Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


Сүйек ұлпасын және сүйек арналарын көру немесе



бет25/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
1.13.1 Сүйек ұлпасын және сүйек арналарын көру немесе шығару
Сүйек денешіктері көп жағдайда, қатты боялғаннан кейін ғана көрінеді. Материал Гелли сұйықтығымен боялған жағдайда Делафильды гематоксилині қолданылады. Шморлю бойынша бекітілгенде тионин пикрин қышқылымен де істеледі. 3% азот қышқылымен және декальцинация Мюллер сұйықтығымен немесе Эбнер бойынша 5 % азот қышқылымен іске асады. Қатырылған кесінділерді алдымен 10 минут суда ұстайды, сосын карбон -тионинімен бояйды, одан кейін сумен шаяды, судан пикрин қышқылына 30-60 секундқа салады, тағы шайып саралаған соң 70° спиртке, 96° спиртке карбол-ксилол және бальзамға ауыстырады. Бояуы дұрыс болмаса, 1-2 тамшы тионинді тамызады.
Нәтижесі: сүйектің беті қоңыр түске боялады, ал ұлпалар қызылға боялады.


1.13.2 Сүйектің өсуін және дамуын зерттеу
Бұл процессті зерттеу үшін сүт қоректілердің эмбрионының түтікше сүйегін үшхлорлы уксус араластырған Гелли Буэн сұйықтығы бойынша бекітеді. Цитологиялық зерттеулер үшін Флеминг сұйықтығына оның майда бөлшектерін бекітеді. Ал Шаффер бойынша екі еселенген гематоксилин - конго қызыл бояуымен де бояуға болады. Ол үшін Мюллер сұйықтығымен, формалинмен немесе Гелидің аралас сұйықтығында бекітеді. Азот қышқылымен кальцийді жойып, жуып, сусыздандырып, бояп, дистилденген суда шайып, жоғары айтылып кеткен стандартты әдістерді қолданып препарат жасайды.


1.14 Гистохимия негіздері және әдістері
Ұзақ уақыт жас клетка мен ұлпа құрамын зерттеу үшін тек классикалық әдістерді ғана қолданып келеді. Оның негізінде ұнтақталған ұлпа (гомогенат) алынған, бұлыңғырлау анықталған химиялық заттар жатады. Өзінің біршама сапасына қарамастан, бұл әдіс жас клетка мен ұлпа әртүрлі құрылымдарының қандай химиялық заттармен шектелетіні туралы мағлұматты толық түсіндіріп бере алмады. Клеткалар мен ұлпа химиялық заттардың микроқұрылымын анықтау әдісімен түгелдей іздеу нәтижесі, ақырында гистохимииялық әдістердің ашылуына әкеп соқты. Бұл әдістер гистологиялық және биохимиялық әдістердің біріктіріліп өткізілуіне негізделген болатын.
Гистологиялық реакция кезінде жас клетка құрамына кіретін неорганикалық және органикалық заттар, әртүрлі реактивтермен химиялық реакцияға түсіп түзелген өнімдердің боялу реакциясын түзеді. Көптеген гистохимиялық реакциялардың негізіне мынадай жалпы (гистохимиялық) принциптер жатады:
- Белгілі химиялық топтар осы немесе басқа бояғыштармен боялады, мысалы, ортофосфатты топ (пиронин, толуидинді көк т.б.) РНК-ы бояйды.
- Бояғышты жас клетка құрылысының құрамына кіретін белгілі субстратта ерітеді. Мысалы, жас клетка қосындылардың май тамшыларының суында еруіне негізделеді.
- Кейбір химиялық жас клетка құрылымы, дезоксирибонуклейн қышқылы (ДНК) сияқты, полисахаридтерге бояғыштық әсер ете алмайды. Бұл жағдайларда олардың топтарын реакционды- белсенді жағдайда ауыстыру жағдайына жүгінеді. Сонымен бірге лейкоқосылысты фуксин әрекет ете алатын альдегид топшаларын бөліп алады, сөйтіп құрылған өнім реациясы түзіледі.
- Кейбір жас клетка құрамаларының орналасуын анықтау үшін көпсатылы аралық реакцияға және боялмаған реакция жүргізуге жүгінеді. Мысалы, ферменттерді гистохимиялық бояу кезінде қолдану реакциялары.
Бұл әдіс зерттеу тәжірибесінде кең таралды. Қазіргі уақытта ешбір морфологиялық зертхана гистохимиялық әдіссіз жұмыс жасамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет