Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


Шифф-йодты қышқыл реакциясы (ШИК - реакциясы)



бет28/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Шифф-йодты қышқыл реакциясы (ШИК - реакциясы). Полисахаридті құрама құрайтын заттың гистологиялық негізінде, Шифф- йодты қышқыл реакциясы (ШИК - реакциясы) жатады.
Осы реакцияның көмегімен гликогенді, мукопротеидті, гликопротеидті, гликолепидті (бөліп) табуға болады.
Жұмысшы ерітінді.
1. Шифф реактиві.
2. Күкіртті су. 200 мл дистилденген суға 4 мл байытылған НС1 қосу. 25 мл дистилденген суға 4 гр сусыз натрий сульфитін еріту. Екі ерітіндіні қосу.
3. Периодат ерітіндісі: 1 гр периодат калийді 100 мл дистилденген суда немесе 2,5 гр периодат натрийде еріту.
Әдіс:
- Қалыңдығы 5-7 мкм парафинді кесіндіні депарафинизациялау және суға дейін жақындату.
- 5-10 минутқа йод қышқылына батыру.
- Дистилденген судың 3 өлшемінде мұқият жуу -3-5минут.
- 10-20 минут Шифф реактивіне орналастыру.
- Жаңа дайындалған күкірт суының үш өлшемінде өңдеу.
- 10 минут құбыр суында жуып, дистилденген суда шаю.
- Сүзгіш қағазбен құрғату.
- 2 өлшем абсолютті спирттерден 1 минуттан өткізу.
- 2 өлшем ксилолдан 1 минуттан өткізу.
- Бальзаммен жабу.
Нәтижесі. Полисахаридті зат пурпурлы-ақшыл көк-қызыл түске боялған. Бейтарап мукополисахарид әдетте -пурпур қызыл, гликоген-қаралау болады.
ШИК оң реакциясын беретін заттардың саралануы. ШИК оң реакциясын гликогеннен басқа,табиғаты полисахарид заттар тобынан: гликолипид, гликопротеидті, мукопротиид және кейбір көміртегі емес: фосфолипид, липопротеид және кейбір липидтер береді. Сондықтан зерттелетін ұлпаларда қандай заттар бар екендігін анықтау үшін, ШИК-реакциясын жүргізу керек.
Гликогеннің ыдырауы. Дайын диастаза немесе сілекейдегі фермент препараттарын алады.
Біріншісінде 0,1%-ті 0,02 М фосфатты буфердегі диастаз ерітіндісіне рН 6,0-0,8% байытылған қайнаған тұз қосады, екіншісінде - бірнеше текше сілекейді жинап, стаканда сүзіп алады.
Әдіс:
- Қалыңдығы 5-7 мкм парафин кесіндісін депарафинизациялау және суға дейін жақындату.
- Екі кесінді диастаз ерітіндісіне немесе (жинаған сілекейге) салып, 37°-тық термостатқа 30-60 минутқа қояды, қалғанын суда қалдырады.
- Кесінділерді қалған өңделмеген кесінділермен дистилденген суда жуып, ШИК реакциясын әдісте сипатталғандай анықтайды.
- 10-20 минут Шифф реактивіне орналастыру.
- Жаңа дайындалған күкірт суының үш өлшемінде өңдеу.
- 10 минут құбыр суында жуып, дистилденген суда шаю.
- Сүзгіш қағазбен құрғату.
- 2 өлшем абсолютті спирттерден 1 минуттан өткізу.
- 2 өлшем ксилолдан 1 минуттан өткізу.
- Бальзаммен жабу.
Нәтижесі.
1. Ферменті бар (бақылау) сұйықтыққа салынған кесінділер боялмаса, қалған кесінділерде гликогеннің болуын көрсетеді, ШИК оң реакциясы сол ұлпаларда гликогеннің болғанын дәлелдейді.
2. Барлық кесінділер бірдей болып боялса гликогеннің жоқ болуын көрсетеді, бірақ басқа зат бар екенін бояу дәлелдейді.
3. Тексерілетін (бақылау) кесінділердің бояуы қалған кесінділерге қарағанда нашар болса, онда ШИК оң материалдардың жартысында гликогеннің болғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет