Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата07.04.2017
өлшемі8,12 Mb.
#11299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Қорытынды 
1. Тауалды жазықтығының ашық-сұр топырақтар аймағында жартылай гидраморфты 
содалы  сортаңданған  кебірлердің  ауыл  шаруашылығында  қарқынды  игеріле  бастауы 
олардың кеңістікте таралу ерекшеліктерін, терең зерттеуді қажет етеді. 
2.  Содалы  сортаңданған  жартылай  гидраморфты  кебірлер  кезінде  гидраморфты 
сульфатты сортаңдардың ыза суларының біртіндеп 6-7 м-ге дейін төмендеуінен түзілген. 
3. Жартылай гидраморфты топырақтар А, В, В
2Са
, С, С
2Са
 қабаттарынан тұрады жəне 
тұзсыздану үрдісінің əр қарқындылықта жүруі, олардың əр деңгейлі содалы сортаңданған, 
сортаңданыңқыраған жəне терең сортаңданыңқыраған түрлерін қалыптастырған. 
 
Əдебиеттер 
1. Боровский В.М. Геохимия засоленных почв Казахстана. -М.: Наука, 1978. – 172 c. 
 
 
 

39
 
Кубенқулов К.К., Наушабаев А.Х., Хоханбаева Н.А., Базарбаев С.О. 
МЕЛИОРАТИВНЫЕ УСЛОВИЯ СОДОВО-ЗАСОЛЕННЫХ ПОЛУГИДРОМОРФНЫХ 
СОЛОНЦОВ ЗОНЫ СВЕТЛЫХ СЕРОЗЕМОВ 
В  статье  рассматриваются  строение,  химический  состав  и  физико-химические 
свойства  содово-засоленных  полугидроморфных  солонцов  зоны  светлых  сероземов  ТОО 
«АмиранАгро» 
Ключевые  слова:  солончаковость,  разрез,  солонцеватость,  щелочность,  химизм 
засоления. 
Kubenkulov K.K., Naushabayev A.K., Hokhanbayeva N. A., Bazarbayev S. O. 
RECLAMATION CONDITIONS OF THE SODA-SALINESEMI-HYDROMORPHIC 
SOLONETZ OF THE ZONE OF LIGHT SIEROZEMS  
In article the structure, a chemical composition and physical and chemical properties of the 
soda solonetzic soils of a zone of light gray soils of Amiranagro LLP salted the 
polugidromorfnykh are considered 
Keywords: solonchakous, pit, solonetzic, alkalinity, chemistry of salinization. 
ƏОЖ: 631.18:631.8 
Құрбанбаев А., Жамантіков Х., Балғабаев Ə., Уəлиева А. 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
КҮРІШ ӨНІМДІЛІГІНЕ ФОСФОРИТТЕРДЕН ӨНДІРІЛГЕН ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ  ТИІМДІЛІГІ 
Андатпа  
Мақалада  фосфориттерден  өндірілген  əртүрлі  тыңайтқыштарды  қолданудан 
күріштің  Маржан  сортының  өнімділігіне  əсерлері  бойынша  деректер  келтірілген. 
Қолданылған  тыңайтқыштар  күріш  өнімділігін  бақылаумен  салыстырғанда 5-17ц/га 
немесе 13,2-44,7% жоғарылатып, сапалы өнімді қалыптастырады. 
Кілт сөздер: Күріш, қарашірінді, жылжымалы қоректік заттар, тыңайтқыштар, өнім. 
Кіріспе 
Күріш  дүние  жүзіндегі  ең  ежелгі  жəне  негізгі  азықтық  дақылдар  қатарына  жатады. 
Күріш  жармасы  жоғары  дəмдік  қасиеттерге  ие  жəне  жеңіл  қорытылады,  сондықтан 
диеталық  тағам  ретінде  кеңінен  пайдаланылады.  Күріш  крахмалының  шаруашылық 
құндылығы  өте  зор,  соның  нəтижесінде  оны  тоқыма  жəне  парфюмерия  өндірістері  көп 
қолданады [1, 2]. 
Қазақстанда  күріш  дəнін  өсірудің  ірі  ауылшаруашылық  базасы  Қызылорда 
облысында жасалған, мұнда күріштің 80% астам егістігі орналасқан. Соңғы 20 жыл ішінде 
облыста  күріш  егістігінің    көлемі  90 мың  гектарға  ұлғайып,  күріш  дақылының  орташа 
өнімділігі 50 ц/га дейін өсті [1, 3]. 
Күріш  дақылының  өнімділігін  жоғарылатуда  минералддық  тыңайтқыштар,  оның 
ішінде азот пен фосфор тыңайтқыштарының алатын орны ерекше. Азот элементі өсімдік 

40
 
 
организмінің  өсіп-өнуіне  белсене  араласады.  Минералдық  формада  əсіресе  аммоний 
түріндегі азот өнімділіктің жоғарылауына септігін тигізеді [4]. 
Фосфор  элементі  күріш  дақылына  жан-жақты  əсер  етеді.  Бұл  элемент  топырақта 
жетіспесе    өсімдікте  ақуыздың    синтезделуі  нашарлайды,  жапырағы  жарылып,  тамыры 
нашар өседі жəне түптену кешігеді. 
Фосформен  оңтайлы  қоректендіру  негізінде  күріш  дақылының  өсіп-өнуін, 
өнімділігін жəне өнім сапасын айтарлықтай жоғарылатуға болады [5, 6]. 
 Зерттеудің  негізгі  мақсаты-  əртүрлі  фосфориттерден  өндірілген  тыңайтқыштардың 
күріш дақылының өсіп-өнуімен  өнімділігіне əсерлерін зерттеу болып табылады. 
Материалдар мен əдістер 
 Зерттеу  жұмысы  Ы.Жақаев  атындағы  Қазақ  күріш  шаруашылығы  ҒЗИ  тəжірибе 
танабында 2014-2015 жылдары жүргізілді. Аймақтың климаты өте континентальды қысы 
өте суық, ал жазы құрғақ жəне өте ыстық болып келеді. Аймаққа түсетін жылдық жауын-
шашын мөлшері 109мм аспайды. 
 Тəжірибе танабының топырағы шалғынды –батпақты, гранулометриялық құрамы –
ауыр құмбалшықты. Шалғынды-батпақты топырақтың жыртылатын қабатында қарашірін-
ді  мөлшері-1,09%,  жалпы  азот  мөлшері 0,012%, фосфор-0,24%,  нитрат  азоты 37,7мг/кг, 
аммоний азоты 23,5 мг/кг жылжымалы фосфор -20,1мг/кг құрайды.  Тəжірибе танабының 
топырағы  нитрат  жəне  аммоний  азотымен  көтеріңкі,  ал  жылжымалы  фосформен  орташа 
дəрежеде қамтамасыз етілген. 
Тəжірибеде Шилісай фосфорит кен орнынан өндірілген NP-11:11, NP-10:10 маркалы 
«Азофос» тыңайтқыштары қолданылды. «Азофос» фосфорит ұнына аммоний нитраты мен 
аммоний сульфаты ерітінділерін араластыру арқылы  өндірілген азот-фосфор тыңайтқыш-
тары жəне түйіршіктелген түрде шығарылады. 
Жоғарыда  аталған  тыңайтқыштардың  күріш  дақылына  тиімділігін  анықтау  мақса-
тында  тəжірибе  төмендегідей  сызба  бойынша  салынды: 1. N
120
K
90
/Na,KCІ; 2.N
120
P
120
K
90

NP-11:11; 3.N
90
P
90
K
90
/NP-11:11; 4.N
120
P
120
K
90
/NP-10:10; 5.N
90
P
90
K
90
/NP-10:10; 6.N
120
P
120
K
90

Рамф;  7.N
90
P
90
K
90
/Рамф;  8.N
120
P
120
K
90
/ Рм; 9.N
90
P
90
K
90
 / Рм  
Далалық тəжірибе жалпы қабылданған əдістеме бойынша салынды жəне жүргізілді [7]. 
Зерттеу нəтижелері жəне оны талдау 
Ауылшаруашылық дақылдарының жақсы өсіп-өнуі үшін көптеген  факторлар əсерін 
тигізеді.  Оның  ішінде  тыңайтқыштардың  тиімділігі  біршама  жоғары  болып  саналады. 
Өсімдікті өсіп-өну кезеңдерінде қажетті  мөлшерде қоректік элементтермен  қамтамасыз 
еткен    жағдайда,  олар  жоғары  өнімділікті  қалыптастыра  алады.  Тəжірибеде  қолданған 
тыңайтқыштар  күріш  дақылының  өсіп-өнуін  жақсартып,  əртүрлі  мөлшердегі 
өнімділіктерді  қамтамасыз  ететіндігі  анықталды.  Күріш  дақылына  азот  пен  калий 
тыңайтқыштарын  N
120
K
90
  нормаларында  қолданғанда  екі  жылдық  өнім 38ц/га  құрады. 
Фосфориттерден  жаңадан  өндіріліп  шығарылған  «Азофос»  тыңайтқыштарын  қолданған 
варианттарда  өнімділік 45-55ц/га  жоғарылап, 7,0-17,0ц/га  немесе 18,7-44,7% қосымша 
өнім алынды. Аммофос тыңайтқышынан 46-54,0 ц/га өнім жəне 8-16,0ц/га қосымша өнім 
алынса,  ал  ең  төменгі 45-52,0 ц/га  өнім  фосфорит  ұнын  қолданған  варианттан  жиналды 
(кесте1). 
 
Кесте 1 – Күріштің    Маржан  сортының  өнімділігіне  фосфориттерден  өндірілген 
тыңайтқыштардың əсері, ц/га (2жылдық орташа) 
 
№  Тəжірибе варианттары 
Өнім ц/га 
Өнім ц/га 
Қосымша өнім 
ц/га % 
1 N
120
K
90
/Na, KCІ 38,0 


2 N
120
P
120
K
90
/NP-11:11 53,0  15.0 
39.5 
3 N
90
P
90
K
90
/NP-11:11 45,0  7.0 
18,7 

41
 
4 N
120
P
120
K
90
/NP-10:10 55,0  17.0 
44,7 
5 N
90
P
90
K
90
/NP-10:10 48,0 10.0 
26,3 
6 N
120
P
120
K
90
/ Рамф
54,0 
16.0 
42.1
7 N
90
P
90
K
90
 / Рамф
46,0 
8.0 
21.1
8 N
120
P
120
K
90
/ Рм
50,0 
12.0 
31.6
9 N
90
P
90
K
90
 / Рм
43,0 
5.0 
13.2
ЕЕА
05
,ц/га 
Р,% 
2,77 
2,19 
Тəжірибедегі  күріш  дақылының  өнімділігі  қолданылған  азот  жəне  фосфор 
тыңайтқыштарының  нормалары  мен  қолданылған  тыңайтқыштардың  түрлеріне  тікелей 
тəуелді болды. Азот пен фосфор тыңайтқыштарының нормасын 30кг/га арттырған барлық 
варианттарда  күріш  өнімділігі 7-8ц/га  жоғарылады.  Фосфориттен  өндірілген 
тыңайтқыштардың    ішінде  «Азофос»  тыңайтқышының NP-10:10 маркасының  тиімділігі 
жоғары  болды  жəне  бұл  тыңайтқыштардан  күріштің  ең  жоғарғы 48,0 жəне 55,0 ц/га 
өнімділіктері  қамтамасыз  етілді.  Аммофос  жəне  «Азофос» NP-11:11 тыңайтқыштары  
тиімділіктері жағынан бір-бірімен шамалас болды. Фосфорит ұнының тиімділігінің төмен 
болатындығы анықталды. 
Қорытынды 
Зерттеу  нəтижелері    бойынша    фосфориттен  өндірілген  тыңайтқыштардың  күріш 
дақылының  өнімділігіне  əсерлерінің  түрліше  болатындығы  анықталды.  Тыңайтқыш-
тардың  ішінен  «Азофос» NP-10:10 жəне  аммофос  тыңайтқыштарының  тиімділіктері  
біршама  жоғары  болып,  күріштің  ең  жоғарғы 54-55ц/га  өнімділіктерін    қамтамасыз  етті.  
Өнімділіктің ең төменгі нəтижелері фосфорит ұнын қолданған варианттардан алынды. 
Əдебиеттер 
1. Усманов  С.,  Идрисов  Д.А.,  Сапаров  А.  Использование  неисчерпаемой  энергии
почвенных  микро-и  макроорганизмов  новое  направление  в  обеспечении  продуктами 
питания населения нашей планеты в ХХІ веке.Кн2.Алматы,2011.-с.95. 
2. Вавилов П.П. Растениеводство. Агропромиздат.1986.
3. Джамантиков  Х.,  Елешев  Р.,  Умирзаков  С.И.,  Джамантикова  М.Х.  Повышение
эффективности  фосфорных  удобрений  устойчиво  улучшает  экологию  рисовой  почвы  в 
Приаралье.// 
Материалы 
Международной 
научно-практической 
конференции 
«Перспективные  технологии  возделывания  масличных,  зернобобовых  культур  и 
регулирование плодородия почвы»,  Казахский националный аграрный университет, 13-15 
июня 2013г.,г. Алматы.-Алматы: «Айтумар».-2013-с.300-333. 
4. Авакян Э.Р., Кумейко Т.Б., Похно С.Л., Ольховская К.К.  Влияние различных доз
азотных удобрений на продуктивность риса. Вестник РАСХН. 2014.-№3с.34,35. 
5. Елешев  Р.Е.,  Иванов  А.Л.  « Фосфорной  режим  почв  Казахстана»,  Алма-Ата,
Наука,1990. 
6. Джамантиков Х.Д., Джамантиков М.Х., Рамазанова С.Б. Применение новых форм
фосфоросодержащих  удобрений  на  культур  риса//  Тезис  докладов  международного 
симпозимума  «Химическая  наука-  как  основа  развития  химической  промышленности 
Казахстана в ХХІ веке» посвешенный 100-летию со дня рождения академика А.Бектурова. 
Алматы, 2001,с.256-257. 
7. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта.-М.,1985.с.351

42
 
 
Курбанбаев А., Джамантиков Х., Балгабаев А., Уалиева А. 
 
Казахский национальный аграрный университет 
 
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ УДОБРЕНИЙ ПРОИЗВОДИМЫХ ИЗ 
ФОСФОРИТОВ НА УРОЖАЙНОСТЬ РИСА  
 
В  статье  приведены  данные  по  изучению  влияния  различных  удобрений 
производимых  из  фосфоритов  на  урожайность  риса  Маржан.  Применяемые  удобрения 
увеличивают  урожайность  по  сравнению  с  контролем  на 5-17ц/га  или 13,2-44,7%, 
формирует качественный урожай зерна риса. 
Ключевые слова: рис, гумус, подвижные элементы питания, удобрения, урожай 
 
Kurbanbayev A., Dzhamantikov H., Balgabayev A., Ualiyeva A. 
 
Kazakh national agrarian university 
 
EFFECIENCY OF THE USE FERTILIZERS MADE FROM PHOSHORITES ON 
PRODUCTIVITY OF RICE 
 
Data on studying of influence of various fertilizers made from phosphorites on productivity 
of rice of Marjan are provided in article. The applied fertilizers increase productivity in 
comparison with control on 5-17centner/hectare or 13,2-44,7%, the qualitative grain yield of rice 
corn. 
Keywords: rice, humus, mobile nitration elements, fertilizers, yield. 
 
 
ƏОЖ 634.11:57 
 
Мейрханова А.С., Искендирова Р.А. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ АЛМА ЖЕМІС ЖЕМІРІНІҢ 
 (CYDIA POMONELLA  L.),  БИОЛОГИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   
 
Аңдатпа  
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы алма бақтарының негізгі зиянкесі алма 
жеміс  жемірі (Cydia pomonella L.) болып  табылады.  Алма  жеміс  жемірі  көбелектерінің 
кейбір  биологиялық  ерекшеліктеріне  баға  беру  арқылы  фитосанитарлық  мониторинг 
əдістемесін  қолдана отырып  зерттеу жұмыстары жүргізілді. 
Кілт  сөздер:  иянкес,  фитосанитарлық  мониторинг,  биопрепарат,  инсектицид, 
феромонды тұзақ, аулағыш белбеулер. 
 
Кіріспе 
Біздің  Республикада,  басқа  мемлекеттердегі  сияқты  фитосанитарлы  мониторингта 
жинаған  мəліметтерді  өсімдік  қорғауда  кеңінен  пайдаланады.  Өсімдік  қорғауды  тиімді 
ұйымдастырғанда,  ең  алдымен  зиянкестердің  таралуын,  сан  мөлшерін,  зияндылығын  
есептеу,  болжау  жəне сол ақпараттармен дер кезінде қамтамасыз етілуі кешенді қорғау 
шараларына тиімді əсер етеді [1].    
Фитосанитарлық  мониторинг  арқылы  бақтарды  негізгі  зиянкестерден  қорғау  басты 
мақсат  болып  табылады.  Фитосанитарлық  мониторинг  мəліметтері  негізінде 

43
 
ауылшаруашылық дақылдары егісіндегі зиянды организмдер популяциясының тығыздығы 
бойынша өсімдікті қорғау жүйесінің тиімді əдісін дұрыс таңдай білу қажет.  
Зерттеу  материалдары мен əдістері 
Зерттеу  жұмыстары  Қазақстан  Республикасының  Алматы  облысының  «Аққазы» 
шаруа қожалығының алма бағында жүргізілді.  
Зерттеудің  негізгі  нысаны  ретінде  алма  жеміс  жемірі  (Сydia pomonella L.) алынды. 
Алма  ағаштарын  зиянкестерден  қорғауға  Алматы  облысы    Еңбекшіқазақ  ауданы  
«Аққазы»  шаруа  қожалығының 2001 жылы  отырғызылған  Айдаред  сортында  жүргізілді. 
Алма бағының ауданы – 2,0 га, отырғызу үлгісі-6.0 х 2.0 м.   
Жеміс  бағының  зиянды  организмдермен  зақымдалуы  мен  таралуын    анықтау  үшін 
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы 6 шаруа қожалығында маршруттық бағытпен 
тексеру  жұмыстары  жүргізілді.  Аймақта  алғашқы  рет  алма  жеміс  жемірінің  табиғи 
өсімталдығын  бақылау  үшін  «аталық  ваккум»  технологиясы  қолданылды.  Бұл  алма 
ағашын  алма  жеміс  жемірінен  қорғаудың  экологиялық  қауіпсіз  жаңа  тəсілі  болып 
саналады.  
Көбелектердің  ұшу  динамикасын  анықтау,  бірінші  көбелектің  ұшуы  мен 
көбелектердің  ұшу  мерзімі  толық  тоқтағанға  дейін  жүргізілді.  Əр  ұрпақтың  ұшу 
динамикасын бақылауға феромондық тұзақтар қолданылды. 
Алма  жеміс  жемірі  көбелектерінің  ұшып  шығу  мерзімін  анықтау  үшін 
Щвейцарияның «Biotehsistems» фирмасы  өндірген  тұзақтардың  жыныстық  жасанды 
феромондары  қолданылды.  Бір  гектар  жерге  орналасқан  тəжірибе  мөлтегіндегі  модельді 
ағаштарға сəуірдің ортасында 15  феромонды тұзақ ілінді. Феромондық тұзақ алма ағашы 
гүлдеген  кезде    бақылауға  алынып, 1 метр  биіктікте  орнатылды.  Тұзақтарды  байқау 
күнделікті,  ал  санын  есептеу – əр 7 күн  сайын  жүргізілді.  Қайталануы  төрт  мəрте. 
Феромондардың  тартымдылығы  тұзақтардағы  көбелектерді  аулағыштығы  бойынша,  ал 
өзіндік ерекшеліктері тұзаққа түскен алма жемірі көбелектерін жинау мен оларды есептеу 
жолымен бағаланды. 
Ерте  көктемде  аптасына  бір  рет  зиянды  организмдерге  есеп  жүргізіп,  жүйелі 
бақылау  үрдісі  нəтижесінде,  қорғау  шараларында    бақтардағы  зиянды  организмдер 
санының мониторингі жүргізілді.  
Осы  мақсатпен  барлығы 6 негізгі  есептеу  жұмыстары,  оларды  біріктіру  арқылы 3 
топқа бөлуге болады:  
1) Күздік  (жапырақтар  түскеннен  кейін,  зиянкестің  қыстауға  кеткен  санын  білу
үшін). 
2) Көктемде екі тексеру жұмысы (біріншісі - ерте көктемде бүршік атпастан бұрын,
қыстап шыққан зиянкестер үшін; екіншісі - гүлдеу кезінде) жүргізіледі. 
3) Жазғы  тексеру  жұмыстарын  зиянкестердің  даму  сатысында:  жеміс    гүлдегеннен
соң  жапырақ  ширатқыштардың  санын  есептеу  жəне  олардың  жапырақты  зақымдау 
дəрежесі; жаз ортасында түскен шірік алмаларды бақылау кезінде; алманы жинау алдында 
– жемісті тексеру [2].
Алма  жеміс  жемірінің  зияндылығы  үш  рет  есепке  алынады:  біріншісі - гүлдегенге 
дейін; екіншісі - гүлдегеннен соң, грек жаңғақ көлемі кезінде жəне үшіншісі - өнім пісер 
жəне жинау алдында [3]. 
Барлық  алма  ағаштарда  алма  жеміс  жемірі    көбелектерінің  жұлдызқұрттары, 
жұмыртқалары есепке алынды. Жазғы тексерулер гүлдеуден кейін жүргізілді. 10 модельді 
ағаштардан,  олардың  түбіндегі  түскен  жемістері  жиналды.  Артынан  əрбір 5 күн  сайын 
түскен  жемістерді  жинап  (барлығы 200 жеміс),  əр  зиянкеспен  зақымдалған  пайызы 
шығарылды [4].  
Ал  күзде,  алма  жеміс  жемірі  жұлдызқұрттарын  есептеуде  тексеру  жұмыстарды 
қабықтардың жарықтарында, тесіктерінде, негізгі бұтақтарда, діңгекте жүргізіп, сонымен 

44
 
 
бір  ағашқа келетін  саны  шығарылды.  Ал  маршруттық  есептеу  кезінде  бұтақтарға  көзбен 
шолып зиянкестермен зақымдалған жемістердің пайызы анықталды. 
Зерттеу нəтижелері мен талқылаулар  
Алма  ағаштары  гүлдегеннен  кейін,  яғни  мамыр  айының  басында  зерттеу  жылында 
көбелектердің  алғаш  ұшуы 7 мамыр  күні  тіркелді.  Мамыр  айының  екінші  он  күндігінде 
бақылау нұсқасында алма жеміс жемірінің жаппай ұшу мерзімі кезінде  (орташа есеппен 
бір  аптада  бір  феромонды  тұзаққа  түскен  аталық  саны - 15-20) феромонды  тұзақтың 
көмегімен анықталды.  Алма жеміс жемірінің жаппай ұшу мерзімі шілде айының басына 
сəйкес  келді.  Мұнда  орта  есеппен  бір  аптада  феромонды  тұзаққа 25-30 аталық  көбелек 
түсті. 
Көп ұзамай, ұрықтанған аналықтары жас жемістер мен жапырақтарға жұмыртқа сала 
бастады.  Алғашқы  жұмыртқа  салу  мерзімі - мамыр  айының  екінші-үшінші  он  күндігіне 
сəйкес  келді.  Жұмыртқаның  көлемі  шамамен 1 мм,  жалпақ,  дөңгелектеу  келген  түрі  ақ 
балауыз тамшыға ұқсас. Инкубациялық кезеңге өтпестен бұрын жұмыртқа ішінен сақина 
сияқты  оралған,  басы  мен  қалқаншасы  қара  түсті  жұлдызқұртты  көруге  болады. 
Жұлдызқұрттардың күнтізбелік шығу мерзімі 1 кестеде көрсетілген.   
 
Кесте 1. Алма  жеміс  жемірі  зиянкесінің  жеке  фазаларының  шығуының  күнтізбелік 
мерзімдері (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Моловодный ауылы , «Аққазы» шаруа 
қожалығы 2015 ж.) 
 
Генерация 
Жеке фазаларының шығу мерзімі 
 
қуыршақ 
көбелек 
жұмыртқа 
жұлдызқұрт 
І-ұрпақ 14.04 7.05  21.05  3.06 
ІІ-ұрпақ 
       09.06 
     23.06 
      3.07 
       7.07 
 
 
Бірінші  кестеден  көріп  отырғанымыздай    сəуір  айының  екінші  он  күндігінде 
қуыршақтану  кезеңі  басталған  соң, 21 күннен  кейін  жаңа  ұпақтың  көбелектері  ұшып 
шықты.  Содан 13 күн  өткен  соң  зиянкестің  бірінші  ұрпағының  жұмыртқаларын 
анықтадық.  Маусым  айының  басында  алманың  түйнектену  фазасында  алма  жеміс 
жемірінің  бірінші  ұрпағының  жұлдызұрттарымен  зақымдалу  байқалды.  Ал  зиянкестің 
екінші  ұрпағының  жұлдызқұрттарының  жаппай  шығу  мерзімі  шілде  айының  екінші  он 
күндігінде тіркелді. 
Зерттеу  кезінде  алма  жеміс  жемірінің  екінші  ұрпағымен  бақылау  нұсқадағы 
жемістер  ең  көп  зақымдалды.  Оның  пайыздық  көрсеткіші - 11,6 % құрады. (кесте 2) Ең 
əлсіз  зақымдалу  тəжірбиелік  мөлтекте - 3,8 % болды.  Бұл  көрсеткіштен  тəжірбиелік 
мөлтекте қойылған феромондық тұзақтардың  əсері өте жақсы екенін көруге болады.  
 
Кесте 2. Жемістің  алма  жеміс  жемірінің  əртүрлі  ұрпағының  жұлдызқұрттарымен 
зақымдалуы 
 
Нұсқа 
Жұлдызқұрт ұрпағы 
Қаралған жеміс 
саны, дана 
Жемістің 
зақымдалуы, % 
 
Тəжірбиелік нұсқа I 
II 
1000 
1000 
1,6 
3,8 
Бақылау нұсқасы I 
II 
1000 
1000 
3,9 
11,6 

45
 
Қуыршақтануға  кеткен  жұлдызқұрттарды  есептеу  үшін  тəжірибелік  жəне  бақылау  
мөлтектеріндегі  ағаштардың  діңіне  арнайы  аулағыш  белбеулерді  орналастырдық. 
Тəжірибелік мөлтектегі бір ағаш діңіндегі аулағышта ұсталған аталықтардың саны - 13,9 
жұлдызқұртты  құраса,  ал  бақылау  нұсқасындағы  жұлдызқұрт  саны - 28,6 құрады. 
Осылайша,  бақтың  фитосанитарлық  жағдайын  зерттегенде    алма  жеміс  жемірінің 
экономикалық  маңызы  басымдылық  көрсетті.  Егер  алма  жеміс  жеміріне  қарсы  осы 
аталған  əдістердің  барлығын  дұрыс  пайдалана  білсе  зиянкеспен  зақымдалу  үш  есеге 
азаяды.  
Қорытынды 
1. Жазық  далалы  шұғыл-континенталды  климатында  жəне  жазғы  кезеңде
ылғалдылығы төмен аймақта қатты зақымдалуды алма жеміс жемірі зиянкесі əкеледі.  
2. Қыстап  шыққан  зиянкестің  жұлдызқұрттарының    қуыршақтануы  сəуір  айынан
басталды. Алма жеміс жемірінің 1-ші ұрпағының көбелектері мамыр айында байқалды. 1-
ші ұрпақтың жұлдызқұрттарының пайда болуы маусым айының 1-ші онкүндігінде жүрді. 
3. Алма    жеміс  жемірінің 2-ші  ұрпағының  дамуы  шілде-тамыз  айына  келді.
Зиянкестердің  алманы  зақымдауын  төмендетуде  феромонды  тұзақ  əдісі,  яғни, 
дезориентация қолдануының кейбір əсерін тигізді.  
4.
Зерттеудің  нəтижесінде  феромон  аулағыштарында  ауланған  көбелек
аталықтарының автодиссеминациясы соңғы есептеуде тəжiрибеде  5,3%, бастапқы есепте 
48,6%-ға  дейiн көбелектер санының көбеюi анықталды. 
Əдебиеттер 
1. Методические указания по учету и выявлению вредных и особо опасных вредных
организмов  сельскохозяйственных  угодий.  Под  ред.  Сулейменовой  З.Ш.  Астана, 2009, 
с.120 - 136. 
2. Каширская Н.Я., Цуканова Е.М. и др. Современный подход к построению систе-
мы  защиты  насаждений  яблони  от  вредных  организмов //Плодоводство  и  ягодоводство 
России. Сборник научных работ. Т.ХХIV. Часть 2. Москва, 2010.С352-360 
3. Сторчевая Е.М., Ярошенко В.А. Способ комплексной защиты плодовых садов от
вредных организмов. Патент 2258362. –Россия. – Биология 2007, №7. 
4. Поляков  И.Я.,  Персов  М.П.,  Смирнов  В.А.  Прогноз  развития  вредителей  и
болезней сельскохозяйственных культур (с практикумом).– Ленинград, 1984.– 317 с 
Мейрханова А.С., Искендирова Р.А 
БИОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ВРЕДИТЕЛЯ ЯБЛОННОЙ ПЛОДОЖОРКИ 
(CYDIAPOMONELLAL.), В УСЛОВИЯХ ЮГО-ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА 
Главный  объект  исследований – яблонная  плодожорка.  При  проведении 
исследований использованы общепринятые в энтомологии и защите растений методики. 
Для наблюдения за сезонной динамикой лета бабочек и установления оптимальных 
сроков  обработок  использовали  феромонный  дизраптор,  феромонные  ловушки,  ловчие 
пояса и анализ пораженных плодов яблони.  
Ключевые  слова:  вредитель,  фитосанитарный  мониторинг,  биопрепарат, 
инсектицид, феромонная ловушка, ловчие пояса 

46
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет