немесе түрін өзгерткен күйінде болуы мүмкін, яғни L-формада. Туберкулез қоздырғышы ұзын, аздап иілген, грамм оң, қозғалмайды, спора және капсула түзбейді, Циль-Нильсен әдісімен боялатын таяқшалар. Сұйық қоректік ортада 2-3 аптадан кейін әжімді қабық түзеді, ал тығыз қоректік ортада сүйел тәрізді жайлып өседі. Өсіру үшін қолайлы орта –глицерин қосылаған жұмыртқалы орта. Биологиялық әдіс – теңіз шошқасының зақымдануы - өте сезімталдардың бірі болып табылады. Теңіз шошқалары туберкулез бактерияларының L- формасын анықтауға қолданады, бірақ ол үшін бірнеше рет зақымдаушы дозасын салуы қажет. Бактериологиялық әдіс. Бактериологиялық зерттелетін материалдардың барлығының тұрақты микрофлорасы боладыда, оны алдын ала өңдеуден өткізуді талап етеді. Бөгде микрофлораны жою үшін қақырықты 30-40минут центрофугалап, тұнбасын 20-30 минут күкірт қышқылымен өңдеп,Левенштейн-Иенсен ортасына себеді. Себінді жасалған пробиркаларды термостатта 37˚С температурада, апта сайын қарап отырып, инкубациялайды.микробактериялар 3 аптада өседі, кейде 2,5-3айдан кейін. Әдетте туберкулез микобактериялары құрғақ, әжімделген, дөрекі, R –пішінді колония түзеді.Туберкулез микробакиерияларының дәрілерге тұрақтылығын емді бастамай тұрып, сосын 3 айдан кейін және одан да ары туберкулез бактериялары бөлініп тұрған кезде әр бір 6 ай сайын бактериологиялық әдістің көмегімен анықтайды. Бұны қоректік орталарға әр түрлі препараттарды қосу арқылы және сол орталарға ештеңе қоспай оларға тұрақты анықтайды.Тері ішілік Манту сынамасы қазіргі кезде маңызды орын алады. Бұл сынамада туберкулиннің стационарлы сұйытылған дәрежесі пайдаланады. Оны 0,1 мл, мөлшерде білек бұлшық етінің тері ішіне енгізеді. Реакция 2-3 сағаттан кейін пайда болатын қызаруымен сипатталады, кейіннен туберкулин енгізілгеннен кейін 48-72 сағаттан кейін максималды даму шегіне жететін папула түзеді. Папуланың диаметрі өлшенеді.


Микробактериялар жұқпаған организмде реакция теріс болады-инфильтраттың диаметрі


1 мм-ден кіші болады. Егер 2-4 мм диаметрлі папула түзілсе, реакция күмәндлі, 5 мм-ден жоғары болған жағдайда реакция оң нәтижелі.
Спецификалық алдын алу үшінБЦЖ вакцинасы қолданылады, ол вируленттілігі төмендеген ірі қара малдардың тірі лиофилденген микобактерияларынан дайындалған құрқақ прерарат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет