Қорытынды
1. Қорыта келгенде, Жанатас кен орнының үйінділерінде осы аймаққа тəн өсімдік
түрлерінің өздігінен өсу үрдісі жүруде. Жанатас кен орнының үйінділерінің
құнарлылығын қалпына келтіру үшін, осы үйінділерде аймақтық өсімдіктерді пайдалана
отырып, биологиялық рекультивация жүргізілуге тиіс. Биологиялық рекультивация
жұмысын жүргізу үшін, сол аймақтың климаттық жағдайына бейім, құрғақшылыққа
төзімді өсімдіктердің тұқымы пайдаланылуға тиіс. Мысалы, үйіндіде астрагал өсімдігі өте
жақсы өседі, гүлдеп, тұқым береді. Сондықтан осы өсімдікті үйіндіде биологиялық
рекультивация жүргізген кезде пайдалануға болады.
2. Кен орнының үйінділері техногендік-бүлінген жерлерде өсімдіктің табиғи өсу
дəрежесі бойынша бүлінген экожүйені табиғи жолмен игеруге қатысатын өсімдіктердің
121
биологиялық өнімділігінің нəтижелерін көрсетеді жəне ең алдымен топырақ түзілу үрдісін
жəне техногендік-бүлінген жерлерді игерудегі өсімдіктердің рөлін көрсетеді.
3. Зерттеулердің көрсетуі бойынша өсімдіктер үйінділерде жеке топтанып
орналасады. Осыған байланысты топырақтүзілу үрдісі əлсіз жəне баяу жүреді. Өсімдік
өздігінен өскен телімдер бойынша үйіндінің топырақ грунттарын зерттеу өсімдік
бірлестіктерінің топырақ грунттарымен өзара тығыз байланыс бар екенін көрсетті.
Топырақ грунттарында қазылған қазба-шұңқырлардың морфологиялық белгілерінде
өзгерістер байқалады. «Жаңатас» кен орнының өсімдік өздігінен өскен үйінділерінде
бастапқы топырақ түзілу үрдістері анықталды. Өсімдік бірлі-жарымды өскен телімдерде
топырақ түзілу үрдісі мүлдем жүрмейді не болмаса өте əлсіз жүреді. Барлық қазба-
шұңқырлардың кескіндері бойынша қысқа қабаттарға бөлінгені байқалады. «Жаңатас»
үйінділері осында өсетін өсімдіктердің түрлік алуан түрлілігімен өзгешеленеді. Бұршақ
тұқымдас өсімдіктерден (астрагал), күрделігүлділер тұқымдастарынан (жусанның
түрлері), шаршыгүлділер тұқымдастарынан (бетеге), қылша тұқымдастарынан (эфедра)
жəне астық тұқымдастардың түрлері кездеседі.
Əдебиеттер
1. Тарчевский В.В. Изучение естественной растительности как необходимый этап
биологической рекультивации отвалов при открытой добычи бурых и каменных углей // В
сб.: Растения и промышленная среда. 1968. - С.19-27.
2. Бекаревич Н.Т. Основные результаты исследований по биологической
рекультивации земель, нарушенных горнодобывающей промышленностью// В сб.:
Экологобиологические и социально-экономические основы с/х рекультивации в степной
черноземной зоне УССР. Днепропетровск. 1984. - Т.49. - С.12-33.
3. Бондарь Г.А., Додатко Э.Л. Сингенетические сукцессии растительного покрова
на породах надугольной толщи Александрийского месторождения. //В сб.: Рекультивация
земель. Днепропетровск. 1974. -С. 50-61
4. Куприянов А.Н. Естественное зарастание отвалов Карагандинского угольного
бассейна и их фитомелиорация. Автореферат...дисс. к.б.н. - Алма-Ата. 1982. 21 с.
5. Моторина Л.В. Естественное зарастание отвалов открытых разработок //В сб.:
Растительность и промышленное загрязнение. Свердловск. 1970. –С. 11-112.
6. Кандрашин Е.Р. Сингенез и продуктивность естественной растительности и
полукультурфитоценозов
на
отвалах
угольных
разрезов
Кузбасса //В
сб.:
Почвообразование в техногенных ландшафтах. Новосибирск.: Наука. 1979. - С.163-172.
7. Козыбаева Ф.Е., Бейсеева Г.Б., Лапшина М.С. Естественные фитоценозы
техногенных лессовых пород //Проблемы рекультивации нарушенных земель.
Свердловск. 1988. - С.39-40.
8. Колесников Б.П., Моторина Л.В. Проблемы оптимизации техногенных
ландшафтов//Современное состояние и перспективы развития биогеоценологических
исследований. – Петрозаводск. 1986. – С. 80-100.
9. Сукачев В.Н. Идея развития фитоценологии //Советская ботаника. - М-Л.
АНСССР, - №1—3, 1942. -С.5-14.
10. Гогатишвили А.Д. Особенности методики рекультивации земель в горных
условиях //В кн.: Программа и методика изучения техногенных биогеоценозов. М.: Наука.
1978. - С.148-159.
11. Дзыбов Д.С. О самозарастании и ускорении // В сб.: Растительность и
промышленная среда. Свердловск. 1979. - С.60-67.
12. Шенников А.П. Введение в геоботанику. Л., ЛГУ, 1964. 442 с.
122
13. Ижевская Т.И. Особенности развития корневых систем растений на отвалах
буроугольных разработок //В сб: Проблемы рекультивации земель в СССР. Новосибирск.
1974. - 183 с.
14. Махонина Г.И. Первичные стадии почвообразования на промышленных отвалах
Урала //В сб.: Освоение нарушенных земель. М.:Наука. 1976. - С.44-45.
15. Трофимов С.С. и др. Гумусообразование в техногенных экосистемах.
Новосибирск: Наука. 1986. - 168 с.
Козыбаева Ф.Е., Екейбаева Д.П., Кафарова М.
ПРОЦЕСС САМОЗАРОСТАНИЯ РАСТЕНИЙ НА ОТВАЛАХ ФОСФОРИТОВОГО
МЕСТОРОЖДЕНИЯ ЖАНАТАС
Определен и описан фитоценоз техногенно-нарушенных земель. Была определена
роль растений в восстановлении нарушенных земель и даны мероприятия для проведения
биологической рекультивации.
Ключевые слова: отвал, месторождения, самозарастания, фитоценоз.
Kozybayeva F.E., Еkeybayeva D.P., Kafarova M.
PROCESS OF OVERGROWTH OF PLANTS ON DUMPS OF THE FOSFORIT
FIELD ZHANATAS
In article definition and the description plants tehnogenezis-broken lands are made. The
role of plants in restoration of the broken earths has been defined and actions for carrying out
biological recultivation are given.
Keywords: plow, field, overgrowing, phytocoenosis.
ƏОЖ 631.46.467
1
Қозыбаева Ф.Е.,
2
Тоқтар М.,
2
Оразбаев С.Ə.
1
Ө.О.Оспанов ат. Қазақ топырақтану жəне агрохимия ғылыми зерттеу институты,
2
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті,
«КӨКЖОН» ФОСФОРИТ КЕН ОРНЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК-БҮЛІНГЕН
ЛАНДШАФТАРЫНДА ТОПЫРАҚТҮЗІЛУ ҮРДІСІНДЕГІ ТОПЫРАҚ
ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНЫҢ РӨЛІ
Аңдатпа
Зерттеу деректері зерттелетін нысандарда микрозоофауна біртекті жəне аз екенін
көрсетті. Үйінді жыныстарының зерттелген телімдерінде сауытты кенелердің Nothrus,
Scheloribates өкілдері аз мөлшерде кездесті. Бұл топырақтың гидротермиялық режимімен
байланысты. Үйінділер бойынша коллемболалардың мөлшерін зерттеу барлық зерттелген
үйінділердің жыныстарында Anurida, Folsomiaда өте аз мөлшерде кездесетінін көрсетті.
Кілт сөздер: топырақ омыртқасыздары, үйінді, микрозоофауна.
Кіріспе
Топырақтың жануарлар əлемі өзінің түрлік құрамы бойынша алуан түрлі болып
келеді, ал олардың биомассасы Жердегі бүкіл жануарлардың массасынан біршама асып
түседі. Ең көп кездесетіні буынаяқтылар тобы, олардың бұрын ғылымға белгісіз болған
123
жаңа түрлері ашылуда. Буынаяқтылардың ішінде ең кең таралған бунақденелілер класы,
олардың үлесіне барлық түрлердің 70%-ы тиеді. Ересек бунақденелілер жəне олардың
дернəсілдері топырақтардың барлық типтерінің тұрақты мекендеушілері болып табылады.
Бірлестіктегі барлық тірі ағзалардың əр алуан топтарымен бірге олар топырақтың
құнарлылығына себеп болатын, топырақтағы биологиялық үрдістердің тұрақты тепе-
теңдігін қамтамасыз етуге қабілетті [1]. Топырақтың түйіршікті болуының өзі топырақ
жануарларының қызметіне тікелей байланысты. Топырақтың құнарлылығын қалыптасты-
руға жануарлардың қатысу мəселесін зерттеу XIX ғасырдың 70-жылдарының аяғы мен 80-
ші жылдарының басында басталды. Ағылшын энтомологы В.Кирби [2] өсімдік қалдық-
тарын ыдыратудағы жануарлардың (термиттердің) маңызын өз жұмысында алғаш рет
көрсетті. Шұбалшаңдардың қызметі жəне олардың топырақтың құнарлы қабатының
түзілуіндегі рөлін зерттеу ерекше орын алады. Осындай жүргізілген зерттеу
жұмыстарының нəтижелерін бір мезгілде В. Гензен (Hansen, 1877) жəне Ч. Дарвин (1882)
жариялады. Атап айтқанда Ч. Дарвин [3] ең алғаш Жердің топырақ жамылғысының
қалыптасуының маңызды бір факторы ретінде топырақта мекендейтін омыртқасыздардың
қызметін бағалады. Онымен қатарлас топырақ зерттеуші ғалым В.В. Докучаев [4] өзінің
«Русский чернозем» деген еңбегінде, топырақты мекендейтін жануарлардың өте көп
мөлшерін атап өте отырып, топырақтың құнарлылығын арттыруда, топырақ
қабаттарының құрылымын жақсартудағы олардың рөліне ерекше назар аударған.
Докучаевтың замандасы П.А. Костычев [5], эксперминттік зерттеулердің нəтижелеріне
сүйене отырып, қара топырақтардың қалыптасуында жануарлардың елеулі рөл
атқаратынын атап айтты. Топырақты зерттеуге осындай кешенді жол гумус түзелу
үрдісінде биологиялық фактордың рөлін нақты бағалауға жəне топырақтану жəне
зоология ғылымдары арасындағы тығыз байланыстардың дамуына жағдай жасады.
Сондай-ақ абиотикалық жəне биотикалық факторлардың жиынтығы ретінде топыраққа
қазіргі заманғы көзқарастың қалыптасуына себепкер болды. Алайда, топырақ түзу
үрдісіндегі жануарлардың нақты рөлін бағалау кейінірек болды жəне ауыл шаруашылығы
жəне орман шаруашылығы дақылдарын қорғау, топырақ құнарлылығын сақтау жəне
өнімділікті арттырудың практикалық міндеттерін шешумен байланысты болды. Топырақ
жамылғысы оны мекен етушілермен бірге əмбебап биологиялық сіңіруші, ластаушыларды
бейтараптандырушы жəне əр түрлі органикалық заттарды минерализациялаушы рөлін
атқарады [6]. Топырақтың бір шаршы метрінде екі мыңнан астам ірі топырақ
омыртқасыздары тіршілік етеді [1]. Топырақта мекен ететін омыртқасыздар кешенінде
органикалық қалдықтармен қоректенетін сапрофагтар жалпы зоомассаның 80%-дан
астамын құрайды. Өз ішегі арқылы өсімдік жəне топырақ қалдықтарын өткізе отырып,
сапрофагтар олардың механикалық ыдырауын жүзеге асырады жəне минералды массамен
араластырады. Олар топырақтың қара шірінді қабатының түзілуіне ғана қатысып
қоймайды. Сондай-ақ, топырақ кескіні бойынша органикалық заттардың жайғасуында да
үлкен рөл атқарады. Сапрофагтар өсімдік қалдықтарының ыдырауын жылдамдатады.
