Алдын алуы . Туберкулездiн арнайы сақтандыруы - тiрi вакцина BCG енгiзу , әрбiр 5-7 жылда ревакцинация жүргізу болып табылады .
26. Патогенді және патогенді емес коринебактериялар, олардың салыстырмалы сипаттамасы. Дифтерияның қоздырғышы. Систематикасы. Анықтамасы. Морфологиялық, тинкториалдық, биохимиялық қасиеттері. Патогенділік факторлары. Дифтерия токсині және оның қасиеттері. Коринебактериялар грам оң , тік немесе сәл иілген , дұрыс емес пiшiндi , нәзiк таякшалар , шеттері догалданган немесе колшоқпар тәрiздi болып келеді Екi шеттерiндегi жуанданулар жасуша iшiнде кездесетін « валютин » , басқаша атаганда Бабеш - Эрнст дәндерінің арқасында болады. Қозғалмайды , спора түзбейді , кышкылдарға сезімтал . Факультативті анаэробтар . Ѳсiп - көбею үшін арнайы қоректік орталарды қажет етедi ( сары су немесе кан косылган коректік орта ) . Каталаза тузеді . Табиғатта кеңінен таралган , адамның және жануарлардың қалыпты микрофлора құрамына кіреді .
Дифтерия коздыргышы ( Corynebacterium diphtheriae ) Дифтерия ( күл ) - Corynebacterium diphtheriae туғызатын антропонозды , ауа - тамшылы жолмен және организмнiн жалпы интоксикациясымен сипатталады . Көмей , жұтқыншак , кеңірдек т.б. агзаларда фибринозды кабынумен қабықша , тері - деген магынаны білдіреді . Морфологиясы . Дифтерия қоздырғышы полиморфизммен сипатталады - жіңішке , сәл иілген таяқша , коктар тәрiздi және бұтакталатын турi бар . Бактериялар бiр - бiрiне бұрышталып орналасады , латынның X , V , Y әрiптерiне ұксас . Спора түзбейді , талшығы жок , көптеген штамдарында микрокапсуласы бар . C.diphteriae - ның негізгі қасиеті : таяқшанын екі ұшында волютин дәндерінің болуы , ол жасушалардың анилин бояуларымен біркелкі емес боялуын қамтамасыз етеді , Грамша он боялады . Патогенділік факторлары . Негiзгi клиникалык керiнiс беретiн патогендік факторына дифтериялык отырып оларды токсигенді және токсигендi емес деп ажыратады . Дифтерия қоздыргышы сиякты иммундық статусы әлсіреген жағдайларда іріңді - қабыну ауруларын туғызатын басқа да түрлері көмейде , коньюктивада , терiде тiршiлiк етедi . Қоздырғыш тек кана адамнан адамга беріледі . Инфекция кезі - тасымалдаушы және наукас адамдар . Инфекциянын негізгі таралу жолы- ауа - тамшылы , бірақ ойыншықтар , ыдыс - аяк , киiм арқылы ( тұрмыстық - қатынас жолы ) да жұғуы мүмкін . Дифтерия қоздырғышына көбінесе балалар сезімтал , бiрак соңғы жылдары аурудың « есейгені >> байкалады . Ауру әсіресе күз - кыс кезеңдерінде жиi кездеседi .
27. Дифтерияның клиникалық түрлері. Ауыз қуысының патологиясындағы рөлі. Жұғу жолдары мен механизмдері. Аурудың патогенезі. Иммунитет. Дифтерияны диагностикалау әдістері. Оухтерлони Реакциясы. Механизмі. Дифтерияның алдын алу және емдеу принциптері. Дақылдандыру . C.diphtheriae - факультативті анаэроб , өсу ушiн ең қолайлы температура 37 ° С , орта рН - 7,6 , арнайы коректік орталарда өседі , көбінесе элективті орталарда : Ру , Леффлер коректік ортасы , ұйытылган сарысу , Бучин ( хинозолдi ) ортасы , Тинсдаль ( цистин - теллурит - сарысулы ) ортасы . Калий теллуритi мен каннан тұратын Клауберг ортасында уш типті колониялар өседі : iрi , сұр , шеттері тузу емес , радиалды сызылган , дәстүргүл ( маргаритка ) тәрiздi ; ұсак , қара , томпайган , шеттерi бiркелкі ; екі типке де уксайтын колониялар .
Патогенезі . Дифтерия инфекциясына тек кана адамдар сезімтал . Күл таяқшалары науқастың және бактерия тасымалдаушының көмейінің шырышты қабығында орналасады . Инфекцияның ену қақпасы – көмей , мұрын , тыныс алу жолдары және т.б. ағзалардың шырышты қабаттары , енген жерiнде кул бакте риялары колонизациялана бастайды .
Клиникалық көріністері . Орналасуы бойынша дифтерияның бірнеше түрлері бар : мұрын , көмей , көз , сыртқы жыныс мүшелері , тері , жара дифтериясы және т.б. Көмей дифтериясы 85-90 % жағдайда байқалады . Жасырын кезеңі - 2-10 күн . Ауру дене кызуының көтерілуімен , жұту кезіндегі ауырсыну сезімі мен бадамша бездерінде қабықшаның пайда болуымен , лимфа түйіндерінің ұлғаюымен басталады .
Микробиологиялық диагноз қою . Зерттеу заттары - жабынды , көз , мұрын - жұтқыншак , құлақ , уретра , жара , т.б. бөліндісі . Жеделдетілген әдіс . Леффлер бойынша метилен көгімен бояу , грамша бояу. Колониялар құрғақтау , iлмекпен онай алынады . Серологияылқ әдіс . Қан сарысуында және бактериялық дақылдарда токсинді жедел анықтау ПГАР , РИА , ИФТ және молекулярлы - генетикалық әдіс – ПТР қолданылады .
Емдеуі . Емдеудiн негiзгi әдiсi иммундық терапия - дифтерияга карсы антитоксиндiк сарысуды жедел енгізу . Дифтерияға қарсы тазартылған сұйық сарысуы қолданылады .
Алдын алуы . Арнайы сақтандыруы АДС ( адсорбцияланған дифтерия - сіреспе анатоксині ) , АКДС ( адсорбцияланған көкжөтел - дифтерия - сіреспе вакцинасы ) препараттарын үш айлық жастан бастап балаларға егу болып табылады .
28. Бордетеллалар. Көк жөтел. Ауыз қуысының патологиясындағы рөлі. Жұғу жолдары мен механизмі. Аурудың патогенезі. Иммунитет. Систематикасы. Қоздырғыштың морфологиялық, тинкториалдық, биохимиялық қасиеттері. Диагностикалау әдістері. Бордетеллалар – адам және кейбір жануарлардың тыныс алу жолдарында орналасатын ұсақ , грам теріс бактериялар . Адамға патогенді түрлері Bordetella pertussis , Bordetella parapertussis . Көкжөтел - Bordetella pertussis қоздыратын , ұстамалы спазматикалық жөтелмен сипатталатын жұқпалы ауру . Көбінесе мектепке дейінгі балаларда жиі кездеседі. Bordetella pertussis - ұсақ , сопақша , грам теріс , ұшы жұмырланган таяқшалар ( коккобактериялар ) . Спорасы , талшығы жок , микрокапсула түзеді .
Дакылдандыру . Bordetella pertussis - облигатты аэроб , есу ушiн қолайлы температурада - 37 ° С , рН - 7,2 , 3-7 тәулікте өседі ; қоректік орталарга өте талғамды , қоректік орталар құрамында міндетті түрде сорбенттер болу қажет ( қан , белсенділігі жоғары көмір , альбумин ). Борде - Жангу ( кан қосылған картоп - глицериндi агар ) ортасында өседі онда олар кара тустi сынап тамшылары тәрізді , шамалы гемолиз беретін колониялар тузедi , және казеинді көмiрлi агарда сұр крем түсіне ұқсас колониялар түзеді . Бордетеллалардың басқа түрлері ( Bordetella parapertussis , Bordetella bronchiseptica , Bordetella avium ) қарапайым қоректік орталарда өсе алады , 24-48 сағат инкубациялаудан кейін көзге көрінетін колониялар түзеді .
Көкжетел және паракөкжөтел - антропонозды аурулар ; инфекция көзі ауру адам ( әсіресе аурудың басында қауіпті ) және тасымалдаушылар . Инфекция ауа - тамшылы жол аркылы жұғады . Ауру барлык жерде кездеседі . Аурумен мектепке дейінгі балалар жиі ауырады . Әсіресе көкжөтелге емшектегi балалар сезімтал болып келеді , олар ушiн ол өте кауiптi . Аурумен кыста және күзде жиі ауырады . Паракөкжөтел сирек кездеседі , көкжөтелмен салыстырганда клиникасы жеңіл өтеді .
Патогенезі . Инфекцияның ену қақпасы жогаргы тыныс жолдары , онда катаральдық қабыну дамиды . Тыныс жолдарының рецепторларын токсинмен тұрақты түрде тiтiркендiру нәтижесінде жөтел пайда болады , әрі қарай тыныс алу орталығында козу ошағы пайда болады.
Клиникалық көріністері . Жасырын кезеңi 2-14 кун . Наукастану дене қызуының аздап көтерілуімен , шамалы жөтелумен , риниттік белгілермен ( тұмау ) көрінеді . Осыдан кейін спазмалык жөтел пайда болып , қақырық бөлінумен аяқталады . Мұндай жөтел ұстамалары тәулігіне 5 - тен 50 - ге дейін болуы мүмкін . Ауру 2 айға дейін созылады . Микробиологиялык диагноз кою . Зерттелетін материал - жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышы . Зерттеу материалын екі жолмен алады : тампонды және жетел пластинкасы әдістері Екі түрлі тампонды колданады : кұрғақ және ылғалданган . - Құрғақ тампонмен алған материалды тығыз қоректік ортаға жедел себеді , ал ылғалданған тампонмен алғанда зертханаға себуге 2-4 сағатта жеткізу керек . Диагноз қоюдың негiзгi әдiсi - бактерологиялык . Бұл әдіс бойынша тығыз қоректік орталарга - әлсіз гемолиз аймағы бар , ұсак , кумбез тәрiздi тегiс колониялар өсетін Борде - Жангу ортасына ( картоп - глицеринді канды агар ) ; суттi - қанды агарга ; ұсақ сұр - крем түсті колониялар өсетін казеинді - көмірлі агарға ( ККА - КУА ) себеді .
Емдеуі . Көкжөтелдің ауыр жағдайында антибиотиктер ( эритромицин , тетрациклин , левомицетин ) , калыпты гомологиялық иммунды глобулин тағайындалады . Салқын таза ауа , антигистаминді препараттар ұсынылады . Алдын алуы . Көкжөтелге қарсы арнайы сақтандыру үшін адсорбцияланған көкжөтелді - дифтериялы сіреспе вакцинасын ( АКДС ) қолданады . Балаларға 3 айдан бастап енгізіледі . 1 жасқа дейінгі балаларға және ауру адаммен қатынаста болғандарға адамның қалыпты иммунды глобулинін енгізеді .
29. Ауыз қуысының саңырауқұлақты инфекциялары (ауыз қуысының актиномикозы, кандидоздар). Саңырауқұлақты ауруларының қоздырғыштарының морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері, клиникасы, диагнозы, пайда болу себептері, емі.