Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет47/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76

336

ағаттандырып отырды. Олардың өздерінің егіншіліктен өндірген өнімдерін 

сатқаны немесе айырбастағаны туралы мәліметтер жоқ. Керісінше, дерек- 

темелерде дәнді дақылдарды және астыкты отырықшы және жартылай оты- 

рықшы  топтардың  орталыктарына,  мәселен,  оғыз  жабғуының  ордасы  — 

Ж анкент қаласына тасығаны туралы айтылады.

Сөйтіп, кимектерде,  оғыздар  мен қарлұқтарда кешпелі немесе  жарты­

лай көшпелі мал шаруашылығының басым  болуымен,  жартылай отырық- 

шы мал шаруашылығы немесе аң аулау кәсібі мен балық аулау катар журген 

егін шаруашылығының болуымен байланысты әр түрлі бірнеше шаруашы- 

лық-мәдени үлгілер болды.

Қарлұқтардың, оғыздар мен кимектердің қалалары Орта Азия мен Қазақ- 

с та н н ы ң   ж е р гіл ік ті  түр ік  халы қтары н ы ң   ш ару аш ы л ы қ-м әд ен и  

дәстүрлерінің  қосылуы  негізінде  саяси  және  экономикалық  орталықтар 

ретінде қалыптасып, өсті.

Үй  кәсіптері  және  қолөнер.  Оғыздарда,  кимектер  мен  карлұктарда  үй 

кәсіптері мен қолөнерінің ең дамыған түрі мал өнімдері мен шикізаттарын 

өңдеу және кайта өндеу болды. Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім, ыдыс, 

садактың  қаптамасы,  қорамсак,  ер-түрман  әбзелдері,  торсык-мес  секілді 

заттар жасалды, киіз үйге үсталды, одан киім де тігілді. Әл-Йакуби «түріктер

—  киіз  басуға  өте  шебер  халык,  өйткені  өздерінің  киімдерін  сол  киізден 

тігеді» деп атап өткен177. Киім, сондай-ақ жабайы жануарлар мен аңдардың 

терісінен де тігілді.

Кауымның  қатардағы  мүшелері  әдегге  өздерінің  әр  турлі  каруларын, 

шаруашылыққа, тұрмыска керекті бұйымдарын өздері жасады. Бұл жөнінде 

әл-Ж ахиздің мына бір сөздері назар аудартады:  «Түрік қоләнердін барлық 

үрдістерін  өзі  істейді,  жолдастарынан  көмек  сұрамайды  және  басқаның 

ақылын  керек  етпейді:  олар  (түріктер)  кару,  жебе,  ер-тұрман,  корамсак, 

найза жасайды»173.

Түрмыста ағаш бүйымдар:  ер, ыдыс-аяк, қайык,  киіз үйдің ағаш сүйегі 

кеп қолданылды, шаңғының да болғаны айтылады.

Қарлүқтардың,  оғыздар  мен  кимектердің  карауындағы  қоныстарда 

кұмырашылық өндірісі де әркендеді. Бұған коса олар мекендейтін аумақта 

темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді. «Ондағы шеберлер, -  

деп жазды әл-Идриси  оғыздар мен кимектер туралы, -  темірдең ғажайып 

әдемі  бұйымдар  жасайды»179.  Алтын  мен  күмістен  сән -салтан ат  ж әне 

әсемдік  заттары  дайындалды.  Әл-Идрисидің  мәліметтеріне  қарағанда, 

кимектердің патшасы алтындап тігілген киім мен алтын тәж  к и ген 180. Ол 

кимектердегі  алтын  балқыту  технологиясын  былай  суреттеген:  «Әдет 

(кимектердің)  бойынша,  алтынды  жинап,  суға  шаяды,  оны  тазартып, 

сұрыптап алғаннан  кейін алтын  түйіршіктерін  сынаппен  араластырып, 

қоспаны  сиырдың  киымен  балқытады.  Сөйтіп  осындай  ж олмен  едәуір 

мөлшерде алтын жинап алады»181.

Қарлұқгарда, оғыздар мен кимектерде қоленер ендірісінің болғанын ар- 

хеологиялықматериалдар растайды. Олардың қоныстары мен обалы зират- 

тарын қазған кезде темір бұйымдар, алтыннан, күміс пен қоладан жасалған 

сәндік  затгар,  киіздің, терінің,  ағаш  ыдыстардың қалдықтары,  қару және 

әр  түрлі  кыш  керамика табылды.  Бұл  бұйымдардың  көпшілігі  жергілікті 

жерде ендірілгені анық екенін атап көрсеткен жөн.

К әсіби  қолөнершілер  жігі  біртіндеп  қалыптаса  бастады,  алайда  бұл

337


жалпы алғанда  үй  кәсіптері  мен  колөнердің  біршама шектеулі дамыға- 

нын  өзгерте  алмады,  ал  қолөнер  дербес  өндіріс  саласы  болып  бөлініп 

ш ы ққан жоқ.

6.  АРАБТАР

Араб  түбегіндегі  әлеуметтік-экономикалык,  саяси  ж әне  этникалық 

үрдістердің барысында араб халқы қалыптасты жэне VII ғасырдың бас кезін- 

де  жаңа діни  жүйе — исламның негізінде  мемлекет құрылды.  Мұнда фео- 

далдық қатынастар  қалыптасып,  нығайды,  алайда  рулық-тайпалық ұйым, 

әсіресе көшпелілер арасында әлі күшті еді.

Мухаммед өлгеннен (632 ж.) кейін Араб түбегінің әр жерінде билік үшін 

күрес өріс алды, халық қозғалысы басталды. Араб шонжарлары ішкі қайшы- 

лықтарды әлсіретіп, дін басылары билейтін мемлекетті нығайту мақсатын- 

да, соғыс олжасына кенелу үшін жаңа жерлерді жаулап алу жолына түсті.

633  жылы арабтардың «дін үшін соғыс» деген  ұранмен жаулап алушы- 

лық жорықтары басталды.  Аз уақыттың ішінде олар Иран,  Сирия,  Палес­

тина,  Египет, Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік облыс- 

тарына жақындады.

Арабтар Орта Азияда. Арабтардың жаулап алуы басталған қарсаңда Орта 

Азия мен Қазақстан аумағының көп белігі Батыс түрік қағанатының билігін- 

де болған еді. Орта Азияның кеп иеліктерін түрік немесе аралас текті әуле- 

ттер басқарды.  Иран тілдес  халық пен түрік тілдес  халық арасында тығыз 

жақындасушылык белең алды.  Ш аруашылық карым-қатынастар үлғайып, 

экономикалық байланыстар өсті. Бұл факторлар араб жаулап алушылары- 

на бірлесіп тойтарыс беруді үйымдастыруда маңызды рел атқарды.

Арабтар  705  жылы  ш апқынш ылықтар  тактикасынан  Әмударияның 

шығыс жағындағы аймақ — Мауараннахрды жаулап алуға көшті. Хорасан 

билеушісі Кутейба ибн Муслим Балхты басып алып, 706 жылы Пайкендке 

(Бұхараға  таяу)  қарай  беттед;.  Түргештер  соғдылықтарға  көмекке  келді. 

Түріктер  мен  соғдылардың  біріккен  қолы  араб  әскерлеріне  қатты  соккы 

беріп, оларды қоршап алды. Хорасан билеушісі Кутейбаның алдап-арбауы- 

ның  арқасында  ғана  одактастарды  біріне-бірін  айдап  салып,  қоршаудан 

шығып кетуге мүмкіндік туды.  708 жылы  Кутейба  Рамитанды (Бүхара об- 

лысындағы қала) ұрыссыз алды, бірак жеңісті баянды ете алмады. 709 жылы 

Кутейба Мауараннахрға тағы  да  аттанып,  Бұхараның  маңына таяп  келді. 

Түрік-соғды тобы араб әскеріне елеулі сокқы берді. Кутейба тағы да алдап- 

арбау тактикасын қолданып, соғды патшасы Тархүнды түріктердің көмегі- 

нен бас тартуға мәжбүр етті, ал араб әскері Бұхараны басып алды.

712 жылы Кутейба хорезмшах пен бұхархудат әскерлерімен бірге Сама- 

рқандқа бет алды.  Соғдылықтар Ш аш патшасынан, түрік қағанынан және 

Ферғана ихшидынан  кем ек  сұрады.  Одақтастарды  түрік  қағанының  кіші 

баласы Инел-қаған басқарды182. Соғды патшасы Гуракқа көмекке келе жа- 

тқан қолдың жолын жансыздар арқылы біліп алған арабтар торуыл жасап, 

ақсүйек  жауынгерлерден  қүрылған  тандаулы  түрік  отрядын  талқандады. 

Самарканд табандатқан  бір  ай  бойы қорғанғанымен,  ақырында Гурак Са­

марканд үшін өте ауыр шартқа қол қоюға мәжбүр болды. Қалада көтеріліс 



болуынан қауіптеніп, Кутейба осында өзінің отрядын қалдырды.

338

712  жылы  Орта  Азияға  түргештерді  талқандаған  Шығыс  түріктерінің 

қағаны Мочжоның әскері  келді.  Мочжо әскері  «соғды  халқын  жайғасты- 

ру»  үшін  Сырдариядан  жүзіп  өтті.  Бұл  кезде  самарқандыктар  араб  биле- 

ушісіне қарсы көтерілген болатын, тап  осы кезде  оған түрік қағаны келіп 

шабуыл жасады183. Бірақ бұған Кутейба келіп үлгеріп, араб гарнизонын то- 

лык талқандалудан сакгап калды. 712—713 жылдары түріктердің, соғдылар- 

дың, шаштықгардың ж әне ферғаналықтардың біріккен қолы арабтарға ка­

рсы  шықты.  Бұған  жауап  ретінде  Кутейба  калың  қол  жинап,  отрядтарын 

Ферғана  мен  Ш ашқа  ж іберді.  Шаш  қоныстарының  көпшілігі  өртеп 

жіберідді.

Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. 714 жылы Кутейба Шашты басып алып, 

Испиджабқа  жорық  жасады184.  Ол  Мауараннахрдағы  араб  өктемдігіне 

Түргеш  кағанаты  мен  Орта  Азия  мемлекеттері  одағының  кандай  қауіп 

төндіретінін түсінген еді.

723 жылы Ферғана қарлүқтары түріктермен және шаштыктармен бірігіп, 

арабтарды мықтап женді де, оларды Ходженттен Самарқандка дейін қуды. 

Күресте екі жақ кезек жеңіп отырды. 724 жылы араб әскері Ферғанаға кіріп, 

оның  астанасы  Қасанды  коршап  алды.  Ферғаналықтарға  Сүлу  бастаған 

түргештер көмекке келді. Арабтар асығыс кейін шегіне бастады, біракШаш 

пен Ферғана әскерлері оларды Сырдариядан күтіп алып, кирата соққы берді, 

бұл арабтарды ұзақ қорғаныска көшуге мәжбүр етті.

Түргештер  ездерінің  дәуірлеп  тұрған  кезеңінде  Мауараннахрға  билік 

жүргізуде арабтармен таласатын кұдіретті күшке айналды. Түргештер әскер 

күшімен қолдаған халық көтерілістері нәтижесінде арабтар Мауараннахр- 

дан  түгел дерлік куылды.  Түргештердің қағаны  арабтарға карсы  батыл да 

пәрменді қимыл жасады, мұнысы үшін арабтар оған «Әбу Музахим» (Сүзе- 

ген) деген ат қойды. 737 жылы ол арабтарға карсы атганып, Токарстанға дейін 

жетті, мүңда қарлұктардьщ жабғуымен бірікті. Жетісуға кайтып келген жерінде 

қаған кісі қолынан өліп, түргештер елінде өзара қырқыс басталды.

Түргеш қағанатының әлсіреуін пайдаланып, Хорасандағы араб билеушісі 

Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның бірқатар аймактары мен 

Қазақстанның оңтүстігіне бірнеше рет жаулап алушылық жорыктар жаса­

ды.? Арабтарға қарсы  күрес  жалғастырыла берді,  жер-жерде  арабтарға ка­

рсы  бой  көрсетулер  болды,  бірақ бүлар  қарудын күшімен  жаншылып  ба- 

сылды.  737-739  жылдары  Насыр  ибн  Сейяр  Самарқандтағы,  Шаштағы, 

Фарабтағы көтерілістерді тұншықтырды.

748  жылы  қытайлар  Суябты  уақытша  басып  алып,  қиратты,  ал  келесі 

жылы Шаштың билеушісі өлтірідді.  Оның баласы арабтардан көмек сұра- 

ды. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласының түбінде араб қолба- 

сшысы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сянь-чжидің арасында 

орасан зор шайқас бодды. Шайқас бес күнге созыдды. Шешуші кезде қытай 

тылында қарлұктар көтеріліс жасап, арабтар жағына шықты. Қытай әскері 

түгелдей талқандалады185.

766 жылы Жетісуда билікті басып алғаннан кейін арабтарға қарсы күресті 

қарлұқ жабғуы  басқарды.  Ферғана  карлұқтарының  күресі  жандана түсті.

VIII ғасырдың екінші жартысында арабтар халықты «тыю» үшін Ферғанаға 

бірнеше  рет  жорық  жасады.  Жетісу  қарлүқтары  өз  тайпаластарын  колд- 

ады, осы себепті 792—793 жылдары Гитриф ибн Ата қарлұқ 

ж абғуы н ы ғы с- 

тырып шығару үшін Ферғанаға Әмір ибн Жамилді ж іберді186.

339

VIII ғасырдың екінші жартысы қауырт тарихи оқиғаларға, көтерілістер 

мен бүліктерге толы. Арабтарға қарсы ж әне мұсылмандыққа карсы сипат- 

тағы  ең  күшті  халык  көтерілісі  Орта  Азиядағы  Муканна  козғалысы  бол­

ды187,  оны  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісудың  түрік  тайпалары  колдады. 

Халық көтерілістері  IX ғасырдың бас кезінде де токталған  жок.  806 жылы 

Соғдыда Рафи ибн Лейс  бастаған бүлік шыкты, оған «Шаштың билеушісі 

өзінің түріктерімен», құрлұқтар, тоғыз-оғыздар ж әне тибеттіктер қатысты188. 

Арабтар бүлікті басып,  810 жылы карлұқтардын каласы Қүланға189 (қазіргі 

Луговое қонысы) жорық ұйымдастырды. Хорасанның билеушісі Мамұн 811 

жылы халиф Әминмен соғыс басталар алдында өзінің уәзірі Фадл ибн Сахл- 

ге маған соғысты ең бір қолайсыз жағдайда, карлұқ жабғуы бағынудан қалып 

тұрған кезде бастауғатура келіп тұр деп шағынады. Отырар патшасы бұрын 

телеп  жүрген  алымын  төлеуден  бас  тартады.  Фадл  Мамүнға  жабғуға  хат 

жазып, оның қазір иеленіп отырған аймақтарын сыйлыққа беріңіз, ал Оты­

рар патшасынан ракымдылықретінде бір жыл алым алмайтын болыңыз деп 

ақыл берді. Бірақ бітімге келудің сәті түспеді.

Қарлүқтар үйғырлардан ойсырай жеңілген жылы (812 ж.) Фадл ибн Сахл 

Отырар аймағына басып кірді, онда шекаралық камалдың бастығын өлтіріп, 

карлұктар жабғуының екі  баласы мен әйелін тұтқынға алды, ал жабғудың 

езін кимектер еліне барып бас сауғалауға мәжбүр етті190. Бірак бұдан кейін 

де  жағдай  тынышталмады.  Араб  тарихшылары  Фарабтың,  Испиджабтың 

ж әне  Шаштың  арабтар  үшін  ең  бір  тынышсыз  иеліктер  болғанын  атап 

етеді191.

IX ғасырдың бас кезінде араб халифатының бүрынғы саяси бірлігі бұзыла 

бастады.  Мауараннахр  халықтарының  арабтарға  қарсы  толассыз  күресі 

мұнда жергілікті феодал ақсүйектердің билікті басып алуына қолайлы жағ- 

дай туғызды.  Солай болып шықты да.  IX ғасырдың 20-жылдарынан бастап 

Хорасан мен Мауараннахрды жергілікті Тахирилер мен Саманилердің әулеті 

биледі, олар Бағдатка салық төлеп түрды,  ал басқа жағынан шын мәнінде 

тәуелсіз болды.

Араб  үстемдігі  Оңтүстік  Қазақстанның  халифат  қүрамына  кірген  тек 

бір бөлігінде ғана жүрді. Ал Казаке ганның оңтүстігі мен Жетісудың үлан- 

ғайыр  аймағында  арабтардың жаулап  алуының  елеулі  зардаптары  тек  X—

XII ғасырларда ғана білінді.

Халифаттың  билеуші  үстем  топтары  байлық  жинау  үшін,  е з   билігін 

нығайту үшін  Орта Азия мен  Казақстанның оңтүстігінде  әділетсіз  соғыс- 

тар  жүргізді.  Сонымен  бірге  араб жаулап  алушылығы тек сыртқы  фактор 

болып қана қойған жоқ, ол халифаттың қол астында болған жерлердің әле- 

уметгік-экономикалық,  саяси  ж әне  мәдени  өмірінде,  ондағы  этникалык 

және тілдік үрдістерде ө з ізін қаддырды.

Бағындырылған халықтар талан-таражға түсіп, зорлық-зомбылық көрді, 

жері  мен  малынан  айрылды,  екі  жақты  езгіге  —  араб  ақсүйектері  мен 

жергілікті шонжарлардың езгісіне түсті. Арабтардың Мауараннахрда жеңіс- 

терге жетуі Батыс түрік ж ән е Түргеш қағанаттарының ыдырауына себепші 

болды.  Сонымен қатар  сыртқы қауіп түрік тайпаларының:  қарлұқтардын, 

оғыздардың ж әне белгілі бір дәрежеде кимектердің топтасуына жағдай жа­

сады.

Ж аңа мемлекеттікдін -  ислам дінін ің , араб тілі мен жазуыныңтара- 

луы қоғам өміріндегі аса маңызды өзгерістердің бірі болды. Ежелгі түрік

340

жазуы  ығыстырылып  шығарылды,  ал  түрік  лексикасына  араб  сөздері 

кірді.

Орта  Азия  сияқты,  Оңтүстік  Қазақстанның жекелеген  аймақтарының 

халифат  кұрамына  енуі  феодалдық қатынастардың даму  үрдісін  тездетіп, 

ол  терең  әлеуметтік  қайшылықтар  мен  халық қозғалыстары  жағдайында 

өтті.

Қоғам  өмірінің  деңгейінде,  ислам  өрісіне  тартылған  халықтардың 

дәстүрлері мен тарихи тағдырларында елеулі айырмашылықгар болғанына 

қарамастан, үзакка созылған күрделі өзара ықпал үрдісінің, сайып келген- 

де  олардың  мәдениеті  қабысуының  нәтижесінде  бірқатар  халықтар  үшін 

көп жағынан ортақ араб-мұсылман мәдениеті қалыптасты.

Кят,  Отырар,  Тараз,  Шаш,  Бүхара,  Самарканд ж әне  басқа  қалалар  ірі 

мәдениет орталықтарына айналды, оларда әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Би- 

руни,  Әбу  Әли  ибн  Сина  ж әне  басқа  да  көптеген  тамаша  ғалымдар  өмір 

сүріп, жасампаздық жұмыстар жасады. Халифаттың бүкіл аумағында араб 

әдеби тілінің  орнығуы  көптеген  аса  көрнекті  ғалымдар  мен  ақындардың 

осы тілде жаза бастауына әкеп сокты.

'  Әуелде «түрік» термині  шонжарлардан  немесе әскери  ақсүйектерден  шыкх- 

андарды білдірген,  яғни таза  әлеуметтік мәні  болған деп топшыланады; кейіннен 

бұл сөздің семантикасы ұлғайып, үстемдік етуші, «патшалык» тайпаның ж әне оған 

бағынышты тайпалардың символы болған; көршілері бұларды да түріктер деп атап 

кеткен.



Цэнъ  Чжун-мянь.

 

Туцзюе  цзиши  (Түріктердің жиынтық тарихы),  500-6.



3 Бұл да сонда.

4  Chavannes 

Ed.

 Documents sur les Tou-Kine (Turcs) occidentaux, St- Pbg., 



1903 

(СТОЭ, VI), p. 219.

5  Бұл да сонда,  38-6.

6 Цзю Таншу,  гл.  194 б,  1445-6.

7 Тан хуйяо,  гл.  73,1315-6.

8 Қараңыз: 

Зуев  Ю.  А.

 

Китайские известия о Суябе. -  «Изв.  АН КазССР, сер. 



ист.,  археол.  и этногр.»,  1960,  вып.  3,  88-6.

9 Бүл да сонда.

10 

Цэнъ  Чжун-мянь.

 

Туцзюе цзиши,  517-6.



11

 

Ма  Чан-шоу.

 

Туцзю е-жэнь хэ туцзюе хань  го.  (Түріктер ж эн е Түрік каган­

аты),  87-6.

12 Ц эф у Юаньгуй,  гл.  962,11,  323-6..

13  Қараңыз: 

Кляшторный  С.  Г.

 

Древнетюркские  рунические  памятники  как 



источник по  истории  Средней Азии. М.,  1964,122-6.

14 Бұл да сонда,  133-134-6.; 

Зуев  Ю.  А.

 

Китайские известия о  Суябе, 90-6.



15 Бұл ж ерде Ш у аңғарындағы  Суяб қаласы туралы айтылып отырған жоқ.

16 Х усэло деген транскрипцияда Хұсраудың аты айтылган болуы да мүмкін.

17 Синь Таншу, гл.  215 б,  1508-6.

18 Бұл хабарды Н. 

Я. 


Бичурин аударған (Собрание сведений о народах, обитав­

ших в Средней Азии в древние времена. M.-JI.  1950, т. 1 ,296-6.); «...(Учжилэ) Суйие- 

чуаньды Үлкен орданың Гуньюе  каласы деп  атады, ал Іле өзенінің маңында Кіші 

орда болған».  Былай деп  оку керек:  «...Су-ені  Суяб басып  алды, дереу  е з  астана- 

сын көшіріп, осында тура бастады, С у-е аңғарын Үлкен орда деп атады, Ілеазенін- 

дегі Гунюэ каласы  Кіші  орда болды».

341

19 Древнетюркский словарь.  М.,  1969,  299,  328-6.

20  Синь Таншу,  гл.  215,1508-6.

21  Синь Таншу,  гл.  217  б,  1508-6.

22 Бұл да сонда.

23 Бүл да сонда.

24 

Кпяшторный  С.  Г.

 

Древнетюркские рунические памятники как источник по 



истории  Средней Азии.  М .,  1964,  98—99-6.

25

 

Бартольд  В.  В. 



О  христианстве  в  Туркестане  в  домонгольский  период.  -  

Соч., т. II,  ч.  2.  М.,  1964,  267-268-6.

26

 

Бартольд  В.  В.

 

К вопросу об языках согдийском и тохарском.  -   Соч., т.  II, 

ч.  2. М.,  1964,  461-470-6.

27

 

Мухаммед  Нершахи.

 

История Бухары.  Перевод 

Н. 


А.  Лыкошина.  Ташкент, 

1897,  12-13-6.

28 


Кляшторный  С.  Г.

 

И з истории борьбы народов Средней Азии против арабов.



— «Эпиграфика Востока»,  1954, IX,  56-6.

29 


Волин  С. 

Л.  Сведения арабских источников IX—XVI вв.  о долине реки Талас 

и смежных районах.  — ТИ И АЭ  АН КазСС Р,  1960,  т.  8,  83-6.

30Труды Семиреченской археологической экспедиции. Чуйская долина. МИА. 

1950,  №  14,  146-147-6.

31

 

Кызласов 



Л. 

Р.

 

Археологические  исследования  на  городище  Ак-  Бешим  в 



1953-1954 гг.  -  ТКАЭЭ,  1959,  т.  II, 5 9 -6 0 -6 .

32 

Смирнов  О.  И.

 

Каталог монет с городища  Пенджикент.  Л.,  1963,  54-6.



33 

Малое  С.  Е.

 

Памятники  древнетюркской  письменности.  Тексты и  исследо­



вания.  М.-Л.,  1951,  4 1 -4 2 -6 .

34 Бұл да сонда.

35

 

Ибн  Хордадбек.

 

Китаб ал-масалик ва-л-мамалик.  (BGA, VI),  16-6.

36 

Кляшторный  С.  Г.

 

Терхинская  надпись.  Предварительная  публикация.  / /  



Советская тюркология,  1980,  №   3,  94-6.

37

 

Ибн  ал-Асир.

 

Китаб ал-камил фи-т-тарих.  Изд. Торнберга, т. V, 344-6.; Боль­

шаков О. Г. К истории Таласской битвы (751  г.).  / /  Страны и народы Востока. М., 

1980,  вып.  22,  кн.  2.

38 

Агаджанов  С.  Г.

 

Очерки  истории  огузов  и туркмен  Средней  Азии ІХ -Х ІІІ 



вв.  Ашхабад,  1969,122-129-6.

39 

Храковский  В.

 

Шараф ал-Заман Тахир ал-Марвази.  Глава о тюрках. //Т р уды  



сектора востоковедения А Н   КазССР, т.  I.  А .,  1959,  213-6.

40 

Кляшторный  С.  Г.

 

Древнетюркские рунические памятники как источник по 



истории  Средней Азии.  М .,  1964,  131-6.

41 

Ал-Идриси.

 

Нузхат ал-муштак  фи-хтирак ал-афак.  Рукопись ГПБ.  Ар.  Н.  С. 



176, л.  65  а.

42

 

Гардизи.

 

Зайн  ал-ахбар  (Бартольд В.  В.  Соч., т. VIII), 26,  43-6.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет