Микроскопиялау кезеңдері


Споралар.Түзілу жағдайы,маңызы



бет6/44
Дата11.11.2022
өлшемі123,73 Kb.
#49326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
МИКРО СЕССИЯ 2-1 (копия)

Споралар.Түзілу жағдайы,маңызы.Споралар-жасуша қабығының құрылымы,тыныштық жағдайдағы бактерияның формасы.Споралар қоректік заттар жетіспегенде,қолайсыз жағдайда,құргаған кезде түзіледі жəне оның маңызы түрдің сақталуына көмектеседі.Спора түзілуі үш кезеңнен өтеді бірінші проспора,сосын нағыз спора түзіледі,егер қолайлы жағдай туса ретімен үш кезеңнен өтіп қайта орнына келеді;белсену,инициация,өсіп шығу.Бір спорадан бір бактерия өсіп шығады.Орналасуына қарай 3 ке бөлінеді терминальді-таяқшаның бір шетінде,субтерминальді-таяқша шетіне жақын жəне ортасында орналасады.Анықтау тəсілдері ол қышқылға төзімді сол себепті Ожешко жəне Циль-Нильсен əдісімен қызыл түске боялады.

17.Қарапайым жəне күрделі бояу тəсілдері.Анықтамасы жəне мысалдар.Грам əдісімен бояу кезеңдері.


Қарапайым бояу əдісін бактериялардын формасын анықтауда,ал күрделі бояу əдісін жасуша құрылысы мен дифференцировкасын анықтауда қолданылады.Қарапайым бояуда қандайда бір бояумен мысалы;фенолды фукцин,генциан күлгін қолданса,күрделі бояуда универсиальді бояу граммша бояу қолданады.Сол себепті Күрделі бояу əдісінде барлық микрооргонизмді грам оң жəне грамм теріс деп бөлеміз.Грамм оң бактериялар жасуша қабырғасында пептидогликандар көп,ал грамм терісте диаминопимилен қышқылы бар.Грам бойынша бояу əдісінің қадамдары;1.Генциан виолетпен өңделген қағазды жағындыға қоямыз.2.Қағаз үстіне су құйып 1-2 минутта қағазды алып тастаймыз.3.Люголь ерітіндісін 1-2мин.
4.Спирт тамызамыз 15-30 с.5.Сумен шаямыз.6.Сулы фуксин ерітіндісімен өңдейміз.7.Сумен шаямыз.Нəтижесінде грам оң қою күлгін,ал грам теріс қызыл түске боялады.



  1. Спироxеталардың морфологиялық ерекшеліктері. Спироxеталар-жіңішке,ұзын,иректелген спираль тəріздес.Спириллалардан жасушасының иілгіштігімен ерекшеленеді.Сыртқы мембранасы цитоплазмалитикалвқ мембрана мен аксиальдық жіпшеден тұрады.Аксистиль жібі сыртқы мембрананың астында орналасып,бұранда пішінін береді.Аксистиль жібі бактерия талшықтары сияқты фибрилладан жəне жиырылғыш ақуыз флагелиннен тұрады.фибриллалары оған жылжуына,айналмалы,иілмелі,қозғалыс береді.Спироxеталар бояғышты нашар қабылдайды.Рамоновский-Гимза əдісімен бояйды.Адамға патогенді 3 түрі бар treponema,leptospira,borrelia.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет