Иммунды глобулиндердің құрылымын зерттеп анықтаған
ғалымдар – Р.Портер, Д.Эдельман.
АД-ің химиялық құрамы: өзара дисульфидті (~S-S) көпіршемен байланысқан полипептидті тізбекшеден тұратын гликопротеидтер. Бірдей екі жеңіл (L) және бірдей екі ауыр (H) тізбекшесі болады. FaB-фрагменті –антигенмен байланысады. Fc (кристалданушы) фрагменті
– макроорганизм жасушасының мембранасындағы
рецепторлармен және кейбір микробтардың
суперантигенімен жабысуға жауапты. Бір ауыр және бір
жеңіл тізбекшелердің шетінде АД-нің белсенді орталығы
(активный центр) болады. Бұл орталық тиісті АГ-дің
детерминантты тобына сәйкес келеді.
19. Вакциналар. Ұғымы. Түрлері. Қолдану мақсаты. Әр түрдің сипаттамасы. Мысалдар. Иммундық сарысулар, анықтамасы, түрлері, алу әдістері және микробиологиялық диагностикадағы рөлі.
Вакциналар (Vaccines) – бастапқыда инфекция профилактикасына, активті иммунитет қалыптастыруға арналған препараттар. Әр вакцинаның негізгі әсер ететіні иммуноген, яғни иммунды жауап тудыратын аурулар қоздырғыштарының антигендік компоненттерінің химиялық құрылымына үйлесттіболып келетін корпускулалы немесе ерітінді субстанция.
Барлығына белгілі жіктелуде, вакциналарды бөледі: тірі, өлі, химиялық және анатоксиндер. Вакциналардың келесі жіктелуі аса маңызды: суббірліктік, генді-инженерлі, жасанды, тамақтық, терапиялық, өспелерге қарсы, ДНҚ-вакциналар; және форсифицирленген мен комбинирленген.
Тірі вакциналар аса патогенді микроорганизмдердің антигендік құрылысын және иммуногенділігін сақтай отырып әлсірету (аттенуация) жолымен алады (оба таяқшасы, бруцеллалар, туляремия қоздырғышы). Вакциналық штамның аттенуациясы физикалық (температуралық режимді, осмосттық градиентті өзгерту, УКС және т.б. әсерімен) және химиялық (антибиотиктің төменгі концентрациясы, өт, бояулар және т.б.) тәсілдермен, сезімтал емес жануарларға, тауық эмбрионына, тіндік клеткалар дақылына пассаж жасау (вирус болған жағдайда) арқылы жүреді. Вакциналық штамм енгізген кейін организмде көбейеді және вакциналық инфекциялық процесс туындайды. Көптеген егілгендерде вакциналық инфекция клиникалық симптомдарсыз өтеді және тұрақты иммунитет қалыптастырады. Тірі вакциналарға қызамықтың (Рудивакс), қызылша (Рувакс), полиомиелит (Полио Сэбин Веро), паротиттің (Имовакс Орейон) арнайы алдын алуына қолданатын препараттар жатады. Тірі вакциналарды лиофилизирленген түрде (полиомиелитке ғана емес) шығарады.
Инактивацияланған немесе өлі вакциналарды
микроорганизмге формалин, ацетон, фенол, жылу, УКС, ультрадыбыспен әсер ету арқылы алады. Мұндай вакциналар
едәуір тұрақты әрі қауіпсіз болады, себебі вируленттілік реверсиясын тудыра алмайды,
практикалық қолданыста ыңғайлы болатыны,
олар суықта сақтауды талап етпейді. Алайда бұл вакциналардың
жағымсыз 2 жақтары болады да, олар әлсіз иммунитет тудырады
және бірнеше егу мөлшерін қолдануды талап етеді (бустерліиммунизация). Грипп, құтыру,жапон энцефалиті т.б. қарсывакциналар жатады