Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76

251

лдарды оруға пайдаланылған.  Ол кезде  кандай дәнді дакылдар өсірілгенін 

аныктайтын деректер әзірше аз. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға 

болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның усундер  зиратында бір ыдыстың 

түбінен табылған осы дакылдардын дән калдыктары дәлелдейді32.

Жетісудың жерасты суына қаныккан сарғылт-сүр топырағы дәнді дакы­

лдар  еккен  кезде  суаруды  кажет  етпейді,  артык  ылғал  тек  зиянды  болуы 

мүмкін33.

Жетісуда суармалы егіншілік кана емес, сонымен катар тәлімі егіншілік 

те дамыған деп топшылауға болады.  Жауын-шашынның  біршама  көп бо­

луы,  топы рақты ң  табиғи  ылғалы  ж аксы   болуы  ж ағдайында  тәлімі 

егіншіліктің өнімі  түсімді болған.  Сірә,  егіске  пайдаланылған  жер  көлемі 

шағын болса керек, өйткені егіншілік кұралдарының (кетпен) сипаты егіс 

көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермеген.

Ежелгі усундерде егіншілік пен отырыкшылык болғаны жазбаша дерек- 

темелерде айтылған. Мәселен, хань тарихшысы Бань Гу былай деп жазады: 

усун  гуньмосына  үзатылған  кытай  ханшасына  кызмет  ететін  сарай  әйелі 

Фынь  Чигу  астанасында  немесе  оның төңірегінде  тұратын  усуннің  «оты- 

рыкшы  шонжарларына» сыйлықтар үлестірген34.

Хэ Цю-Тао  ежелгі деректемелерге сүйене отырып,  ежелгі  усундер жер 

өндемеген, бірақ «ағаш егетін болған»35 деп жазады. «Ханьшуды» түсіндіруші 

Янь Ши-Гу — б. з. VII ғасырдың тарихшысы -  «ағаш егеді» деген сөз «ағаш 

отырғызады» деген сөз» -  деп, бұл хабарды дәлелдей түседі36. Тарихшь; Суй 

Сун усундер «су мен шөп іздеп жүретін» (көшетін) болса да, «дегенмен кал- 

алары мен кала төңірегіндегі мекендері болған» деп тура айтады37. Ертедегі 

қытай деректемелеріне  сенбеуге негіз жок.  Ресми тарихнама империянын 

«солтустік» жэне «батыс» тайпалар жөніндегі дәстүрлі ұлыдержавалық са- 

ясатынан туындап, олардың даму кезеңін бөліп көрсеткеннен гөрі, көшпелі 

мешеулігін атап көрсетуге неғүрлым бейім болды.

Мәселен, отырыкшылык пен  егіншілік ертедегі  усундерде  біздің зама- 

нымыздың алғашкы ғасырларында-ак болған деуге негіз бар, ал б. з.  Ш—V 

ғасырларында,  сірә,  бау-бақша  шаруашылығы,  тәлімі  егіншілік  түрінде 

оның ілгері дами түскені өзінен-өзі түсінікті.



Меншік қатынастары. 

Бүдан бұрын атап өтілгеніндей, көшпелі мал ша- 

руашылығына  кешу  коғамның  өндіргіш  күштері  дамуында  ілгері  баскан 

қадам болды. Осы негізде малға жеке меншік калыптасты, кауымдык, тай- 

палық және рулык жайылымдарды тайпаның үстем топтарынын озбырлык- 

пен иемденіп алу процесі жеделдеп, тайпааралык айырбас өрістеді.

Сол кездін өзінде-ак әлі аз болса да рулық-тайпалык, ақсүйектердің коға- 

мның үстем тобы болғаны даусыз. Археологиялык материалдардың көрсетіп 

отырғанындай, рулық зираттарда күрылымының алыптығымен жэне жер­

леу рәсімінің байлығымен  кайран  калдыратын  аксүйектер  зираттарынын 

табылуы кездейсоқ емес,  Бір  ғажабы  олар  енді  бірлі-жарым  немесе  тіпті 

топтық күрылыстар емес, қайта ондаған тас немесе 



топырак 

обалардан тура- 

тын корымдар.  Олар усундерге дейін-ак пайда болып,  усундер  заманында 

барған сайын кебірек таралған.

Қандай формада  болса да — рулык па, 

кауымдык 

па, немесе жеке ме -  

меншіктің  болғанының бір белгісі онын ерекше бір белгімен таңбалануы. 

Ерекше белгілерді ойлап тауып, оларды пайдалану ең алдымен әлеуметтік- 

экономикалық себептерге байланысты болды, мүның өзі таңбалардың пайда

252


болған кезінен  бастап меншік белгісіне дейінгі  эволюциясын жокка шығ- 

армайды.


Кейін, кыш ыдыстағы белгілер пайда болған сон, үй малдарына да, атап 

айтқанда, мініс аттарына да салынатын белгі-таңбалар пайда болды38. Жы- 

лқыға таңба  салу түрік  және түркі тілдес тайпаларда б.  з. V I-V III ғасырл- 

арында  кенінен  тарады.  Металдан,  тастан  және  кыштан  жасалған  мөрлер 

де  жеке  меншіктің  пайда  болғанын  көрсетеді40.  Олардың  шығуы  туралы 

мәселе  пікірталас  туғызатын  такырып  болғанмен,  мөрлердің таңбасы  қа- 

ндай материалға басылса да, бейнесі сол заттын мөр  баскан адамға тиесілі 

екені барша жұртка түсінікті белгі болған. Мүндай тұжырымды усун мола- 

сындағы  кыш  мер  растайды41.  Усун  мөрінің  табылуы  күтпеген  жай  емес. 

Ертедегі  хрониктердің  мәліметтеріне  қарағанда,  усундердің  кейбір  әске- 

рбасылары мен  чиновниктерінде алтын  және мыс мөрлер болған42.

Ал қабір жанынан табылған қыш мөр усун коғамында тек шонжарлар- 

да ғана емес,  адамдардың неғүрлым  калын тобының да  өз  мөрлері  болға- 

нын дәлелдейді. Ш онжарларда мөрлер  гуньмолар сарайы жанындағы лзу- 

азымды  адамдар  билігінің  белгісі  болса43,  ал  қарапайым  тас  және  кыш 

мерлер,  тегінде,  әр түрлі  кожайындардың меншігін  ажырату  үшін  пайда- 

ланылса керек.

М ә с е л е н ,  ы ды старды ң  б ү й ір ін е  тырнап  салынған  белгілерге,  аттардын 

күлағына салған  ен -б ел гіл ер ге, ж ы лкы ны ңтаңбалары  м ен  ен дер ін е  карап, 

ж еке  пай далан у м өр л ер і  бойы нш а  рулык кауымдық м енш іктен ж е к е  иеле- 

нетін м ен ш ік к е д ей ін гі  м ен ш ік тің  калыптасу  к езен д ер ін   аңғаруға болады.

Жеке меншік туралы жазбаша деректемелерде де айтылған. Сыма Цянь 

өзінің «Тарихи жазбаларында» («Шицзи») усундерде «бай адамдардын терт 

мьщнан  бес  мыңға  дейін»  жылқысы  болады  деген  мәліметті  бірінші  рет 

келтіреді44. Баска бір деректеме — «Цяньханьшу» (б. з. I ғ.) бүл жәйтті біраз 

баскаша редакцияда:  «байлар 4000-нан  5000-ға дейін жылкы үстайды» деп 

қайталайды45.

Н. 


В.  Кюнер «Шицзидің» осы  мәлімет жазылған  123-тарауын  жанадан 

аударды, сөйтіп түсіп калған жерлерін түгыүска бойынша калпына келтірді. 

Оның аудармасында бұл үзінді былай болып келеді: «Усундерде жылкы көп. 

Олардың  ең  бай  адамдарында төрт-бес  мын жылкы  болады»46.  Бұл  шағын 

болса да,  бағалы  хабардан  мынадай  қорытынды  шығады:  жылкыға,  оның 

үстіне үйір-үйір жылкыға, жеке меншіктін болғаны даусыз; малға бай әуле- 

ттер болса, кедейлердің де болғаны түсінікті, ейткені олардың байлык дәре- 

жесін  мүндай  үйірлі  жылкысы  жоқтармен  ғана  салыстыруға  болады.  «Ең 

байларында» деген сөз әлдекалай айтыла салмаған, сірә, усундер арасында 

жай  байлар  да  болса  керек.  Ж әне,  акырында,  байлықтын  негізгі  өлшемі 

шаруашылықтағы жылкынын саны болғаны да анык.

Алайда,  ежелгі  усундердін  жеке  меншігінде  болған  үй  малдарының 

ішінде,  әрине,  жылқы  бірден-бір  түлік  болмаған.  Ол  байлыктың  өлшемі 

ғана  болды.  Усундердің  ескерткіштерін  казған  кезде  табылған  сүйек  ка- 

лдықтары  бойынша  усундердің  малы  күрамында  кой  көп,  бірақ  сиыр, 

қашыр,  ешкі  де  болған.  Бұл  жануарлар  да  ірілі-ұсакты  қожайындардын 

меншігінде болды деп санауға негіз бар.

Қоғамдық байлыкты қозғалмалы және  қозғалмайтын  мүлік деп белуге 

болатыны мәлім, олардын біріншісінде -  мал, колөнер өнімдері мен тұрғын 

Үйлер,  екіншісіне  жер  жаткызылады.  Козғалмалы  мүлік  ертерек  жеке



253

меншік өнімдеріне  айналды,  өйткені  оны  айырбаскд  беруге  болатын  еді. 

Ш аруашылығының  негізі  мал  шаруашылығы  болған  көшпелі  тайпалар 

кешіп  жүретін  тұрмыс  салтының  нәтижесінде  басқа  халықтармен  үнемі 

араласып жүрді. Мұның өзі отырықшы халықтарға қарағанда айырбастың 

біршама ертерек шығуына,  сол аркылы байлықтың жинақталып, мүліктік 

теңсіздігінін дамуына себепші болды. Жетісудың ертедегі усундерінде нақ 

осындай үрдіс дамыды.

Жер пайдалану және иелену объектісі бола тұрса да, табиғат өнімі және 

қозғалмайтын байлық ретінде әлі басқаның қолына кешуге келмеді. Бірақ 

усундерде малға жеке  меншік болғандыктан,  жерді жер  қатынастарының 

бірден-бір түрі  ретінде толық тең пайдалану мүмкін  емес  еді.  Мұнда жер 

жөніндегі қатынастар жеке меншікті және тіпті мұрагерлік жолмен пайда­

лану түрінде болды деп топшылауға негіз бар.  «Менің ата-бабаларымның 

сүйегі жатқан жер немесе менің қыстауым тұрған жер — менің жерім» де­

ген белгілі принцип ежелгі заманнан бері, жер маусымдық жайылымдарға 

бөліне бастаған заманнан бері белгілі болды, ал жерді бұлай бөлу көбіне іс 

жүзінде оның монополиялық жолмен және мұрагерлікпен иеленуге бекіті- 

луі болып шығатын еді.

Жерді  жеке  меншіктеніп иеленудің қалыптасуын  жазбаша деректеме- 

лердің  мәліметтері дәлелдейді.  Бань Гудің  «Цзяньханшудағы» хабары  оұл 

жөнінен  едәуір  ынта-ықылас  туғызады:  «Ол  кезде  ұлы  гуньмо  Цылими 

билікті өз қолына (ұстап) түрды, ал лин-хоулардың бәрі (вассал князьдер -  

К. А.) қорыққандарынан оған бағынды. Ол жұрт жылқы және мал бақкан- 

да  жайылымға  кірмесін  деп  жариялады»47.  Бан  Гу  шығармаларынын 

түсіндірушілері, оның ішінде Ян ІІІи-гу (VII ғасыр) «жайылымға кірмесін» 

дегенді  «Гуньмо  жайылымына»  деп  үғыну  керек  деп  түсіндіреді48.  Назар 

аударарлық бір жай -  мұндай мәлімдеме Цьшими гуньмо ретінде «билікті 

ез колына мықты ұстап тұрған» кезде жарияланады.

Тегі  б.  з.  б.  I ғасырда-ак ежелгі усун қоғамында шүрайлы жайылым- 

дарды  басып  алу  үрдісі  басталған  болуы  керек.  Көшпелі  коғамдардын 

бәрінде де орын тепкен жазылмаған заң -  кімнің малы болса, іс жүзінде 

жердің де  қожасы сол  болуы  -   усундердін-де  нақты  әлеуметтік  өмірін 

бейнелейді.  Егер  бай  усундердің терт-бес  мыңнан  жылқысы  болса  (ал 

қыс  кезінде  бір  ж ы лқыны  асырау  үшін  сапасы   орташ а  8—10  га  та- 

биғи  жайылым  к е р е к 49),  м ұнш ам а  ж ы лқы н ы   бағу  үш ін  ш амамен 

алғанда  30—50  мың  гектар  табиғи  ж айы лы м   к е р е к   екен ін   есептеп 

шығару қиын  емес.

Тегі, негізгі байлық -  мал басын сақтап, көбейту үшін неғүрлым қажет 

кысқы жайылым ғана жеке меншікте болса керек.  Бұл жердегі қысқы үй- 

жайлар  мен  ата-бабалардың  зираттары жер  алқаптарын  іс  жүзінде  мүра- 

герлік жолмен иеленуді баянды етті.

Бертін  келе, біздің  заманымыздьщ  алғашқы ғасырларында усун жоға- 

рғы  топтарының  қолдарында  қозғалмалы  мүліктер  қорлана  берді  де, 

мүліктік теңсіздік  езушілердің  үстемдігі  мен  езілгендердің  тәуелділігін 

күшейте түсті. Сөйтіп тапқа дейінгі қоғамнан таптық қоғамға өтпелі кезен- 

ге  тән  қатынастар қалыптасты,  қоғам  әлі құл иелену формациясынын да, 

феодалдық формацияның да аяқталған түрлеріне жете қойған жоқ, шаруа- 

шылықтың ерекше үлгісімен байланысты өзінше бір сипатга болды және 

мұның өзі әлі күшті патриархаттық-рулықинституттардың, жайылымдық-

254


көшпелі қауымдар мен қандас туысқандық қатынастардың қатар өмір сүруі- 

мен байланысты еді.

Құлдық  және  әлеуметтік  қатынастар.  Ежелгі  усун  коғамында  құлдық 

бола түрса да, құл еңбегі өндіріс негізі болған жоқ. Сол кездегі дүние жүзінің 

кептеген халықтарындағыдай,  усундерде де  құлдықтың негізгі көздерінің 

бірі соғыс тұтқындары болды. Мысалы, жазбаша деректемелерде мынадай 

оқиға  келтірілген:  б.  з.  б.  I  ғасырда  усун  гуньмосы  Вэн  Гуйми  (Фэйван) 

ғұндарға тұтқиылдан шабуыл жасап, 40  мың адамды тұткынға алады да50, 

қайтқанда өзімен бірге алып кетеді. Қүлдардың шығуының борышқорлар- 

ды,  кейбір жағдайларда өздерінің туысқандарын кұлға айналдыру сиякты 

көздері де болуы мүмкін. Бірақ бұл кездердің тым шектеулі болғаны анык, 

ейткені патриархаттық-рулық қалдықтар күшті болған коғамда еркін ұсақ 

өндірушіні қүлға айналдыру ете сирек кездесетін еді. Әдетте, мырзаны, оның 

отбасы мүшелерін күтетін малай ретінде құлдар пайдаланылды. Бірак, сірә, 

қолөнерші-құлдар, малшы-құлдар немесе егінші-құлдар да болса керек.

Ж азбаша деректемелер мен археологиялық материал усун қоғамындағы 

әлеуметтік теңсіздік фактісін анықгауға ғана емес, сонымен қатар оны ең 

басты әлеуметтік топтарға шартты түрде  белуге де  мүмкіндік  береді.  Бұл 

мәселенің  археологиялық негіздемесін  келтіре  кетейік.  Жетісу  аумағын- 

дағы усун заманынан қалған мындаған обалар үш түрпатқа белінеді. Олар- 

дың біріншісі — диаметрі 50—80 м және биіктігі 8 -1 0 —12 м үлкен жер оба­

лар.  Үйінді астында,  әдетге  еркектер мен әйелдер жерленген бір-екі мола 

шығады.

Теңлік  обасында  (Шығыс  Жетісу)  бір  молага  атақты  әйел  жерленген. 



Оның  киімі  мәнерлі  үлкенді-кішілі  алтын  каптырмалармен  сәнделген, 

күлақтарында — бедерленген алтын сырғалар бар, шашына немесе бас киімі- 

не алтынмен шебер капталған ауыр түйреуіш түйрелген. Мүнда оньщ қасына 

сәндік затгар (қола айна жэне алтын жапыракша жолактарымен өрнектел- 

ген ағаш қобдиша) койылыпты.

Батыс Жетісудэ  үлкен обалардың (Қаракел мен  Буранин  обалары)  ас- 

тындағы қабірлер бай, олардан да мүсінді алтын каптырмалар, Грек-Бакт- 

риядан шыққан тігіп орнататын қаптырмалар, лак бүйымдарының калдық- 

тары, аң стиліндегі әшекей бұйымдары, қару, қыш және ағаш ыдыстар шық- 

ты51.


Екінші үлгідегі обалардың мелшері (Шарын езеніндегі Қаратүма қоры- 

мы үлгісіндегі) диаметрі  15—20 м шамасында,  биіктігі  1  метрге дейін бола­

ды.  Үйінді  астында  -   бір-екі  мола,  кейде  бір  молада  -   екі  қаңқа  жатты. 

Құрал-сайман:  үш-терт қыш  және  ағаш ьщыстар, ұсақ кола,  кейде  алтын 

әшекейлер  (сырға,  жүзік, түйреуіш,  білезіктер),  «скифтік»  енер  стилінде 

жасалған қола аспалы белдіктер, қару -  темір  қанжарлар мен  семсерлер, 

жебенің  үш  қырлы  және  қалақ  бас  ұштары.  Мұндай  обалар  жүзге  тарта 

үйінділері бар қорымдарда топталады.

Ж ән е,  ақырында,  диаметрі  5 -1 0   м  ж әне  биіктігі  3 0 -5 0   см  шағын 

үйінділер  түріндегі  обалардың  үшінші  түрі  ете  кеп.  Кемілген  заттары 

біркелкі және аз: бір-екі ыдыс, темір пышақтар мен түйреуіштер, оқта-тек- 

те қола сырғалар мен моншақтар кездеседі, оларда қару болмайды.

Үлкен обаларда атақты адамдар -  ірі  меншік иелері мен олардың әйе- 

ДДері немесе көңілдес әйелдері қойылған деп айтуға әбден болады. Орташа 

обаларда ез алдына бөлек шаруашылық жүргізетін, халықтың көпшілігін

255


қүрайтын  ерікті,  катардағы  кауым  адамдары,  ал  ұсак  обаларда  -   тәуелді 

ұсак, өндірушілер мен кұлдар жерленген.

Деректемелердің  хабарлауына  карағанда,  ежелгі  усун  коғамын  халык 

толкулары талай рет шайқалткан. Олар ашыктан-ашык бүлік, белініп көшіп 

кету, гуньмоларды өлтіру сиякты әр түрлі түрде болды.  Мәселен, деректе- 

мелерде б. з. б. I ғасырдың 50-жылдарында гуньмо Ними (Куан-ван) «зұлым 

әрі долы болғандыктан» халыкка катты қысым жасағаны, сондыктан да «ха- 

лыктың сенімінен  айрылғаны»,  мұның өзі  «усундердін  мазасыздануы  мен 

қайғы-касіретіне»  себеп болганы айтылады.  40—30-жылдарда  халык «тағы 

да бүлік шығарып», гуньмо қашып кетеді.

Жоғарыда  атап  етілгендей,  халыктың  едәуір  белігінде  кару  болмауы 

ерекше назар аударарлык. Тегінде, каруланған халықтың орнына үлы және 

кіші гуньмолардын жасақтары пайда болды.  Бүл жасактар олардың билігі- 

не  сыртқы  соғыстар  кезінде  ғана  емес,  халык толкулары  кезінде  де  тірек 

болып отырды. Ал мұның өзі енді мемлекеттік екімет элементтерінің айкын 

дәлелі болатын.

Мұндай жорамалды деректемелерде усундер туралы сез болатын жердін 

бәрінде  «Усун-го»  — усун мемлекеті  және  «Син-го»  — көшпелі  мемлекет, 

сирек болса да «Бу-цзу» — тайпа, тайпалык одак деген терминдер колданы- 

латыны да  көрсетеді.  Бүл  кездейсок  немесе  хань  чиновниктерінің  білме- 

гендігі емес.  ¥лы  және кіші гуньмолардан баска мынадай шендер мен лау- 

азымдар болған: Сян-да-лу; Цзо-да-лу; Ю -да-лу; Хоу; Да-гян; сол ж ақ гян; 

он жак гян;  сол  жак ду-юй;  он  жак ду-юй;  сол  жак да-цзянь;  он  жак да- 

цзянь; да-ли; сол жақ шечжун-да-ли;  оң жак шечжун-да-ли;  ци-цзюнь.

Барлык лауазымды  адамдар  мен  чиновниктердін  әлеуметтік  үстем  то­

пка жатканы даусыз. Олардың ішіндегі  ең төмендегілері — Дин-хоу — тәу- 

елді  (вассал)  князьдер, бірак одан да үсақтары болган52.

Керші халықтармен қарым-қатынастары. 

Усундер ерте замандағы Орта- 

лык  Азиядағы  этникалык-саяси  бірлестіктердің  бірі  деп  саналды’3.  Усун 

мәдеииетініңескерткіштері үлан-байтак Жетісу, Фергаг 



і>.

 (ішінара) аумағы- 

нажәне тегінде, ІІІыгыс Түркістанның солтүстік бөлігіне де таралған. Б. з. 

б.  II гасырда халкыныпгеаны  630 мың  адам  болган  усундер  атты  әскерлер 

мен  жаяу  садақшылардан  тұратын  көп  әскер  шығара  ллған.  Гуньмо  мен 

тақтыңекімұрагерініңжасағы әркайсысында  Юмыңнан ЗОмыңатты әске- 

рден түратын. Б. з. 6.73 жылдын озінде-ак усундердің жері үш белікке: сол 

жак  (шыгыс),  он,  жак  (батыс)  және  гуньмоныц  өзіне  карасты  орталык 

бөліктерге бөлінді,  бірак олардың бәрі  «Гуньмога  жоғаргы дәрежеде  тәу- 

елді» болды. Оныңордасы Чананнан  8900 ли немесе Вынсудың (Ақсу) со- 

лтүстігінде 610 ли34 болатын, Іле өзенінің онтүстік жағалауы арасында ор- 

наласкан Чигу каласында болды.

Б. з. б. 64-51 жылдар аралыгында Хань империясының тақка мүрагерлік- 

ке  араласуына  халықтың  наразылыгы  күшейді. 



Халык 

бүкарасы  гуньмо- 

ның ғұн тегінен тараган мүрагерлеріне корінеу іш тартты, сондыктан усун- 

дердін халқы мен аумагы екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмоға бәлінді 

де, олардың карамағындағы жерлердің шекарасына межелер койылды’-.

Усундердің тарихы кіші гуньмолардын, үстемдік үшін ұлы 



гуньмоларға 

карсы, гұндарды қолдайтын және ханьдарды жактайтын саясат 



жағындагы- 

лар арасындагы 



өзара 

кыркысқан  күрестерге толы.  Мәселен, 



60-ж ы лдар- 

дың аяк кездерінде қайтыс болған Унгуйми гуньмоның ғұн Ханымынан туғ-



256

ан  ұлы  Уцзюту  патш алык  құрып  тұрған  гуньмо  Нимиді  (К уан-ван) 

елтіріп,  билікті 



тартып

 алды да, 



халыктың  к о л д а уы м ен   ө зін   гу н ь м о  д е п  

жариялады.  Б.  з.  б.  14  жылы  ұлы  гуньмо  Цылими  кіші  гуньмо  М оч- 

жэнныдзянның  тапсыруымен  өлтірілді.  Деректемелерде  Цылимиді  ол 

«бағындырып  алады деп  қауіптенген»  М очж энньцзян  өлтірді  деп  тура 

көрсетіледі.  Цылимидің  билік  жүргізген  уақыты  -   б.  з.  б.  45-14-ж ы л- 

дардың арасы -  усун мемлекетінің дәуірлеген кезі болса керек, өйткені 

ол  «билікті  берік  үстады»  және  иеліктерінде  «алаңсыз  тыныштық  пен 

бейбітшілік...  орнады.»56

Бірқатар иеліктер немесе тайпалар усундердің билігінде немесе ыкпа- 

лында болған деп жорамалдауға негіз  бар.  Мысалы,  «Цяньханьшуда» -  

усундер «езіне баска да көптеген иеліктерді бағындырды», «Давань-чжу- 

аньда»  — «көршілес  шағын иеліктерге шабуыл жасады» деп көрсетіледі, 

ал Янь  Щ и-гу:  «бағындырған бойда вассалдарға айналдырады» деп нак- 

тылай  түседі57.  Сірә,  хюсюньдер,  гюаньдулар  (цзюаньдулар),  юйтулар 

немесе  уштар  сондай  тайпалар  мен  иеліктер  болса  керек.  Әдет-ғұрпы 

мен киім-кеш ектеріне карағанда олардын бәрі  усундерге жақын тайпа­

лар. Б.  з. б.  I ғасырда Согюй немесе Яркян иелігінде жергілікті аксакал- 

дар мен билеушінің өтініші бойынша, «усундіктердің ізгілікті мейірімі- 

не белену» үшін  гуньмо  Ван-Гуймидің ұлы  Ваньнянь  билеуші  болды58.

Усундер неке одақтарын жасасу аркылы баска мемлекеттермен одак- 

тастық катынастар орнатты.  М әселен, б. з.  б.  69 жылы на.< сол Ван-Гуй- 

ми езінің кызы Дишиді Кучи билеушісі Гянбиньге берген59. Усундермен 

одақ  жасасуға  мүдделі  болған  Хань  империясы  мен  Ғұндар  хань  және 

ғүн ханшаларын  усун  гуньмоларына күйеуге  беріп отырған.

Кершілес жаткан аумақтардың кейбір иелері жау шапкан кезде усун- 

дерден  қорғаныш  іздеген.  М әселен,  солтүстіктегі  чештердің  билеушісі 

Угу ғүндардан бас сауғалап, б.  з. б.  68 жылдан 62 жылға дейін усундерде 

тұрған60.

Хань  дәуірінің  әлеуметтік  хроникаларында  усундердің  саяси  тари- 

хынан фактілер келтіру шамамен алғанда б. з. б. III ғасырға дейін жеткізі- 

лген.  Ортаңғы  империянмң соңғы  кезендерінің кейбір  жазбаша дерек- 

темелерінде де үздік-создыкмәліметтер келтірілген.  «Бэйшуда» (Ю ань- 

вэй әулетінің тарихы)  б.  з.  б. 437 жылы хань сарайына усундердің елші- 

лер жібергені туралы хабар  бар62.

Археологиялык материал, әсіресе Шығыс Жетісу аумағынан (Актас- 

2  конысы,  А ктасты -1,4-6,  Сарытау  корымдары)  табылған  археология­

лык материал усундер түріктерге дейінгі заманда әлі де кең-байтак ж ер­

де  өмір  сүре  бергенін  дәлелдейді.  Ол  былай  түрсын,  нақ  сол  деректер 

бойынша (Ақш окы-3, Өтеген-1  корымдары) ертедегі усундер мәдениеті 

бүрынғы мекендеген жерлерінде, олар түрік кағанаттарының бакылауы- 

нда болғанымен, одан әрі дами берген. Тіпті біздің заманымыздағы X ғасы- 

рдың  езінде  деректемелер  беттерінде  усун  атауы  кайтадан  пайда  болады. 

Мәселен, император Тайцзунның хроникасында 938 жылғы тугухунь, усун 

және мохэ тайпалары туралы жазба бар. Ляо империясы заманында «усун- 

Дердің тоғыз бірлестігі» болғаны  «Винвэйчжиден» мәлім62.

С оны мен,  ежелгі  усундердін  казак  ж ән е  кы рғы з  халықтарынын 

кұрамына  кірген  үйсіндермен  ж әне  үйшүндермен  генетикалық  жағы- 

нан  сабақтастық байланысы болды деп  айтуға толы к негіз бар.



9 •  Қазакстан тарихы, т. 1

257

3. ҒҰНДАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ҚАТЫН ACT АРЫ

Ғүндардын емірінде мал шаруашылығы басты рөл аткарды. Сыма Цянь 

былай деп жазады:  «Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, 

олар  өздерінің малымен  бір  жайылымнан  екінші  жайылымға  көшеді.  Үй 

малынан жылқы, ірі қара және кой-ешкі есіреді; біразы түйе, есек үстайды. 

Шөптің қалың, судың мол  болуына карай бір  жерден  екінші жерге көшіп 

жүреді... Шонжарларынан бастап бәрі де үй малының етімен тамақтанады, 

олардың терісін киім қылады, жүн мен аң терісін жамылады»63. Ғұндардың 

өмірінде  жылқы  ерекше  маңызды  рәл атқарды64.  Ал  койдың  етін, терісін, 

жүнін пайдаланды.  Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасады, жүннен 

киіз басылды.

Малының  бәрі дерлік  бүкіл  жыл  бойына  жайып  бағылды.  Сондықтан 

жазда куаңшылық немесе қыста кәктайғақ болуы,  мал індеті үлкен апатқа 

ұшыратып отырды. Деректемелер мұны да жиі көрсетеді6-1.

Қытай әскерлерінің ғүндарға жорықтары суреттемелерінде келтірілген 

жанама деректерге  қарап, халыктың жан басына шаққандағы орташа мал 

санын  анықтауға әрекет етуге  болады.  Мәселен,  б.  з.  б.  72 жылы келтірі- 

лген  ең толық мәліметтер  бойынша,  әскербасылар  өздерінің  реляцияла- 

рында былай деп хабарлаған: 700 тұтқын мен  10 мың бас мал қолға түсірілді

—  15  :  1;  100 түткын мен 2 мың бас мал — 20 :  1; 300 және 7 мың -  29  :  1;  19 

және  100  —  5  :  1;  1900  және  70  мың  -   35  :  1;  39  және  700  мың  —  18  :  1. 

Сонымен, орта есеппен халыктың жан басына шакканда  19 малдан келеді. 

Қарапайым  мал  шаруашылығы  жағдайында  мұндай  аракатынас  оңтайлы 

болатын66.

Ғүндар  отырықш ылық  пен  егіншілікті  де  білген.  Деректемелерде 

«солтүстік  жерлерде  суык  ерте  түседі,  сондықтан  тары  себуге  қолайсыз 

болса да, ғүндардың  жерінде  тары себіледі»  деп  жазылған67.  Байкал  сыр- 

тындағы Нижне-Иволгинск қала жүртын казған кезде еденді сылаған бал- 

шық арасынан  туралған  сабан  шыкты.  Нак  осы  жерден  қысқы,  гұракты 

жартылай жертөлелердің жұрты табылды,  олар  кандар  жүйесімен  жылы- 

тылған68. Тары дәндері, шойын түрендер, темір орак, тас дәнүккіш гер және 

астык сақтайтын ұралар шықты.  Адам жерленген ағаш қималар да ғұнда- 

рда отырықшылық болғанын дәлелдейді.

Ғүндар өмірінде  аң аулау маңызды рөл  атқарды.  Бұл жөнінде деректе­

мелерде  былай делінген:  «...  балалар  қойға мініп,  садак тарта алады  және 

қүстар мен тышкандарды ата біледі; біраз оскен сон олар түлкілерді және 

тамақ  етіп  жейтін  қояндарды  атады...  Олардың  арасында  орнаған  ғұрып 

бойынша, тыныштық кезде мал бағып, оған қоса кұс пен аң аулайды, сөйтіп 

тіршілік  етеді»69.  Ғүндардың  қабірлерін  қазған  кезде  киіктің,  кабаннын, 

қүланның,  бүғының,  таутекенің,  еліктің, қоян  мен түлкінің сүйектері  та­

былды.

Қабірлерде керамика — кұмыралар, көзелер, саптыаяқтар аз емес, олар 



қолдан  жапсырып  және  құмырашы  ұршыкшасында дайындалған,  мүнын 

езі  кыш-қүмырашылықтың дамығанын дәлелдейді70.  Басқа жақтан  әкелі- 

нген заттар, жібек маталар, айналар, көз салған әшекейлер кездеседі.

Ғүндарда әскердің негізі тез орын ауыстыра алатын атты әскер болған. 

Салт атты  жауынгердің қару-жарағы — садақ пен  жебелер.  Қазба жұмыс-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет