Микроорганизмдерді негізгі морфологиялық қасиеттері бойынша жіктеу, олардың жағындыда орналасуы. Мысалдар келтіріңіз. Бактериялық жасушаның негізгі және қосымша компоненттері және олардың функциялары. Оларды анықтау әдістері



бет33/39
Дата02.06.2023
өлшемі164,56 Kb.
#97921
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Микро сессия original (1)

Парамиксовирустар.
МОРФОЛОГИЯСЫ: РНҚ құрайтын вирустардың айтарлықтай ірісі, бір жіпшелі РНҚ.
Ерекше пішінді, диаметрі 150—200 нм.
Нуклеокапсид спиральді симметрия. Нуклеокапсид бар болғаны 2400-2800 ақуызды суббірліктен тұрады.
Нуклеокапсид – вирустың екі гликопротеидтері түзетін тікенекті жабынды липопротеидтік қабықшамен, HN (гемагглютинин и нейраминидаза) ж/е F-жанасу ақуызымен қоршалған.
Антигендері-Парамиксовирустар құрамында түрспецификалық екі антиген бар : S -антиген және сыртқы V -антиген.
Резистенділігі:Парамиксовирустар төзімділігі өте таман вирустар қатарына жатады.Олар жоғары температураның 50 С , дезенфекциялық заттектің және тағы басқа факторлардың әсеріне сезімтал болады.
Эпидемиологиясы:Инфекция көзі-ару адамдар және вирус тасымалдаушылар.Вирус тасымалдаушылар.Вирус аэрогенді және кейбір жағдайда жанасу жолымен беріледі.Жас балаларда кесел өте ауыр түрінде өтеді.Паротит және қызылшамен науқастанған балалардың айналасындағы жасырын кезеңінен бастап жұқтыру қаупі өте жоғары.

Аденовирустар
Аденовирустар куб тәріздес симметрия принципі бойынша құрылған,суперкапсиді жоқ,вирионның орташа диаметрі 60-90нм-ге тең.Капсиді 252 капсомерлерден тұрады,Олардың 240 қырларын құрайды,икосаэдрдің 12 бұрышының сүйір ұшынын жіпшелер шығып тұрады.
Эпидемиологиясы: Инфекция көзі-аденовирусты инфекциялардың жедел немесе латентті түріне шалдыққан адамдар. Ауалы тамшылы жолмен жұғады, жанасу жолменде берілуі мүмкін.Аденовирусты көбінесе айдан-жасқа дейінгі балалар қоздырады.Күзгі-қысқы мезгілдерде жиірек кездеседі.
Патогенезі және клиникалық көріністері. Инкубациялық (жасырын) кезеңі 4-5 тәулік. Бұл кезеңде вирус сезімтал жасушаларда көбейеді, алғашқы симптомдары корініс бере бастайды. Вирустың біріншілік репродукциялануы тыныс алу және ішек жолдарының шырышты қабаттарының эпителиялық жасушаларында, көз конъюнктивасында және лимфоидті тіндерде (бадамша без, мезентериальды лимфа түйіндерінің) атқарыладыҚан айналымына түскен кезде (қысқа мерзімді вирусемия байқалады) аденовирустар қан тамырларының эндотелиясын зақымдайды. Ол өз кезегінде шырышты қабаттардың экссудативгі қабуына, фибринозды үлбірлер (пленка) және некроз пайда болуына әкеледі. Аденовирустар плацента арқылы өтіп, құрсақшілік аурулар, ұрық ақаулықтарын, нәрестенің өліммен аяқталатын өкпе қабынуын қоздыруы мүмкін.
Диагноз қою:Зертгеуге алынатын затгар: мұрын - жұтқыншақ шайындысы, конъюктивалардың бөліндісі, нәжіс, қан т. б. (аурудың клиникалық түрлеріне қарай алынады).
Вирусты бөліп алу - біріншілік немесе диплоидиты жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ бойынша индикациялайды). Идентификациялау - ГАТР, ИФТ, РИТ, КБР. Серологиялық диагноз қою - КБР, БР, ГАТР. Жедел диагноз цою - ЭМ, ИЭМ, РИФ, ИФТ.
Емдеуі -Симптоматикалық және лейкоцитарлық интерферон, дезоксирибонуклеаза ферменті,теброфенжәне оксолин қосылған көз жақпалары қолданылады

36. Герпесвирустар (ҚҰВ-1 и ҚҰВ-2, жел шешек, ЦМВ). Ауыз қуысындағы патологиялық өзгерістері. Вирустың таксономиясы және құрылымы. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикалау әдістері. Емдеу және алдын алу принциптері.
Ұшық вирустары-әр түрлі инфекцияларды қоздыратын,сыртықы қабықшасы бар ірі ДНҚ-лы құрамды вирустар.
Морфологиясы:Вириондары сфера пішінді,диаметрі 120-20нм. Гликопротеинді тікенекшелері сыртқы қабықшасын қоршаған.Нуклеокапсидпен суперкапсидтің арасында жабынды қабат яғни ішкі қабат орналасады.
Биологиялық қасиеттері бойынша жіктеледі.
-Альфагерпесвирустар(ҚҰВ-1,ҚҰВ-2)
-Бета-герпесвирустар(ЦМВ,АҰВ-ВГП-6-7типтері)
-Гамма-герпесвирустар(ЭБВ-ВЭБ,АҰВ 8-типі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет