127
Козыбаева Ф.Е., Токтар М., Оразбаев С.А.
РОЛЬ ПОЧВЕННЫХ БЕСПОЗВОНОЧНЫХ В ПРОЦЕССЕ ПОЧВООБРАЗОВАНИЯ НА
ТЕХНОГЕННЫХ ЛАНДШАФТАХ ФОСФОРИТОВОГО
МЕСТОРОЖДЕНИЯ «КОКДЖОН»
Данные показывают, что на исследуемых объектах микрозоофауна очень
однообразна и бедна. На исследуемых участках отвальных пород обнаружены малое
количество представителей панцирных клещей Nothrus, Scheloribates. Это связаны с
гидротермическим режимом почв. Исследования численности коллембол по отвалам
показало, что на всех отвальных породах встречаются в очень малом количестве Anurida,
Folsomia.
Ключевые слова: почвенная микрозоофауна , отвал, коллембола, панцирные клещи.
Kozybayevа F.E., Toktar M., Orazbayev S.A.
ROLE OF SOIL INVERTEBRATES IN THE SOIL FORMATION PROCESSES IN MAN-
MADE LANDSCAPES PHOSPHORITE DEPOSITS "KOKDZHON"
Data show that on the investigated objects of microzoofauna very monotonous and poor.
On the investigated areas of dump breeds found out a few of representatives of testacean claws
of Nothrus, Scheloribates. It related to the hydrothermal mode of soils. Researches of quantity of
Collembola on dumps showed, that on all dump breeds meet in very a few of Anurida, Folsomia.
Keywords: soil microfauna, blade, Collembola, Oribatea.
ƏОЖ 631.4.631.45.632.15.
Қозыбаева Ф.Е., Бейсеева Г.Б., Сағат Н.А.
Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану жəне агрохимия ғылыми-зерттеу
институты, Алматы
ТАУ-КЕН ӨНДІРУ КƏСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ТОПЫРАҚ-
ӨСІМДІК ЖҮЙЕСІНЕ ƏСЕРІ
Аңдатпа
Топырақ-өсімдік-су жүйесін зерттеу барысында басым ауыр металдар жəне олардың
шығарылым көздері зерттелді. Негізгі ластаушы элементтер қорғасын, мырыш жəне мыс
болып табылады. Жалпы Риддер қаласында экожүйелерді ластаушы көздері: қорғасын
зауыты (Pb, Zn); мырыш зауыты (Zn, Pb, Cu); қалдық сақтағыш (Pb, Zn, Cu) болып
табылады.
Кілт сөздер: приоритетті ауыр металдар, қорғасын зауыты, мырыш зауыты,
қалдықсақтағыш.
Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуі
өндіруші жəне қайта өңдеуші салаларының дамуымен қамтамасыз етіледі. Минералды
ресурстарды барлау, өндіру, қайта өңдеу жəне тасымалдаумен байланысты іскерлік
белсенділіктің əрі қарай артуы, топырақ жамылғысына, атмосфералық ауаға, жер
бетіндегі, жер асты суларына, өсімдіктерге, жануарларға, адам денсаулығына жағымсыз
əсер етудің қарқынды дамуына əкеледі [1].
128
Қазіргі заманғы биогеохимия ғылымы биосферадағы химиялық элементтердің
миграциясы мен таралуына адамзаттың əрекетінің зор екендігі туралы мəселені көтеруде.
Шығыс Қазақстан облысындағы табиғи ресурстарға жағымсыз əсер етудің негізгі көзі
тау-кен өндіру өнеркəсібі болып табылады. Бұл өңірдің кəсіпорындарындағы
шығарылатын өнімдердің құрамында ластаушы элементтер молынан кездеседі. Олардың
ішінде ең бастыларының қатарына мыс, мырыш, кадмий мен қорғасын жатады. Мысалы,
Өскемен металлургиялық кешенінің өндірістік шаңында мырыштың жалпы
концентрациясы 58330, мыстың - 15600, кадмийдің – 47000, қорғасынның – 20450 мг/кг
құрайды [2].
Шығыс Қазақстан аумағының геологиялық-геохимиялық, металлогендік жəне
геофизикалық көрсеткіштерін талдасақ, зерттелетін нысан Үлкен Алтайдың құрамды бөлігі
ретінде аномальдығы жоғары болып келеді. Топыраққа түсетін ауыр металдардың негізгі
табиғи көзі рудалық кен орындары, олардан таралатын минерализация аймақтары
геохимиялық тау жыныстары мен геохимиялық барьерлерік кеңістіктердегі генетикалық
байланысқан түсті, сирек жəне асыл металдардың екінші литохимиялы аномалиялары болып
табылады. Аталған нысандар ауыр металдардың топыраққа ғана емес, жер астындағы, жер
бетіндегі суларға жəне биотаға түсу көздері болып саналады.
Тау-кен өнеркəсібі мен түсті металлургия кəсіпорындарының ластаушы өнімдері,
олардың маңында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланылатын топырақтар
жəне тұрғындарға экологиялық қауіп тудыратындығы даусыз ақиқаттық шындық екені
белгілі. Бірақ ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін пайдаланылатын топырақтардың
ауыр металдармен ластануына мониторинг іс жүзінде жүргізілмейді. Сондықтан, тау-кен
өнімдерін өндіруші өнеркəсіптердің бүлдірген жерлерін биологиялық рекультивациялау
қажеттілігі туындайды. Оларды іске асыру үшін ауыл шаруашылық мақсатына
пайдаланылатын жерлердегі ландшафттық-экологиялық жағдайларын түзеп, антропогендік
факторлардың əсерлерін реттеу керек. Себебі шикізатты өндіру жəне қайта өңдеу үрдістері
ландшафт түзетін кешеннің барлығын (атмосфералық ауа, жер бетіндегі, жер асты ыза
сулары, топырақ пен өсімдік жамылғыларының) қарқынды ластануына əкеледі [3].
Зерттеу нысаны мен əдістері
Зерттеу нысаны Риддер қаласының мырыш жəне қорғасын зауыттарының маңындағы
техногендік-бүлінген жəне ластанған аумақтары.
Зерттеу əдістері: далалық зерттеу жəне зертханалық-талдау. Топырақтағы жəне
өсімдіктердегі ауыр металдар атомдық-абсорбциялық əдіспен жүргізілді.
Зерттеу нəтижелері жəне оларды талқылау
Мырыш зауытының айналасында орналасқан аумақтың топырақ жəне өсімдік
жамылғысының жағдайы зерттелді. Зерттеулер топырақ жамылғысына жағымсыз əрекет
етуді көрсетті. Мырыш зауытына жақын маңда топырақтың елеулі ауданы эрозия үрдісіне
ұшыраған. Эрозия топырақтың беткі қабатының шайылуы, терең атыздар мен
опырылымдар түрінде көрінеді. Топырақтың беткі қабатының елеулі ауданында
өсімдіктер жойылған.
Топырақ кескінін сипаттаудың көрсетуі бойынша топырақтың «А» қабатының
қалыңдығы əр түрлі, ол шайылудың болғанын куəландырады, құрылымның күшті
тығыздалғаны байқалады. Топырақ кескіні бойынша жауын құртының қазған жолдары
көп, індер көп, алайда тіршілік ету ортасының ластануына байланысты, олар топырақта
жоқ, топырақтың жадына сақтау қабілетіне байланысты, олардың бұрынға қызметінің
іздерін сақтап қалған.
Талдаулардың нəтижелері бойынша топырақтағы ауыр металдардың мөлшері барлық
элементтер бойынша шектеулі жол берілген нормадан асып кетеді. Мырыш зауытынан ауыр
металдардың шығарылымы жоғары, оның өзі мырыш зауытының айналасындағы топырақ
жамылғысына теріс əсер етеді. Бұл телімде, əсіресе топырақтың жоғарғы қабаттары қатты
129
ластанған. Топырақтың мырышпен, қорғасынмен ластануы шектеулі жол берілген
концентрациядан (ПДК) 213-291 есе асып кетеді. Топырақтың осындай ластануы өсімдік
жамылғысына əсер етеді. Осындай күшті ластанған жерлерде өсімдік бірнеше ондаған
жылдар бойы өспейді, топырақты деградацияға ұшыратады. Өсімдіктер ауыр металдарды
өздерінің тамыр жүйелері арқылы жоғарғы өсімді мүшелеріне өткізіп, топырақтың беткі
қабаттарына жинақтайды. Алынған топырақ үлгілеріне жасалған рентгенофлуоресцентік
талдаудың көрсетуі бойынша, ауыр металдардың негізгі мөлшері топырақтың беткі
қабаттарында жинақталған. Элементтердің сіңірілу қатары: Zn>Pb>Cu>Cr. Топырақтың беткі
қабатындағы гумустың мөлшері 4,56%-ды құрайды. Ғылыми деректер бойынша ауыр
металдар топырақтағы органикалық заттармен еруі қиын, өсімдіктер сіңіре алмайтын
органикалық-минералды тұздар түзеді. Ауыр металдардың топырақтың жоғарғы гумусты
қабаттарында жинақталуы немесе олардың терең қабаттарға шайылуы (вертикалды немесе
радиалды миграциясы) топырақ кекініндегі əр түрлі геохимиялық барьерлердің жағдайымен
жəне сипатымен бақыланып отырады [4].
Мырыш зауытының шығарылымдары, оның айналасындағы жақын аумақтарға
жағымсыз əсер етеді. Мырыштың көп мөлшері топырақтың беткі 0-25 см қабатына
жинақталған (5911 мг-кг, ШЖК-дан 257 есе асады). Қорғасынның мөлшері 404 мг/кг, ШЖК-
дан 67,3 есе асады. Топырақтың төменгі қабаттарына қарай ауыр металдардың мөлшері күрт
азаяды. Топырақтың органикаға бай жоғарғы қабаты геохимиялық барьер қызметін атқарады.
Қалдық сақтағыш маңындағы топырақтардың беткі қабатында мырыш пен қорғасын көп
мөлшерде жинақталған. 0-26 см қабатта 972 мг/кг, ШЖК-дан 42,3 есе асады, 93-115 см
қабатта 124 мг/кг, ШЖК-дан 5,4 есе асады. Қорғасынның мөлшері 1282 мг/кг, ШЖК-дан
213,7 есе артады. Топырақтың төменгі қабаттарына қарай олардың мөлшері күрт төмендейді.
Есептелген статистикалық деректердің көрсетуі бойынша вариациялық коэффициент мырыш
бойынша 4,3-44,3%-ды құрайды. Мыс бойынша 13,3-53,4% аралығында, қорғасын 12-82,2%,
кадмий 20-52% құрайды. Қалдықсақтағыш маңынан алынған топырақтардағы жалпы
мырыштың мөлшері 143,2 мг/кг. Топырақтағы элементтің кларкынан (50 мг/кг) 2,9 есе
жоғары, литосфераның кларкынан (85 мг/кг) 1,68 есе көп, Kloke (300 мг/кг) ШЖК-дан 2,09
есе аз, Қазақстанда белгіленген [5] ШЖК-дан (23 мг/кг) 6,2 есе көп. Жалпы мыстың мөлшері
77,5 мг/кг. Топырақтағы элементтің кларкынан (20 мг/кг) [6] 3,9 есе көп, литосфераның
кларкынан (47 мг/кг) [6] 1,6 есе көп, Kloke (100 мг/кг) [7] ШЖК-дан 1,3 есе аз, Қазақстанда
белгіленген ШЖК-дан (33 мг/кг) 2,5 есе көп. Қорғасынның жалпы мөлшері 310,4 мг/кг
құрады. Топырақтағы элементтің кларкынан 31,04 есе жоғары, литосфераның кларкынан
19,4 есе көп, Kloke ШЖК-дан 9,7 есе көп, Қазақстанда белгіленген ШЖК-дан 9,7 есе көп.
Қорғасын зауытының маңынан алынған аймақтық топырақтардағы жалпы мырыштың
мөлшері 144,7 мг/кг. Топырақтағы элементтің кларкынан 2,9 есе жоғары, литосфераның
кларкынан 1,7 есе көп, Kloke ШЖК-дан 2,07 есе аз, Қазақстанда белгіленген ШЖК-дан 6,3 есе
көп. Жалпы мыстың мөлшері 47,9 мг-кг. Топырақтағы элементтің кларкынан 2,4 есе көп,
литосфераның кларкынан Виноградов бойынша 1,0 есе көп, Kloke ШЖК-дан 2,09 есе аз,
Қазақстанда белгіленген ШЖК-дан 1,45 есе көп. Қорғасынның жалпы мөлшері 294,0 мг/кг
құрады. Бұл топырақтағы элементтің кларкынан 29,1 есе жоғары, литосфераның кларкынан
18,4 есе көп, Kloke ШЖК бойынша 9,2 есе көп, Қазақстанда белгіленген ШЖК-дан 9,2 есе
көп.
Мырыш зауытынан 200 м қашықтықтан алынған аймақтық топырақ үлгілерінде жалпы
мырыштың мөлшері 140,5 мг/кг. Топырақтағы элементтің кларкынан 2,8 есе жоғары,
литосфераның кларкынан 1,65 есе көп, Kloke ШЖК-дан 2,14 есе аз, Қазақстанда белгіленген
ШЖК-дан 6,1 есе көп. Жалпы мыстың мөлшері 74,18 мг-кг. Топырақтағы элементтің
кларкынан Виноградов бойынша 3,71 есе көп, литосфераның кларкынан 1,58 есе көп, Kloke
ШЖК-дан 1,35 есе аз, Қазақстанда белгіленген ШЖК-дан 2,25 есе көп. Қорғасынның жалпы
мөлшері 448,26 мг/кг құрады. Топырақтағы элементтің кларкынан 44,8 есе жоғары,
130
литосфераның кларкынан 28,0 есе көп, Виноградовтың ШЖК бойынша 14,0 есе көп,
Қазақстанда белгіленген ШЖК-дан 14,0 есе көп. Мырыш зауытынан 500 м қашықтықтан
алынған аймақтық топырақ үлгілерінде жалпы мырыштың мөлшері 179,2 мг/кг. Топырақтағы
элементтің кларкынан 3,58 есе жоғары, литосфераның кларкынан 2,11 есе көп, Kloke ШЖК-
дан 1,67 есе аз, Қазақстанда белгіленген ШЖК-дан 7,79 есе көп. Жалпы мыстың мөлшері
156,08 мг-кг. Топырақтағы элементтің кларкынан 7,80 есе көп, литосфераның кларкынан
Виноградовтың ШЖК-дан 3,32 есе көп, Kloke ШЖК-дан 1,56 есе көп, Қазақстанда
белгіленген ШЖК-дан 4,73 есе көп. Қорғасынның жалпы мөлшері 501,12 мг/кг құрады.
Топырақтағы элементтің кларкынан 50,11 есе жоғары, литосфераның кларкынан 31,32 есе
көп, Виноградовтың ШЖК бойынша 15,66 есе көп, Қазақстанда белгіленген ШЖК-дан 15,66
есе көп.
Ауыр металдардың сіңірілу қарқындылығына ең алдымен олардың өсіп тұрған жерінің
жағдайы əсер етеді. Техногендік-бүлінген ландшафтар жағдайында өсімдіктердің ауыр
металдар сіңіру қабілеті қорғасынға қатысты төмен, биологиялық сіңіру коэффициенті (БСК)
мырыш зауытының маңында өсетін теректе 0,03-0,17 құрайды, мырышқа қатысты БСК = 0,39-
2,04, мыс – БСК= 0,07-0,14 құрайды. Қалдықсақтағыш маңында өсетін теректің қорғасынға
қатысты биологиялық сіңіру қабілеті мырыш зауытының маңындағы өсімдіктей ұқсас: мырыш
БСК= 1,7-6,34; мыс БСК=0,22-0,33; қорғасын БСК=0,05-0,10 құрайды. Тишинка үйіндісіндегі
тəжірибе телімдерінде өсетін шөптесін өсімдіктердің биологиялық сіңіру қабілеті мырыш
БСК=2,60-8,96; мыс БСК=0,14-0,50; қорғасын БСК=0,53-1,50 құрайды. Зырян кен орнының
үйінділеріндегі 12 тəжірибе алаңшасындағы қарағанның биологиялық сіңіру қабілеті
қорғасынға қатысты төмен, БСК=0,0006-0,07 құрайды. Мырышқа қатысты БСК=0,32-0,95;
мысқа қатысты БСК=0,17-0,39 құрайды. Техногендік-бүлінген ландшафтарда өсетін
өсімдіктердің жеке бөліктерінің (бұтағы, жапырағы, тұқымы, қауызы, тамыры) сіңіру қабілеті
де əр түрлі. Барлық зерттелген өсімдіктер бөліктері мырышты көп мөлшерде сіңіреді. Мыс пен
қорғасын аз мөлшерде сіңіріледі. Жүргізілген зерттеулер техногенді бүлінген ландшафтардың
ауыр металдармен ластануына биогеохимиялық зерттеулер жүргізген кезде өсімдіктердің
индикаторлық мəнінің жоғары екені туралы қорытынды жасауға жағдай жасады. Өсімдік
жамылғысы жинақтаушы ортаға миграциялық ағыннан металдардың артық массасын шығара
отырып, күшті биогеохимиялық барьердің рөлін атқарады. Ауыр металдарды биологиялық
аккумуляциялауда өсімдік түріне, олар өсіп тұрған топырақтың типі мен механикалық
құрамына байланысты белгілі бір заңдылықтар анықталды.Ауыр металдардың жапыраққа
жинақталуы Zn>Cu>Pb қатары бойынша жүреді. Теректің, қарағанның жəне үйеңкінің бұтағы
мен жапырағы техногенез əсерінен мырышты (БСК=1,2-7,6) белсенді жинақтайды. Қорғасын
зауытының маңында өсетін үйеңкінің тамыры мырышты өте көп мөлшерде (БСК=11,06)
жинақтайды. Қалдық сақтағыш маңында өсетін терек (БСК=6,34) жəне қорғасын зауытының
маңында өсетін терек тамырларында мырышты өте көп мөлшерде (БСК=8,14) жинақтайды.
Тишинка кен орнының үйінділеріндегі тəжірибе алаңындағы шөптесін өсімдіктер пішенінде
(БСК=2,60), түсімінде (БСК=8,96) жəне тамырында мырышты (БСК=7,26), қорғасынды
(БСК=1,50-115) жоғары мөлшерде жинақтайды. Мысты аз мөлшерде жинақтайды. Ауыр
металдардың миграциялық қабілеті биогеохимиялық, сіңіру барьерлерінің əрекетімен
шектелген. Ауыр металдардың өсімдіктермен сіңірілуі, олардың түріне байланысты. Барынша
көп биологиялық сіңіру коэффициенті теректе анықталған. Өсімдіктің мүшелері бойынша ауыр
металдардың жайғасуы олардың түрлеріне тəуелсіз тамырлары, мырышты көп сіңіреді,
бұтақтары мен жапырақтары азырақ сіңіреді. Ағаш өсімдіктері мен шөптесін өсімдіктер жеке
ауыр металдарды сіңіру дəрежесі бойынша өзгешеленеді: ағаштардың жапырақтары мырыш
пен мысты қарқынды сіңіреді, ал шөптесін өсімдіктер мырыш пен қорғасынды қарқынды
сіңіреді. Шөптесін өсімдіктердің түсімінде мырыштың мөлшері жоғары (БСК=8,96).
Өсімдіктердің ауыр металдарды жинақтауы топырақтың механикалық құрамына да
байланысты. Шөптесін өсімдіктер биогеохимиялық барьері (гумус) айқын байқалатын (қара
топырақ 40 см + үйінді) топырақгрунттарында ауыр металдарды көп мөлшерде сіңіреді (түсімі>
тамыры> жапырағы).
131
Қорытынды
Мырыш зауытының шығарылымдары, оның айналасындағы жақын аумақтарға
жағымсыз əсер етеді. Мырыштың көп мөлшері топырақтың беткі 0-25 см қабатына
жинақталған (5911 мг-кг, ШЖК-дан 257 есе асады).
Терек басқа ағаш өсімдіктеріне қарағанда ауыр металдарды жапырағы мен тамырына
сіңіру қабілетінің жоғарылығымен өзгешеленеді. Ол жақсы «санитар» болып табылады, оны
тау-кен өндіру өнеркəсібі аудандарының санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту
мақсатында өсіру үшін ұсынуға болады. Жүргізілген зерттеулер техногенді бүлінген
ландшафтардың ауыр металдармен ластануына биогеохимиялық зерттеулер жүргізген кезде
өсімдіктердің индикаторлық мəнінің жоғары екені туралы қорытынды жасауға жағдай жасады.
Өсімдік жамылғысы жинақтаушы ортаға миграциялық ағыннан металдардың артық массасын
шығара отырып, күшті биогеохимиялық барьердің рөлін атқарады.
Өсімдік техногенез жағдайында өзінің əр түрлі өсімді мүшелерінде (жапырақ, бұтақ,
тамыр) шектеулі жол берілген мөлшерден елеулі асатын мөлшерде ауыр металдарды
жинақтайды. Зерттеу нысанындағы шөптесін өсімдіктерде ауыр металдардың ең көп мөлшері
түсімде жəне 0-10 см қабаттағы тамырларында жинақталған, ал пішенінде азырақ мөлшерде
жинақталған. Қорғасын зауытының маңында өсетін өсімдіктерде қорғасынның мөлшері артық
болғанда өсімдіктің жапырағының жиектері жиырылып, тамырлары қысқа, құба түстес болады.
Өсімдіктердің жапырақтары сарғыш тартып, құрт жегендей тесік-тесік болып келеді. Сондай-ақ
жапырақтардың жиектері қызыл-қоңыр түсті, бойы аласа болып келеді.
Негізгі ластаушы компоненттер қорғасын, мырыш, мыс болып табылады. Жалпыға ортақ
қабылданған санитарлық-гигиеналық шкалаға сəйкес қала ауасының қорғасынмен ластануы
ерекше қауіпті болып табылады. Атмосфералық ауаға ластаушылардың тұрақты түрде
шығарылуы олардың жауын-шашынмен топырақ жəне су көздеріне түсуіне əкеледі.
Нəтижесінде ауыз суда да, топырақта да ауыр металдардың мөлшері артып, тұрғындарды
əртүрлі ауруларға ұшыратады.
Əдебиеттер
1. Панин М.С. Биогеохимия микроэлементов в растительном покрове техногенных
ландшафтов Казахстана //Проблемы континентальной биогеохимии (Биогеохимические
чтение памяти В.В.Ковальского) - М., 2006. -Вып.7 - С. 4-35.
2. Панин М.С. Эколого-биогеохимическая оценка естественных и техногенных
ландшафтов Семипалатинского Прииртышья: автореф....докт. биол. наук. – Новосибирск,
1999. - 34 с.
3. Программа «Охрана окружающей среды Восточно-Казахстанской области на
2008-2010 годы» Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования
Восточно-Казахстанской области. Утверждена решением Восточно-Казахстанского
областного маслихата от 29 января 2008 года №4/47-IV.
4. Глазовская М.А. Биохимическая организованность экологического пространства в
природных и антропогенных ландшафтах как критерий их устойчивости // Изв. РАН сер.
Географ. - 1992. - №5. - С. 5 - 12.
5. Приказ МЗО и ООС.....2004.
6. Виноградов А.П. Геохимия редких и рассеянных химических элементов в почвах.
- М.: Изд-во АН СССР, 1957. - 238 с.
7. Kloke A. Richtwerte. Orientierungsdaten fur tolerierbare Gesamtgehalte einiger
Elemente in Kulturboden// Ibid. - 1980. - H. 1–3. - Р. 23-32.
132
Козыбаева Ф.Е., Бейсеева Г.Б., Сағат Н.А.
ВЛИЯНИЕ ВЫБРОСОВ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ ПРЕДПРИЯТИЙ
В ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ
В ходе исследования приоритетных тяжелых металлов были изучены и их источники
поступления в систему почва-растение-вода. Загрязняющими элементами являются
свинец, цинк и медь. Источником загрязнения экосистем города Риддера являются:
свинцовый завод (Pb, Zn); цинковый завод (Zn, Pb, Cu); хвостохранилище (Pb, Zn, Cu).
Ключевые слова: приоритетные тяжелые металлы, свинцовый завод, цинковый
завод, хвостохранилище.
Kozybaeva F.E., Beiseyeva G.B., Sagat N.A.
IMPACT OF EMISSIONS MINING ENTERPRISES ENVIRONMENT
During the research the priority heavy metals have been studied and their sources of inflow
to the system soil-plant-water. The basic pollution elements are lead, zinc and cooper. The
source of ecosystems pollutions in Ridder town is as follows: the lead work (Pb, Zn); the zinc
work (Zn, Pb, Cu); the tailing dump (Pb, Zn, Cu).
Keywords: heavy metals priorities, Lead Plant, Zinc Plant, tailing dump.
УДК 633.1:632.2/938(574.51)
Кочоров А.С., *Кабденов Ж., Сагитов А.О., Уразалиев Р.А., Султанова Н.Ж.
*Казахский национальный аграрный университет
ИНТЕНСИВНОСТИ РАЗВИТИЯ БОЛЕЗНЕЙ И ИММУНОЛОГИЧЕСКИХ
ОСОБЕННОСТЕЙ СОРТОВ ЗЕРНОВЫХ И ЗЕРНОФУРАЖНЫХ КУЛЬТУР
В УСЛОВИЯХ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Аннотация
Установлено, что среди районированных сортов зерновых и зернофуражных культур
ни один из них не обладает комплексной устойчивостью к болезням. Но в то же время,
они заметно отличались по степени восприимчивости к заболеваниям, что нужно
учитывать при разработке интегрированной системы защиты их от вредных организмов.
Ключевые слова: Сорта, пшеница, ячмень, тритикале, овес, защита растений,
селекция, мониторинг, фитопатогены, иммунология, фитопатология.
Введение
Наша республика, еще до вступления Таможенного союза (ТС), заняла шестое место
по производству зерна и первое место по производству муки среди зерносеющих стран
мира. При вступлении Казахстана во Всемирную торговую организацию (ВТО)
предполагается значительно увеличить экспорт зерна и зерно- продуктов. Кроме того, на
базе данных статистического учета прогнозируется повышение спроса на Казахстанское
зерно в странах СНГ и ЕС и, особенно, Центральной Азии. Если учесть, что за последние
3 года ежегодный экспорт зерна пшеницы за рубеж составляет около 5-6 млн. тонн, то к
2017-2020 гг. ожидается его увеличение до 8-10 и более млн. тонн.
133
Возделывание сортов зерновых культур национальной селекции является
важнейшим условием сохранения продовольственной безопасности страны, упрочнения
статуса зерновой державы и обеспечения её экспортного потенциала. Однако, средняя
урожайность сортов пшеницы невысокая и в целом по республике составляет 12-15 ц/га.
Общим недостатком для всех допущенных к использованию сортов пшеницы, является их
неустойчивость к морозным условиям зимы, засухоустойчивость и восприимчивость к
болезням и вредителям. Несмотря на принимаемые меры, проблема устойчивости
возделываемых сортов остается актуальной и сегодня [1].
Использование в производстве устойчивых или толерантных к болезням сортов
является одним из основных элементов современной интегрированной системы защиты
растений. Распространение, развитие и вредоносность болезней зерновых культур зависит
от абиотических и биотических факторов, в частности от погодных условий года,
технологии возделывания, от степени восприимчивости, толерантности возделываемых
сортов полевых культур [2].
В Казахстане в последние годы фермеры стали высевать зарубежные сорта
зерновых культур, в частности России, Украины, Белоруссии и других стран, несмотря на
то, что у нас имеется местная селекция, и они работают на высоком уровне.
В связи с этим, при выборе направления исследований поставлена задача, расширить
и внедрить в производство новейшие селекционно-генетические и иммунно-устойчивые
местные сорта при применении инновационной технологии и интегрированной системы
защиты растений от вредных организмов на зерновых и зернофуражных культурах в юго-
восточном регионе Казахстана.
Впервые в Казахстане на базе Учебного научно-производственного центра
«Байсерке-Агро» реализуется ускоренное внедрение селекционных достижений с
применением инновационной технологии защиты растений, которое позволит хозяйствам
увеличить объем производства высококлассных семян сортов зерновых и зернофуражных
культур, улучшит их качество, получит дополнительный урожай и тем самым обеспечит
продовольственную безопасность страны.
Достарыңызбен бөлісу: |