Микроорганизмдерді негізгі морфологиялық қасиеттері бойынша жіктеу, олардың жағындыда орналасуы. Мысалдар келтіріңіз. Бактериялық жасушаның негізгі және қосымша компоненттері және олардың функциялары. Оларды анықтау әдістері


Эпидемиологиясы , патогенезі және клиникалық белгілері



бет26/39
Дата02.06.2023
өлшемі164,56 Kb.
#97921
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Эпидемиологиясы , патогенезі және клиникалық белгілері . Адам – менингококтардың жалғыз табиғи иесі . Инфекция көзі – науқас адам және тасымалдаушылар . Тасымалдаушылық орташа есеппен 2-3 аптага созылады , мұрын жұтқыншақтың созылмалы қабынулары болған жағдайда 6 аптаға дейін созылуы мүмкін . Таралу механизмі — аэрогенді , таралу жолы – ауалы - тамшылы . Басқа респираторлы инфекциялардан айырмашылығы жұқтыру ұзақ және тығыз қарым - қатынас кезінде дамиды . Ауру мезгілдік сипат алады күз - қыс айларында жиілейді . Инфекцияның ену қақпасы мұрын жұтқыншақ болып табылады . Осы жерде бактериялар кабынуды туғызбай , көп уакыт мекендейді ( тасымалдаушы ) , жабысып , бекініп , биоүлбір түзеді . Бұл процесс колонизация деп аталады да адамдарға байқалмай 1 апта намасе 1 айга созылып , организмнің қорғаныс күшімен қарсы тұрудың салдарынан аяқталады . Жұлында , фагоциттік жасушаларда жақсы көбейіп , мидың қатпарларына тарайды , токсин бөледі . Ми қабығында іріңді қабыну процесі дамиды. Эпидемиялық жұлын менингиті 5-7 күнгі жасырын кезеңінен кейін бірден басталады . Науқастың басынын катты ауыруы , құсу , жогары кызба , сосын менингиальды симптомдар басталады .
Микробиологиялык диагноз кою . Зертханалык диагноз кою ушiн экспресс , бактериологиялык , серологиялык әдiстер қолданылады . Зерттеу материалдары ретінде қан , жұлын сұйықтығы , мұрын қуысының кілегейі алынады . Материалды алғаннан бірден қанды агарға ( шоколад тәрізді агар ) , Мартен ортасына себеді . Серологиялық топтарын агглютинациялык реакция арқылы анықтайды .
Емдеуi . Этиотропты - пенициллин , левомицетин , рифампицин антибиотиктері қолданылады .
Алдын алуы . Инфекция көзін жоюга багытталган шаралар қарастырылады : науқастарды жылдам тауып , оқшаулап , дереу емдеу керек ; тасымалдаушыларды анықтау және антибиотиктермен емдеу . Ошактарда кунделiктi дезинфекция , желдету , ультра күлгін сәулемен өңдеу және т.б. шаралар жүргізіледі.

24. Туберкулездің қоздырғышы. Систематикасы. Морфологиялық, тинкториалдық, биохимиялық қасиеттері. Микобактерияларды өсіру үшін қолданылатын қоректік орта және олардағы микробтардың өсу сипаты.
Туберкулез қоздырғыштары - микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру , әр түрлі ағзалар мен жүйелерді ( өкпе , ас қорыту , зәр шығару жолдары , тері , сүйек , және т.б. ) закымдаумен сипатталады . Туберкулез қоздырғышын Р. Кох ( 1882 ) ашқан .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет