Микроскопиялау кезеңдері


,10,11.Жасуша қабырғасы.Қызметі



бет4/44
Дата11.11.2022
өлшемі123,73 Kb.
#49326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

9,10,11.Жасуша қабырғасы.Қызметі


Жасуша қабырғасы-жасушаға белгілі бір пішін беріп,цитоплазмалитикалық мембранамен бірлесе отырып бактерия жасуша ішіндегі жоғары осмостық қысымды ұстап турады.Жасуша қабырғасы грам оң бактерияларда қалың 50 нм,ал грамм теріс бактерияларда жұқа 15-20 нм қалыңдықта кездеседі.Грамм оң бактериялардың жасуша қабырғасында липид,ақуыз болады,негізгі компоненті көп қабатты пептидогликан құрайды.Грамм оң бактериялардың жасуша қабырғасының пептидогликаны мен теxой қышқылы ковалентті байланысқан.Грамм оң бактерияларды грамша бояған кезде генцианды күлгін йодпен кешенделіп ұстап қалу қабілеті көп қабатты пептидогликанның бояғыштарына байланысты,жəнеде спиртпен өңдеген кезде пептижогликанның саңылауы тарылып бояғыштар ұсталып қалады,ал грамм теріс спиртпен өңдеген кезде бояғыштан айырылып қалады.Грамм теріс бактериялардың жасуша қабырғасының құрамына пептидогликан мен бірге липопротеинмен байланысқан сыртқы мембрана кіреді.Сыртқы мембрана толқын тəріздес үш қабатты,цитоплазмалитикалық деп аталатын ішкі мембранаға ұқсас.Сыртқы мембрана липпополисаxаридтерден,фосфолипидтерден жəне ақуыздардан құралған, мозайкалы құрылым.

Бактерия жасушасының негізгі компоненттері.Атаңыз.Анықтама беріңіз.


Бактерия жасушасын қабырғадан жəне цитоплазмалитикалық мембранадан тұратын қабықша қоршап жатады.Қабықша астында нуклеоид деген қосынды мен ядродан туратын протоплазма жатады.Сомен атап өтсек жачуша қабырғасы,цитоплазмалық мембрана,цитоплазма,нуклеоид.Жасуша қабырғасы- жасушаға белгілі бір пішін беріп,цитоплазмалитикалық мембранамен бірлесе отырып бактерия жасуша ішіндегі жоғары осмостық қысымды ұстап турады.Жасуша қабырғасы грам оң бактерияларда қалың 50 нм,ал грамм теріс бактерияларда жұқа 15-20 нм қалыңдықта кездеседі.Цитоплазмалық мембрана-үш қабатты мембрана,құрамы бойынша екі липидті қабаттан жəне интегральды ақуыздар мен фосфолипидтен тұрады.Цитоплазма-ол ерігіш ақуздардан,рибонуклейн қышқылынан тұратын рибосома болатын көптеген ұсақ гранулалардан тұрады.Нуклеоид-ьактерия ортасында орналасқан,шумақтанып тығыздалған,екі жіпшелі ДНҚ.Эукариотпен салыстырғанда ядрошық,ядро қабығы,гистондар болмайды.Нуклеоидты арнай бояу əдістерімен Романовский-Гимзе əдісімен бояп көруге болады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет