141
Геродот. История, I, 216; Страбон. География, XI, 8 ,6 ; Ригведа, IV, 38—40.
142
Литвинский Б. А. Древние кочевники «Крыши мира». М ., 1972, 140-6.
143
Смирнов К. Ф. Савроматы, 249-6.
144
Руденко С. И. И скусство Алтая и П ередней А зии. М ., 1961, 62—64-6.; Арта
монов М. И. Сокровища саков. М ., 1973, 2 1 8 -2 3 6 -6 .
145
Эдинг Д. Н. Резная скульптура Урала. И з истории звериного стиля. М ., 1940;
Киселев С. В. Древняя история Ю жной Сибири. М ., 1953; Черников С. С. Загадка
золотого кургана. М ., 1965;
Акишев К. А. П рои схож дение звериного стиля в изо
бразительном искусстве саков. — Сб. М аргулановские чтения. М ., 1988.
146 Караныз:
Абаев В. И. Нартовский эпос. / / И звестия С еверо-О сетинского
научно-исследовательского института, т. X , вып. I, Д зау-дж и к ау, 1945.
147
Грязное М. 77. Древнейш ие памятники героического эпоса. / / А рхеологичес
кий сборник. Гос. Эрмитаж, 1961, вып. 3.
* 244
Е к і н ш і
т а р а у
Ғ ¥Н Ж ӘНЕ УСУН МЕМЛЕКЕТТЕРІ
1. ЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ТАРИХЫ
Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтүстігіндегі
Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтак кеңістігін
тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылыктың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-
никалық жақынлык. саяси тәртіп факторы Орталык Азияда ертедегі тап-
тық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағынан
алғашкылары сюнну (ғұндар) болды1. Б. з. б. III ғасырдың аяғында қытай
деректемелерінде пайда болған сюнну (ғ ұн) атауы тегі әр турлі тайпаларды
біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-
суғадейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-тұра таралып оты-
рған саяси құрылымға қатысты болды.
Сюнну этнонимінін мазмұны мен нақты қалай айтылатыны әзірше айкын
емес2. Зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, онын ежелгі кытайлық транс-
крипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген
түріне тіреліп жатыр3. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы ездерінің сюн-
нуларға сабақтастығын сақтап қалған ғүн-болғар ақсүйектерін сипаттай
келіп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды4. Егер осылайша, «трун»
деген сез бастапкыда «ғұн» тайпаларының ақсүйектеріне арналып айтыл-
са, сюнну (хунну), яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун
және ғүн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде колданы-
лған, олардың таралған аудандары әр түрлі болғанымен ғүн термині әлдек-
айда мол қауымды білдірді.
Ғұндардың жоғарғы билеушісін кытай авторлары шаньюй деп атайды.
Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Меде шаньюй баскарды3. Мөде билік ет-
кен алғашқы жылдардың өзінде-ак Қытайдың шекаралык аудандарына
жорықтар жасап оған күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Меде
әскери-саяси куаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы
көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәж бүр етті. Хань
императоры Гаоцзу М өденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және
туыстық туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша
0Л ш аньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге ж әне жыл сайын «сый-
лық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі
төлеп тұрды6.
Шығыста Мөде «шығыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамы-
на, діамамен алғанда, Керулен ж әне Онон алкаптарында мекендеген сянь-
би және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпа-
245
ларына қарсы жорыктар жасады. Бұл кезде казіргі Кореядан Тибетке жэне
Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан ау-
мақ ғүн шаньюйлерінін қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедераци-
ясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі ау-
мақты алып жатты.
Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорык-
тары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің со-
лтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй,
Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлай-
ды. Текске берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің
солтүстік жағында жатқаны айтылады, сірә, ол батысында Кем (Енисей)
өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек7.
Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік
бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толык қоластына қаратқан жоқ. Қалай
дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-
логиялық <материалдар да көрсете алмады.
Одан кейінгі онжылдыктарда ғұн тайпаларының күшеюіне коса олар
батыста да қызу қимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілері-
не қарсы өз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен езінің батыстағы тук-
терін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандарды. Ғұндардың атты
әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыра-
тты жэне сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жаткан бірлестігінің шет
аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде
шаньюй былай деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар
мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп
немесе бағындырып, (өз билігін) нығайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және
оларға шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардың бәрі
сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды»8.
Бүл қүжат өте маңызды, бірақ сын кезбен қарауды талап етеді. «Отыз
алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьді-
ктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі
бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Ши цзи) авторы Сыма Цянь
юедилердің «толық» талкандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда
б.з. б. 177 жьтықытайларғаюедилердің(юечжилердің)Хуанхэніңсолтүстік
ойпатынан батысырақта мекендеген бір белігінің ғана белгілі болғанын
ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар
Грек-Бактрияны талқандағаннан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі
бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-ғүндардың Тынық мұхиттан Каспий
теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері
күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен
де, шығыстағы юедилердің багандырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты
Лоулан, Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны ту
ралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың географиялық орны
онша айкун емес. Қазіргі картаға Лобнор ауданындағы Лоулан (Крораина)
князьдігі ғана азды-кепті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындағы басқа де-
ректердің уцзесімен теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының эт
ноним! жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь-
кунь елдерінің арасында, ягаи шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геро-
246
дотгың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады9. И. X.
Дворецкийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше «арга
мак», «түлпар»ш дегенді білдірді, демек, нақ сол ұғымға жақын әлдебір
жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ер-
тедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын туркілердің
«арғымақ» немесе «айғыр» деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты.
Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық-
саяси қүрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдык өміріне бір орта-
лыққа бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі
аудандары арасында берік саяси және экономикалык байланыстардьщ бол-
мауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн қоғамындағы
фратрияаралық үйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған.
Сюнну-ғүн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзога-
миялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде
былай делінген: «Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда
болды; оларда ең атақты тармактар да нақ осы үш әулет»11. Бұл орайда сол
қанатты құрайтын Хуянь руы ең атактысы болған, ал Лань және оған енші-
лес Сюйбу оң канат болған12. Бір қызығы, шаньюйлік Люаньти руы атакты
ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань шаньюймен кұдандалы туыс болған.
Біздің заманымызға жакындағанда құдандалы туыстық біраз өзгерген.
Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп атала бастады, баска
ақсүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань аталған. «Осы төрт
әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте шаньюймен күданд-
алытуыс еді»13. Онда бұдан әрі былай делінген: «Хуянь руы сол (яғни шығыс
және үлкен) канат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс және кіші)
қанат болды». Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы алмасқан
және ез атауын езгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дугэ (Туглаг)
руы болып шығады, ол «ең батыр және ұлығы болды, сондыктан шаньюй-
лер солардан шыкты. Олардын атакты терт руы Хуянь руы, Сюйбу руы,
Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірак ең атактысы - Хуянь руы, одан
канцлерлер, сол ж эне он канаттағы жичжулер шықкан». Уакыт ©те келе
шаньюй руының белгісіз рудан «ең ержүрек» болуы негізінде «ең үлык»
руға айналған эволюциясы ерекше керінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір ке-
зеңде сол кезде-ақ болған ер адам жағынан мұраға калатын принципті
керсеткен еркек (патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуал-
дық үйым калыптаскан болса керек.
Б. з. б .1 ғасырдьщ орта шенінде-ак сюнну қоғамы өзінін вассалдык иелік-
терінен айрылумен бірге «байырғы» кұрамында екі топка - Хуханьешаньюй
бастаған оңтүстік ж әне Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға
бөлінді. Оңтүстік сюннулер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік
сюннулер ез тайпаластарыньщ қысымымен Саян мен Байкал өңіріне ығыс-
ты, яғни солтүстік пен батыска коныс аударды.
Б. з. б. 49 жылы Чжичжи көрші князьдікке дипломатиялык сапарға кет-
кен Хуханьенің аз уакыт болмауын пайдаланып, оньщ жерін басып алып,
сол арқылы конфедерацияның бірлігін кайта орнатуға әрекет жасады. Алай-
да оның күші жетпейтін еді. Ш ежірешінің айтқанындай, «Чжичжидің өзі
сюннуде күшпен нығая алмайтынын білді»14. Ол усун гуньмосы Уцзютудан
көмек сүрады, бірақ соңғысы оньщ елшісінің басын алып, Чжичжиге ша-
буыл жасауға 8000 атгы ескер жіберді. Чжичжидің атты өскері усундердің
247
отрядын талқандады, бірақ одақтассыз калған Чжичжи оңтүстік ғұнда-
рдың жерінен кетуге мәжбүр болды. Одан әрі деректемеде бұл және одан
кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: «Чжичжи усун әскерінің көп
екенін, ез елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін орналастырды
да, усундерге лап қойып, оларды тас-талкан етті; солтүстікке бет бүрып,
Уцзеге соккы берді, Уцзе бағынды. Чжичжи өз әскерінің көмегімен ба-
тыста Цзянькуньді киратты, ал солтүстікте Данлинді бағындырды. Үш
князьдікті бағындырған сон ол бірнеше рет Усунге әскер жіберіп, әде-
тте оны жеңіп жүрді»15.
Цзянькунда (Минуса ойпаты) Чжичжи өз ордасын кұрып, сол жер
ден батысқа беттеген козғалысын жалғастырмакшы болды. Чжичжидін
армиясы ол кезге карай каракшы күшке айналып, оның киратқыш күші
«бағындырылған» князьдіктерге де, катардағы кауым мүшелері сюнну-
лерге де бірдей жайсыз тиді. Қалай дегенмен де, деректемеде сол жыл-
дарда «Хуханье-шаньюй халкы кебейді... сойтіп ол Чжичжиден кауіпте-
нбей, езін өзі корғай алатын еді»16. Оңтүстік сюннулер саны Чжичжи
ден болініп шыкқан кешпелілер ж әне «бағынған» князьдіктер тарапы-
нан көрінеу карсылык жасауы есебінен өсті.
Енді құдіретті Хуханьенің кенеттен шабуыл жасауынан корыккан
Чжичжи батыска қашып күтылу жолын іздестірді, оған апаратын жол
усундер жерінен отетін еді. Ол соларға карсы күресу үшін күш жинап,
одан соң Канцзюй (Кангюй) жерін жаулап алмакшы болды. Кангюйлер
князінін кангюйлермен араз усундерге карсы күресу үшін кенеттен
Чжичжимен бірігуді ұсынуы оның ниетін езгертті.
Усундер. Усундер — Орталык Азия аумағындағы ертедегі алғашкы
таптык бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесба-
лықты «Усун князінің ш екарасы»17 деп атайтынын ескерсек, усундердің
шығыс шегі бір кездерде Бесбалык ауданы аркылы өткен деген қорыты-
нды жасау керек. Усундер иеліктерінің шекарасы батысында Ш у және
Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін
созылып жатса керек. Усундер иеліктерінің орталығы - Іле аңғары, де
генмен олардын, ордасы - «Қызыл Аңғар каласы» ЬІстыккел мен Іла
ө з е н іт ң оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Ц янның (б. з.
б. II ғ.) хабарлауына қарағанда, усундердің «бұрын» мекендеген жері
шығыстағы алыс бір жерде болған18, мұның шындыкка жанаспайтыны
анык.
«Усун» терминінің мағынасы осы кезге дейін аныкталмай отыр. Ол
кытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның казіргі айтылуы
казақ этнонимдерінің бірі — Үлы жүз қазақтарының басты этникалык
компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін»
сезіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта
Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім 19. Алайда соңғы
зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұсқалары-
ның бірі болуы мүмкін деген баскаша түсініктеме айтылады, ал оның
транскрипциясының дәстүрлі ертедегі қытайша түрі қазіргі кытай тілінде
айтылатын (юечжи) иероглифтері болған20.
Усун терминініңтранскрипциясын түсіндірудің тағы бір нүсқасы бар.
Қазір у-сун деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде а-сман,
яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылған-
248
дарды усун гуньмосына күйеуге берілген кытай ханшасының хатындағы:
«Менің үйім мені... Аслан Еліне... күйеуге берді»21 деген сөздер растауы
мүмкін. Бүл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін
тянь-ш ань деген сездің езі де жергілікті атаудың аудармасы сиякты
екенін атап өту маңызды.
Усундердін ертедегі этникалык-саяси тарихына байланысты окиға-
лар жеткілікті зерттелмеген.
Усундер туралы алғашкы хабарлар б. з. б. II ғасырдың аяғында пайда
болады. К,ытай императорының сарайындағылар сюннуларға карсы
күресте одақтас іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жібер-
ген. Чжан Цяньды сюнну-ғұндар түткынға алып, олардың елінде он
шакты жылдай болады. Алайда ол кейіннен қашып шығып, Жетісуға
барады, усундер туралы алғашқы хабарды еліне сол жақтан апарған.
Оның кезінде усундер арасында сэ (сактар) «тармағы» мен юечжилер
мекендеген. Ю ечжилер туралы хабарлар Чжанье ауданындағы сюнну-
лерден алынғандықтан, Чжан Цянь усундердің өзі де бүрын Цилянь-
шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген деген корытынды жасатан.
Қазіргі деректер бойынша, усундер Жетісуды косканда неғүрлым бай-
так аумакты алып жаткан. Қытай усундердің сюннулерге Ордоста соккы
беруін калады. Бүл пікір усундердің нак сол Чжан Цянь жазып алып,
кейіннен шежіреге енгізілген генеалогиялықаңызыныңредакциясында
да өз көрінісін тапкан. Оның айтуынша, усундердің билеушісін бір кез
де керш ілері юечжилер елтірген де, оның канш ык каскыр мен карға
күзетіп жалғыз қалған ұлы есейген шағына дейін шаньюй ордасында
тәрбиеленген. Ер жеткен соң гуньмо әкесін өлтіргені үшін кек кайт-
аруға шаньюйден рүқсат сұрап, юечжилерді талқандапты-мыс. Өз ке-
зегінде Орта Азия юечжилерінің аман калған бөлігі басқа тайпалармен
одақтасып, б. з. б. 140 жылы Грек-Бактрия мемлекетін талқандаған.
С ірә, усундерде үштік жүйе болса керек. Сюннулер сияқты, олар да
уш белікке: сол канат, орталык және оң канат болып бөлінген (олардың
әркайсысында он мыңнан жауынгер болған).
Усундер бірсыпыра уакыт бойы сюнну-ғүндарға саяси жағынан тәу-
елді болғандықтан, сонғы этноним белгілі бір уакыт бойы усундердің
өзін де тасасында ұстап келген деп санауға болады. Мұны грек-рим жа-
зушыларының ертедегі ғұндар туралы хабарлары дәлелдейді22. Мәселен,
ғұндар туралы хронологиялык жағынан алғаш рет Страбонның айткан-
дарында Бактрия патшалары «өз иеліктерін серлер мен фаундарға дейін
жайды» делінген. Тегінде, Грек-Бактриясының иеліктері бір кезде Та-
рым ойпатының батыс шегінен әріге созылып жатса керек, демек, бұлай-
ша салыстыру тарихи-географиялық тұрғыдан даулы23.
Кейінгі уақыттағы усундер тарихы сақтармен ж эне юечжилермен бай
ланысты. Грек-рим авторлары енді «ғұн-усундар» жайында айтады.
Ғүндар атауының усундерге де таралғанына қарамастан, олардын эт-
никалы қ туыстығы туралы айтуға берік негіз ж ок, дегенмен мұны то-
лык бекерге шығаруға болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз. Зерт-
теущілер қазіргі уакытта сюннулер тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де
жақын «алтай» тобынын тіліне жаткызуға бейім.
249
2. ЕЖЕЛП УСУНДЕРДЩ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТЫНА СТАРЫ
М ал шаруашылығы. Усундер шаруашылығының даму ерекшелігіне
көбіне-көп Жетісудың географиялык жағдайы себеп болды. Мүндағы ерек-
шелік сол, «классикалык» егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылығы
аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштастыры-
ла жүргізілді, ал көшпелі тұрмыс салты жартылай отырыкшылықпен ұшта-
сты.
Усундердің шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердің мәлімет-
тері үздік-создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан
ғана көрсетеді. Ежелгі заман авторларының усундердің шаруашылығы мен
тұрмысына берген сипаттамасы малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші
жерге кешіп жүреді деп барынша қысқа кайырылады. Бұл - көшпелі және
мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі
және ортақтұжырым. Алайда ол усундер жоніиде онша дәл емес.
Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеңнен
өтті. Оның алғашқы кезеңі б. з. б. II мыңжылдықтың бірінші жартысынан
бастап қола дәуіріндегі тайпалардын үй жанындағы бақташылық мал ша-
руашылығы болды24. Б. з. б. IX—VIII ғасырларда ғана ол көшпелі мал шару-
ашылығына айналды. Бұл кезенде жайылымдар мен су көздерін маусым-
дық пайдалану қалыптасты, табында алыска көшуге және қыс кезінде тебін-
деп жайылуға мейлінше бейімделген қой мен жылқы басым болды23. Мүндай
жайылымдық-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды. Ғ асырлар бойы қоныста-
рдың, кыстаулардың және жерлеу қүрылыстарының белгілі бір жерлерде
орналасуы нақосыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі ескерткіштерден тура-
тын үлкен зираттар мен көп қабатты қыстау-қоныстар осылайша пайда
болды. Атап айтканда, усундер заманынан бастау алған осындай зираттар
әсіресе Жетісудағы қыстаулы аймактарда кеп кездеседі.
, Ежелгі усундердің қоныстары мен қабірлерінен табылған мал сүйек-
терінің қалдықтарына жасалған статистикалық талдау оларда қандай мал
табындары мен малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік
береді. Өз кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына қарап, мал
шаруашылығының формасы туралы және тайпалардын, түрмыс салты ту
ралы қорытынды шығаруға болады.
Ақтас-2 (Шығыс Жетісу) және Луговое-холм (Батыс Жетісу) қыстау-
қоныстарын қазғанда алынған остеологиялық материал усундердег і мал-
дың түліктік қүрамы мал өсіруге негізделген жартылай көшпелі шаруашы-
лыққа тән екендігін көрсетеді.
Луговое-холм қонысындағы ірі қараның (33,1%) және Ақтас кыстау
қонысындағы қой (48,4%) мен жылқының (32,7%) проценті назар аударта-
ды. Мал түліктерінің мүндай арақатынасы шығыс усундеріне карағанда ба
тыс Жетісу усундеріне көбінесе отырықшылықтән болғанын айқын көрсе-
теді. Мүндай айырмашылық Талас және Шу өзендерінің аңғарларындағы
отырықшы егіншілікке жарамды жазық жерлердің ерекшеліктерінен, сон-
дай-ақ Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның егіншілік орталықтарының
батыс Жетісуға ықпалынан туындайды. Бүкіл Жетісу усундерінің мал
кұрамында үй малдарының барлықтүрлері: қой, жылкы, сиыр, қос өркешті
түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп отыр.
250
Хань әулеттік хроникаларында усундерде жылқы шаруашылығыньщ
дамығаны атап өтілген. Байларындағы жылқы саны бес мыңға дейін жет-
кен, ал үлы және кіші гуньмолардың жасағы 30 мың атты әскерден тұрған.
Усун гуньмолары қытай ханшаларына үйленген кезде сөз байласу сыйы
ретінде мындап жылкы мен қашыр айдатып жібереді екен26. Таулы аудан-
дарда қашырлар жүк артатын көлік ретінде пайдаланылған. Жетісуда асыл
тұқымды жүйрік жылқы өсірген көрші елдердің білгірлері оларды төзімділігі
мен жүйріктігі үшін бағалап, Даванның «қантерлі аспан» аттарынан кейінгі
орынға қойған. Бір ғажабы, усундердің жылқысы «батыс шек» деп аталған27.
Теңлік обасынан табылған, салт аттының суреті салынған алтын қапты-
рмалардан усун жылқысының тұқымын білуге болады. Ол бейнеге Карага
нда, бұлар ірі де биік, бұлшық етті, басы үлкен, күйрық-жалы ерілген не
месе күзелген болып келетін жылқылар. Усун жылқысының Теңлік қапты-
рмаларындағы бейнесі б. з. б. I мыңжылдықтың аяғындағы - б. з. I мың-
жылдығының басындағы бізге мәлім (Ашурнасирпал мен Ашурбанипал-
дың аңшылық бедерлеріндегі, Персепольдегі мидиялық және сириялық
бедерлеріндегі28, Иранның күміс табақшаларындағы сасанилер патшалары-
ның аң аулау көріністеріндегі29) Евразия жылқылары бейнелерінің бәрінен
де дерлік ерекше.
Усун жылқысының бейнесі Персеполь бедеріндегі сақ жылқысына30
және Сібірден табылған (Петр коллекциясы) алтын қаптырмада суреті са-
лынған, жыртқыш аң жұлмалап жатқан жылқы бейнесіне31 көп жағынан
үқсас келеді. Бүл бейнелердің бәрінде де аттардың кекілі мен жалын әсе-
мдеудің ұқсастығы, олардың дене бітімі мен бастарын бейнелеуде үксастык
таңғаларлық.
Ж артылай көшпелі мал шаруашылығы усундер шаруашылығының
негізгі түрі болды. Кейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші релін
сақтап қалды; шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану
жүйесі жетілдіріліп отырылды.
Егіншілік және отырықшылық. Ақтас қыстау-конысын казып ашқанда
усундерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл
жер ендеу құралы — тас кетпендер және егін жинау күралы — кола орак
(сынығы). Тастан жасалған дәнүккіштер өсімдік тағамының түракты тамак
құрамына кіргенін айқын көрсетгі. Мәселен, Ақтас қыстау-қонысының
үйлерінде 11 бүтін дәнүккіш және 15 дәнүккіштің сынықтары табылған;
олардың бәрі де ұзақ уақыт пайдаланудан әбден тозған.
Ақтас қыстау-қонысының төңірегін зерттеген кезде усундерде қарап-
айым суармалы егіншілік болғандығының белгілері байқалды. Мұнда арық-
тардың және аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өнделген
шағын танаптардың іздері табылды, бұларда, шамасы бакша дақылдарын
өсірген болуы керек.
Өнделген алаптар су өздігінен ағып баратын жерлерде орналасқан; арық-
тардың арнасы жердің табиғи көлбеулігін есепке ала отырып жүргізілген.
Қарапайым суарма жүйелерінің мұндай іздері Жоңғар Алатауы, Ш олақ (Іле
аңғарында) және Шу-Іле (Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен бау-
райларында, Қырғыз Алатауының (Талас аңғары) солтүстік баурайларын-
Да да кездеседі.
Усундерде бақша егу егіншіліктің бір түрі ғана болып қоймайды. Егер
тас кетпендер бақша дақыдцарын күту ге жұмсалса, қола орақгар дәнді дақы-
Достарыңызбен бөлісу: |