Микроскопиялау кезеңдері


Инфекция. Түсінігі. Инфекциялық процесстің пайда болуына қолайлы жағдайлар. «Патогенділік» жəне



бет28/44
Дата11.11.2022
өлшемі123,73 Kb.
#49326
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Байланысты:
МИКРО СЕССИЯ 2-1 (копия)

Инфекция. Түсінігі. Инфекциялық процесстің пайда болуына қолайлы жағдайлар. «Патогенділік» жəне


«вируленттілік» түсініктеріне анықтама беріңіз. Вируленттіліктің өлшем бірлігі.
Инфекция латын тілінен аударғанда inficio – зиянды нəрсені енгіземін деген мағынаны білдіреді. Инфекция макроорганизмде сыртқы орта əсерінен патогенді немесе шартты патогенді микроорганизмдердің көбейіп, өзара əсерлесу нəтижесінде пайда болатын реакциялар жүйесі.
Инфекция – тірі организмдегі пада болған қауіп. Инфекциялық процесс патогенді микроорганизм мен қабылдағыш макроорганизм арасындағы пайда болған процесс. Инфекциялық процесстер тек қолайлы жағдайда пайда болады. Макроорганизмнің қорғаныштық қабілеті нашарлағанда инфекциялық процесстің болуы жоғарлайды. Сонымен қатар инфекциялық процессті кез келген микроорганизм шақыра алмайды. Олар – патогендер, патогенді жəне вирулентті қасиеті болады, сонымен қатар арнайы спецификалық жүйе «адгезин рецептор» болады.
Патогенділік – микроорганизмнің инфекциялық процессті қоздыра алатын потенциалды қабілеті. Ал вируленттілік инфекциялық процесстің дамуын қоздыратын қабілеті.
Вируленттілік микроорганизм штамына тəн өзгермелі болып келеді, өзіне ғана тəн қасиет. Ол патогенділіктің өлшемі, фенотиптік көрінісі. Патогенділік қасиет ұрпақтан ұрпаққа беріледі, полифункционалды қасиет.
Зертханада микроорганизмдердің вируленттілік қасиетін арнайы өлшем бойынша анықтайды. Летальдық(LD) жəне инфицирлеуші(ID) дозалары болады. Летальдық доза – зерттеуге алынған жануардың бірден өлімге ұшырататын патогенді микроорганизмдердің ең аз мөлшері.
Инфицирлеуші доза – зерттеуге алынған жануарда жұқпалы ауру қоздыра алатын микроорганизмдердің ең аз мөлшері.
Одан басқа түрлері: Dcl-белгілі бір уақыт ішінде зерттелуге алынған жануарды 100% өлімге ұшырататын микробтардың ең аз мөлшері. Dlm – белгілі бір мерзімде зерттелуге алынған жануады 95 % өлімге ұшырататын микробтың ең аз мөлшері. ID100 – тəжірибеге алынған жұқтылған жануардың 100% жұқпалы ауру қоздыра алатын микробтың ең аз мөлшер. LD50 - белгілі бір уақыт ішінде зерттелуге алынған жануарды 50% өлімге ұшырататын микробтардың ең аз мөлшері. ID50 - тəжірибеге алынған жұқтылған жануардың 50% жұқпалы ауру қоздыра алатын микробтың ең аз мөлшері.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет