Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар



бет38/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
БОТУЛИЗМ ҚОЗДЫРҒЫШЫ

Микробиологиялық дигноз қою. Зерттеу әдістері; биологиялық, бактериологиялық, бактериоскопиялық. Ботулизмге зертханалық диагноз қоюдың принципі – қоздырғышты немесе токсинін табу. Негізгі әдістері: бактериологиялық және биологиялық сынақ. Зерттелетін заттар: ас қалдықтары, қан, құсық массасы мен шайынды сулар.Зерттеу затын себу беті вазелин майымен жабылған сұйық орта құйылған 4 пробиркада жүргізіледі: екі пробирка 20 минут 600С-та жылытылған ортада 280 С-та инкубациялайды, қалған екі пробирканы 800 С- та жылытлған ортада 20 минкут 35-370С-та инкубациялайды. 48 сағаттан соң 35-370С-та инкубацияланған себінділерді ботулизмнің А және В типтерінің токсиндерінің бары-жоғына зерттеулер жүргізеді. 280С-та өсірілген себінділерді прототоксинді белсендіру үшін алдын ала протеолитикалық ферменттермен өңдеп алады. Ботулотоксиннің типін тауып ажырату үшін қолданылатын реакция: антитоксикалық типтік сарысуларды қолдану арқылы тышқандарға бейтараптау реакциясын қою. Зерттеу затында токсиннің бір типінің бар екендігін растайды (сынама нәтижесінде зерттелетін заттан алынған токсинді сәйкес келген типтік антитоксикалық сарысу бейтараптаған аралас зат енгізілген тышқаннан басқа тышқандар өліп қалады).Ботулизмге диагноз қоюдың критерийлері: Клиникалық көріністерімен қатар науқас ағзасында (қанда, құсық массасында, асқазанның шайынды суларында) ботулиндік токсинді анықтау «ботулизм» диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Науқастан немесе мәйіттен және күдікті тағамдардан алынған заттарда ботулиндік токсиннің табылуы «ботулизм» диагнозын растайды. Патологиялық заттар мен тағамдық заттардан C. botulinum табылып, идентификациялануы диагнозды нақтылайтын белгі болып табылады.
СІРЕСПЕ ҚОЗДЫРҒЫШЫ

Микробиологиялық диагноз қою. Сіреспеге зертханалық диагноз қоюдың принципі - қоздырғышты немесе оның токсинін табу. Экспресс-талдау ретінде – сіреспе таяқшасын табу үшін жағындылар мен таңбалы-жағындыларды жарықтық микроскопта қарайды, ИФР-ны қолдануға болады.Зертханалық диагноз қоюдың негізгі әдістері: бактериологиялық, биологиялық. Микробиологиялық зерттеуі тек клиникалық диагнозды дәлелдейді. Сіреспе кезіндегі бактериологиялық әдіс мақсаты: таңу заттарының, параентеральді енгізілетін дәрмектердің стерильділігін тексеру, қоршаған ортаның (топырақтың, ауаның) ластану дәрежесін, сирек жағдайларда клиникалық диагнозды растау үшін қажет. Себіндіні байтылған сұйық қоректік орталары бар (0,03% теогликоль немесе 0,08% цистеин қышқылы қосылған ет немесе бауыр сорпасы) екі пробиркаларға жасайды, 370 С–та, 18-24 сағат инкубациялайды. Бөлініп алынған таза дақылдың идентификациясын ферментативтік берілгендерге сәйкес жүргізеді.Сіреспе диагнозын қою кезінде биологиялық сынаманы қолдану мақсаты - зерттеу затынан экзотоксинді табу. Экзотоксинді тауып идентификациялауға мүмкіндік беретін реакция – сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысумен тышқандарға қойылатын бейтараптау реакциясы.Сіреспе токсинін анықтаумен қатар домалақ терминалды орналасқан спорасы бар грам оң таяқшалар анықталса зерттелетін материалда C.tetani бар деген қорытынды жасауға болады. Сіреспеге диагноз қоюдың критерийлері:алдын ала қойылатын диагнозды клиникалық көрсеткіштері мен жарақаттан алынған жағындыны микроскопта қарау және ИФР нәтижелеріне сүйене отырып қояды; нақты оң жауапты науқас ағзасынан патологиялық заттарды сұйық ортаға себу арқылы сіреспе токсинін табу арқылы береді;Сіреспе микробын бөліп алып идентификациялау диагнозды растайды (96 сағат). Алдын алуы. Сіреспеге қарсы белсенді иммунитет жасауға қоданылатын препарат – сіреспелік анатоксин. Жоспарлы вакцинацияланатын контингент– үш айлық балалар. Құрамына сіреспелік анатоксин кіретін вакциналар: АКДС, АДС, секстаанатоксин. Сіреспеге қарсы жедел вакцинация жүргізілетін контингент: жарақат алған, күйген, үсік шалған ж/е т.б. адамдар. Сіреспеге қарсы пассивті иммунитет жасауға қолданылатын препарат: сіреспеге қарсы сарысу немесе сіреспеге қарсы адам иммундыглобулині (ПСЧИ-СҚАИ). Сіреспеге қарсы сарысуды немесе СҚАИ-ді қолдануға көрсетулер: сіреспемен ауыратын, жарақат алған немесе күйіп қалған ж/е т.б. адамдарға енгізіледі (жедел профилактика). Сіреспеге қарсы иммунды сарысуды бөлшектеп, Безредка бойынша енгізеді. Жарақат үлкен болса дәрігерге міндетті түрде көріну қажет. Жарақатты хирургиялық жолмен өңдейді. Сіреспеден тұрақты қорғаудың әдісі арнайы сақтандыру болып табылады, ол жоспарлы сақтандыру (анатоксин) мен жедел иммунизациядан тұрады. Жедел белсенді иммунизациялау үшін егілген адамдарға, жарақат алғанда, күйікке және үсікке шалдыққанда, жануарлар тістегенде, ауруханадан тыс түсік (аборт) кезінде 0,5 мл сіреспелік анатоксинді енгізеді; егілмеген адамдарға сіреспелік анатоксиннің 1 мл-ін және 250 ХБ мөлшерінде адамның иммундыглобулинін енгізеді. Адамның иммундыглобулині болмаған жағдайда дозалы сіреспеге қарсы 3000 ХБ гетерогенді сарысуды (сынама қойғаннан кейін) енгізеді.Жасанды белсенді иммунитет құру үшін жоспарлы түрде АКДС және АДС немесе секста-анатоксин (құрамында адсорбциялық сіреспелік анатоксин бар) қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет