Патогенділік факторлары . Стрептококтар - шартты - патогенді микроорганизмдер . Фимбрия акуызы немесе М акуыз - негiзгi патогенділік фактор . Онын антифагоцитарлық әсері бар : фибриногендi , фибринді және олардың деградация онiмдерiн байланыстырады.
Инфекция козі - наукас адамдар немесе тасымалдаушылар. Стрептококтар оппортунистік инфекциялар тудырады . Стрептококтык инфекциялар келесі топтарға бөлінеді : жедел стрептококтык аурулар ( скралатина , тілме , баспа ) , бұл кезде негізгі қоздырғыш стрептококк ; созылмалы стрептококтык аурулар ( ревматизм және созылмалы тонзилит ) , бұл кезде негізгі қоздырғыш стрептококк ; жедел және созылмалы іріңді - қабыну аурулары , бұл кезде стрептококк көптеген коздырғыштардың біреуі болуы мүмкін Микробиологиялық диагноз қою . Зертханалық диагноз қою үшін экспресс әдіс , бактериологиялық және серологиялық әдістер қолданады . Жеделдетілген әдіс : ИФТ , КОАР , ПТР . Бактериологиялық әдіс : Науқастың клиникалық белгілеріне байланысты алынатын зерттеу материалдары – қан, бадамша бездері мен мұрын жұтқыншақ кілегей қабығынан сүрінді және сілекей ; жарақат бөліндісі ; закымданган жерлерден iрiн ; қақырық , бронхылардың шайындысы. Осы зерттеу материалдарын қоректік орталарға себеді. Серологиялық әдіс созылмалы инфекциялык процесс кезінде немесе науқас антибиотиктермен ұзак емделгенде коздырғыш белiнуi киындаған жағдайда қолданылады .
Емдеуi . А тобының стрептококтары белiнгенде емдеу препараты - пенициллин . Стрептококтарга карсы емдік иммундыбиологиялык препараттар жок .
Алдын алуы . Арнайы сактандыру шаралары жок , себебі иммунитет типтік спецификалык . Инфекцияның алдын алуы үшiн әртүрлi 23 полисахаридті антигендердiн серологиялык кіретін поливалентті вакцина ұсынылган .
23. Менингококктардан туындаған аурулар (назофарингит, менингит, менингококкемия). Әр форманың сипаттамасы. Менингококктардың морфологиялық, тинкториалдық, биохимиялық және дақылдық қасиеттері және патогенділік факторлары. Менингококты инфекция - Neisseria meningitidis тудыратын жұқпалы ауру. Менингоктар - ұсақ диплококтар . Бір - біріне ойыс беткейлермен карап , кофе дәнi тәрiздi жұптасып орналасқан . Менингококтар грам теріс боялады , қозғалмайды , спорасы жоқ , пилиі бар , жасанды қоректік ортада тұрақсыз микрокапсула түзеді .
Дақылдандыру . Нағыз аэроб . Қоректік ортаға және өсіру температурасына өте талғамды . Қарапайым қоректік орталарда өспейді , сондықтан құрамында қой немесе жылқының дефибринделген ( фибринсіз ) қалыпты сарысуы бар ортасында , сонымен қатар ристомицин қосылған селективті ортада өсіреді . Ең қолайлы сарысуы жоқ қоректік орта - Мюллер , Хинтон ортасы ( өсу факторы ретінде құрамында толық аминқышқылдар жиынтығы және . ет экстракттары болады ) . Сарысулы агарда нейссериялардың колониялары домалақ , түссіз , нәзік , консистенциясы майлы , диаметрі 0,5-1,5мм . Патогенділік факторлары . Негізгі патогенділік факторлары : капсуласы ( ол фагоцитоздан қорғайды ) , менингококтың эндотоксині , жасуша қабырғасының липополисахариды . Олардың мөлшері ауру ағымынын ауырлығына әсер етеді.