Зерттеу нəтижелері
Пияз егістігі жолағының ендерін жолақ бойлығы шетінде орналасқан өсімдіктердің
орталары арасындағы қашықтықты өзара бірқалыпты орналастырылған жеке есептік
учаскедегі нүктелерде өлшеу жолымен айқындалды. Өлшеу қателігі ±1,0 см. Пияз егістігін
жолақ ені бойынша өлшеу деректері 2-кестеде келтірілген.
Кесте 2 – Пияз егістігі жолақтарының ені
Интервал, см 86 87 88 89 90 91 92 93
Ықтималдық, %
8 11 12 16 22 13 10 6
Пияз егістігіндегі жолақ ендері 86-дан 93 см-ге дейінгі шекте жатады, сонда орта
мəн
Х=89,45 см (ортаквадраттық ауытқу δ=1,59 см, өзгеру коэффициенті ν=l,79%) болады.
Осыған байланысты пияз аластағыш құрылғының алымдық ені 93 см-ден кіші болмауға
тиіс (3-сурет).
257
3-сурет. Пияз егістігі жолақтары енінің үлестірілім ықтималдығы мен өзгеру қисығы
«Мереке» пияз сортының өлшемдік сипаттамалары дəлдігі ±0,1мм болатын ШЦ-11-
250-0,05 штанген циркулі жəне ЛМП-300 сызғышымен өлшенді, мұнда пияз баданасы
басының топырақ үстіндегі бөлігінің биіктігі – һ
пбб
, пəлектің табиғи күйдегі биіктігі –
һ
пткб
, пəлек диаметрі – d
пəл
анықталды. Жиым-терім кезіндегі «Мереке» пияз сортының
өлшемдік сипаттамаларының деректері 3-кестеде берілген.
Кесте 3 – «Мереке» пияз сортының өлшемдік сипаттамалары
Көрсеткіштер
Мəндері
ең үлкен
орташа
ең кіші
Бадана басының топырақ үсті бөлігінің биіктігі, мм 14,0 11,4
2,0
Өсімдіктің табиғи күйдегі биіктігі, мм
«Мереке» пияз сорты
270,0
85,0
30,0
Арамшөп
498,0
164,0
30,0
Өсімдік пəлегінің диаметрі, мм
«Мереке» пияз сорты
20,0
11,1
4,0
Арамшөп
15,2
9,7
1,9
Пияз баданасы басының топырақ үсті бөлігінің биіктігі 2-ден 14 мм-ге дейінгі шекте
жатады, сонда орта мəн
Х =11,4 мм (ортаквадраттық ауытқу δ=1,99 мм, өзгеру
коэффициенті ν=17,45%) болады. Арамшөптің табиғи күйдегі биіктігінің мəндері 3,0-ден
49,8 см-ге дейінгі шекте жатады, сонда орта мəн
Х=16,4 см (ортаквадраттық ауытқу
δ=5,04 мм, өзгеру коэффициенті ν=30,73%) болады. Пияз пəлегі диаметрінің мəндері 4-тен
20 мм-ге дейінгі шекте жатып, орта мəні
Х=11,1 мм (ортаквадраттық ауытқу δ=2,56 мм,
өзгеру коэффициенті ν=23,1%), ал арамшөп диаметрінің мəндері 1,9-дан 15,2 мм-ге
дейінгі шекте жатып, орта мəні
Х =9,7 мм (ортаквадраттық ауытқу δ=3,37 мм, өзгеру
коэффициенті ν=34,7%) болады.
«Мереке» пияз сортының пəлегі жəне арамшөптің болаттан жасалған жазықбет бой-
ынша үйкелісінің статикалық коэффициентін өлшеу негізінде алынған деректер 4-кестеге
сəйкес көрсетілген.
258
Кесте 4 – «Мереке» пияз сортының пəлегі мен арамшөптің болат жазықбет бойынша
үйкелістік қасиеттері
Көрсеткіш
Пияз пəлегі Арамшөп
Үйкелістің статикалық бұрышының орташа мəні
Х, градус 34,14±0,94 41,63±1,49
Ортаквадраттық ауытқу S, градус
0,81
1,24
Вариациялау коэффициенті ν, %
2,4
2,9
Таңдама орташаның салыстырмалы ауытқуы Sх, %
0,59
0,98
Үйкелістің статикалық коэффициенті, Кс 0,57-0,62
0,63-0,72
Ылғалдылық, %
18,2
90
Пияз егістігінің бір шаршы метріндегі өсімдік саны танаптың диагоналы бойынша
əрбір есептік бөлікке рамканы қою жолымен оларды санау арқылы анықталды. «Мереке»
сорты үшін бір шаршы метрдегі пияздың саны орташа шамасы
Х=88 дана болған кезде
57...105 дана аралығында болды (ортаквадраттық ауытқу δ = 8,6 дана, өзгеру коэф-
фициенті v=9,8 %). Пияздың «Мереке» сортын жинау алдындағы бір шаршы метрдегі
арамшөп мөлшері орташа шамасы
Х= 26дана болған кезде 6...58 дана аралығында болады
(ортаквадраттық ауытқу δ=9,5 дана, өзгеру коэффициенті v=36,5 %). Жиым-терім кезең-
індегі пияз егістігі күй-жағдайының нəтижелері 5-кестеге сəйкес берілген.
Кесте 5 – Бір шаршы метрдегі өсімдік саны
Көрсеткіштер
«Мереке» сортының пиязы
Бір шаршы метрдегі бадана саны, дана:
максималды 105
орташа 88
минималды 57
Бір шаршы метрдегі арамшөп саны, дана:
максималды 58
орташа 26
минималды 6
Зерттеу нəтижелерін талқылау
«Мереке» пияз сортының физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу нəтижелерін
талдау негізінде мынадай тұжырымдама жасауға болады: пияз егістігі жолақтары енінің
орта мəні – 89,45 см кезінде 86...93 см шегінде жатады, осыған байланысты пияз алас-
тағыш құрылғының алымдық ені 93 см-ден кіші болмауға тиіс; пияз пəлегі мен арам-
шөптің өлшемдік сипаттамалары мынадай көрсеткіштермен айқындалады: пияз баданасы
басының топырақ үсті бөлігіндегі биіктігінің орта мəні –11,4 мм; пияз пəлегі биіктігінің
орта мəні – 8,5 см; арамшөп биіктігінің орта мəні − 16,4 см; пияз пəлегі диаметрінің орта
мəні − 11,1 мм; арамшөп диаметрінің орта мəні − 9,7 мм; «Мереке» пияз сортының болат
жазықбет бойынша статикалық үйкеліс коэффициенті 0,57-0,62, ал арамшөптікі − 0,63-
0,72 құрады; бір шаршы метрдегі «Мереке» пияз сорты өсімдігінің орта мəні − 88 дананы,
ал арамшөп мөлшерінің орта мəні − 22-26 дананы құрады.
Қорытынды
«Мереке» сортының анықталған физикалық-механикалық қасиеттері пияз пəлегі мен
арамшөпті аластағыш құрылғының конструктивтік-режимдік параметрлерін (жұмыстық
органның айналыс жиілігі, пəлек кесудің сыни жылдамдығы, жұмыстық органды егістік
бетімен салыстырғанда орнату биіктігі, пышақтарды орнату бұрышы, пияз пəлегі мен
арамшөпті аластаудың толықтығы) негіздеуге мүмкіндік береді.
259
Əдебиет
1 Завалишин Ф.С. Методы исследований по механизации сельскохозяйственного
производства. – М.: Колос, 1989. – 231 с.
2 Доспехов В.А. Методика полевого опыта (С обоснованием статистической обра-
ботки результатов исследований). – М.: Колос, 1979. – 416 с.
3 Үсейн Ұ., Жүнісбаев Б.Ж., Сапарбаев Е.Т., Қашаған Б.Е. «Қараталдық» пияз сұр-
пының физикалық-механикалық қасиеттері //Ізденістер, нəтижелер.– 2015, №1. – 32-38 бб.
Koжагулова М.С., Жунусбаев Б.Ж., Сапарбаев Е.Т.
ФИЗИКО-МЕХАНИЧЕСКИЕ СВОЙСТВА ЛУКА СОРТА «МЕРЕКЕ»
В статье приведена методика определения физико-механических свойств лука. В
результате обработки и анализа экспериментальных данных по исследованию физико-
механических свойств лука сорта «Мереке» получены данные, необходимые для обосно-
вания конструктивно-режимных параметров обрезчика ботвы лука и сорных рас-тений.
Ключевые слова: обрезчик ботвы,диаметр ботвы, высота ботвы, высота головки
луковицы, высота сорных растений, число растений, среднеквадратичное отклонение,
интервал, вероятность, коэффициент вариации.
Kozhagulova M., Zhunusbayev B., Saparbayev Ye.
PHYSICO-MECHANICAL PROPERTIES OF ONIONS OF THE GRADE «MEREKE»
The technique of determination of physicomechanical properties of onions is given in
article. As a result of processing and the analysis of experimental data on research of physico-
mechanical properties of onions of a grade «Mereke» the data necessary for justification of the
constructive-regime parameters of the cutter tops of onions and weedplants.
Keywords: cutter leaves, diameter of foliage, height of leaves, height of head follicles,
height of weeds, number of plants, standard deviation, interval, probability, coefficient of
variation.
ƏОЖ 636: 621. 311
Ибраева А.А., Исаханов М.Ж.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ФЕРМЕРЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЭНЕРГИЯ МҰҚТАЖДЫҒЫН АНЫҚТАУ
Андатпа
Мақалада фермерлік шаруашылықтың энергия мұқтаждығын анықтау мақсатында
екі фермерлік шаруашылық қарастырылып, олардың энергия мұқтаждықтары зерттелген.
Кілт сөздер: фермерлік шаруашылық, энергия мұқтаждығы, энергия менеджменті,
қуат, электрлік жарықтандыру.
Кіріспе
Фермерлік шаруашылықтың дербес энергиямен жабдықтау жүйесін құрастырғанда
өндірістік жəне тұрмыстық мақсатта тұтынылатын қуат қажеттіліктерін толығымен
анықтап есепке алу керек болады. Ферма қожалығын автономдық қуатпен қамтамасыз-
260
дандыру өндірістік жəне тұрмыстық мақсатта тұтынылатын қуат қажеттілігін қанағаттан-
дыру мақсатында ұйымдастырылады. Ферма қожалығында электрлік жарықтандыру,
ыстық сумен қамту, су тарту, тұрмыстық жəне өндірістік ғимараттарды жылыту жəне
желдету үрдістері міндетті түрде энергиямен қамтамасыздандырылуы қажет.
Нəтижелер жəне талқылаулар
Ферма қожалығының электр жəне жылу жүктемелерін қатынасы əр түрлі болуы
мүмкін. Ферма қожалығында электр қуатын автономдық түрде өндіру кезінде ыстық
сумен қамту, өнімді технологиялық қыздыру жəне салқындатуға міндетті түрде жылу
энергиясы қажет болады. Технологиялық жəне тұрмыстық мұқтаждықтар үшін жылу
энергиясын электр қыздырғыштар көмегімен тура қыздыру арқылы өндіру, шығыны мол
жəне иррационалды болып табылады. Сондықтан да, электр энергиясының 1 кВтсағ
тұтынуы кезінде жылу энергиясының 4-5 кВт сағ мөлшерін алуға мүмкіндік беретін жəне
сондай-ақ қожалықты жылумен қамтамасыздандырудың жалпы меншікті құнын
төмендетуге мүмкіндік беретін жылу сораптарын қолдану қажет [1].
Автономдық ыстық сумен қамтудың өзіндік құны мен электр жүктемесін
төмендетуге мүмкіндік беретін күн сəулесі коллекторларын пайдалана отырып жылу
энергиясын тура жолмен алу біршама тиімді болуы мүмкін [2-4].
Автономдық қуат агрегаттары өндіретін электр энергиясын тиімді пайдалануға
энергиялық жоспарлау немесе энергиялық менеджмент негіз бола алады [5]. Энергиялық
менеджмент қуат шығындарын біршама тиімділендіруге, ферма қожалықтары
нысандарының шаруашылық мұқтаждығын қамтамасыз етуге арналған энергия
ресурстарының қажетті мөлшерін өндіру, транспорттау жəне пайдалану тиімділігін
болжауға жəне қадағалауға мүмкіндік беретін жүйе болуы тиіс. Энергиялық менеджмент
қуаттық тиімділікті арттыру арқылы шығынды төмендету мақсатындағы басқару
əдістемесі болып табылады. Энергиялық менеджмент энергиямен қамту жəне энергия
үнемдеудің техникалық аспектілері тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, ұйымдасты-
рушылық, ынталандырушылық, ақпараттық, маркетингтік жəне инвестициялық
аспектілері тұрғысынан да қарастырылуы тиіс. Бұл аспектілер техникалық мəселелермен
қатар энергиялық менеджменттің құраушы бөліктері болып табылады. Энергиялық
менеджмент құраушылары қатарына ферма қожалығының жалпы энергия саясатын да
кіргізу қажет [6-8].
Энергиямен қамту жоспары қуат көзінің қуаттық мүмкіндіктерін, қуаттық
жүктемелердің сағаттық, тəуліктік, апталық, айлық жəне маусымдық теңсіздіктерін ескере
отырып əзірленеді. Электр энергиясы көздерінің қуаттық мүмкіндіктерінің теңсіздіктерін
күн жəне жел энергиясы көздерін, сондай-ақ қуат аккумуляторларын параллель пайдалану
арқылы толықтыру жоспарланады.
Шағын жəне орта көлемді ферма қожалықтарына арналған энергиямен қамту жəне
жылумен қамту жүктемелерін анықтау жолдарын қарастырайық. Жүктеменің болуы
технологиялық немесе тұрмыстық қажетіліктен туындайды, ал жүктеменің көлемі осы
жүктемеге арналған қуатты пайдаланудағы тиімділіқ деңгейі болып табылады. Осыған
байланысты, энергиялық жүктемелер ферма қожалығында энергия үнемдеу жəне қуат
тиімділігі талаптарын орындау шарттарымен қалыптасатын болады. Атап айтқанда
оларға жататындар:
- электрлік жарықтандырудың энергия үнемдеуші шамдарын қолдану;
- ыстық су шығынын шектеуіші жуыну бөлмелерінде үнемдік бүріккіштер мен
ағындық шектегіштер қолдану;
- суды тура жылытуға жəне бөлмені электрмен жылытуға электр энергиясын
пайдаланбау;
- қыс кезінде желдету жүйесі арқылы сыртқа шығарылатын ауаның жылу қуатын
пайдалану;
261
- жаз уақытында ауа салқындатқыштары орнына бөлменің ішкі ауасын салқындатуға
энергия үнемдеуші технологиялар негізіндегі суық көздерін пайдалану;
- ең суық кезеңге арналған жылытудың меншікті жүктемесін 25 Вт/м
3
, ал желдету
жүктемесін 10 Вт/м
3
арттырмау.
- тұрмыстық қажеттіліктерге арналған ыстық судың меншікті шығыны тəулігіне
адам басына 50 литр, ыстық су температурасы 50
0
С, ал техникалық қажеттіліктерге
арналған ыстық су температурасы 45
0
С аспайды.
- технологиялық қажеттіліктерге арналған ыстық судың меншікті шығыны тəулігіне
адам басына 150 литр, ыстық судың температурасы 45
0
С аспайды.
- жануарларды, жабдықтарды жуу тəрізді технологиялық қажеттіліктер үшін судың
меншікті шығынын үш-төрт есе азайтуға мүмкіндік беретін ыстық суды үнемдеуші
ағындық бүріккіштері қолдану.
- тұрмыстық жəне өндірістік ғимараттарда жарықтандыру қолданылмайтын кезде,
яғни жұмыс күні бойы электр көзінің қуатын өндірістік үдерістерде де пайдалану.
Аталған шарттарды ескере отырып шағын жəне орта ферма қожалықтарына
арналған автономдық энергиямен қамтамасыздандырудың тиімді жүктемелері анықталды.
Ферма қожалықтарының қысқаша сипаттамалары 1 кестеде келтірілген:
Кесте 1 –Ферма қожалықтарының сипаттамалары
№р/р
Көрсеткіш атауы менсипаттамалары
Көрсеткіш мəндері
Ферма
қожалығы 1
Ферма
қожалығы 2
1
Үйдің тұрмыстық ауданы, м
2
75.0
180.0
2
Тұрғын ғимаратының көлемі, м
3
165.0
450.0
3
Ферма қожалығының өндірістік ғимаратының
ауданы, м
2
150.0
400.0
4
Ферма қожалығының өндірістік ғимаратының
көлемі, м
3
370.0
900.0
5
Үйде тұратын адамдар саны, адам
5
9
6
Фермада жұмыс істеушілер саны, адам
2
4
Зерттеу мен сараптау нəтижесінде энергияның автономдық балама көздерін енгізу
жоспарын əзірлегенге дейінгі ферма қожалықтарының куат көздерінің сипаттамалары
анықталып 2 кестеде берілген.
Кесте 2 –Электрмен қамтамасыз ету көздерінің сипаттамалары
№
р/р
Қуат көзі , сипаттамасы
Көрсеткіш мəні
Ферма
қожалығы 1
Ферма
қожалығы 2
1 Жанармайлық генератор, кВт
5.0
10.0
2 Көмірмен жағылатын қатты жанармайлық қазандық,
кВт
10.0
20.0
3 Жанармайдың жылдық шығыны, т
4.7
9.8
4 Көмірдің жылдық шығыны, т
9.9
21.1
Жоғарыда келтірілген энергия үнемдеу мен қуат тиімділігіне қойылатын талаптарды
ескере отырып ферма қожалықтарына арналған автономдық энергиямен қамтамасыздан-
дырудың нақты жүктемелері анықталып 3 кестеде келтірілген.
262
Кесте 3 – Ферма қожалықтарының нақты жүктемелері
№р/р Жүктеме көрсеткішінің атауы
Көрсеткіш мəні
Ферма
қожалығы 1
Ферма
қожалығы 2
1
Тұрғын үйді жарықтандыру жүктемесі, Вт 1125.0
2700.0
2
Өндірістік ғимаратты жарықтандыру жүктемесі,
Вт
1500.0
4000.0
3
Тұрғын үйді жылыту жүктемесі, Вт 4125.0
11250.0
4
Тұрғын үйді желдету жүктемесі, Вт 1650.0
4500.0
5
Технологиялық ыстық сумен қамту жүктемесі,
тəулігіне Вт сағ
15700.0
31400.0
6
Тұрғын үйді ыстық сумен қамту жүктемесі,
тəулігіне Вт сағ
14538.0
26168.0
Қуат тиімділігі талаптары бойынша жарықтандырудың нақты жүктемелері
автоматтық құрылғылар (фотореле) арқылы оларды пайдалану уақытын азайту арқасында
төмендеуі мүмкін.
Жылдың ең суық мезгілі үшін №1 ферма қожалығына арналған қуаттың тəуліктік
тұтынылу көрсеткіштері.
Пайдалану коэффиценті 0,5-ке төмендетілген жарықтандыру жүктемелеріне
арналған қуаттың тəуліктік тұтынылуы:
W
тəу жарық
= (1.125 +1.5) ·24·0.5 = 31.5 кВт сағ/тəулік
Жылыту қажеттіліктері үшін қолданылатын қуаттың тəуліктік тұтынылуы:
W
тəу жылыту
= 4.125 ·24 = 99.0 кВт сағ /тəулік
Желдету қажеттіліктері үшін қолданылатын қуаттың тəуліктік тұтынылуы:
W
тəу желд
= 1.650 ·24 = 39.6 кВт сағ/тəулік
Жылдың ең суық мезгілі үшін №2 ферма қожалығына арналған қуаттың тəуліктік
тұтынылу көрсеткіштері.
Пайдалану коэффиценті 0,5-ке төмендетілген жарықтандыру жүктемелеріне
арналған қуаттың тəуліктік тұтынылуы:
W
тəу жарық
= (2.7 +4.0) ·24·0.5 = 80.4 кВт сағ/тəулік
Жылыту қажеттіліктері үшін қолданылатын қуаттың тəуліктік тұтынылуы :
W
тəу жылыту
= 11.25 · 24 = 270.0 кВт сағ/тəулік
Желдету қажеттіліктері үшін қолданылатын қуаттың тəуліктік тұтынылуы:
W
тəу желд
= 4.5 ·24 = 108.0 кВт сағ/тəулік
Қуаттың тəуліктік тұтынылуын есептеу нəтижелері 4 кестеде келтірілген:
263
Кесте 4 –Ферма қожалықтары үшін қуаттың тəуліктік тұтынылуы
№
Қуатты тұтыну түрінің атауы
Көрсеткіш мəні
Ферма
қожалығы 1
Ферма
қожалығы 2
1
Жарықтандыруға арналған электр қуатын тұтыну,
кВт сағ. (технологиялық мақсатта күндізгі уақытта
қолданылады)
31.5
80.4
2 Жылытуға жылу қуатын тұтыну, кВт сағ.
99.0
270.0
3 Желдетуге жылу қуатын тұтыну, кВт сағ.
39.6
108.0
4
Технологиялық ыстық суға жылу қуатын тұтыну, кВт
сағ.
15.7
31.4
5 Тұрмыстық ыстық суға жылу қуатын тұтыну, кВт сағ. 14.6
26.2
Барлығы, кВт сағ.
200.4
516.0
6
Энергия көздердің қажетті минималды жалпы қуаты,
кВт
200.4: 24
= 8.4
516.0 : 24
= 21.5
Қорытынды
Энергия тиімділігі талаптарын ескере отырыпшағын жəне орта ферма
қожалықтарына арналған автономдық энергиямен қамтамасыздандырудың тиімді
жүктемелері анықталды.
Əдебиеттер
1. Тепловые насосные установки // Журнал "Мир климата", №32, 2008
2. ГОСТ 28310-89 Коллекторы солнечные. Общие технические условия. М.:
Госстандарт, 1999.
3. Матвеев А. В., Щеклеин С. Е. Особенности использования солнечного коллектора
в Уральской климатической зоне. Перспективные энергетические технологии. Экология.
Экономика, безопасность и подготовка кадров. Сборник научных трудов, Екатеринбург,
2006. 150 -153 с.
4. Матвеев А. В., Пахалуев В. М., Щеклеин С. Е. Модель расхода теплоносителя
солнечного коллектора в режиме естественной циркуляции. Энергосбережение: состояние
и перспективы: Труды VIII Всероссийского совещания-выставки по энергосбережению,
Екатеринбург, 20-21 марта 2007 г., ООО «РИА «Энерго-Пресс», Екатеринбург, 2007 г. 112 –
113 с.
5. Безруких П. П., Арбузов Ю. Д., Борисов Г. А., Виссарионов В. А., Евдокимов В.
М., Малинин Н. К., Огородов Н. В., Пузаков В. Н., Сидоренко Г. И., Шпак А. А. Ресурсы и
эффективность использования возобновляемых источников энергии // СПб, Наука, 2002.
314 с.
6. ПРООН-ГЭФ, ПИМС 125 - Казахстанская Инициатива развития рынка
ветроэнергии. Пересмотренные логические рамки, март 2009 г.
7. ПРООН-ГЭФ, Действия, касающиеся управления проектом, в ответ на основные
вопросы и рекомендации группы по Среднесрочной оценке в рамках проекта ПРОН/ГЭФ,
Казахстан - Инициатива развития рынка ветроэнергии, декабрь 2007 г.
ЮНЕП, Зеленые рабочие места: на пути к приличной работе в устойчивом
низкоуглеродном мире. Политические послания и основные выводы тех, кто принимает
решения, September 2008 г.
8. РКИК ООН, Предложение от Казахстана для внесения поправок в Приложение Б
Киотского
Протокола
(Заметка
Секретариата),
Вспомогательный
орган
по
осуществлению, Бонн, с 31 мая по 9 июня 2010 г.
264
Ибраева А.А., Исаханов М.Ж.
ОПРЕДЕЛЕНИЕ ПОТРЕБНОСТИ В ЭНЕРГИИ ФЕРМЕРСКИХ ХОЗЯЙСТВ
В статье с целью определения потребности в энергии фермерских хозяйств
рассмотрены два фермерских хозяйства и исследованы потребности их в энергии.
Ключевые слова: фермерское хозяйство, потребность в энергии,энергетический
менеджмент, мощности, электрическое освещение.
Ibraeva А.А., Isahanov M.J.
DETERMINATION OF REQUIREMENT IS IN ENERGY OFFARMS
In the article with the purpose of determination ofrequirement in energy of farms two farm
s are considered andthe requirements of them are investigational in energy.
Keywords: farm, requirement in energy, power management, powers,electric illumination.
ƏОЖ 004.9
Қасымова А.Қ., Тұрғанбай Қ.Е.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
Аңдатпа
Мақалада мекемеде тіркелген қондырғыларды есепке алу туралы мəліметтер, яғни,
тұрғындар мен коммуналдық төлемдерін тіркеу үшін Delphi 7.0 бағдарламасын
пайдаланып, MySQL деректер қорын қолдану арқылы қажетті мəліметтерді кез-келген
уақытта пайдалану мүмкіндігі қарастырылды. Бұл жұмыста жазылған бағдарлама осы
ұйымның бухгалтеріне коммуналдық қызмет есебінің журналын дұрыс жүргізуге
мүмкіндік берді.
Кілт сөздер: ақпараттық жүйе (АЖ), меншік пəтерлердің кооперативі (МПК),
интерфейс, ОЖ-операциялық жүйе.
Кіріспе
Қазіргі қоғамның талаптарына сəйкес жаңа технологиялардың даму барысында
жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мəселелердің бірі. Өнеркəсіптерде, мемлекеттік
жəне жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында жəне басқа да салаларда
ақпараттандыру жүйесін кеңейту жəне жұмыс орнын автоматтандыру мəселелері алға
қойылып отыр. Автоматтандырылған жұмыс орны деп мамандардың жұмыс орнында
орналасқан жəне олардың жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылатын кəсіптік-
бағытталған кішігірім есептеу жүйесін айтуға болады. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен
көлемдегі материалдық жəне шикізаттық қорларға негізделген индустриалды
экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға»
ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор
екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дəлел ретінде Республика Парламентінің
«Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез-келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дəрежесімен
жəне онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен
265
анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп
мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген
телекоммуникациялы жүйелерге қосу мəселелерін шешуді қарастырады жəне де оның
алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Əрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері
экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады.
Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын
ақпарат жүйелері жəне автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау,
сақтау, жаңарту, өңдеу жəне шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен
ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе.
Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету
шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ
жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге
болады. АЕЖ мəліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап
толтыруды жəне шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сəйкес қамтамасыз етеді.
Жұмыс орнын автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық
жүйелер мен құрылғылар қолданылады [1-2].
Достарыңызбен бөлісу: |