Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері



бет34/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері:
Кампилобактерия жіңішке иілген таяқша, латынның «S» әріпіне ұқсас, үтір тәрізді немесе қосақталып “шағала қанаты” сияқты орналасады. Спора мен капсула түзбейді. Өте қозғалғыш, араларында амфитрихтер, монотрихтер, лофотрихтер кездеседі. Анилинді бояулармен нашар боялады, оларды анықтау үшін карбол фуксині қолданылады. Грам теріс (29-сурет).
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу материалына; науқастардан- нәжіс,өт, қан, жануарлардан- сперма,кілегей, қан, нәжіс алынады. Құстардан – ішек кесіндісі ішіндегі бөлінділерімен, ағзалардың кесіндіс, жұмыртқа қоршаған орта обьектілерінің шайындылары, ас тағамдары. Кампилобактерияларды дақылдандыру үшін бруцелларды бөліп алуға арналған, аэротолерантты қоспасы бар эритрит-агар қолданылады.
Әдетте етті,бауырды,қанды орталарда басқа микрофлораны басу үшін антибиотикетр қосып дайындалған орталар пайдаланады. Қоректік орталардағы өсу 2-4 тәуліктен кейін байқала бастайды. Сұйық қоректік ортада қиын ажыратылатын айқын тұнба беретін диффузды лайлану көрінеді. Жартылай сұйық орталарда микроб иненің бойымен, агардың астынан диск түзіп, пигмент түзбейді. Тығыз ортада кампилобактериялар ұсақ, тегіс, жартылай мөлдір, сұр түсті, ылғалды, ілмекпен жеңіл, алынатын, пішіндері көбіне түсініксіз, кейде ұсақ, томпақ, жылтыр, түссіз, мөлдір колония түзеді.
Зерттеудің бірінші күні

  1. Экспресс әдісі- нәжістен жұқа жағынды дайындалып, өт жалынында фиксациялайды, 1%-негізгі фуксиннің сулыертіндісімен 10-20сек. Қалған ішекті флоралар 2-5 минут боялады. Ал кампилолбактериялар 10-20с ішінде боялып үлгереді. Жағындыда олар 2-3 иірімдері бар «шағала қанаты» тәрізді формалары болады. 2. Бактериологиялық әдіс: А) адамның, жануарлардың, құстардың нәжісінің құрамында бөгде микрофлораны басу ушін антибиотиктер қосылған селективті агарға себеді. 48-72 сағат бойы анаэробты жағдайда, 42˚С температурада газ қоспасы қосылған жағдайда өсіру. 48 сағаттан кейін колониялар сипатталады: жайылғын,сұр,томпақ. Күмәнді колониялардан жағынды жасалып, Грам бойынша боялады. Дақылдық- биохимиялық қасиеттерін зерттеудің нәтижелерін тіркеу. Кампиолобактериялардың түрлерін анықталады. Стандартты дисктер әдісімен антибиотиктерге сезімталдықты анықтау үшін таза дақылды эриттрит-агарға себу.3. Бактериоскопиялық әдіс: Нәжістен жасалынған жағындыны Грам әдісімен бояп, микроскоппен зерттеу барысында «ұшып бара жатқан қарлығаш немесе шағала» қанатына ұқсас микробтар табылады. Сонымен қатар сұйық ортадағы нәжістің суспензиясын фазалы-контрасты микроскопта қарайды. Науқастың нәжісі, қаны, ми-жұлын сұйықтығындағы қоздырғыштың таза дақылын бөлу үшін бактериологиялық әдіс қолданылады. Қолданылатын қоректік орталар: құрамында темір-сульфит-пируват қосымшалары бар қанды және эритриттік агарлар.Хеликобактериоз қоздырғыштарыХеликобактериялар –ұсақ грамм теріс бактериялар, иілген S-тәрізді немесе сәл спиралді пішінді. Қолайсыз жағдайда морфологиясын өзгертіп, кокк тәріздіге ауысуы мүмкін.Капсула түзбейді, қозғалғышМикробиологиялық диагностикасы. Бактериологиялық,серологиялық және генді – молекуляры әдістері қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет