Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата07.04.2017
өлшемі8,12 Mb.
#11299
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42

Выводы 
Таким образом, еще раз следует отметить, что одними из самых распространенных и 
трудно  извлекаемых  загрязнений  городских  и  производственных  стоков  являются 
мелкодисперсные  (коллоидные)  и  растворенные  органические  загрязнения.  Физико-
химические  методы  их  извлечения  и  деструкции  такие,  как  адсорбция,  реагентная 
обработка,  использование  окислителей,  экстракция  и  др.,  пока  еще  слишком  дороги  и 
малоприменимы  для  больших  расходов  сточных  вод.  Поэтому  самым  результативным 
вполне  может  являться  биологический  метод,  т.  к.  биологическая  очистка  обеспечивает 
деструкцию сложных органических загрязнений, осуществляемую безpeaгентным путем в 
обычных  физико-химических  условиях  и  при  минимальных  затратах  энергии. 
Биологический  метод  является  экологически  чистым,  т.к.  углерод  органических 
соединений  в  результате  деструкции  окисляется  до  углекислоты  и  воды,  азот - до 
нитритов  и  нитратов,  а  живые  клетки  аэробных  бактерий  не  только  безвредны,  но часто 
полезны окружающей среде. 
Литература 
1.
Роев Г.А. Очистные сооружения. Охрана окружающей среды – М.: Недра, 1993.
2.
Родионов  А.И.,  Клушин  В.П.,  Торочешник  И.С.  Техника  защиты  окружающей
среды. Учебник для вузов – М.: Химия, 1989. 
3. Очистка  производственных  сточных  вод:  учебное  пособие  для  вузов/  Под.  Ред.
Якрвлева С.В. – М.: Стройиздат, 1985. 
4.
Яковлев  С.В.,  Карелин  Я.А.,  Ласков  Ю.М.,  Воронов  ЮВ.  Очистка
производственных сточных вод. М.:Стройиздат. 1985. 
5.
Поляков  А.  М.,  Соловьев  С.  А.,  Видякин  М.  Н.  Технология  мембранного
биореактора (МБР) для очистки природных и сточных вод [I] // Критические технологии. 
Мембраны. 2008. № 3. 

212
 
 
6. 
Поляков  А.  М.,  Соловьев  С.  А.,  Видякин  М.  Н.  Технология  мембранного 
биореактора (МБР) для очистки природных и сточных вод [II] // Критические технологии. 
Мембраны. 2009. № 1. 
7. 
Ковалева  Н.Г.,  Ковалев  В.Г.  Биохимическая  очистка  сточных  вод  предприятий 
химической промышленности – М.: Химия, 1987. 
 
Абуев Н.Б., Альжанова Л.А.  
 
АЗОТ ҚОСПАЛАРЫНАН АҒЫН СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ƏДІСТЕРІН ТАЛДАУ 
 
Мақала қаладағы ақаба суларының мəселелеріне, олардың сандық жəне сапалық көр-
сеткіштеріне  арналған.  Тараз  қалалық  ақаба  суларының  құрамындағы  азот  қосылыстары 
туралы мəліметтер көрсетілген. 
 
Abuev N.B., Alzhanova L.A. 
 
ANALYSIS METHODS OF SELECTION OF WASTEWATER TREATMENT OF 
NITROGEN COMPOUNDS 
 
The article deals with the problem of urban waste water, their quantitative and qualitative 
indicators. The data on the content of nitrogen compounds in wastewater Taraz. 
 
 
ƏОЖ 634.91 
 
Сарсенбаева Ж.К., Қожабекова А.Ж.,  Жорабекова Ж.Т. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
ОҢТҮСТІК БАЛҚАШ ӨҢІРІНДЕГІ ТОРАҢҒЫ АҒАШЫНЫҢ 
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 
 
Андатпа 
Орман, жер ресурстарын тиімді пайдалану да жоғарғы өнімді ағаш түрлерін екпеге 
кіргізу  үшін,  жер  байлығын  қолдану  топырақ  қорғау  жəне  жел  эрозиясынан  қорғау, 
қаламен  ауылды  көгалдандыру  орман  шаруашылығымен  аграрлық  сектордың  міндеті 
болып табылады. Осындай тапсырманың міндеті шаруашылық құндылығы жоғары табиғи 
популяция жəне жылдам өсетін ағаш түрлерін жаңа құрылып жатқан орман массивтеріне, 
өзен  жағалауларындағы  отырғызулар,  құмдарды,  жыраларды,  сайларды  бекіту,  ауыл 
шаруашылығына  қолайсыз  т.б.  егу.  Мұндай  түрлер  орман  өнімділігін,  сүрек  қорын 
молайтып оларды өсіру мерзімін азайтады. 
Тораңғы  топтанған  тоғай  (тораңғыл  деп  аталады)  түрiнде  де,  жеке  ағаш  ретiнде  де 
шөлдi-шөлейт аймақтарда, құмды баурайларда, тұзды-сортаң тақырларда, өзен аңғарлары 
мен жағаларында да өседi. 
Кілт сөздер: тораңғы, популяция, орман массивтері, талдар тұқымдасы.  
 
Кіріспе 
Қазақстанның орман  қоры 21 млн.га, ол жалпы жер көлемінің 4,5 пайызын алады. 
Орман    өндірісінде  бағалы  материал  ғана  емес,  сонымен  қатар  топырақты  эрозиядан 
сақтау,  құм      көшкінін  тоқтату,  суды  реттеу,  егінді  қорғау,  атмосфераны  шаң-тозаңнан 

213
 
тазартуда  оның  маңызы зор. Сонымен  қатар орман ағаштары қуаңшылық пен  аңызақ 
желден  сақтайды.  
  Шөлге  төзімді  ағаштар  да  бар,  елдің  арасында  тораңғы  аталған  ағаштың  алқабы 
қазір сирек. Тораңғы тұзды жəне шөлді жерде қоршаған ортаға өз пайдасын тигізеді.  
Оңтүстік  Балқаш  өңірінің  ормандары  сексеуілді  жəне  тоғайлы  алқа  ағаштардан 
тұрады.  Бақанас  орман  шаруашылық  мемлекеттік  мекемесінің  аумағы  бір  бөлігі  ретінде 
осы өңірге кіреді.  
Оңтүстік Балқаш ормандарының типтері 
Оңтүстік  Балқаш  маңы  сексеуілді  жəне  тоғайлы  ормандарына  Бақанас  орман 
шаруашылық мемлекеттік мекемесі де осы аумаққа кіреді. Барлық бұталар (жүзгін, құмды 
қараған, теріскен, шеңгел жəне тағы басқалар) бір топқа жиналған. 
Бақанас  орман  шаруашылығы  мемлекеттік  мекемесінің  орманмен  жамылған 
жерлеріндегі  басымды  екпелері  сексеуілдер, 796956,8 га  немесе 88,5% орман  жамылған 
аудандарды  алып  жатыр,  оның  ішінде 791095,8 га  немесе 88,0% қара  сексеуілдер  жəне 
4961,0 га немесе 0,5% ақ сексеуілді орман типтері. 
Өсімдіктер  өзеннен  қашықтаған  сайын  азая  түседі.  Мұндай  шөлді  далаларда  ақ 
сексеуіл (Holaxylon aphillum) өседі. Қатты ыстықта тоғай ішіндегі ылғалдылық шөптесін 
өсімдіктердің өсуіне үлкен ықпал жасайды. [3] 
Тоғайлар  ішінде  дұрыстап  орман  шаруашылығын  құру  қиынға  соғады,  себебі 
мемлекеттік  қор  учаскелері  мал  жаю  салдарынан  қатты  тапталған,  жарамсыз,  күзде  бұл 
жерлерде  шөптер  мен  қамысты  өртеп  жібереді.  Бұл  өртеу  жұмыстары  орман 
шаруашылығына үлкен кесірін тигізеді. 
Орман, жер ресурстарын тиімді пайдалану да жоғарғы өнімді ағаш түрлерін екпеге 
кіргізу  үшін,  жер  байлығын  қолдану  топырақ  қорғау  жəне  жел  эрозиясынан  қорғау, 
қаламен  ауылды  көгалдандыру  орман  шаруашылығымен  аграрлық  сектордың  міндеті 
болып табылады. Осындай тапсырманың міндеті шаруашылық құндылығы жоғары табиғи 
популяция жəне жылдам өсетін ағаш түрлерін жаңа құрылып жатқан орман массивтеріне, 
өзен  жағалауларындағы  отырғызулар,  құмдарды,  жыраларды,  сайларды  бекіту,  ауыл 
шаруашылығына  қолайсыз  т.б.  егу.  Мұндай  түрлер  орман  өнімділігін,  сүрек  қорын 
молайтып оларды өсіру мерзімін азайтады. 
Осындай  ағаш  түрлеріне  тораңғылар  жатады.  Қазақстанның  шөл  жəне  шөлейт 
аймақтарындағы  жалғыз  биік  діңді,сүрегі  мықты  ағаш.  Тораңғының  бір  кемістігі: 
зиянкестермен  ауруға  тиімсіздігі,  жасанды  вегетативті  көбеймеуі,  жиі  діңінің  иірленуі, 
жəне  бір  бірінен  алшақ  өсуі.  Нəтижесінде  тораңғыдан  ішкі  түрлік  полиморфизмді 
аңғарамыз. Сыртқы факторлардың əсерінен өнімдік қызметі өзгеріске ұшырайды, бірақ та 
сипаты  мен  өзгерістер  амплитудасы  біркелкі  емес,  көбінесе  түрдің  генетикалық 
ерекшелігінен, ареалымен популяциялық оқшаулану дəрежесіне байланысты [1]. 
Тораңғының  жоғарғы  полиморфтылығы  оның  генетикалық  жəне  биологиялық 
ерекшеліктерін  зерттеуді,  оларды  теректің  төзімді  басқа  түрімен  будандастыру,  түр 
аралық  будандастыру,  Қазақстанның  оңтүстік  қуаң  жалғастық  тəн  шаруашылық 
құндылығы жоғары көшетін зерттеу [1]. 
Тораңғы  шығу  тегі  жəне  систематикалық  жағдайы  əлі  түсініксіз,  қызықты  топтың 
бірі.ол  талдар  тұқымдасына (Salicaceae lirbec), авторлар  бұл  ағаштың  біркелкі 
филогенетикалық  жүйесіне  əлі  күнге  келісілген.  Энглер,  Веттштейн  жəне  Гетчинсон 
жүйесіне  сəйкес,  Талдыгүлділер  ең  ежелгі  болып  табылады  жəне Arcihiclamygec 
тұқымдастар тармағына жатады.  
Тораңғы (лат. 
Populus diversifolia) – талдар (Salixacae) тұқымдасының терек Populus 
туысына жататын теректің бір түрі болып саналады [2] 

214
 
Дiңi  түзу,  жуандығы  кейде 1 м-ге  жетедi,  қабығы  сарғылтсұр,  таспа  тəрiздi 
сыпырылады. Өркендерi бастапқыда нəзiк түктi, кейiн түксiз, түсi қоңыр сарғылт. Сəуiрде 
гүлдейдi, мамырда жемiс бередi. 
Габитусы  мен  жапырақтары  терекке  ұқсас,  шөлдi  аймақтың  күрт  өзгерiстi 
континендальды  ауа  райына  жақсы  бейiмделген.  Жапырақтары  суды  аз  буландырады, 
тамыр жүйесiнiң жақсы дамығандығынан 10 метр тереңдiктегi жер асты су көздерiнен нəр 
алады жəне жер бетiне жақындаған тұсында жан-жағына қарай жайыла тарап, аумағы 30 
метрге дейiн барады. Атпа тамырлар  арқылы өнген шыбықтары арқылы көбейеді. 
Мамыр  айында  гүлдейтiн  жапырақтарынан  ақ  үпелек  түрiнде  ауаға  ұшатын 
ұрықтарынан шамалы да болса майда өскiндер өсiп шығады. Бiрақ бұл жалпы мөлшердiң 
болмашы көлемiн ғана қамтиды. Тек тамыр мен бұтақ қаламшалары арқылы бұл ағашты 
көбейтуге болмайды. 
Қолайлы  жағдай  туғызар  болса,  тораңғы  ағашының  биiк  те  iрi  болып  өсе  алады. 
Мысалы,  Б.К.Скупченко 1952 жылы  Балқаштың  маңайынан  биiктiгi 30 метрге  жететiн, 
жуандығы 1,5 метр болатын тораңғыны суретке түсiрiп алған [3]. 
Ғалымдардың  мəлiмдеуiнше,  əр  тораңғы  орта  есеппен  жыл  сайын 1 тоннадан  аса 
шаңды ұстап қалып, 1,5 мың литр оттегiн айналасына бөлетiн көрiнедi. 
Тораңғы  отын  орнына  пайдаланылып  құрып  бара  жатқандықтан,  соңғы  кезде 
Қазақстанның Қызыл кiтабына енгiзiлген. 
Тораңғы ағашының дендрологиялық сипаттамасы 
Тұқымдасы: Salicaceae, туыс: Populus, түр: 
Populus diversifolia Schrenk – туранга 
разнолистная  түрлі  жапырақты  тораңғы, Populus pruinosa Schrenk – сизолистная 
туранга - көк  сұр  жапырақты  тораңғы Populus lilwinowiana Dode - Литвинов 
тораңғысы. 
 
 
 
Сурет 1 – Терек туысы жəне түрлері 
Терек туысы 
Ақ терек 
Нағыз теректер 
(туыс түрлдері) 
Тораңғы 
1. Сұр терек
2. Бахофен терегі
қара теректер 
секциясы 
Бальзамды 
теректер 
секциясы 
1. Көкшіл тораңғы
2. Литвинов
тораңғысы 
3. Түрлі жапырақты
тораңғы 
Түрлері: 
1. Лавр
жапырақтытерек 
2. қытай терегі
3. Бальзамды терек
Бальзамды 
теректер 
секциясы 

215
 
Қазақстанда  кездесетін  екі  түрі.  Кейбір  систематикалық  жүйелеуде  өзінше  бөлек 
туыс деп есептелінеді. Шөлді Арал аймағынан Балқаш-Алакөл ойпатына дейінгі аралықта 
бұрынғы  өзен  арналарында  өзен  жағалауларында  құмды  массивтердің  арасындағы 
егістіктерде тіпті кейде тақырға ұқсас сортаңды жерлерде кездеседі. Бұл теңдесі жоқ жуан 
діңді жəне шашыраңқы жарты шар тəрізді əдемі ағаш.  
А.Л.  Тахтаджян  Талдар  тұқымдасының  шығу Flacouztiaceae сүректің  анатомиялық 
ұқсас түрі. Олардың қос жынысты энтомофильді гүлдерден пайда болған деп санайды [4]. 
Turanga туыстық түрі ішінде екіге бөлінеді: евфраттық теректерi - Euphraticae (Dode) 
Kom. жəне сұржапырақты – (Dode) Pruinosae Kom., жапырақтарының айырмашылығы мен 
гүлұрықтарының  тілімделген.  Біріншісіне Populus diversifolia Schrenk P.  ariana  Dode,        
P. titwinowiana Dode жəне  Р. transcaucasica Jarm. ex Gross., екiншiсіне - Populus pruinos 
Schrenk  жəне  Р. glaucicomans Dode жатады.  Алғаш  рет  ефрат  тораңғысынан Oliverге 
ұқсайтын euphratica, [5]. А.Шренк  бұл  құрамнан Populus diversifolia жəне P pruinosa. L 
бөліп  шығарды Dode Р diversifoliaны    ареалы  бойынша  екіге  бөлді  P. diversifolia жəне       
P. ariana, жəне  жаңа P litwinowiana түрін  сипаттады. P. pruinosa түрінен  Турікмен 
флорасында  өсетін  Р glaucicomans, Populus euphratica Oliv., Кавказда  өсетін,) P trans-
caucasica дербес түрді сипаттады.  
 
 
 
Сурет 2 – Тораңғы 
қабығының сыртқы көрінісі 
Сурет 3– Тораңғы ағашының діңі 
115 см жəне сол ағаштағы зоогендік 
əсері (зеленоцветковые)

216 
 
Өсімдік  қауымдастығына  антропогендік  əсер  ету  жəне  оның  деңгейін  бағалау. 
Осы  сұрақты  анықтау  үшін  Оңтүстік  Балқаш  өңірінде 3 бақылау  алаңы  арқылы  алқа 
ағаштарының жағдайы зерттелді. 
Бірінші бақылау алаңының мөлшері 100х20 м, екінші бақылау алаңына солтүстікке 
қарай 900м аралықта орналасқан, ол шаруа қожалығына шығысқа қарай 150м қашықтықта 
жатыр. Жер бедері - əлсіз толқынды жазық, сексеуіл өскен, кішігірім ойпаты бар. Ойпат 
арқылы ірі қара малы мен қой отарлары өтеді. 
Тораңғы  қауымдастығына    антропогендік  əсердің  əр  түрлі  деңгейі  бірінші  жəне 
екінші бақылау алаңдарын бір-бірінен 900м қашықтықта орналасқан жəне мұнда мал жиі 
жайылады. 
Біздің  бақылауымыз  бойынша,  тамыз  айында  Бақанас  каналынан  бастап  тас  жолға 
дейінгі 5 шақырым аралықта шоқ тораңғыға қой отарлары мен басқа да малдың үйірлері 
көлеңкелейді. 
5 балдық шкала бойынша осы учаскенің топырағының тапталу дəрежесі 3 балл деп 
саналады,  малды  жаю  бойынша  зиян  келетін  тораңғыладардың  100%, оның  ішінде 1 
балдық  қарқындылық - 25%, үш  балдық-10%, 4 балдық-11%, 5 балдық  қарқындылық - 
33% екендігі анықталды.  
Учаскеде  тораңғы  санының  жеткілікті  болуына  қарамастан (500 дана/га),  оған 
малдың қарқынды кері əсері тораңғының сиреуіне жəне олардың қорғаныш қасиеттерінің 
төмендеуіне алып келеді.  
Екінші  бақылау  алаңында  үй  малының  қазіргі  уақытта  болмауы  осы  жағдайды 
көрсетіп отыр, бірақ алдыңғы жылы тораңғының өсуін 2 есеге төмендеткен (250 дана/га-ға 
дейін), мұнда малдың ескі соқпақтары əліде сақталған, топырақтың тапталуы 2 балға тең, 
зақымдалған  тораңғылар 67%. Шөптесін  өсімдіктердің  зақымдалуы  бақылау  алаңында 1 
балға бағаланды. 
Бірінші жəне екінші бақылау алаңдарына қарағанда үшінші бақылау алаңында соңғы 
5 жылда мал жайылмаған, бірақ бұрынғы антропогендік əсердің болғаны байқалады. Оны 
тораңғының өсу көрсеткіштері көрсетіп отыр. 
Үшінші  бақылау  алаңынан  бірінші  бақылау  алаңының  айырмашылығы-фермерлік 
шаруашылық пен ауылдың жақын орналасуына байланысты антропогендік əсер бастапқы 
кезеңде өтуде. Ал үшінші бақылау алаңы осы кезеңнен бұрын өткен, қазіргі уақытта алқа 
ағаштарының қалпына келуіне қарқынды жүруде.  
Тораңғы ағашын қорғау шаралары. Табиғат ресурстарын қорғауда, селекциялық 
жұмысты жақсарту екпе орманға келешекте маңызы бар ағаштарды енгізу жатады. Соның 
ішінде  торыңғы  ағашы  шөл  жəне  шөлейт  аймақтарындағы  маңызды  ағаш  болып 
табылады.  
Тораңғы  табиғи  жайылған  жерлері  жер  асты  суы  жақын  орналасқан  өзен 
жағалаулары мен олардың ескі арнасында галереялық тоғай. 
Мұндай экологиялық жағдайда тоғай астында шөптесін өсімдік өте көп өсетіндігіне 
байланысты  жайылым  ретінде  жыл  бойы  қолданылады.  Жайылымдық  жүктелімнің 
шамадан тыс болуы кері əсерін тигізеді. Ағаштар мен бұталардың тұқыммен пайда болуы 
мүлдем жоқ, вегетативті өну нашар, себебі тамыр атпалары мал тұяғымен зақымданады. 
Тоғайда  тораңғы  ағаштары  жиі  өрттен  зардап  шегеді,  өйткені  жергілікті  тұрғындарды 
жайылымды  жақсарту  негізінде  өртеп  тұрады.  Нəтижесінде  ағаш – бұталы  өсімдіктер 
жайылып, мүлдем шөптесіндік биоценоз пайда болады, эрозиялық процесс жүру арқылы 
сай, жыралардың пайда болып ден аңғары басқа жаққа қарай ауысады. 
Соңғы жылдары Іле бойындағы тораңғы ағаштарының массивтерінің жаппай қурауы 
өзеннің биологиялық режимінің өзгеруінен тұқымдық вегетативті өну тоқтауда. Жоғарыда 
айтылғандай  тораңғы  ағашының  бағалылығы  жəне  тəжірибедегі  маңызы  зор.  Олар  шөл 
жəне шөлейтті жерлерде мелиоративті функция атқарады, себебі мұндай жерлерде басқа 
ағаштар өсе алмайды.  

217 
Тораңғы  ағаштарын  өзен  жағалауын  бекіту  арқылы  шайылудан  сақтайды.  Тораңғы 
ағашы  құмдардың  жылжуын,  желдің  күшін  тоқтататындықтан  қорғаныштық  функция 
атқарады.  Тораңғы  тоғайлары  шөл  жəне  шөлейт  аймақтардың  өсідіктерінің  интрозо-
налардың ландшафтының құрамдас бөлігі. 
Антропогендік  жердің  нəтижесінде,  шарушылыққа  қажеттілік  үшін  сүрек  дайын-
дауы,  тораңғы  ағашының  ауданы  бірден  төмендеген.  Тораңғы  ағашының  шөл  комплек-
сінде маңыздылығын  ескере отырып оларды сақтау мен көбейту шараларын ойластырып 
табу керек.  
Тораңғы  теректерінің  массивтерін  қорғаудың  ең  нақты  шарасы  ботаникалық  заказ-
никтер  құру  өзен  жағалауларындағы  ең  көп  таралған  жерлерге  Қазақстан  территория-
сында  қазіргі  кезде  жалғыз  заказник  Балқаш  көлінінің  солтүстік  жағалауындағы 
Ортадерсін сайындағы уникальді тораңғы тоғайы. 
Тораңғы  ағашының  генофондық  сақтау  да  таралу  ареалдарында  ботаникалық 
заказниктер жүйесін құру керек.  
Əдебиеттер 
1.Кукенов  М.К.  Атлас  ареалов  и  ресурсов  лекарственных  растений  Казахстана.
Алматы. Ғылым", 1994 -  165с. 
2. П.П. Бессчетнов. Туранговая тополя Казахстана. –Алматы, -1969.
3.Чиков  П.  С.  Атлас  ареалов  и  ресурсов  лекарственных  растений  СССР. -М.:
Картография, 1983. -340 с. 
4.Р.М.  Мұстафаева,  Байкенжеева  А.Т.,  А.Қ.  Саданов.  Тораңғы  теректерінің
биологиясы, экологиясы жəне шаруашылықтық маңызы (шолу). Қазақстан Республикасы 
Ұлттық ғылым академиясының Хабаршысы Алматы, 2008 ж, №5,103-105 бет. 
5.Неумывакин  И.П.Шиповник.  На  страже  здоровья.  Издательство:  Диля.  год:
2008.128с. 
6.Башмаков  Д.И.,  Лукаткин  А.С.  Аккумуляция  тяжелых  металлов  некоторыми
высшими растениями в разных условиях местообитания // Агрохимия. 2002 № 9. -С. 66-71. 
Сарсенбаева Ж.К., Кожабекова А.Ж., Жорабекова Ж.Т. 
СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ ТУРАНГОВЫХ ЛЕСОНАСАЖДЕНИЙ  
В ЮЖНО ПРИБАЛХАШЬЕ 
Более  эффективно  лесопользование  земельные  и  лесные  ресурсы  широко  вводить 
высоко  продуктивные  древесные  породы,  чтобы  максимально  использовать  земельные 
угодья, защищать их от водный и ветровой эрозии, озеленять населенные пункты.  
К  числу  таких  древесных  пород  относятся  туранговые  тополя.  Они  отличаются 
устойчивость  к  засолению  и  атмосферной  засухе  способны  расти  на  песчаных  почвах  и 
задервижать движение песко.   
Ключевые слова: туранга, популяция, лесные массивы, семейство ивовые. 
Sarsenbaeva Zh., Kozhabekova A., Zhorabekova Zh. 
THE CURRENT STATE THE TURANGOVYKH OF AFFORESTATIONS IN IS  
SOUTHERN PRIBALKHASHYE 
Forest exploitation land and forest resources widely is more effective to enter highly tree 
species as much as possible to use land grounds, to protect them from water and a wind erosion, 
to plant trees and shrubs in settlements.  
Such tree species are among turangovy a poplar. They differ resistance to salinization and 
an atmospheric drought are capable to grow on sandy soils and to the sand movement. 
Keywords: turanga, population, forests, family the willow. 

218 
 
ƏОЖ 634.91 
 
Қазтай Қ., Қожабекова А.Ж., Жорабекова Ж.Т.  
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті   
 
КӨЛЕҢКЕЛІК АҒАШТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Аңдатпа 
Малдарды  жаздың  аптап  ыстығынан  қорғау  үшін  республикадағы  мал  басының 
салмағын арттыру, малдарды селекциялық таңдаудан өткізу үшін т.б сұрақтарға жауап алу 
үшін  малдарды  көлеңкеде  ұстау  технологиясын  жетілдіру  қажет.  Тəжірибелі 
малшылардың  байқауынша  талтүсте    малдарды  ағаштың  көлеңкесінде  ұстау  жəне 
ғалымдардың  микроклиматты  зерттеу  нəтижелері,  жайылымдарда  жəне  суат  басында 
жасанды көлеңкелік ағаш құру идеясына əкеп соқтырады. 
Кілт сөздер: Термогуляция, температура, көлеңкелік ағаш, жайылым. 
 
Кіріспе  
Шөлейт аймақтарда жазда t 30
0
С-тан жоғарылағанда, тік түсетін күн радиациясы 1,7 
к/кал/см
2
  мин,  болғанда  жануарлар  үшін  өте  жоғары    Ставрополь  жағдайында  аналық  
қойлар  ашық  аспан  астында  жəне  толық  құнарлы  шөппен  қамтамасыз  етілмегендіктен 
олардың  төлдерінің  нашар  екендігі  анықталған [1]. Күннің  ыстығында  малды  жаю 
кезеңінде олардың белсенділігі төмендігін, терморегуляцияға əсерін, демалысын, газ жəне 
энергетикалық алмасуын өкпе қабынуын дəлелдеген [2, 3]. 
Термогуляцияның  бұзылуы  малдарда  олардың    салмағының  азаюына  əкеліп 
соқтырады.  Солтүстік  Кавказда  жаз  айларында  қойлардың 5-7 кг  дейін    салмағы 
азаятындығы, ал қозылар өкпе ауруына шалдығатындығын көрсеткен [18, 19]. Қойлар мен 
қозылардың ауруға ұшырауы бірінші кезекте организмнің қатты қызып кетуі деген анық 
шешімге  келген.  Əсіресе  жасқа  толмаған    жас  қозылар  маусым-тамыз  айларында  көп 
ауруға  ұшырайтын  болған.  Жануарлардың t-сы 0,5-1,5 градусқа  артса  бұл  созылмалы 
қызып кетуге əкеп соғып, соның əсерінен етінің азаюына жəне жұқпалы ауруларға қарсы 
тұра  алмайтындығы,  дене t+42 градусқа  асқанда  ыстықтық  соққыға  ұрынып,  мал  басын 
жоғалту  деп  саналады.  Ашық  күнде    күн  сəулесінің  радиациясының  қарқындылығы 
артқан  сайын  ауылшаруашылық  жануарларына  кері  əсерін 4-5 сағат 25-30
0
С t-да 
ұстағанда,  олардың  дене t-сы 43-44
0
  көтерілгендігін,  мал  басының  өлуін  өзінің 
тəжірибесінен байқаған. Күн радиациясының əсері қойлардың жағдайына кері əсері барын 
жазған [4, 5].  
Егер  t 19
0
С, аздаған 0,92 к/кал/см
2
 мин, егер t-25
0
С көтерілсе аздаған зардап шегуі 
0,50 ккал см
2
 мм анықталған. Жаппай зардапқа (угнетение) ұшырауын жазған жəне бізде 
шетелде малдарды күнделікті тоғыту, еркін суатқа құлату, егер t 26
0
  жоғарыласа, арнайы 
желдеткіштермен жел үрлеу, жасанды əр түрлі қалқалар мен қорғаныштар соғу тəсілдері 
қолданылады. Бірақ, мал тоғыту мал жайылымдары мен табиғи орындарда су көзі болса. 
Вентиляциялық  құрылғыларды  да  өндірісте  іске  асыру  өзіндік  шығыны  болғандықтан 
сирек қолданылады. 
Сондықтан, маңызды қызығушылық мал басын көлеңкеде ұстау болып отыр жəне ол 
кəдімгідей шығынды қажет етеді  
Ең прогрессивті жəне арзан тəсіл малдарды арнайы алқаағаштан құрылған, (зеленый 
зонт) көлеңкелік ағаштар құру. Қазақстанда жазда ауа t-сы 40
0
 дейін көтерілгендіктен, күн 
сəулесінің  қарқындылығы 1,7 ккал/см
2
  болатындықтан,  ешқандай  даусыз  малдарды 
жаздың  аптап  ыстығынан  қорғау  үшін  республикадағы  мал  басының  салмағын  арттыру, 
малдарды  селекциялық  таңдаудан  өткізу  үшін  т.б  сұрақтарға  жауап  алу  үшін  малдарды 
көлеңкеде  ұстау  технологиясын  жетілдіру  қажет.  Тəжірибелі  малшылардың  байқауынша 
тал  түсте  малдарды  алқаағаштың  көлеңкесінде  ұстау  жəне  ғалымдардың  алған  микро-

219 
климатты  зерттеу  нəтижелері,  жайылымдарда  жəне  суат  басында  жасанды  көлеңкелік 
ағаш құру идеясына əкеп соқтырады.  
  Шөлейт  аймақтарда  өсірілген  көлеңкелік  ағаш  немесе  орман  жолағын  құрайтын, 
əрине  бізді  бірінші  микроклиматтық  жағдайы  оның  жасы,  құрылымы,  конструкциясы 
қызықтырады. 
  Əдеби  шолуды  талдай  келе  микроклимат  жер  бетіндегі  ауа  (ылғалдылық,  ауа 
температурасы) нақты формулировка бермейді. Алқаағаштар 2,5м  жер  бетін 
жоғары 
болғандағы əсерін анықтаған [6, 7]. 
  Көлеңкелік ағаштар астында жер қабаты 25-50см ашық жерден қораға 1,5-3,0
0
 С-қа 
төмен екендігін анықтай отырып көлеңкелік ағаштар (зонт) күн радиациясын жұтып оның 
əсерін кəдімгідей азайтып, шаруашылық жануарларға жағымды əсерін көрсеткен [8]. 
  Көлеңкелік  ағаштардың  тиімділігін  оның  актуальдылығын  ескере  отырып  шоқ 
ағаштар  құрудың  қажеттігіне  көз  жеткізе  отырып,  олардың  технологиясын  жетілдіру 
керектігін  айтамыз.  Мал  басын  көбейтуде  көлеңкелік  ағаштар  құрудың,  яғни  олардың 
ылғал жинауын, агротехникалық шаралардың жүйесін тиімді жасау керек.  
Табиғаты  қатаң  жағдайда  жоғарыда  айтқан  авторларға  сүйенсек  ұсынылатын  ағаш 
түрлері: қарағаш, жиде, ақ қараған, шаған жапырақты үйеңкі, қандауыр жапырақты шаған, 
сонымен  қатар  отырғызу  материалының  параметрлеріде  роль  атқарады.  Бастапқыда 
қорғаныш  орман  жолақтарын  тұқыммен  себу  арқылы  жүргізілген.  Ал  көлеңкелік  ағаш 
құруда өсудің ұзақтығын жəне алғашқы жылдары малдардың кеміруінен сақтауды қажет 
еткендіктен,  бірден  ірі  көшет  материалдарын  қолданамыз,  бір  жағынан  оның  нəтижесін 
тез көреміз [9, 10]. 
 Бірақта  ірі  көшеттік  материалды  түбіндегі  топырақпен  отырғызу  ауыл 
шаруашылығында  көтерілмейтін  ірі  көшеттік  материалдың  топырағында,  жиі  суару 
арқылы  іске  асыруға  болады.  Əрине,  бұл  сұрақ  орман  молықтыруда  əлі  зерттелуде [10] 
бағыттың дұрыстығына сенімді. 
Агротехникамен қатар көлеңкелік ағаштардың конструкциясының маңызы бар, одан 
ағаштың жетілуі, тиімділігі осыған байланысты. Қолданыста бар жайылым қорғаныштық 
орман  жолақтары  табиғаты  қатаң  жер  жағдайында  жіңішке 2-4 қатарлы,  кең  жолақты 
қатар  аралықтың  тиімділігін  көрсетеді.  Ұсынылатын  конструкция  бəрі  бір  типтес,  негізі 
шаршы немесе тік бұрышты жасанды куртиналар болып табылады. 
Тек 5 жылдан  асқан  ағаштар  аралығында  культивацияны  тоқтату  керек  деген 
мəліметтер  бар.  Бірақта  бұл  тəсілдер  Ресейдің  оңтүстік  шығысында  болғандықтан, 
Қазақстанның 
оңтүстік 
шығысында 
топырақ, 
климаттың 
сипаттамасының 
айырмашылығын  көреміз  жəне  Ресейлік  тəсілден  тағы  бір  өзгешелігі  біз  қолданыстағы 
көлеңкелік  ағаштарды  қолданып,  олардың  конструкциясының  нысандардағы  тиімділігін, 
ағаштар құрамын анықтай отырып көлеңкелік шоқ ағаштар құру технологиясын жетілдіру 
керек 
N            
- Шегіршін  (Қарағаш) 
- Күміс жапырақты жиде 
- Ақ қараған 
- Шаған жапырақты үйеңкі 
- Жасыл шаған 
S
- Сумах  
Сурет 1–Тəжірибеде сыналатын ағаш түрлерінің отырғызу схемасы  
126м 

220 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет