Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы



бет27/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Ерітіндіні дайындау
Шифф реактиві. 1 г фуксин негізін 200 мл қайнатылған дистилденген суда ерітеді, және оны түтікше ерітіндімен мезгіл-мезгіл араластырып, 5 минут қайнатады. Содан кейін 50°-қа дейін суытып, ерітіндіні сүзеді. 20 мл 1 NH Cl ерітіндісін қосады да, 25°-қа дейін салқындатады, содан кейін 1 гр натрий бисульфитін немесе (N2S2О5), калий бисульфитін (К2S2О5), қосады да қараңғы жерге қояды, 18-24 сағаттан кейін ерітіндіге 2 гр белсендірілген көмірді сеуіп, 1 минуттай араластырады, сүзеді және 0-4°-та қараңғы жерде сақтайды. Шифф реактиві түссіз немесе ашық сары түсті болады.
Тұз қышқылының бір нормальды ерітіндісі 1NHCl 10 мл байытылған тұз қышқылына 90 мл дистилденген су қосады. Ерітіндіні узақ уақыт сақтауға болады.
Препаратты жууға арналған күкірт қышқылды су 10% 5 мл калий бисульфитіне (К2S2О5) 1 N 5 мл НС1 ерітіндісін және 100 мл дистилденген су қосады. Калий бисульфитті ерітіндісін 7 күн ішінде қолдана беруге болады, күкірт қышқылды суды қолдану алдында ғана дайындап, бір рет қана қолданады.
Әдіс:
- Қалыңдығы 5-7 мкм парафинді кесіндіні депарафинизациялау және суға дейін жақындату.
- 1NНС1 тез шаю.
- 60° 1NНС1 (Су моншасына) салу 6 минутқа.
- 1N салқын НС1-да тез шаю, содан кейін дистилденген суда шаю.
- Шифф реактивінде 40-60 мин ұстау.
- Сүзгіш қағазбен құрғатып, үш өлшемді жаңа дайындалған күкірт қышқылы суының әрқайсысында 1-2 мин шаю.
- Құбыр суында 10 минутқа дейін жуу.
- Дегидратация, түссіздендіру және бальзам мен жабу.
Нәтижесі. Ядродағы ДНҚ-сы бар аймақтар қызыл-пурпурлы түске боялады (цитоплазмасы ашық жасыл).


1.14.1 Браше әдісі бойынша рибонуклейн қышқылын анықтау
Гистохимиялық реакцияны бастамас бұрын, метилді жасыл мен тазалау қажет. Ол үшін метилді жасылдың сулы ерітіндісіне хлороформ қосып, түтікті жауып, қатты шайқайды. Қоспаны тұндырған соң, одан анық 2 қабатты - үстіңгі қоңыр бояудың сулы ерітіндісін және төменгі көгілдір - хлороформ, метилді көгілдірге бояғанын байқауға болады. Хлороформ көгілдір түске боялғанын тоқтатқанша шаю керек. Тазаланған және кептірілген кесіндіні ұзақ уақыт сақтауға болады.
Жұмысшы ерітіндіні дайындау.
Ерітінді А: 5 % пиронин су ерітіндісі 17,5 мл, 2%-і 10 мл жасыл метилді су ерітіндісі, 250 мл дистилденген су.
Б ерітіндісі: 0,5 моляр ацетат буфер рН-4,8.
Қолдану алдында А және Б ерітінділерін бірдей мөлшерде қосады.
Әдіс:
- Қалыңдығы 5-7мкм парафинді кесіндіні депарафинизациялау және суға дейін жақындату.
- Пиронин-метилді жасыл ерітіндісіне салу.
- Дистилденген суда бірнеше секунд ішінде жуу.
- Сүзгіш қағазбен құрғату.
- Абсолютті ацетоннан: ацето+ксилол, (10% ацетон ксилолда) тез өткізу.
- 2 өлшем ксилолдан өткізу.
- Бальзамға отырғызу.
Нәтижесі. РНҚ ядрошығы мен цитоплазма - ашық қызыл түсті, ядроның хроматины - жасыл, көк -жасыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет