List of references
1 Sokolov I.A. Theoretical problems of genetic soil science. - Novosibirsk: Humanitarian
Technologies, 2004. - 288 p.
2 Isachenko A.G. Methods Applied Landscape Research. - L.: Nauka, 1980. - 222 p.
3 Korsunov V.M., Kraseha E.N., Raldin B.B. Methodology of soil ecological and
geographical studies and soil mapping. - Ulan-Ude: Publishing House of BSC SB RAS, 2002. -
232 p.
4 Rozanov B.G. The morphology of the soil. - M.: Academic Project, 2004. - 432 p.
5 Arinushkina E.V. Guidance on chemical analysis of soil. - M.: Moscow State University,
1962. - 491 p.
6 Aleksandrov L.N., Naydenova O.A. Laboratory and practical classes on soil science. -
L.: Agropromizdat, 1986. - 295 p.
7 Soil survey. - M.: Publishing House of the USSR Academy of Sciences, 1959. - 346 p.
8 Yashin I.M., SHishov L.L., Raskatov V.A. Soil and environmental studies in the
landscapes. - M.: Publishing House of the ICCA, 2000. - 558 p.
9 Smirnov L.E. Aerospace methods of geographical research. - SPb.: Saint-Petersburg
University, 2005. - 348 p.
10 Kravtsov V.I. Space methods of soil investigation. - M.: Aspekt-Press, 2005. - 180 p.
11 Assessment of the current status of agricultural land in South-East Kazakhstan (for
example, piedmont plains Zhetysu Range: research report (interim) / LLP "UU Uspanov
KazNIIPiA": Head Pachikin K.M. - Almaty, 2015. -. 66 p. Reg. number - 0115RK02030, Inv.
Number 0215RK02371
12 KM Pachikin Soils and soil cover of the North Slope of Jungar Alatau: dis. Kan. bio.
Sciences: 03.00.27 / The Institute of Soil Science. - Alma-Ata, 1991 - 264 p.
13 Soils of Sarkand area Taldykorgan region and agricultural industrial grouping: research
report (final) / "Institute of Soil Science": hands. V. Nikolaev - Alma-Ata. 1969. 250 p. Inv.
Number 44.
91
ƏОЖ 631.4/8+576.8
Нүсіпжан А.Қ., Туреханова Ж.И., Слямова Н.Д., Успанов А.М.,
Мұқатаева Қ.А., Қазез Н.
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақ өсімдік қорғау жəне карантин ғылыми-зерттеу институты, ҚазӨҚКҒЗИ
ƏР ТҮРЛІ ƏДІСПЕН САҚТАЛҒАН BACILLUS THURINGIENSIS ЭНТОМОПАТОГЕНДІ
БАКТЕРИЯСЫНЫҢ ҚАБЫРШАҚ ҚАНАТТЫ ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ
БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Аңдатпа
Зерттеу жұмысында энтомопатогенді бактериялар штаммдарын сақтау əдістерін
қарастыра отырып, бұл əдістердің бактериялардың инсектицидтік белсенділігіне əсері
зерттелді.
Энтомопатогенді микроорганизмдер үшін бастапқы изоляттан алынған қасиеттерін
тұрақты сақтап қалу аса өзекті болып табылады. Өйткені микроорганизмдерді жиі-жиі
жаңа қоректік ортаға сепкен сайын олардың инсектицидті əсер көрсететін кристаллдары
жойылып, зиянкестерге қарсы тиімділігі төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты
энтомопатогенді микроорганизмдердің отандық штаммдарын сақтау əдістерін зерттеп,
əдістердің биологиялық белсеніділігіне əсерін анықтай отыра тиімдісін ұсынудың
маңыздылығы жоғары.
Кілт сөдер: биопрепарат, инсектицид, кристалл, энтомопатогенді бактерия
Кіріспе
Қазіргі таңда биотехнологиялық процесстің негізін құрайтындар микроорганизм-
дерді дұрыс таңдалған əдіспен сақталуы, өндірістің сапасын айқындайды. Энтомо-
патогенді микроорганизмдердің бастапқы изоляттан алынған қасиеттерін сақтап қалу
үшін жəне де биологиялық белсенділігін бірқалыпты ұстап тұруда тиімді сақтау əдістерін
ұсыну қажет
Биологиялық белсенді заттар продуценттерінің коллекциялық дақылдарын сақтау
əдістерін тиімді таңдау қазіргі таңда маңызды мəселелердің бірі. Осыған байланысты
энтомопатогенді микроорганизмдерінің отандық штамдарын сақтау əдістерін зерттеп,
əдістердің биологиялық белсеніділігне əсерін анықтай отыра тиімдісін ұсынудың
маңыздылығы жоғары.
Біздің елде – Қазақ өсімдік қорғау жəне карантин ҒЗИ-ның биотехнология
зертханасында, энтомопатогенді бактериялар жəне саңырауқұлақтар негізінде биоло-
гиялық препараттар шығарылуда. Қазақстан республикасы территорясында қолданысқа
рұқсат етілген 14 биологиялық препараттың ішіне Васillus thuringiensis штамы негізінде
жасалған – «Ақ көбелек» препараты кірді. Алынған мəліметтер бойынша препараттың
биологиялық тиімділігі инсектицидтерден кем түспейді 90-100% құрайды.
Материалдар мен əдістер
Зерттеу нысандары – Қазақстанның түрлі табиғи аймақтарынан жиналған өлі
жəндіктерден жəне топырақ үлгілерінен бөлініп алынған B. thuringiensis энтомопатогенді
бактериясының коллекциялық штаммдары: БТ-1, БТ-2, БТ-3.
B. thuringiensis штаммдарының уыттылығын жəне инсектицидті əсерін бақылау үшін
сынақ-нысан ретінде жапырақ ширатқыш көбелегінің 2-3 жастағы жұлдызқұрттары
(Archips crataegana) қолданылады.
Коллекциялық культураларды (себінділерді) сақтау əдістері.
92
Субкультивирлеу əдісі. Культураларды лабораторияда жəне өндіріс орындарында
сақтауға мүмкіндік береді. Микроорганизмдер культураларын жабық ыдыста бөлме
температурасында сақтайды. Метаболизм жылдамдығы төмендеу үшін оларды 5-8°С
тоңазытқышта сақтайды. Сақтық шараларын жасай отырып, бактерияларды 3-5 ай
сақтауға болады.
Минералды май астында сақтау. Микроорганизмдер культурасын сақтау үшін
бейтарап минерал майды қолданады. Əсіресе вазелин немесе тығыздығы 0,8-0,9 парафин
майын пайдаланады. Алдымен майды 1атм. қысыммен 45 минут бойына немесе 150-170º
автоклавта 1,5 сағат бойына залалсыздандырады. Микроорганизмдер культурасын маймен
жабу үшін қарапайым қондырғы бөлгіш воронкаларды пайдаланады.
Резеңкелі тығын астында сақтау. Дақылдар кеуіп кетпеу үшін резеңкелі тығынды
қолдану біршіма қолайлы болып табылады. Қиғаш агары бар пробиркаларды резеңкелі
тығынмен жауып, 5-8°С тоңазытқышта сақтайды.
Штаммдардың биологиялық белсенділігін анықтау. B. thuringiensis штаммдарының
бунақденелілерге уыттылығын, яғни биологиялық белсенділігін тексеру үшін əр түрлі
əдіспен сақталған бактерия дақылдары қолданылды. Ол үшін əр түрлі əдіспен сақталған
бактерия дақылдарынан сұйылтулар жасалды. Сұйылтулардың титрін анықтау үшін Том
Горяев камерасында споралар саналды. Бунақденелерді залалдауға қажетті спора титрі
1x10
7
. Дайын болған суспензияларға жапырақтарды малып, 2-3 жастағы жұлдызқұрттарға
беріп, ауа кіретін тесіктері бар стақандарға салынды. Əр стақанға 10 жұлдызқұрттан
салынды. Əрқайсысы үш қайталаудан жасалды. Жұлдызқұрттарды күнделікті бақыланып,
5-7 күн 25
о
С температурада ұсталды. Содан кейін өлгендері пайыздық көрсеткішпен
тіркеледі.
Зерттеу нəтижелері жəне талқылау
Энтомопатогенді микроорганизмдердің түрлі əдістермен сақтаудан кейінгі
тіршілікке қабілеттілігін зерттеу. Минерал май, мақталы жəне резеңкелі тығын астында
сақталған микроорганизм дақылдарының тіршілікке қабілеттілігін тексеру үшін Кох əдісі
қолданылды.
Тəжірибе қойылған соң күн сайын жұлдызқұрттар бақылауға алынып, күнделікті
қарағаш немесе алма жапырақтары салынып отырды. 1, 2-ші тəуліктен бастап өлгендері
тіркеліп отырды. Тəжірибе ұзақтығы 5 күнге созылды. Өлген жұлдызқұрттардың
денесінің түсі қарайып, ұстағанда езіліп тұрды. Содан кейін олар бөлме температурасында
2-3 тəулік кептірілді. Құрғап, кепкен жұлдызқұрттар жастықшаларға (матрасик) салынды.
Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, барлық нұсқаларда жұлдызқұрттардың өлуі
бақылауға қарағанда айтарлықтай жоғары болды. Сонымен қатар бактерия штаммдарын
сақтау əдістерінің биологиялық белсенділігіне əсер етуінде де біршама айырмашылықтар
байқалды. Осылайша, мақталы тығын астында сақталған штаммдарға қарағанда минерал
май жəне резеңкелі тығын астында сақталған штаммдардың жапырақ ширатқыш
жұлдызқұрттарға қарсы уыттылығы жоғары дəрежені көрсетті. Мысалы, БТ-3 штаммында
залалдағаннан кейін үшінші тəулікте май жəне резеңкелі тығын астында сақталған
штаммдардың белсенділігі 92,5 жəне 85% болса, сəйкесінше мақталы тығын астында
сақталған штаммдардың көрсеткіші 35%-дан аспады. Бұл көрсеткіш айырмашылығы
бесінші тəулікке дейін сақталды. Қалған екі штаммда айырмашылықтар бақылаудың
соңына дейін сақталды.
Сондай-ақ тəжірибе көрсеткендей, үш əдіспен сақтауда да БТ-3 штаммының
уыттылығы БТ-1, БТ-2 штаммдарымен салыстырғанда біршама жоғары болды. Бұл БТ-3
штаммының спецификалық қасиетіне байланысты. Минерал май астында сақталған БТ-3
штаммында үшінші тəуліктің өзінде жұлдызқұрттардың өлуі 92,5% болса, БТ-1, БТ-2
штамдарында өлу көрсеткіші 32,5-55% аспады. Осы үрдіс бақылау соңына, яғни 5-ші
тəулікке дейін сақталды (Кесте 1).
93
Кесте 1. Əр түрлі əдістермен сақталған B. thuringiensis штаммдарының жапырақ
ширатқыш көбелектің жұлдызқұрттарына (A. crataegana) қарсы биологиялық белсендігі
Штамм
Сақтау
əдістері
Өлуі, % (тəулік)
1
2
3
4
5
БТ-1
Минерал
май
17,5±2,5 27,5±2,5 55,0±2,9 60,0±4,1 67,5±2,5
Резеңкелі
тығын
22,5±2,5 30,0±4,1 55,0±2,9 67,5±4,8 72,5±2,5
Мақталы
тығын
2,5±2,5 15,0±2,9 35,0±2,9 47,5±2,5 57,5±4,8
БТ-2
Минерал
май
5,0±2,9 12,5±2,5 32,5±2,5 50,0±4,1 65,0±2,9
Резеңкелі
тығын
5,0±2,9 17,5±2,5 32,5±2,5 47,5±2,5 67,5±4,8
Мақталы
тығын
2,5±2,5 15,0±2,9 27,5±2,5 37,5±2,5 45,0±2,9
БТ-3
Минерал
май
17,5±2,5 60,0±4,1 92,5±4,8 100
100
Резеңкелі
тығын
17,5±2,5 45,0±2,9 85,0±2,9 97,5±2,5 97,5±2,5
Мақталы
тығын
7,5±2,5 35,0±2,9 35,0±2,9 75,0±2,9 92,5±2,5
Бақылау
0,0±0,0
12,5±4,8
12,5±4,8
22,5±4,8
22,5±4,8
ЕЕҚ
7,09 9,51 9,41 9,69 9,59
Қорытынды
Қазіргі таңда микроорганизмдер көмегімен көптеген биотехнологиялық процестер
негізінде алынатын биологиялық белсенді заттар өндірісі жүзеге асуда.
Микроорганизмдерді тіршілікке қаблетті күйде, оның биологиялық белсенділігін
сақтау жұмыстары коллекциялық дақылдар сақтауымен іске асырылады. Ол жұмыстар
микробиологиялық зертханалар мен биотехнологиялық өндірісте жүргізіледі, олар
өнеркəсіптік, зерттеушілік мақсатта қолданылады. Микрооргнизмдерді сақтаудың басты
мақсаты тіршілік қабілетін жоғары деңгейде ұсату мен мутациялық өзгергіштікті
болдырмау үшін ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ету.
Жүргізілген жұмыстың мақсатына сəйкес энтомопатогенді микроорганизмдерді
түрлі əдістермен сақтау əдістерін, сақтаудан кейінгі тіршілікке қабілеттілігін тексеру жəне
сақтау əдістерінің штамдардың зиянкестерге қарсы биологиялық белсенділігіне əсерін
зерттеу болған. Зерттеулердің нəтижесінде келесідей қорытындыларға келдік:
1. Энтомопатогенді микроорганизмдерді сақтаудың əртүрлі тəсілдері қолданылды:
қоректік орталарға үздіксіз егу, минералды майдың астында, резеңке тығынның астында,
лиофилденген күйде сақтау. Зерттеу нəтижелері көрсеткіші бактериялар үшін резеңке
тығында жəне вазелинді майда сақтау əдістері тиімді болып табылды.
2. Бактерия штамдарының спораларының тіршілікке қабілеттілігі 9 ай жəне 12 ай
минерал май астында жəне резеңкелі тығын астында сақталаған дақылдардың көрсеткіші
орташа есеппен 95% құрады. Мақталы тығын астында тіршілікке қабілеттілігі 85%-ды
94
көрсетті, ол дегеніміз ортаның құрғап кетуімен байланыстырылды. Яғни энтомопатогенді
бактериялардың коллекциялық дақылдарын сақтауда минерал май жəне резеңкелі тығын
астында сақтауды ұсынуға болады.
3. Əртүрлі əдістермен сақталған коллекциялық дақылдардың биологиялық
белсенділігін анықтауда зерттеу нəтижелері көрсеткендей Bacillus thuringiensis
штамдарының уыттылығында өзіндік ерекшеліктері болды, штамдардың түрлеріне жəне
сақтау əдістерімен байланысты. Минерал май жəне резеңкелі тығын астында сақталған
штамдардың пайыздық көрсеткіші 65-100% аралығында болды, бұл штамдардың
вируленттілігіне байланысты. Мақталы тығын астында сақталған штамдардың
биологиялық белсенділігі əсер ету мерзімінің ұзаруы байқалуы жəне төмен дəрежені
көрсетуі оларды қайта-қайта егілуімен байланысты, патогендігінің төмендеуі деп түсінуге
болады.
Сондықтан, алдағы зерттеулерде оптималды консервация əдістері ретінде минерал
май жəне резеңкелі тығын астында сақтауды қолдануды ұсынамын.
Əдебиеттер
1 Африкян Э.К. Энтомопатогенные бактерии и их значение. Ереван, 1973.-420с.
2 Сағитов А.О., Ашықбаев Н.Ж., Слямова Н.Д., Төлеубаев Қ.М., Дүйсембеков Б.Ə.,
Өсімдіктерді биологиялық қорғау. Алматы,«Қайнар», 2012.
3 Герна Г. Хранение микроорганизмов. В Н.: Методы общей бактериологии. / Под
ред. Ф. Герхарда. Т. 1. – М.: Мир. – 1983. –С. 12-536.
4 Троицкая Е.Н. Сравнение методов хранения культур штаммов Bacillus
thuringiensis var .galleriae // Прикл.биохимия и микробиология. -1979. –Т.15, вып.3. –С.
402-402
5 Feitelson J.S., Payne J., Kim L. Biotecnology. -1992. –V.10. –P.271-275.
Нүсіпжан А.Қ., Туреханова Ж.И., Слямова Н.Д., Успанов А.М.,
Мұқатаева Қ.А., Қазез Н.
ХРАНЕНИЕ ЭНТОМОПАТОГЕННЫХ БАКТЕРИИ BACILLUS THURINGIENSIS
РАЗЛИЧНЫМИ МЕТОДАМИ И БИОЛОГИЧЕСКАЯ АКТИВНОСТЬ В ОТНОШЕНИИ
ЧЕШУЕКРЫЛЫХ ВРЕДИТЕЛЕЙ
Рассматривая методы хранения штаммов энтомопатогенных бактерий в исследова-
тельской работе, изучено влияние способов хранения на инсктицидную активность энто-
мопатогенных бактерий.
Для энтомопатогенных бактерии особо актуальным является сохранение изна-
чального состояние изолята. Потому что у микроорганизмов при частом пересевании на
новые питательные среды исчезают инсектицидные кристаллы, и они не могут оказать
влияние на вредителей. В связи с этим изучая хранения отечественных энтомопатогенных
штаммов микроорганизмов различными методами, определяя значимость влияния
методов на биологическую активность, предостовить ососбо важный из них.
Ключевые слова: биопрепарат, инсектицид, кристалл, энтомопатогенная бактерия
95
Nusipzhan A.Q., Turekhanova J.I., Slyamova N.D, Mukhatayeva K.A,
Uspanov A.M., Kazez N.
STORAGE OF ENTOMOPATHOGENIS BAKTERIUM BACILLUS THURINGIENSIS
DIFFERENT METHODS AND BIOLOGICAL ACTIVITY AGAINST LEPIDOPTERA PESTS
Considering the methods of storing entomopathogenic bacteria strains in research, we
studied the effect of storage methods on insktitsidnuyu Activity entomopathogenic bacteria.
For entomopathogenic bacteria are particularly relevant it is the preservation of the original
state of the isolate. Because frequent peresevanii microorganisms culture media for new
insecticidal crystals disappear, and they can not influence the pests. Therefore studying the local
storage of entomopathogenic microorganism strains by various methods, methods of determining
the significance of the influence on the biological activity, predostovit ososbo important of them.
Keywords: biological product, insecticide, crystal, entomopathogenic bacteria
ƏОЖ: 633.63:631.587
1
Елназарқызы Р.,
1
Сембаева А.,
2
Досжанова А.
1
Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
2
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН
ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ
Аңдатпа
Қант қызылшасын суарудың тиімді тəсілі мулчирленген пленканы пайдалана
отырып тамшылатып суару болып табылды. Бұл тəсіл өсімдіктердің біркелкі шығуын,
өсімдіктің дамуын жəне өсуін жылдамдатып, вегетативті массасының көбірек
жинақталуын жəне жоғары өнімділікті қалыптастырды. Тамшылатып суаруда қант
қызылшасының өнімділігі қарықпен суарылған нұсқаға қарағанда 196 ц/га артқандығы
көрсетілген, қарықпен суарылған нұсқадағы өнімділік көрсеткіші 464 ц/га құрады.
Тыңайтқышсыз мульчирленген пленка астында тамшылатып суарылған нұсқалардағы
өнімділік 660 ц/га болды, ал тыңайтқыш енгізілген мульчирленген пленка астында
тамшылатып суарылған қант қызылшасының өнімділігі 883,0ц/га құрады.
Кілт сөздер: Суару əдістері, тамшылаып суару, қант қызылшасы, минералды
тыңайтқыштар, өнімділік, арамшөптермен ластану.
Кіріспе
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты негізінен қант
қызылшасынан алады, өйткені оның тамыржемісі көмірсуларға бай, құрамында 13-20%
сахароза болады, сондықтан ол қант өнеркəсібінде шикізат болып саналады.
Суармалы жерлер көлемінің азаюы жəне өнімділіктің төмендеуі топырақтың
тұздануына немесе топырақ құрамының өзгеруіне байланысты. Жалпы жердің тұздануы
көп жағдайларға байланысты, ішінде басты жағдай экологиялық қателердің туындауы.
Жер асты сулардың көтеріліп жайылуы жəне олардың топырақтың сумен əрекеттесуінен
пайда болады. Кəріздердің жақсы жұмыс істемеуінен топырақтың бүлінуі суармалы
егіншілікте кедергі тигізеді.
96
Соңғы жылдары топырақтың беткі жəне астыңғы қабаты арқылы тамшылатып суару
жəне арнайы трубаларды топырақ астына енгізу жұмыстары жүргізілді. Мұндай тəсілді
қолданғанда топырақты механикалық өңдегенде топырақ бетінің булануы төмен болады.
Зерттеу нəтижелерінде мульчирленген пленка жамылғысы пайдаланылған егістікте
тамшылатып суаруда ылғал мөлшері жəне арамшөптермен ластануы жағынан тиімділігін
көрсетілген [1,2]. Сондай-ақ осы жұмысқа жамылғы пленканы қолданып, арам шөптермен
күресу жолдары анықталған (СУАР, ҚХР) жəне осы пленканы жайып жан-жағын қымтап,
пленканы тесіп тұқымды тесік сеуіп кетерін жаңа сепкіштер ойлап шығарылды. Айтылған
технологиялық жүйені қолданып 1 млн. гектарға себілуде, ол тек Қытай елінде емес,
Пəкістан, Мозамбик, Нигерия жəне т.б. мемлекеттерін қамтиды жəне онымен көкөніс,
қант қызылшасы, мақта, жүгері жəне майбұршақ дақылдары егілуде.
Зерттеу əдістері мен нысаны
Зерттеу жұмыстары «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту
контекстінде суармалы егіншілікті тұрақты дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасы
аясында жүргізілді. Егістік тəжірибелер Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан
«Нұржан» шаруа қожалығында жүргізілді.Тұқымды егу жұмысы бір мезетте үш
операцияны атқаратын, мульчирленген пленканы жайып жан-жағын топырақпен қымтап,
бірден тамшылатып суаратын ленталарын тартып, пленканы тесіп тұқымды сол жерге
себетін сепкіш арқылы жүзеге асырылды (сурет 1). Зерттеу нысаны ретінде қант
қызылшасының Авантаж гибриді алынды (сурет 2). Өсімдіктің дамуына жəне өсуіне
фенологиялық бақылаулар Мемлекеттік сортсынау комиссиясының əдістемесі бойынша
жүргізілді. Егістіктің арамшөптермен ластануы арамшөптер, ауру зиянкестер
мониторингіне жалпылай қабылданған əдіс бойынша жүргізілді. Егістіктегі өсімдіктердің
өніп шығуын есептеу 0,3 м
2
əр болтек бойынша есепке алынды (Балашев, 1968). Зерттеу
нəтижелерін математикалық өңдеу Б.А. Доспехов əдісі бойынша компьютерде есептелінді.
Сурет 1 - Қант қызылшасы тұқымын
мульчирленген пленкамен себу көрінісі
Сурет 2 - Қант қызылшасының Авантаж
гибриді, 27.08.2015 ж.
Зерттеу нəтижелері
Төменде көрсетілген 1 кестедегі мəліметтер бойынша, қант қызылшасының өніп
шығуының басталуы мульчирленген пленка астында тамшылатып суарылатын нұсқада 26
мамырда белгіленген, яғни, пленкасыз өсірілген нұсқадан 1-2 күнге ертерек өніп шыққан.
Мульчирленген пленканы пайдаланғанда өсімдіктердің біркелкі өніп шыққандығының да
маңызы зор. Пленкасыз өсірілген нұсқалардағы өсімдіктердің толық өніп шығуы 4 күнге
кешігіп, сонымен бірге біркелкілігі мульчирленген пленкамен өсірілген өсімдіктерге
қарағанда төмен болды (кесте 1).
97
Кесте 1 - Əртүрлі суару тəсілдеріндегі қант қызылшасының даму фенологиясы
Суару тəсілі
Даму фазазы
Өніп
шығуы
2
қос
жапырақ
пайда
болу
ы
3
қос
жапырақ
пайда
болу
ы
4-5
қос
жап
ы
рақ
пайда
болу
ы
Жапырақ
тың
түйісуі
Жапырақтың
қатара
арал
ықта
түйісуі
Жапырақтың
ажырауы
Қарықпен суару
27-30.
04
04-07.
05
10-12.
06
13-17.
06
19-22.
07
22-25.
08
27-30.
09
Тамшылатып суару 27-30.
04
05-08.
05
10-12.
06
14-16.
06
18-20.
07
22-24.
08
26-30.
09
Мульчирленген
пленка астында
тамшылатып суару
26-27.
04
02-03.
05
06-09.
05
11-13.
06
16-18.
06
19-21.
07
25-28.
09
Мульчирленген пленка астында тамшылатып суарылған нұсқалардағы өсімдіктердің
дамуы жəне өсуі басқа нұсқаларға қарағанда алда жүруі қант қызылшасының техникалық
пісуіне дейін сақталынды.
Даму фазасының бастапқы кезеңінде зерттеліп отырған дақылдың аурулармен жəне
зиянкестермен зақымдануы байқалмады. Арамшөптердің көрсеткіші бойынша, негізінен
біржылдық жəне көпжылдық шөптесін арамшөптер кездесті: алабота, тісті ошаған, тауық
тары жəне тағы басқалары (кесте2).
Кесте-2 Тамшылатып суару тəсілдерімен өсірілген қант қызылшасы егістігінің
арамшөптермен ластануы
Тамшылатып суару
əдістері
Арамшөп саны, дана/м
2
Арамшөптердің түрлері
3
жапырақ
ты фаза
Өнім жинауға
механикалы
қ
химиялық
жамы
лғы
пленк
а
Топырақтың жоғарғы
қабатын тамшылатып
суару
150 50
33 -
Ерте пісетін жаздық (алабота, тісті
ошаған) кеш пісетін жаздықтар (қара
алқа, тауық тары, мысық құйрық),
атпа тамырлы (егістік қалуен,қызғылт
қалуен, дала шырмауығы)
Топырақ жоғарғы қаба-
тын жамылғы пленка-
мен суару
20 -
-
15
Тауық тары, мысық құйрық
Топырақтың төменгі
қабатын тамшылатып
суару
125 46
36 -
Алабота, егістік қалуен, тауық тары,
дала шырмауығы
Топырақтың төменгі
қабатын жамылғы
пленкамен суару
22 -
-
19
Мысық құйрық, тауық тары
98
Егістіктік ластануын бақылау көрсеткіші бойынша, барлық зерттеліп отырған
дақылдың жамылғы пленкемен жабылған нұсқасында егістіктік ластану дəрежесі күрт
төмендеген.
Құбырлардағы тамшылатқыштар саны, ара қашықтықтағы себілетін жердің топырақ
құрамына жəне суарылатын дақыл түріне байланысты. Тамшылатып суарудың басқа
суару тəсілдеріне қарағандағы артықшылықтары: су 1,5-2,5 есе үнемделеді; топырақ
эрозиясы мүлдем болмайды; топырақтағы ауа жəне су аралық, су пайдалануына қарай
тамшылатып суарудың негізі болып өсімдіктің тамыр жүйесіне үздіксіз (1-10 л/сағ дейін
үлесімен) ылғал келуінде. Суарумен қатар ертінділерді де беру ыңғайлы [3]. Яғни
суармалы сумен бірге ертінді мен тыңайтқышқарды, гербицидтерді беруге болатындығы.
Тауалды, ашық каштанды топырақта қант қызылшасын əр түрлі суару тəсілдерімен
өсірудің бірінші жылдық зерттеу нəтижелері бойынша тамшылатып суаруды пайдалану
өсімдіктің өнімділігінің жоғарылауына айтарлықтай əсер ететіндігін айқын көрсетті. 3-ші
кестеде көрсетілгендей тамшылатып суаруда қант қызылшасының тамыржемісінің
өнімділігі қарықпен суарылған нұсқаға қарағанда 196 ц/га артқандығы көрсетілген,
қарықпен суарылған нұсқадағы өнімділік көрсеткіші 464 ц/га құрады.
Кесте 3 –Қант қызылшасының тауалды ашық қоңыр топырақтағы əр түрлі суару
тəсілдері мен тыңайтқыштарға байланысты өнімділігі, ц/га
Суару тəсілдері
Тыңайтқыш
тыңайтқышсыз N
30+30+30
P
60
Қарықпен суару 464
672
Тамшылатып суару
442
665
Мульчирленген пленка астында тамшылатып суару
660
883
НСР
0,95
=86 ц/га
Тыңайтқыш енгізілген мульчирленген пленка астында тамшылатып суарылған қант
қызылшасының өнімділігі 883,0ц/га құрады. Бұл дегеніміз, тыңайтқышсыз мульчирленген
пленка астында тамшылатып суарудан 223,0 ц/га немесе 33,7 % жоғары өнім берді.
Достарыңызбен бөлісу: |