Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы



бет22/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
treatise176209

Полихромды Массон бояуы.
1. Кесіндінің парафинін жою.
2. Дистилденген суда жуу - 10 мин.
3. Гроата гематоксилинімен бояу - 2-5 мин.
4. Ағынды суда жуу - 5 мин.
5. Фуксин-пунц қоспасында бояу:
- Массон А-5мин
- 1-2 % сірке қышқылында шаю.
- Массон Б - 5мин.
- 1-2% сірке қышқылында шаю.
- Массон С - 5мин.
- 1-2% сірке қышқылында шаю,
Дегидратация, түссіздендіру, бальзам тамызып, жабынды шынымен жабу.
Қорытынды: Қоңыр-қара түсті ядро, қызғыш-қызыл цитоплазма, сары эритроциттер, кілегей мен дәнекер ұлпа жасыл түсті.


Майер гемалауны мен бояу.
Бояудың мерзімді уақытын білу керек. Кесінділерді дистилденген суда 3-5 мин жуып, кейін құбыр суының астында күлгін түс пайда болғанша шаяды. Осыдан кейін, кесіндіні қайтадан 3-5 минутқа дистилденген сумен жуады. Ядроны гематоксилинмен бояудың жоғарыда айтылған классикалық әдісінен басқа, әдісі де бар. Ядросы боялған кесіндіні дистилденген сумен шайғаннан соң, 1-6 секундқа 70° спиртке салады да, микроскоппен қарайды. Ядроны гематейнмен және қышқылды Майер гемалаунымен бояғанда да осындай әдіспен жүргізеді, бірақ кесіндіні жақсылап жуу керек, әйтпесе қышқылдың аз мөлшері қалса да, бояуды бұзады.


Гейденгайн бойынша бояу. Бояуды жүргізу. Алдын-ала өңдеу.
I Ксилол (бензол, толуол) - 2 мин
II Ксилол (бензол, толуол) - 2 мин
I Абсолютті спирт - 2мин
II Абсолютті спирт - 2 мин
I 96°-ті спирт - 2 мин
II 96°-ті спирт - 2 мин
90°-ті спирт - 2 мин
80°-ті спирт - 2 мин
70°-ті спирт - 2 мин
Дистилденген су - 10 мин.
Дистилденген судағы кесіндіні 2,5 проценттік темір ашудасына ауыстырып, 3-12 сағатқа қойып қояды. Бояу. Кесіндіні дистилденген суда шайған соң, түсі қарайғанға шейін сумен араластырылған гематоксилинге 1- 36 сағатқа салады. Мезгілі жіктеліп, өңделуі бояу кезеңінің ең маңызды уақыты. Боялған кесіндіні 2-3 өлшем дистилденген суда жуады да темір ашудасты ерітіндіге салады. Сараптаманы микроскоп арқылы жүргізеді. Бұл үшін кесіндіні дистилденген суда шайып, қарайды. Егер өңдеу тез жүрсе, онда темір ашудасының күшін төмендету керек, ол үшін дистилденген су қосады. Бояудың керекті түсін алған соң, кесіндіні құбырдың ағынды суында жуу керек, оның ұзақтығы 10-12 минут. Кейін дистилденген суда шаяды, кептіреді, бальзамдаумен аяқтайды. Кесіндіні тез арада Гейденгайнның темір гематоксилинімен шапшаң бояу үшін Гурвич әдісін пайдаланады. Дистилденген судан кесіндіні алып, сүзгіш қағаз арқылы суын сіңіріп алып, 2,5% темір ашудасын тамызады. Шынының төменгі жағын бу пайда болғанша спирт шамды жағып ұстайды да, аздап суытады, бұл істі 2-3 рет қайталайды. Бұдан кейін ашудасты төгеді, гематоксилин тамызып, бу пайда болғанша тағы қыздырады. Бояуды кесінді де көк-қара түс пайда болғанша пайдаланады. Дистилденген сумен шаяды, үстіне ашудасты құяды, содан соң микроскоппен қарайды. Кесіндінің саралануы біткен кезде дистилденген сумен шайып, кептіріп, спирттерде сусыздандырып, ксилолда ағартып бальзамдаумен аяқтайды. Этикетка жасауды заттық шыныға кесіндіні жабыстырғаннан соң істейді. Этикетканы арнайы қарындашпен жазады, әсіресе бұқтырылған сиямен жазған қолайлы. Сиямен жұмыс істегенде керекті заңдылықтарды сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет