Литература
1. Борисов П.Т. Определитель промысловых рыб СССР. - М;1964. – 319 с.
2. Гершанович А.Д., Пегасов В.А., Шатуновский М.И. Экология и физиология молоди
осетровых. - М.: Агропромиздат. -1987.- 215 с.
3. Федоров Е.В. Передовой опыт товарного рыбоводства Казахстана в условиях
рыночной экономики //Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. -2009. - № 1. -
С.59-61.
4. Правдин И.Ф «Руководство по изучению рыб». - М., 1966. -С.7-179.
5. Лакин Г.Ф. Биометрия. – М., 1990. -352 с.
6. Пономарев С.В., Гамыгин Е.А., Никоноров С.И., Пономарева Е.Н., Грозеску Ю.Н.,
Бахарева А.А.Технологии выращивания и кормления объектов аквакультуры юга России.-
Астрахань: Нова плюс, 2002. –264 с.
7. Рыбоводно-технологические нормативы по выращиванию молоди ценных рыб.
Комитет рыбного хозяйства Республики Казахстан. 2005.
«АГРОБИЗНЕС-2020»БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ МАЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Омбаев Ə.
Қазақ мал шаруашылыгы жəне мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институты
Аннотация
В статье представлены основы направления научного обеспечения реализации
программы «Агробизнес-2020» по отрастям животноводства Казахстана.
Annotation
This article provides information about main directions of scientific support for
implementation of the program «Agrobusiness 2020» in the main fields of animal husbandry in
Kazakhstan.
Кілт сөздер:
Агробизнес-2020 бағдарламасы, ірі қара мал, қой, жылқы, жайылым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі əзірлеген агроөндірістік
кешенді дамытуға бағытталған «Агробизнес - 2020» бағдарламасында ауыл шаруашылығы
маңызды салалары бойынша импортқа тəуелділіктің сақталып отырғандығы, əсіресе ет, сүт
өнімдерін тұтынуда шетелдік тауарлар үлесінің жоғары деңгейде калып отырғандығы
айтылған.
Осыған орай, 2013 жылы шұгыл түрде ауылшаруашылық салаларын кешенді
дамытып, азық-түлік өндірісінде қалыптаскан жағдайды оңтайлы шешуге бағытталған
арнайы Іскер-жоспарлар қабылданды.
279
Етті ірі қара шаруашылығы бойынша қабылданған іскер-жоспарға сəйкес, асыл
тұқымды аналықтардың саны, табиғи жəне шетелдерден əкелінген малдар есебінен өсуді
қосқанда, 2020 жылға 312818 басқа жеткізілетін болады. Арнайы етті тұкым малынан жыл
сайын өндірілетін жоғары сапалы, сыртқы нарық талаптарына сай ет көлемі 42604 тоннаға
жеткізіледі.
Іскер-жоспарда, етті ірі қара шаруашылығын өркендетуге тың серпін беретін шаралар
- асылдандыру жұмыстары мен мал азығы өндірісі шығындарын субсидиялау көзделген.
Сонымен бірге технологиялық жарақталу мəселелерін тиімді шешу, өнім сапасын
арттырып, өзіндік құнын төмендету мақсатында, аналық сиырлар саны 100 бастан асатын
тауарлы бағыттағы шаруашылықтардың техника жəне құрал-жабдықтар сатып алуға
жұмсалған шығындарының 50 %-га дейінгі мөлшерін инвестициялық субсидиялау
жоспарланған.
Етті ірі кара шаруашылығы бойынша кабылданған Іскер-жоспардың жемісті
орындалуы үшін 2014 жылгы зерттеулер аясын кеңіту шеңберінде Қазақ мал шаруашылығы
жəне мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтыныц ғылыми жұмыстарына
толықтырулар жасалынып, 2015-17 жылдарға арналған жобаларға елеулі іс-шаралар
енгізілді. Мəселен, 2014 жылы 212-бюджеттік бағдарлама тақырыптық жоспарынан өзге
етті тұқымдардың 500-ден аса бұқашықтары өнімділіктері бойынша сынактан өткізіліп,
жалпы саны 100 мыңнан аса мал басы кешенді бағаланды. 10 мың бастан аса аналық
сиырлар асылтұкымдық құндылыгы бойынша селекциялық топтарга бөлінді. Шыгу тегін
нақтылау жəне асылдандыру жұмыстарын жоғары деңгейде уйымдастыру мақсатында
тұқым, жас-жыныс топтары түрліше 8 мың бастан астам өте бағалы мал генотиптері ДНҚ
паспорттаудан өткізілді.
Биылғы жылы институттың етті ірі қара өсіру жəне асылдандыру бөлімінің
қызметкерлері жаңа селекциялық жетістіктер - қазақтың ақбас сиыры түқымының жоғары
өнімді зауыттық желілеріне патенттер алды. Жоғары өнімді желілерге жататын малды етті
ірі кара шаруашылықтарына кеңінен енгізу бəсекеге қабілетті сиыр етін өндіруді арттыруға
мүмкіндік береді.
2015-17 жылдарға арналған ғылыми жобаларда ғылым-білім мен өндіріс арасындағы
байланысқа айрықша мəн беріліп отыр.
Етті ірі қара шаруашылығын 2020 жылға дейінгі кезеңде дамытуға бағытталған Іскер-
жоспарында келесідей мəселелер қарастырылған:
-етті ірі қара шаруашылығының экспортгық əлеуетін арттыру;
-етті ірі қара тұқымдары аналықтарының санын көбейту мен мал асылдандыру
жұмыстарын нəтижелі жүргізу.
2013 жыл соңында етті ірі қара аналықтарының саны 133091 бас болса, 2014 жылы
14000 бас тайынша шетелдерден əкелінгенін, сондай-ақ ағымдағы жылғы сиырлардың
табиғи өсімі 19000 басқа сəйкес келетінін ескерсек, жыл соңында олардың жалпы саны
166091 басты құрайтын болады. 2020 жылға дейін «Сыбаға» бағдарламасымен қамтылған
аналық-сиырлар саны 1550000 басқа жетеді деп есептелуде.
Іскер-жоспарға енгізілген етті ірі қара шаруашылығын дамытудың барлық іс-
шаралары мемлекет тарапынан субсидияланады жəне осы саланы ғылыммен қамту
көзделген. Осыған орай, институт ғалымдары 20 асыл тұқымды шаруашылықта - етті ірі
қара шаруашылығы селекциясы, технологиясы мен азықтандыру мəселелері бойынша, 17
өнеркəсіптік кешенде етті ірі қара төлін өсіру жəне бордақылау жұмыстарын 100 бастан аса
бұқашықтардың ет сапасын бағалаумен ұштастыра жүргізуге əдістемелік жетекшілік етуде.
Сонымен бірге, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5 шаруашылықта -жайылымдардың
пайдаланылу ұзақтығын арттыруға, ал 3 шаруашылықта жайылымдық қорды жайылым
алмастыра отырып тиімді пайдалануға бағытталған жүмыстарды ғылыммен қамту жүзеге
асырылуда.
Сүтті ірі қара шаруашылығының іскер-жоспары бойынша саланы өркендетудің
кең ауқымды іс-шараларын атқару көзделген. Жоспарға сəйкес, 2020 жылға дейін жалпы
280
көлемі 24000 сауын сиырға арналған, əрқайсысы 1200 басқа есептелген 20 сүт өндіру
фермасын салу көзделген. Бүл фермалардағы жалпы жылдық сүт өндіру көлемі 2020 жылға
қарай - 158,4 мың тоннаға, елімізде өсірілетін жəне шетелдерден əкелінетін малды қоса
есептегенде, сиырлардың саны 571495 басқа жететін болады.
Сонымен бірге 24, 50, 100 жəне 200 сауын сиырға арналған 2000 типтік ферма (əр тип
бойынша 500 фермадан) салынып, сиырлардың маусымдық орташа сүттілігі 3000-3900 кг-
ға сай келетін болады. Бұл фермаларда 187,0 мың бас сауын сиырлар бағылып, 689,0 мың
тонна сүт өндірілетін болады. Іскер-жоспарда алдағы 8 жылда сүтті ірі қара шаруашылығын
қарқынды дамытуға мүмкіндік беретін асылдандыру жұмыстары мен мал азығы өндірісі
шығындарын субсидиялау көзделген. Аталған жоспарда жүргізілген құрылыс-монтаждау
жұмыстары, құрал-жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарды - 20 %-ға,
ал асыл тұқымды мал алуға жүмсалған шығындарды, оның ішінде шетелден мал алуды 50
%-ға дейін инвестициялық субсидиялау; қүрылыс-монтаждау жүмыстары, құрал-
жабдыктар мен техника, асыл түқымды мал алуға жұмсалған шығындардың несиелік
сыйақысын, несие 10 жылға дейінгі мерзімге алынған болса, 7 %-ға дейінгі мөлшерде
субсидиялау; кепілдегі малды қауіпсіздендіруге жұмсалган шығындарды (кепіл құнының
1%-на дейінгі мөлшерде) субсидиялау көзделген. Бұл шаралар сүтті ірі қара
шаруашылығының өнімділігі мен онім сапасын арттыруға, оның ішінде шетелдік тұқымдар
сиырларының бейімделушілік қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік беретін озық
технологияларды трансферттеуге кең жол ашады.
Іскер-жоспарды орындау үшін 2014 жылғы зерттеулер аясында институт ғылыми
жұмыстарына толықтырулар жасалынып, 2015-17 жылдарға арналған жобаларға тиісті іс-
шаралар енгізілді. Мəселен, 2014 жылы, 212-бюджеттік бағдарлама тақырыптық
жоспарынан өзге, Қазақстанның түрлі аймақтарында сүтті тұқымдардың 40,0 мыңнан аса
сиыры кешенді бағалаудан өткізіліп, сүт сынамаларының сапасы талданып, қашарларға
өлшемдік бағалар беріліп,108200 мал үлгілеріне талдау жасалынып, сиырлардың асыл
тұқымдық құндылығын есептеу əдістемелігі игеріп, солтүстікамерикалық жəне
европалық селекциядан өткен шетелдік сиырлардың бейімделушілік қасиеттері бағаланды.
Жылқы шаруашылыгын дамыту бағдарламасы бойынша 2020 жылға карай
жылқылардың жалпы саны - 3050.0 мың. ал биелердің саны 1160.0 мың басқа жететін
болады. Отандық жылқы тұкымдарынан экологиялық таза жылқы етін өндіру көлемі
жылына - 140,0 мың тоннаны, ал қымыз өндіру 30,0 мың тоннаны құрайтын болады.
Ауыл шаруашылық министрлігінің жылқы шаруашылығын қарқынды дамыту
багдарламасын жүзеге асыру мақсатында институт ғалымдары 2015-17 жылдарға арналған
ғылыми жобаға өзекті іс-шараларды енгізді. 2014 жылы отандық тұқымдардың 7.0 мың
бастан аса жылқылары кешенді бағалаудан өткізіліп, асыл тұқымды шаруашылықтардың
биелері селекциялық топтарға бөлінеді.
2013 жылы жылқы шаруашылығы бөлімінің ғылыми қызметкерлері селекция жетістігі
ретінде көшім тұкымы бойынша - Байқал, Хитрец, Ласковый, мұғалжар тұкымы бойынша-
Мейман қазактың жабы жылқылары бойынша Селеті зауыттық сүлесі мен Браслет,
Задорный жəне Памир зауыттық желілеріне патенттер алды.
Өнертабыс саласындағы жетістіктер бойынша өткен Республикалық «Шапағат 2014»
байқауында «Жыл өнертабысы» айдары бойынша Селеті зауыттық сүлесі мен Браслет,
Задорный жəне Памир зауыттық желілері жеңімпаз деп танылып, арнайы «Шапағат»
сыйлығы жəне дипломмен марапатталды.
Жоғары өнімді зауыттык сүлелер мен желілердің жылқыларын табындык жылқы
шаруашылығында кеңінен пайдалану сапалы ет, кымыз өндіруді елеулі деңгейде арттыруға
мүмкіндік береді.
2015-17 жылдарға арналған ғылыми жобаларда өнімділік бағыттағы жылқы
шаруашылығы бойынша төмендегідей маңызды мəселелерге айрықша назар аударылатын
болады:
281
Отандық жылқы тұқымдары өнімділігінің тектік əлеуетін арттырудың селекциялық
жəне технологиялық əдістерін игеру;
Павлодар облысының деградацияға ұшыраған аймақтарында ауданы 500 га алқапка
казақтың жабы жылқыларын бағу үшін еркекшөп өсіру.
Қазір өнімділік бағыттағы жылқы шаруашылыгында көшім, мұгалжар жəне қазақтың
жабы жылқылары секілді отандык жылқы тұқымдары есебінен мал санынын артуы
байқалады. Аталған тұқымдардың айғырлары жергілікті жылқы үйірлерінің саны мен
сапасын арттыруға кеңінен пайдаланылып келеді.
Қой шаруашылығы бойынша «Агробизнес - 2020» мемлекеттік бағдарламасында мал
етін өндірудің экспорттық əлеуетін көтеру аясында отандық қой тұқымдарының саны мен
тектік элеуетін арттыру есебінен қой етін өндіруді - 83.0 мың тоннаға, оның ішінде қозы
етін өндіруді - 45.0 мың тоннаға, каракөл елтірісін шетелдерге шығаруды 100.0 мың данаға
жеткізу көзделген.
Бағдарламаның іске асырылу тетіктері:
- шаруашылықтарға жеңілдетілген несиелер беру арқылы аналық мал басы санын
арттыру;
-инвестациялык субсидиялау (техника мен кұрал-жабдыктар сатып алу
шығындарының 50%-ға дейінгі мөлшерін) арқылы тауарлы шаруашылыктардың
материялдық-техникалық базасын жаңалау;
Мал асылдандыру, сұрыптау жүмыстарының сапасын жақсарту асыл тұқымды
саулықтарды өсіруге (əр басқа - 1500 тг), асыл тұқымды тел алуға жұмсалған (əр басқа -
8000 тг дейін) шығындарды ішінара субсидиялау.
Аталған шаралар, мал шаруашылығының басқа салалары секілді, қой
шаруашылығының да нарыктық қатынастарға ауыскан тұстағы тоқыраудан даму кезеңіне
нық қадам басуды қамтамасыз етеді. 2013 жылғы мəліметтер бойынша еліміздегі кой саны,
2000 жылмен салыстырғанда, 9656.7 мыңнан 15439,4 мыңга дейін (56%). жүн өндіру 22.0
мыңнан 37.0 мың тоннаға дейін, асыл тұқымды койлардың саны 2112.2 мыңға дейін (4,2
есе), тұқыммал шаруашылықтарының, саны 209-дан 358-ге дейін (159 бірлік), ал сатылған
төлдің саны 15,8 мыңнан 110.3 мыңға дейін (85%) артты.
Қой шаруашылығын ғылыммен камту мəселелері бойынша, жоғары өнімді жаңа
тұқымдарды шығарумен катар, колда бар кой тұқымдарын жетілдіруте үлкен мəн берілуде.
Қазіргі таңда кой тұқымдарын асылдандыру жұмыстарына талап күшейтіліп, сапалы жүн
өнімділігіне қосымша, олардың еттілігіне, төлдегіштігіне, тезжетілгіштігі мен азықты өтеу
қасиеттерінің жоғарылыгына, ал биязы жүнді койлар бойынша жүн жіңішкелігіне көтеріңкі
талаптар койылуда.
Жалпы зерттеу жұмыстары, отандық жəне шетелдік бағалы тектік корларды тиімді
пайдалана отырып, малдың өнімділік-тұқымдық касиеттерін жақсартуды қамтамасыз
ететін, сұрыптау мен жұптаудың ұтымды нұсқаларын игеруге бағытталған.
Бағдарламада мал азығы бағытындағы жұмыстар мал азығын өндіруге, мал
шаруашылығын өркендетудің негізі ретінде, үлкен көңіл бөлінген.
Республикадағы жалпы мал азығы өндірісінің төмендігі, ең алдымен, жер
пайдаланылу кұрылымында мал азығы дақылдары колемінің аздығымен түсіндіріледі.
Бүгінгі таңда еліміздегі барлық егістік алқап бойынша малазактық дакылдардың үлесі 13-
14%-ды ғана кұрайды. Əлемдегі мал шаруашылығы өркендеген елдерде бұл көрсеткіш 25%
жəне одан да жоғары деңгейде. Осыған орай, егістік алкаптар кұрылымын өзгертудің
қажеттілігі талас тудырмайды.
Қазақ мал шаруашылығы жəне мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының
ғалымдары, танантық жəнс шалғындық мал азығы өндірісі көлемінің жеткіліксіздігі
байқалатын, Алматы облысы бойынша талдау жүмыстарын жүргізді. Нəтижесінде қолда
бар малды тек сабақты азықтармен қамтамасыз ету үшін ғана жоңышқа егісі алкабы көлемін
200,0 мың га-ға арттырып, қосымша 1.0 млн. т. сапалы жоңышқа пішенін өндіру қажеттігі
анықталды. Бұл жағдай іске асырылатын болса, мал азығы дакылдары өсірілетін
282
танаптарды коса есептегенде, малазыктық дақылдардың жалпы үлесі 40%-ға жететін
болады. Алматы облысы бойынша малазыктық дакылдар өндірісінін жай-күйін талдау
мəліметтері баспа бетінде жарияланды жəне облыстық ауылшаруашылық басқармасына
жіберілді. Облыстар бойынша осындай жұмыстардың жүргізілуі мал азығының берік қорын
қалыптастыру мəселесін ұтымды шешуге жəрдемдеседі деп есептейміз.
Бұл мəселені сөз еткенде, мал азығы өндірісі түсінігінің өзі əлі толық
калыптаспағандығын айта кеткен орынды. Барлық мүмкіндіктер (жер, техника, маман,
қаржы) жеткілікті шаруашылықтарда мал азығы өндірісі қарқынды сипатка ие. Бұл арада
малазыктық дакылдар егісінің кұрылымы, жоспарланған өнімділікке сай, малды құнарлы
азықтандыру рациондарын қамтамасыз етуге сəйкестендірілуі тиіс. Рациондарына сай əр
шаруашылықтың, өзіндік малазықтық алқаптар құрылымы да болуы керек. Бұл - əлемдік
үрдіс, бізде де осылай қалыптасуы тиіс. Осы орайда, институт ғалымдары сүтті жəне етті
ірі қара шаруашылығына арналған, мал азығы мен малазыктық дакылдар құрылымы
бойынша коп жылдық жұмыстар нəтижесінде ғылыми еңбекті жарыққа шығарғандығын
атап өту кажет. Ғылыми негізделген рациондарға (сүтті ірі қара шарушылығында əр
сиырдан жылыңа 3000-6000 кг сүт өндіруді, ал етті ірі қара шаруашылығында 20 айлық
бұқашықтардың салмағын 400-420 кг-ға жеткізуді қамтамасыз ететін) сəйкес, 100 басқа
есептеліп, ұсынылған еңбекте қажетті малазықтық дақылдар жиынтығы, олардың
құнарлылығы, өнімділігі мен егістік алқаптар ауданы көрсетілген. Мəліметтер Батыс,
Оңтүстік, Солтүстік, Орталық жəне Шығыс Қазақстан аймақтары бойынша берілген.
ƏОЖ 597
ҚОҚЫШКӨЛ КӨЛІНІҢ ҚАЗІРГІ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Пазылбеков М.Ж.
Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
Annotation
This article reflects the current state of the fish fauna lake Kokyshkol, given the biological
characteristics of the fish, as well as targeted fish stocks for 2016.
Аннотация
В этом статье отражено современное состояние ихтиофауны озеро Кокышколь, дана
биологическая характеристика рыб, а также расчитан промысловый запас рыб на 2016 год.
Кілт сөздер:
ихтиофауна, суқойма, көл, балық шаруашылығы.
Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 көл айдынының
45 248-і шағын (ауд. 1 км
2
-ге дейінгілер) көлдер қатарына жатады. Ауд. 10 км
2
-ден астам
ірі көлдер саны 296, ал 100 км
2
-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне
Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60%-ы тиеді). Қазақстан аумағы
бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген километр алшақ
жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды [1].Оларды толық
зерттеп білу, əрбір көлге биологиялық негіздемеленген ұсыныстар беру, ондағы балық
шаруашылығын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы кіші су қоймалардағы балық
қорларын, сонымен қатар су жануарларының жағдайына баға беру жəне олардың қорын,
сан алуан түрлілігін сақтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
Ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты суқоймада мекен ететін ихтиофауна
өкілдеріне биологиялық жəне экологиялық тұрғыдан баға беру.
283
Қоқышкөл көлі Ақсу ауданынның солтүстігінде, Құрақсу ауылынан алыс емес жерде
орналасқан. Қоқышкөл көлі кішігірім көлдер тобынан, жағалық зонасы 6,5 км, ауданы 197
га, орташа тереңдігі 4,5 м, шекті терең жері 7 м. Көлдегі су көлемі 8,87 млн. м
3
. Жағалаулары
құмды, сонымен қатар жағаны жоғарғы сатыдағы өсімдіктер жамылғысы жапқан. Су түбі
құмды болып келген. Ең терең жерлері солтүстік жəне оңтүстік жағалауларға жақын
орналасқан. Көлдің жалпы ұзындығы 2 км, ені 1,4 км, ал енсіз жері 0,7 км [2].
Материалдар жəне əдістемелер
Мақаланың негізі болған мəліметтер 2015 жылы Қоқышкөл көлінде жүргізілген
далалық экспедиция барысында жиналды. Ихтиологиялық материалдарды жинау жəне
оларды өңдеу, ихтиофаунаның түрлік құрамын зерттеу жалпы қабылданған ихтиологиялық
əдістермен жүргізілді. Балықтар арнайы стандартты ау құралымен (құрма аулар ау көзінің
қадамы 18, 20, 24, 30, 40, 50, 60, 70, 80 мм, əр қайсысының ұзындығы 25 м) ауланды жəне
олардың түрлік құрамы, жастық, жыныстық, сандық мөлшері туралы мəліметтер алуға
мүмкіндік берді. Жасы зертханада МБС-10 көмегімен қабыршағы арқылы анықталды.
Алғашқы биологиялық талдау ауланған күйінде жағалауда жасалынды. Көлдің
географиялық орналасу нүктелері GPS құрылғысы арқылы белгіленіп [3-5].
Құрма аулармен ғылыми-зерттеу аулаулардың нəтижесінде көлдің балықтарының түрлік
құрамы келтірілген. Аулауда: сазан, күміс мөңке, қаракөз, кəдімгі көксерке, балқаш
алабұғасы жəне кəдімгі жайын кездесті (кесте 1).
Кесте 1 – 2015 ж. зерттеу мəліметтері бойынша Қоқышкөл көліндегі балықтар тізімі [6]
Түр атаулары
латынша
қазақша
орысша
Abramis brama orientalis Berq
Шығыс тыраны
Лещ восточный
Aspius aspius aspius (Linnaeus)
Кəдімгі ақмарқа
Обыкновенный жерех
Carassiusauratusgibelio (Linnаeus)
Күміс мөңке
Серебряный карась
Cyprinuscarpiocarpio Linnaeus
Сазан
Сазан
RutilusrutiluscaspicusJakowlew
Каспий қаракөзі
Каспийская вобла
Sanderlucioperca(Linnaeus)
Кəдімгі көксерке
Обыкновенный судак
Ғылыми зерттеуаулау нəтижелері бойынша Қоқышкөл көліндегі балықтардың
өнімділігі2 кестеде келтірілген.
Кесте 2– Ғылыми – зерттеу ауларындағы балық өнімділігі, 2015 ж.
Балық түрелі
Аулау құралдары
Көрсеткіштер 12
сағатта кг/ауға
Шығыс тыраны
Құрма аулар
18-80 мм, 25 м
ауытқуы
0,1-0,4
орташа
0,2
Кəдімгі ақмарқа
Құрма аулар
18-80 мм, 25 м
ауытқуы
0,9-0,9
орташа
0,9
Күміс түсті мөңке
Құрма аулар
18-80 мм, 25 м
ауытқуы
0,9-1,5
орташа
1,2
Сазан
Құрма аулар
18-80 мм, 25 м
ауытқуы
1,9-2,9
орташа
2,4
Каспий қаракөзі
Құрма аулар
18-80 мм, 25 м
ауытқуы
0,5-0,9
орташа
0,7
Кəдімгі көксерке
Құрма аулар
18-80 мм, 25 м
ауытқуы
0,8-1,4
орташа
1,1
Жалпы
Құрма аулар
18-80 мм, 25 м
ауытқуы
0,1-2,9
орташа
1,3
284
Кестеде көрсетілген мəлеметтерге сүйенсек ау қатарының өнімділігі аудың саны мен
ұяшығына, сонымен қатар балық түрлеріне қарай 0,1-ден 2,9-ға дейін ауытқып, орташа 1,3
кг/ауға болып отыр. Ең жоғарғы көрсеткіш сазан балығында (1,9–2,9 кг/ауға), ал ең төмеңгі
көрсеткіш тыран мен каспий қаракөзінде 0,1–0,4-тен 0,5-0,9 кг/ауға дейін. Ғылыми – зерттеу
ауларында негізінен 30–50 мм ау көздеріне балықтардың көп бөлігі іліккен.
Тыран. Қоқышкөл көліндегі ғылыми аулаудағы тыранның жастық қатары аса үлкен емес 1
мен 6 жас аралығын қамтиды. Биологиялық көрсеткіштері дене ұзындығы 11,0-ден 22,0 см-
ге дейін жəне дене салмағы бойынша 24-тен 206 г аралығында ауытқуы (кесте 3).
Қоңдылық индексі 1,75-тен 1,98-ге дейін ауытқып, орташа – 1,83.
Кесте 3–Қоқышкөл көліндегі балықтардың негізгі биологиялық көрсеткіштері, 2015 ж.
Жастық
қатар
Ұзындығы, см
Салмағы, г
Фультон
бойынша
қоңдылығы
N
%
бойынша
балық
үлесі
мин-макс орташа мин-макс орташа
Тыран
1 11,0-12,0
11,4
24-36
28
1,85
4
28,6
2 15,0-15,5
15,3
64-68
66
1,86
2
14,3
3 15,5-16,5
16,0
78-84
81
1,98
2
14,3
4 18,0
18,0
102
102
1,75
1
7,1
5 20,0
20,0
140
140
1,75
1
7,1
6 20,5-22,0
21,4
148-206
175
1,77
4
28,6
Барлығы 11,0-22,0 16,5 24-206
96
1,83
14 100
Сазан
4 28,0
28,0
500
500
2,30
1
25,0
5 30,2-32,5
31,0
635-740
690
2,33
2
50,0
6 35,0
35,0
814
814
1,93
1
25,0
Барлығы 28,0-35,0 31,5 500-814 668
2,18
4 100,0
Күміс мөңке
4 8,8-9,6
9,1
16-23
20
3
60,0
5 9,6-9,7
9,6
22-23
23
2
40,0
Барлығы 8,8-9,7 9,2 16-23 20,4
5 100,0
Каспий қаракөзі
4
18,0-
19,1
18,5 120-125 123
1,9 2
14,3
5
18,5-
21,5
20,1 115-190 153
1,9 9
64,3
6 21,0
21,0
175
175
1,9
1
7,1
7
22,7-
23,5
23,1 215-270 243
2,0 2
14,3
Барлығы
18,0-
23,5
20,2 115-270 158
1,9 14 100,0
Көксерке
5
37,9-
39,0
38,5 759-760 760
1,34 2 66,7
7 48,5
48,5
1304
1304
1,14
1
33,3
Барлығы
37,9-
48,5
42,5
759-
1304
1002 1,24 3
100,0
285
Ақмарқа. Ғылыми-зерттеу аулауда ақмарқаның бір данасы кездесті, дене ұзындығы
41,0 см жəне салмағы 920 г болатын гонадасының жетілуі IV- II сатысындағы аналық.
Сазан. Қоқышкөл көліндегі ең құнды балық.Ғылыми-зерттеу аулауда сазанның 4
данасы кездесті. Төменде осы түрдің биологиялық көрсеткіштері келтірілген (кесте3).
Ғылыми-зерттеу аулауда сазанның орташа салмағы ағымдағы жылы - 668 г, ұзындығы -
31,5 см құрады. Ең үлкен 6 жастық дарақтың дене ұзындығы 35,0 см, салмағы 814 г. Фуль-
тон бойынша қоңдылығының ауытқуы болмашы ғана: 1,93-2,33 аралығында, орташа - 2,18.
Бозша мөңке. Ғылыми-зерттеу аулауда Қоқышкөл көлінде мөңкенің 5 данасы кездесті.
Оның ішінде 3 данасы - 4 жастық, 2 данасы - 5 жастық дарақтар. Мөңкелердің дене
ұзындықтары 8,8-ден 9,7 см-ге дейін, ал салмағы сəйкесінше 16-23 г аралығында ауытқыды
(кесте 3).
Қаракөз– жаппай кездескен кəсіптік түр. Аулаудағы балықтардың дене ұзындықтары
18,0-ден 23,5 см-ге дейін (орташа20,2 см), салмағы шамамен 115-тен 270 (орташа158 г),
Фультон бойынша қоңдылығы 1,9-дан 2,0 (орташа 1,9) (кесте3). Жыныстық арақатына-
сында аналықтары басым. Біздің аулаудағы қаракөздің жасының шегі 7 жас, дене ұзындығы
22,7-23,5 см құрады. Жалпы алғанда сұрыпта 5 жастық балықтар басым болды (64,3%).
Көксерке. Құнды кəсіптік түр. Бірақта, көлдегі оның аулаудағы үлесі болмашы ғана.
Ағымдағы жылғы көксеркенің жасының шегі 7 жас, дене ұзындығы 48,5 см жəне салмағы
1304 г құрады. Көксеркенің Фультон бойынша орташа қоңдылығы 1,24 тең (кесте3).
Алынған ихтиологиялық мəліметтердіге сүйене отырып 2016 жылға Қоқышкөл
көлінде балық аулау көлеміне балжам жасалды (кесте 4). Болжам тек аулауда жеткілікті
мөлшерде кездескен балық түрлеріне есептелді, яғни кəсіптік қорының саны жеткілікті
болған түрлерге.
Оңтайлы мүмкіндік аулаудың (ОМА) есебіне сəйкес Қоқышкөл бойынша кəсіптік аулаға
берілетін балық қоры 5,79т құрады (кесте 4).
Кесте 4 – 2016 ж. Қоқышкөл көлінде балықтардың жалпы мүмкіндік аулаудың
(ОМА) есебі
Көрсеткіш
га
Ау
ұз-
ғы,
м
Ау
сан
ы,
дана
Аулар
дың
ұстағы
ш.
коэф.
Орта
ша
түсім,
кг
Кəсіпт
ік
саны,
мың
дана
Кəсіп
тік
қор,
т
Коэф.
Шы-
ғымы
ОМА,
т
Суқойма
Түр
Қоқышк
өл көлі
тыран
19
7
25 22
0,2
0,096
16,16
1,55 0,35 0,54
ақмарқ
25 22
0,2
0,920
1,74
1,60 0,35 0,56
сазан 25
22
0,2
0,668
5,21
3,48
0,30
1,04
қаракө
25 22
0,2
0,158
5,96
0,94 0,30 0,28
мөңке
25
22
0,2
0,024
105,2
2,52
0,35
0,88
көксер
25 22 0,2 1,002 8,3 8,32 0,30 2,49
Достарыңызбен бөлісу: |