Олар өсімдік қалдықтарын тікелей өңдеп қана қоймайды, сондай-ақ микроағзалардың
белсенділігін арттырады. Топырақ жануарлары болмағанда микробтар өсімдік қалдық-
тарын екі-алты есе баяу ыдыратады. Топырақтың беткі қабатына жəне топырақтың
төменгі қабаттарына өз экскременттерін тарата отырып, топырақ жануарлары
микробтардың тіршілігі жəне көбеюі үшін қолайлы жағдай жасайды. Сапрофагтардың
ішегінде микрофлора өкілдерінің жаппай дамуы үшін қолайлы жағдай жасалады [7].
Органикалық заттың өзгеру үрдісінде жасұнықты ыдыратушылар жəне азотты бекітуші
аммонификатор микроағзалардың əрекетінің маңызы өте зор. Топырақ омыртқасыздары
микрофлораның барлық топтарымен сəтті селбесіп тіршілік етеді. Көптеген топырақ
жануарлары органикалық қоректік заттармен бірге ішекте қоректің үгілуіне көмектесетін
топырақтың минералды бөліктерін де жұтады. Шұбалшаңдардың, типулидтердің жəне
124
ірірек топырақ жануарларының ішегінде, сондай-ақ ұсағырақ жануарлар - энхитреидтер,
коллемболалар ішегінде топырақтың минералды бөліктерінің органикалық заттармен
араласуы жүреді, нəтижесінде өсімдіктің тамырына минералдық қоректік элементтердің
түсуіне ең оңтайлы жағдай, өсімдік үшін қолайлы топырақ аэрациясы мен оның су
режимін қамтамасыз ететін суға берік құрылымдық бөліктер түзіледі [8]. Өз
ферменттерінің жəне селбесіп тіршілік ететін микроағзалардың ферменттерінің көмегімен
топырақ омыртқасыздары жасушаның целлюлозалық компоненттерін ыдыратып,
жасұнықпен күрделі қосылыстағы лигнинді босатып шығарады. Мұның топырақтағы
органикалық қалдықтардың гумификациялану үрдісінің қарқынды жүруі үшін маңызы
зор. Ас қорыту барысында топырақ омыртқасыздарының ішегінде өсімдік қалдықтарының
ішінара минерализациялануы, ал кейбір топтарының ішегінде ішінара гумификациялануы
жүреді. Жануарлар экскременттері — топырақ гумусын құраушылардың бірі. Жоғарыда
аталған жəне басқа авторлардың зерттеу жұмыстарының көрсетуі бойынша топырақ
жануарларының қызметі топырақ жамылғысының жəне топырақ құнарлылығының
қалыптасуының негізгі факторларының бірі болып табылады. Ұсақ буынаяқтылар қайта
құнарландырылған үйінділерде, өндірістің шығарылымдармен ластанған ормандарда
экологиялық мониторинг міндеттерін шешу үшін жақсы индикаторлар болып табылады
[9, 10]. Коллемболалар жəне аяққұйрықтылар кешенінің құрылымы топырақ-экологиялық
жəне климаттық факторлардың ерекшеліктерін жақсы көрсетеді. Коллемболалардың
көптеген түрлері белгілі бір биотоптарға немесе микростацияларға ұштастырылған,
сондықтан аяққұйрықтыларды топырақ жəне өсімдік жамылғыларының қалыптасуын,
органикалық
қалдықтардың
ыдырауын
зерттеген
кезде
индикатор
ретінде
пайдаланылануға болады. Өнеркəсіптік ластануды биоиндикациялау үшін коллемболалар
өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейін аз пайдаланылды, ал алынған деректер негізінен
осы ластанулардың коллемболалардың жалпы мөлшеріне əсер етуіне қатысты болды.
Алайда, өнеркəсіптік шығарылымдардың əсерінен орманда мекендейтін түрлердің
популяцияларының тығыздығы азаяды, яғни топырақта мекендейтін түрлер тобы басқа
формалармен алмасады. Эмиссияның əсерінен саны күрт қысқаратын немесе жойылатын
белгілі бір биоценозға тəн түрлердің де немесе саны күрт өсетін сирек кездесетін
түрлердің де индикациялық маңызы болады. Эмиссия факторы тікелей əсер ететін немесе
шектейтін кең түрде таралған түрлердің ең үлкен индикаторлық мəні болады [11].
Пайдалы қазбаларды ашық жолмен өндіру нəтижесінде «ай ландшафты» деп
аталатын аумақтар түзіледі. Мұнда грунттардың физикалық жəне химиялық қасиеттері,
гидробиологиялық режимі жойылады. Өсімдік жамылғысы, топырақ жабындысы жəне
топырақ жануарлары жер бетіне шығарылған терең жыныстарда қайтадан қалыптасады.
Жұмыстың негізгі мақсаты: техногендік-бүлінген ландшафтарда топырақтүзілу
үрдісіндегі микрозоофаунаны ең маңызды биоиндикатор ретінде қарастырып, үйінділер-
дегі жас топырақтарда топырақ түзілу үрдісіндегі рөлін, олардың сандық жəне сапалық
құрамын анықтау болды.
Зерттеу нысаны мен əдістері
Зерттеу жұмыстары Көкжон фосфорит кен орнының өнеркəсіптік үйінділерінде
жүргізілді. Үйіндінің жас мөлшері - 50 жыл. Бұл үйінділер фосфориттерді өндіру
барысында түзіледі. Үйінділерде топырақ мүлдем жоқ. Топырақ түзілу үрдісі бұл
үйінділерде өте баяу жүреді. Үйінділер ескі жəне жас болып бөлінеді. Олар карьердің
айналасын қоршап жатыр. Карьер бірнеше қабаттардан тұрады.
Материалдарды анықтап, есептеу үшін «Определитель насекомых Европейской
части СССР». Ал кенелерді Буланова – Захваткинаның «Панцирные клещи и орибатиды»
кітаптары қолданылды [12]. Соның ішінде сауытты кенелер мен аяққұйрықтылар, себебі
оларды ғана эклектор əдісімен бөліп алуға болады. Əр варианттың 0-5 см, 5-10 см
қабаттарынан топырақ үлгілері алынып, зерттелді. Топырақ үлгілерін алу барысында
125
кездескен мезофаунаны жинау қолмен өңдеу əдісімен жүргізілді. Ал микрофаунаны
зерттеуге арналған топырақ үлгілерін зерттеу үшін Берлезе – Туллгрен термоэклекторы
əдісі қолданылды. Мезофаунаны есепке алу үшін 0,25 шаршы метр аудандағы топырақ
үлгісін қолмен бөлшектеу əдісін пайдаландық. Мезофауна өкілдерінің дернəсілдерін 70°С
спиртте жиналды, ал ересек насекомдарды қағаз қорапшаларға жинап, əрқайсысына
этикетка жазылды.
Нəтижелер жəне оларды талқылау
«Көкжон» – шөгінді тектегі фосфорит кен орны, өнімді қабаты карбонаты
фосфориттерден құралған. «Көкжон» кен орнына 2 блоктан тұратын Қыстас карьері
кіреді. Зерттелетін нысан Жаңатас қаласынан оңтүстік-батыс бағытқа қарай
Шошқабұлақтау жəне Үлкен Ақтау тауларында теңіз деңгейінен 500-700 м биіктікте
орналасқан. Көкжон кен орнына тəн ерекшелік оның көп қабаттылығы (3-4 қабат),
доломиттердің, тақта тастардың жəне құмбалшықтардың аралас жиналуы болып
табылады. Үйіндінің қабаттарына ашылған жыныстар бейберекет ретсіз тасталынған,
еңкіштігі əр түрлі (2-7
) техникамен тегістелген алаңшалар да кездеседі. Үйіндінің беткі
бөлігі тегістелген немесе аздап еңкіштеу, орта бөлігі 3-4
еңкіш немесе төменгі бөлігі 7
дейін кертпеш болып келеді. Өсімдік өздігінен өскен телімдердер бойынша үйіндінің
топырақ грунттарын зерттеу өсімдік бірлестігінің топырақ грунттарымен тығыз
байланысын көрсетті. Топырақ грунттарында қазылған қазба-шұңқырлардың кескіндері-
нің морфологиялық белгілері өзгеріске ұшыраған. «Көкжон» кен орындарының өсімдік
өздігінен өскен телімдерінде де бастапқы топырақ түзілу үрдістері анықталды. Өсімдік
бірлі-жарымды өскен жерлерде топырақ түзілу үрдісі байқалмайды немесе баяу жүреді.
Көкжон үйінділерінде ағаш-бұталы өсімдіктер (тамарикс, жабайы шие) кездеседі. Өсімдік
жамылғысы əр түрлі телімдерден алынған топырақ грунттарда анықталған гумустың
мөлшері фитоценоздардың сандық ара қатынасына тығыз байланысты болды. Гумустың
мөлшері бойынша нəтижелер топырақ түзілу үрдісі үйіндінің топырақ грунттарының беткі
қабаттарын қамтитынын куəландырады. Жас топырақтарда гумустың топтық құрамы
үйінділерде өте өзгергіш келеді, оның өзі қалыптаспағандығының куəландырады,
дегенмен де осындай жас топырақтарда гумустың сапалық құрамының аймақтық
ерекшеліктері пайда бола бастайды. Қалыптасып келе жатқан жас топырақтардың
гумификациялану дəрежесін айқындау бұл үрдістің баяу жүріп жатқанын көрсетті.
Көкжон кен орнынан əкелінен 38 үлгі зерттелінді. Микромезофауна негізінен
коллемболалардың Isotoma, Entomobrya, Folsomia туыстарынан жəне сауытты кенелердің
(Oribatea) үш туыстарынан: Oribatula, Oppia, Nothrus тұрады. Мезофаунадан өте аз
мөлшерде бунақденелілер кездеседі. Негізгі фонды тұқымдасының Carabidae – ызылдақ
қоңыз өкілдері мен Elateridae – шыртылдақ қоңыз тұқымдастарының өкілдері құрайды
(кесте).
Топырақ кескіндері бойынша алынған үлгілерді зерттеу нəтижесінде мынадай
көрсеткіштерді алдық: Кыстас 1, 1 қазба шұңқыр (аймақтық топырақ) жəне Қыстас 13, 2
үйінді 8 қазба шұңқырдың фаунасы молырақ кездеседі. Аймақтық топырақ басқа қазба
шұңқырлардан алынған топырақ үлгілерімен салыстырғанда Isotoma, Entomobrya туыста-
рының өкілдері мен Oribatula жəне Nothrus сауытты кенелердің өкілдеріне бай. 2-үйіндіде
қазылған 8 қазба шұңқырдан алынған топырақгрунттарында сауытты кенелердің
Oribatula, Oppia туыстарынан, ал Сollembola тек туысының Folsomia өкілдері кездеседі.
Екі топырақ кескіндерінде де бунақденелілер өте аз мөлшерде кездеседі. 10 қазба
шұңқырда омыртқасыздардың өкілдері табылмады, №6, 7, 9, 11 қазба шұңқыр кескінде-
рінде омыртқасыздар бірлі-жарымды мөлшерде кездеседі. Жалпы алғанда, микрофаунаны
микроартроподтардың жалпы мөлшерінің 50,7% пайызын сауытты кенелер мен 40,2%-ын
коллемболалар құрайды. Бунақденелілер (ересектері) негізінен Carabidae – ызылдақ
қоңыздар мен Elateridae – шыртылдақтар өкілдерінен тұрады. Aphididae – бітелер (қанатты
126
жəне қанатсыз түрлері) материалдарды жинаған кезде топырақ үлгілеріне кездейсоқ түсуі
мүмкін, себебі олар өсімдік зиянкестері болып табылады. Қалған омыртқасыздар топырақ
түзілу үрдісіне қатысушылар болып табылады.
Үш зерттеу нысанын салыстыратын болсақ, Көкжон үйінділерінің топырақ грунт-
тары, Көксу жəне Жаңатас кен орындарының топырақ грунттарына қарағанда микро-
зоофаунаға біршама байырақ. Оның себебі Көксу мен Жанатас кен орындарына қарағанда
Көкжон үйінділерінде табиғи жолмен өскен өсімдіктердің биологиялық өнімділігі жоғары.
Яғни микроартроподтардың жəне мезофаунаның қорегі екі нысанмен салыстырғанда
молырақ болады. Көкжон кен орны Көксу мен Жаңатасқа қарағанда теңіз деңгейінен
биікірек орналасқан жəне бірнеше қабаттан тұрады.
Қорытынды
Көкжон топырақ грунттарында жəне аймақтық топырақтарда микро жəне мезофауна
өкілдерінің болуы топырақ түзілу үрдісінің жүріп жатқандығының куəсі. Ластанған
топырақтарда микрозоофауна өкілдері мүлдем кездеспейді. Топырақ жануарлары сондай-
ақ, топырақ түзілу үрдісіне де қатысады. Техногенездің əсерінен бүлінген топырақ
жабынының құнарлылығын қалпына келтіруді жеделдететін тірі ағзалардың ішінде
педобионттар ең алдыңғы қатарлы орынды алады. Деректері бойынша топырақ
жануарлары топырақ түзілу үрдісіне қатыса отырып, топырақ түзілу қарқындылығын
жылдамдатады да, кейбір жыныстарда топырақ құнарлылығының қалыптасуына əсер
етеді.
Экологиялық функциялар температурамен, ылғалдылықпен, өсімдік қорегінің
болуымен өзара тығыз байланыста көрінеді. Микрозоофаунаның негізгі өкілдері
микроартроподтар мен коллемболалар болып табылады. Өсімдік бірлі жарымды өскен
жерлерде микрозоофауна өкілдері аз кездеседі. Жанатас кен орнының топырақ
грунттарында микро жəне мезофауна өкілдерінің болуы, өсімдік қорегінің жетіспеуінен,
табиғи-климаттық жағдайлардың қатаңдығынан бастапқы топырақ түзілу үрдісі
үйінділерде əлсіз, баяу жүреді деп санауға негіз береді.
Əдебиеттер
1. Гиляров А.М. Индекс разнообразия и экологическая сукцессия.//Журнал общ.
биологии. - 1969. - Т. 30. - № 6. - С. 652 - 657.
2 W. Kirby и W. Кладовая. Введение в Энтомологию. М.1826. -Т 4. – 324 с.
3. Чарлз Дарвин Образование растительного слоя земли деятельностью дождевых
червей и наблюдения над их образом жизни. М.-Л.: 1936. - Т 2. – 389 с.
4. Докучаев В.В. Русский чернозем. М.: Имп. Вольное эконом. о-во, 1883. – 376 с.
5. Костычев П.А. Почвы чернозёмной области России. Их происхождение, состав и
свойства. - М.:1886. - 322 с.
6. Ковда В.А. Основы учения о почвах. - М.: Наука. 1973. - Кн. 1.- 447 с.
7. Стриганова Б.Р. Питание почвенных сапрофагов. - М.: Наука, 1980. - 243 с.
8. Гиляров А.М. Фонетика популяций. - М.: Наука, 1982. - С.38 - 46.
9. Бабенко А. Б., Ногохвостки Западного Путорана: фауна и высотная дифферен-
циация населения // Зоол. журн. - 2002. - Т. 81. - № 7. - С. 779 – 796.
10. Бабенко А.Б., Булавинцев В.И., 1997. Ногохвостки (Collembola) полярных
пустынь Евразии // Зоол. журн. - 1996. - Т. 76. - № 4. - С. 409 – 417.
11. Мелецис В.П. Биоиндикационное значение коллембол (Collembola) при загряз-
нении почвы березняка-кисличника индустриальной кальцийсодержащей пылью //Загряз-
нение природной среды кальций-содержащей пылью. - Рига, 1985. - С. 149 - 209.
12. Определитель обитающих в почве клещей. М.1975, 491 с. 13. Определитель
коллембол фауны СССР. М, Наука, 1988, 214 с.
Достарыңызбен бөлісу: |