Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері . Ұзын , аздап иілген , грам оң , қозғалмайтын, Циль - Нильсен әдiсiмен боялатын таяқшалар . Спора және капсула түзбейді. Электронды микроскоппен көп қабатты жасушалық мембрана , цитоплазма – қосындылары ( вакуольдар , рибосомалар , ) және ядролық субстанция табылды . Туберкулез таяқшасының құрамында микол қышқылы , липидтер , майлы - балауызды заттар көп болғандықтан бірнеше қасиеттерге ие болады : әдеттегі бояулармен бояганда тинкториалдық қасиеттері төмен ; сыртқы ортанын факторлары - қышқыл , сiлтi , кептiру , дезинфектанттарға төзімді келеді .
Дакылдандыру . Микобактериялар аэробтар , факультативті - анаэробтар . Микобактериялар баяу көбейеді. Микроколониялары суйык коректік орталарда 37 ° С - та 5-7 тәуліктен кейiн көрiнедi , тыгыз коректік орталарда көзбен көрінетін колониялары 12-20 тәуліктен кейн пайда болады . Коректік орталар консистенцияларына қарай суйык , жартылай суйык және тыгыз болады . Кен тараган Левенштейн - Йенсен , финн - 2 , Миддлбруктын әр турлi тыгыз орталары , синтетикалык , жартылай пайдаланылады . Жасуша қабырғасы зақымдалган микобактерияларды дакылдандыру үшін арнайы синтетикалык Сотон орталары , Дюбо , Проскауэр - Гек , Шула , Школьников коректік орталары қолданылады . Сұйық орталарда 2-3 аптадан кейын микобактериялар әжімді қабық түзеді ( R - пішінді ) , ал орта мөлдір түрінде қалады. Тығыз ортада сүйел микроколониялар түзiледi жайылып өседі
25. Ауыз қуысының туберкулезі. Аурудың клиникалық түрлері. Жұғу жолдары мен механизмдері. Аурудың патогенезі. Туберкулез микобактериясының патогендік факторлары. Анықтау әдістері.
Ауыз қуысы туберкулезы ауыз қуысын зақымдаумен жүреді. Патогенділік факторлары : гликолипид , туберкулопротеин ( аллерген ) , эндотоксин , персистенцияның АЛА факторы . Сонымен қатар , жасуша қабыгрғасының құрамында кездесетін корд фактор ( вирулеттік факторы ) - M.tuberculosis - тiң фагоцитоз кезінде макрофагтарга токсикалык әсер көрсетеді .
Туберкулезді жұқтыру көздері - науқас адам , науқас жануарлар . Өкпе туберкулезінің ашық түрімен ауыратын науқастың эпидемиялық қауіптілігі жоғары . Жұғу жолдары : ауа тамшылы , ауа - шаңды , қатынастық - тұрмыстық , тарнсплацентарлык , тагамдык .
Патогенезі мен клиникалық көріністері . Жұққан жағдайда ( жасырын кезеңі 3-8 апта ) қоздырғыштын енген жерінде алгашкы туберкулезді кешен пайда болады ( қабыну немесе қабыну - некрозды реакция ) , ол кең таралып және көптеген агзалар мен жүйені закымдай отырып жеңiл түрінен ауыр септикалык күйге дейін зардаптандыруы мүмкін . Трахеяда , ірі бронхтарда, төменгі тыныс алу жолдарына , альвеолаларға қонып , сол жерлерде патогенді үрдіс дамыта бастайды . Кейбір бактериялар енген жерлерінде қалып қояды , кейбірі қан мен лимфа сұйықтарымен букіл ағзаға тарайды . 85 % -да туберкулез өкпені зақымдайды , тек 15 % өкпеден тыс жерді зақымдайды . Тыныс жолдарының туберкулезінде клиникалық көрініс қабыну - интоксикациялық синдромы және өкпе - бронхты синдромдармен сипатталады . Олар - адам денесінің қызбасының көтерілуі , тершеңдік , түнгі тер , қалтырау , тез шаршағыштык , тәбетiнiң төмендеуі немесе жогалуы , дене салмагынын төмендеуі , тахикардия пайда болуымен көрініс бередi .
Микробиологиялык диагноз кою . Туберкулезге зертханалык диагноз кою микробиологиялык әдiстерiге суйенеді , ол жарыктык және люминесценттік микроскопта зерттеу ; бактериологиялық немесе дакылдык әдiс , биологиялық әдіс . Зерттеу материалдары: какырык , аспират , бронх пен асқазанның шайындысы . Бактериологиялық әдіс . Патологиялык заттан Левенштейн - Йенсен , Финн - 2 коректі орталарына себiндi жасайда , бiр сепкенде құрамы әр түрлі 2-3 қоректік орталарға себiндi жасайды , сонда микобактериялардың өсіп шығуы ықтимал . M.tuberculosis - тiң таза дакылын бөліп алгуға 3-8 апта уакыт кетеді . Алынған таза дақылдың биохимиалық қасиетін зерттеп , идентификациялап , антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды . Жедел диагноз коюға микродақылды Прайс әдісі қолданылады . Заттық әйнектің бетiне клиникалык материалды жағып , күкірт қышқылымен өңдеп , натрий хлоридінің ерітіндісімен шайып , цитратты қан қосылған қоректі ортаға салып қояды . 3-4 күн 37 ° С - та инкубациялаған соң әйнектегі препаратты Циль Нильсен әдісімен бояп , микроскопта карайды . Серологиялық әдіс : ПГАР , ИФТ . ПТР .
Емдеуі . Антибиотиктермен емдеу негізгі әдіс. Препараттарды екі топқа бөлеміз. 1 - топ : негiзгi , немесе бiрiншi қатарлык препараттар : изониазид , рифампицин , пиразинамид , 2 - топ : резервтік , немесе екінші қатарлық препараттар : этионамид , канамицин , капреомицин , циклосерин , фторхинолондар.
Достарыңызбен бөлісу: |