o f Genealogies o f Farkhru’d-Lin Mubarakshan Marvarrudi completed in A. D. 1206.
Ed. from a unique manuscript by E. D en ison R oss. London, 1927, p. 41.
176
Сенигова Т. И.
Средневековый Тараз. A ., 1972, 169-6.
177
Ал-Йакуби.
Китаб ал-булдан (BG A , VII), 295-6.
178
Мандельштам А. М.
Характеристика тюрок IX в. в «Послании Фатху ибн
Хакану» ал-Джахиза, 241-6.
179
Ал-Идриси.
Нузхат ал-муштак. Рукопись ГПБ, л. 68 а.
180 Бүл да сонда.
181 Бұл да сонда, л. 68 6. Ср.: Ибн ал-Варди. Харидат ал-аджаиб ва фаридат ал-
гараиб, л. 64 а.
182 История ат-Табари. Избранные отрывки. Т., 1987, 139-140-6.
183
Ал-Йакуби.
Тарих. И зд. Хоутсма. Т. II, 344-6.
184 История ат-Табари, 144-145-6.
185
Ибн ал-Асир.
Китаб ал-камил фи-т-тарих. Изд. Торнберга. Т. V, 344-6.
186
Бартольд В. В.
Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч., т. I, М.,
1963, 259-6.
187
Беленицкий А. М., Бентович И. Б., Большаков О. Г.
Средневековый город
Средней Азии. Л., 1973, 160-161-6.
188
Ат-Табари.
Тарих. Изд. де Гуе. Т. III, 707-6.; Ал-Йакуби. Тарих. Изд. Хоутс
ма. Т. И, 528-6.
189
Ат-Табари.
Тарих, 815—816-6.
Ал-Азраки.
Китаб ахбар ал-Макка, ч. I. Лейпциг, 1859,159-6.
191
Якубовский А. Ю.
Об
одном раннесаманидском фельсе.
(И з
ранней исто
рии Саманидского двора).
//К С И И М К , 1946, XII, 160-161-6.
346
Е к і н ш і
т а р a y
V I- І Х Ғ А С Ы РЛ А РДЫ Ң БІРІН Ш ІЖ А РТ Ы С Ы Н Д А ҒЫ
О ТЫ РЫ Қ Ш Ы Ж Ә Н Е КӨШ ПЕЛІ М Ә ДЕНИ ЕТ.
Қ А Л А М Е Н Д А Л А .
1. КӨШПЕЛІЖӘНЕ ОТЫРЫҚШЫ МӘДЕНИЕТТЕРДЩ ӨЗАРА ӘСЕРІ
Қазақстанның кең-байтақ жеріңде отырықшылық ж эне кала мәдениеті
дамуының ірі-ірі тарихи-мәдени аймақтары ежелден ерекшеленген. Солар-
дың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы болды. Ол бір жағынан
Орта Азия, екінші жағынан Орталық Қазақстан, Сібір мен Орал аралығы-
ндағы аумақты алып жатыр. Онда үш аудан - Оңтүстік Қазақстан (Сырда
рия алқабы), оңтүстік- батыс Жетісу (Талас және Ш у өзендерінің аралығы),
солтүстік- шығыс Жетісу (Іле алкабы) аудандары өзіндік ерекшеліктері-
мен сипатталады1. Аймақ егіншілікті жазиралар мен көшпелілік даласы-
ның тоғысқан жерінде орналасқан. Мұндай жағдай мәдениеттің дамуына
ежелден ерекшелік беріп келді.
Қазақстанның егіншілік пен мал шаруашылығы жанасып жаткан
өңірлерінде жер өндеу мен мал шаруашылығының, отырыкшылық пен
көшпеліліктің,,кала мен даланың өзара әсері мейлінше айкын көрінеді. Бүл
алуан түрлі: саяси, экоңомикалық, мәдени, этникалык взара эсер болатын.
Бұл қарым-қатынастың сипатына зерттеушілердің кезқарастары бірдей
емес. М әселен, XX ғасырдың бас кезінде көшпелілер туралы: «отырыкшы
егіншілермен тұрақты күрес жағдайында, олар өз жолындағының бәрін
жайпап кетеді ж әне гүлденген жазираны өлі шел далаға айналдырады» деп
жазылды2гШығыстын, соның ішінде Казакстан мен Орта Азияның кешпелі-
лері кебінесе көнерген мәдениетті таратушылар, ал олардың әркениет да
муына ықпалы тек бүлдірушілік тұрғыда ғана болды деп қарастырылады.
Мысалы, Орта Азияның тарихы отырыкшы иран өркениетін көшпелі
түріктердің бірте-бірте жаулап алып, күйретуінің тарихы деп саналады3.
Алайда, бүгінде көшпелілер мен егіншілер арасындағы тығыз, етене бай-
ланыс болғаны туралы пікір басым. Әдетте қазіргі ғылымда жалпы тұрғын-
дардың отырыкдіы бөлігін де, көшпелі белігін де камтитын біртүтас эко-
номикалық жүйе, шаруашылық өмірдің екі бағытының өзара тығыз бай-
ланысы туралы айтылып жүр. Бұл экономикалық бірліктің бұзылуы
көшпелілердің де, отырықшы жазиралардың тұрғындарын да асқан ауыр
зардаптарға ұшыратты4.
Көшпелілер мен егіншілердін өзара катынастарын түсіну үшін «таза
көшпелілердің» тым сирек кездесетінін ж ән е отырықшылық пен егіншілік
элементтеріне коса көшпелі шаруашылықтың зор маңызы барын ұмытп-
аған жөн; біртүтас этникалык қауымдастық шеңберінде кәшпелі малшы-
лармен бірге малшылардың жартылай көшпелі ж эн е жартылай отырыкшы
топтары болған5. Сондықтан егіншілер мен малшылар арасында «жан
347
өтпейтін шекаралар» болған ж оқ ж әне көбіне малшылардың белгілі бір
ж ағдайларда ж ән е сәті түскенде отырыкшы өмір салтына ауысатын
мүмкіншілігі бар топтары кеп болатын. Керісінше үрдістер де болды, бірақ
тұтас алғанда шоғырланушылық және хронологиялык өзгерістердің бәрінде
де отырықшылық, егіншілік және урбанизация өңірлерінің кеңу сарыны
жетекші болып қала берді.
Орта ғасырлар дәуіріндегі кала мен дала проблемаларын шешуде қала
мен дала дамуының тарихи зандылыктарын анықтау жөніндегі ізденістердің
зор маңызы бар. Мұндай зерттеулер жүргізіліп жатыр. Орта Азия мен Қазак-
станның қалалары, орта ғасырлардағы көшпелілер жөнінде бірегей, іргелі
еңбектер пайда болды6.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қала мәдениетін археологиялык
зерттеу жөнінде соңғы жиырма жыл ішінде жеделдете жүргізілген жұмыс-
тар жаңа материал табуға, оны жүйеге келтіріп, толып жатқан мәселелерді,
соның ішінде этнографиялық мәліметтерде баяндалған кезеңге дейінгі орта
ғасырлар бойында кала мәдениетінің көшпелілермен өзара іс-қимыл үстінде
даму кырларын да қарастыруға мүмкіндік берді.
'VI—IX ғасырлардың бірінші жартысы аралығында кала мәдениеті екі
ауданда — Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда дамыды. Сая
си жағынан аймақ түрік әулеттеріне бағынды ж ән е реті бойынша Батыс
түрік, Түргеш ж әне Қарлұк қағанаттарының қүрамына енді. Аталған ке-
зенде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, кешу жоддарь; калыптасады,
түрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болады, оты
рыкшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген ру бөлімшелері отырықшылыкка
көшеді. Мемлекетгік төрешілдік аппарат қүрылып, ортақтіл мен жазу калы
птасады, сауда ж әне дипломатиялық байланыстар дамидьи Осындай жағ-
дайда әкімшілік орталығы ретінде де, колөнер, сауда, мәдениет, орталығы
ретінде де қалалар салына бастайды.
Отырықшы және қала тұрғындарының көшпелі ж әне жартылай көшпелі
тұрғындармен өзара әсерінің әр түрлі жактары болды. Алайда көшпелі-
лердің, егіншілер мен қала тұрғындарының көбінеое біртүтас әлеуметтік-
экономихалық құрылым шеңберінде бірігуін атап өткен ж ән. Отырықшы
егіншілер мен қала түргындарының ықпалымен бүрынғы көшпелілер тез
арада отырыкшылыкка, қала өміріне көшіп отырды. Отырықшылық-
егіншілік тұрмыс салтының ықпалы көшпелілердің де дамуын жеделдетті.
Мәдениет жөнінен бір-біріне ықпал ету қырлары ауыс-түйіс, еліктеу,
үйрену, араласу сияқты құбылыстармен сипатталады. М әселен, отырык
шы түрғындар көшпелілерден қару-жарақ түрлерін, сәндік заттарды, қы-
мбат тұратын металдардан істелген ыдыстарды алған.
Алайда отырықшы түрғындар қалай болса солай көшіріп алу жолы-
мен жүрмей, қайта бұл бұйымдарға өздеріне тән өзгерістер енгізді. Бірак
алдыңғы ортағасырлық қоғамның әскер и ақсүйектері құнды бұйымдар-
мен алмаса отырып, көшпелілер бұл бұйымдарға деген ө з қажеттерін
дамыған қала қолөнері болған жағдайда ғана толық қанағаттандыра ала
тын еді. Сонымен, кеш пелілердің, малшылардың сұранымы қала ко-
лөнерінің дамуын қажет етті, ал түрік қағандары қалалар салынуына
мүдделі болды. Сонымен бірге, отырықшы өмірге көшкен көшпелілер
отырықшы тұрғы ндардан құрылыс іс ін ің , үй салуды ң дәстү р л ер ін
үйренді, ал түрік шонжарлары, сір ә, сарай кеш ендерін түрғызу ж ән е
348
оларды безен д ір у үш ін отырықшы халық арасынан құрылысшылар
шақырып алатын болса керек8.
Төменде көрсетілетіндей, Қазақстан қалаларының архитектурасы Соғ-
ды мен Шаш архитектурасына өте ұқсас болған. Түріктердің тапсырыста-
рымен соғды суретшілері түрік феодаддары қүрылыстарының қабырғал-
арын ою-өрнекпен безендіріп, ағаштан ғажайып өнер туындыларын қалы-
птастырып отырған9. (Соғды құрылысшылары мен суретшілерінің кәсіптік
бірлестіктері ірі калалык орталықтарда қалыптасқан талғамдар мен сән-
салтанат үлгілерін шет аймақтар мен түріктер арасынатаратып отырдь^/Бұл
орайда ең беделді мәдени үлгілердің әуелі қоғамның бетке ұстар үстем тобы
арасында таралғанын ескеру керек. Оған едәуір дәрежеде шонжарларға
жалпы ортак, е з ерекшелігімен қайран қалдырарлық керініс көрсету тән
болды.
Қытай жібегіне, түріктердің әскери қару-жарағына, соғдылардың сәу-
лет өнеріне, ою-өрнектері мен ағаштан түйін түюлеріне құмарлықта содан
шыққан. Бірақ сонымен бірге, соған қабаттаса, өзгелердің өнегесін бұқа-
ралық мәдениетке — керамикаға, қатардағы үй құрылысына енгізу де жүріп
жатгы. Ал халықтық, бүқаралық мәдениетгің негізі кауыншы, отырар-қар-
атау, жетіасар мәдениеті ретінде белгілі болған жергілікті мәдени қатпа-
рлардан түратын еді.
Археологиялық материалдарға карағанда, бұл мәдениеттердің талай
ғасырлар бойы — б. з. б. I ғасырдан біздің заманымыздағы VI—VII ғасырл-
арға дейін тұрақты да дәстүрлі болып келгені байқалады. Бұл мәдени ке
шен Кангюй этникалық-мәдени мемлекеттік бірлестігіне кірген тайпалык
одақтардың өмір сүрген кезеңін сипаттайды.
Материалдық мәдениет саласындағы езара әсерге келгенде, этникалық
үрдістер туралы мәселеге соқпай өту мүмкін емес. Этникалық тұрғыдағы
әзара эсер кешу, қоныс аударудың екі түрімен — халықтардың Үлы қоныс
аударуы, соғдылардың қоныстануы, түріктердің жаулап алуы сиякты ха-
лыктың үлкен топтарының араласуымен және халыктың шағын топтары,
уағызшылар, саудагерлер қоныс аударған шағын кеші-қондармен сипат-
талды.
Бұл қоныс аударуға қоса жедел түрде этногенетикалык үрдістер жүріп,
олар сонымен бірге біріктіру сипатында да болды.
Қалалар саны ж әне қала жүрттарының үлгілері. Жаңа археологиялык
материалдың жинакталуы, бұрын белгісіз болып келген қала жұртгарының
ашылуы тарихи картаға алдыңғы ортағасырлық қалаларды, қоныстар мен
басқада елді мекендерді неғұрлым толық орналастыруға мүмкіндік береді.
'Оңтүстік Қазақстанның тау етегіндегі ең ірі қала Испиджаб саналады10. Ол
629 жылы Сюань-Цзянның жылнамасында «Ақ езендегі қала» атымен алғаш
рет аталады1 '. Кейініректе Махмұд Қашғари былай дейді: «Сайрам - ақ қал-
аның аты (Әл-Мединат әл-Байда), ол Испиджаб деп аталады. Оны «Сай
рам» деп те айтады»12. Сайрам деген атаумен кала осы кезге дейін жетті
ж әне оның аумағындағы қираған қала жұртының орны орта ғасырлардағы
Испиджабқа сәйкес келетініне күмән жоқ.
2. ҚАЛАЛАР МЕН ҚАЛАЛЫҚ ҚОНЫСТАР
349
O J
и»
о
Оңтүстік Қазақстаңдағы к&палар мен қала жүртгарыным
картасы.
V1-1X ғғ. бірінші жартысы.
Испиджабқа жақын жерде, одан Ш ашқа баратын жолдың бойында Газ-
гирд қаласы жатқан. Орта ғасырларда жол Тұрбат асуынан өтіп, Сайрамға
барған. Қазіргі Шарапхана ауылының аумағынан V II-X ғасырларда болған
қаланың жұрты табылды, оны Газгирд деуге болады. Ертедегі Газгирд то-
понимінің қазіргі Қазығұрт атауында сақталып калған болуы мүмкін. Таш
кент пен Шымкент арасындағы тау сілемдері солай деп аталады, қаланың
қираған жұрты соның етегінде жатыр. Испиджабтың шығыс жағында Ша-
рап, Будухкет, Тамтаж, Абараж және Жувикат қалалары мен елді мекен-
дері болған13. Алдыңғы екі калаға арақашықтағы деректемелерде фарсах
есебімен (Сайрамнан және бір-бірінен шақырым есебімен) көрсетілген қала
орындары сәйкес келеді. Шарапқа - Төрткөл Балыкшы, Будухкетке Қаза-
тлық қалаларының жұрты сай келеді14. Тамтаж мен Абараж, сірә, керуен
сарайлар болса керек.
Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қаласында болған Фараб
(Отырар) өңірі жатты. Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбенд) VIII—
IX ғасырларда пайда болады. Сонымен бірге қаланың Фараб деген аты да
мәлім болған. Бұл қаланың Тарбанд деген тағы бір аты белгілі. Отырардың
Отырарбенд қаласының өзі екені күмән туғызбайды15. Отырардан төмені-
рек Сырдария бойында Шауғар өңірі орналасып, сол аттас орталығы бо-
лған. В. В. Бартольд Шауғарды Түркістан ауданында болған деп санайды16.
Шауғар қаласы Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 шакырым жерде ор
наласкан Ш ойтебе қаласының орнында болған деп саналады17. Соғды
тілінен аударғанда Шауғар «Қара тау» деген сөз18. Қаланың Қаратау етегін-
де орналасуы Шойтөбенің Шауғарға балануына қосымша дәлел бола ала
ды. Осы қалалардан баска Сырдарияның орта ағысында V I-IX ғасырдың
бірінші жартысына тән мәдени қабаттары аныкталған бір топ қала жұртта-
ры жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде барлық саны 27 болатын осындай
қала жұрты бар.
Қазақстанның оңтүстігіндегі қала жұрттарына кұрылымында арка - ішкі
қамал, шахристан - дуалмен бекіндірілген кала және рабад - қала төңірегін-
дегі сауда-қолөнер орны болатын топография тән. ПІахристанда бай шон-
жарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналас-
ты.
Алайда Орта Азияға тән калыптағы Пенджикенттегі археологиялык қа-
збалар қала емірінің бастапқы кезендерінде-ақ шахристанда шонжарлар-
мен ж әне көпестермен қатар қолөнершілер мен үсақ саудагерлердің де
тұрғанын және алдыңғы орта ғасырлардың өзінде қала қолөнер мен сауда-
ның қалыптасқан орталығы болғанын көрсетті19. Жазбаша деректемелер-
дегі қалалармен, сол кезеңнің түсінігінде калыптасқан кала үлгісімен сәйкес
келетін қала жұрттарын да қалалар қатарына жатқызу керек. Оңтүстік
Қ азақстан мен Жетісудың алдыңғы орта ғасырлардағы қалаларыны ң
жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: келемі мен
құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекініс-
тері; мәдени қабатының байлығы; археологиялық кешені пайдаланылады.
Осындай сан жэне сапа белгілеріне сүйенгенде, Оңтүстік Қазақстандағы
алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болады. Алайда,
Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғүрлым кейінгі уақытта да өмір
сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі кал-
аларды ң көлемін аны қтауға ж ән е оларды ң үлгілерін жорамалдауға
351
u>
К )
Жетісудагы калалар мен кдла жүрттарының картасы. VIИ Х гг. бірінші жартысы.
мүмкіндік бере бермейді. Жетісудың оңтүстік-батысында, керісінше, бұған
толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағавда, мұнда VII—
X ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала
жұрттарымен сәйкестендірілді.
Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты
табылып, олардағы VII—IX ғасырлардың мәдени қабатгары анықталды. Қал-
алар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік
ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын
«орталық бөлік» ерекше көрінеді. Орталықгағы қүлаған үйінділерге ұзы-
ндығы үш шақырымнан ондаған шақырымға дейін жететін дуалмен қорш-
алған аумақ жапсарласып жатады20.
«Үзын дуадды» қалалардың орналасуында қатаң зандылық бар: Талас
аңғарында олар бір-бірінен 15—20 шакырым қашықтықта аңғарлардың ең
қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында
орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу зандылығы одан да айқын
— он үш қала тау етегіндегі аймақта тау езендері ағып шығатын жерлерде
бір-бірінен 15—35 шақырым қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз
жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп кұятын жерлерінде солтүстік
жақтағы ішкі тізбекті құрайды.
Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен то-
пографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылды, нәти-
жесінде қалаларды үш топқа белуге мүмкіндік болды. Бұлар: астаналық
және ірі қалалар — Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың
оңтүстік-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылезен және ІІІитебе сияк
ты ірі қала жүрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтебе кал-
асының жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус — Шалдовар,
Мирки, Аспара, Жол - Соқылық, Харранжуван — Беловодск бекінісі, Ж ақ
— Сарығ - Грозненское жаткызылды. ПІағын калаларға жататындар: Қүлан
— Луговое, «Түрік қағанының ауылы» — Шеміш, Кірмірау - Покровское21.
Ірі қалалардьщтеңірегінде орналаскан ондаған ескерткіштерді коныстарға
жатқызуға болады. Олардың қүрылымында да қамалдармен шахристандар-
дың, кала теңірегіндегі жерлердің айқын аңғарылуы жиі кездеседі. Кейбір
қоныстардың мықты бекіністі құрылыстары болған. Алайда олардың келемі
‘шағын, 4—6 гектардан аспайды, мүның езі, мамандардың пікірінше, қоны-
старға тән. Сонымен бірге кептеген «терткілдер» - тау шатқалдарында және
ірі қалаларға жақын орналаскан, терт бұрыш түріндегі қала орындары коны-
старға жаткызылды22. Табылып, зерттелген қала орындарының кейбіреу-
лері бекіністер және керуен сарайлар деп анықталды.
3. ҚАЛА МЕН ҚОНЫС ҚҰРЫЛЫСЫ. ЗИРАГГАР
Аркалар - ішкі қамалдар қаланьщ міндетті элементі ж әне оның ең
бекіністі бөлігі бодған. М әселен, VII—VIII ғасырлардағы Құйрықтөбе қал-
асының қамалы биіктігі 10 м күйдірілген балшық тұғырға салынған сарай
құрылысы болып табылады. Онда кала билеушісі түрған.
Баба-Ата қаласы орнының қамалын қазған кезде мұнда VI—VIII ғасы-
рларда калемі 240 шаршы метр болатын екі қабатты құрылыс болғаны анық-
талды. Бірінші, теменгі қабатында диаметрі 5,8 м болатын, күмбездеп жа-
12
- Ңазаксган тарихы, т.1
353
былған салтанат залы болған. Екінші қабатына қорап сияқты етіп жабы-
лған алты бөлме салынған23. VI ғасыр мен VIII ғасырдың алғашқы жарты-
сындағы Ақтебе-1 қаласының ішкі камалының орнынан саз кабатынан үш
метр етіп тұрғызылған биік тұғыр үстіне орнатылған екі қабатты замок та
былды24. Жамбыл (Тараз) және Құлан қалалары орнының қамалдарында
жүргізілген қазба жүмыстарында бұларда да замок сиякты күрылыстардың
орны анықталды25. Талас аңғарындағы Қостөбе қаласы орнының қамалын
қазған кезде қызықты нәрселер байқалды. Қала орнындағы қамал жоғарғы
бетінің көлемі 30x40 м, биіктігі 12-15 м болатын пирамида пішінді төбешік
екен. Анықталгандай, VI—IX ғасырларға жататын бастапқы кұрылыс жоға-
ры стилобатқа орнатылған замок сияқты ғимарат болған. Құрылыстың
қабырғаларын айналдыра галерея откен.
Ақбешім қаласында 35 га жерді алып жатқан биік қамал мен шахристан
болған. VIII ғасырдың екінші жартысында оның оңтүстік-шығыс жағынан
қаланың келемі 60 га болатын жаңа бөлігі жапсарластыра салынған, сірә,
оның қаған ордасы болуы мүмкін. Қызылөзеннің қираған жүрты қамалдан,
екі шахристаннан, діни кешені бар зиратган тұрады.
Қамалы биіктігі 16 м және көлемі 110x110 м стилобатқа орнатылған дағ-
дылы замок құрылысы болған. Қамалдың ортасында қызметтік және түрғын
жайлар орналастырылып, оте көркем безендірілген, оларды айналдыра гал-
лерея жасалган26.
Қала махалласы және тү рғын үй. Қалалардың шахристандары махалла-
ларға топтастырылып, үйлер тығыз салынған. Қалалардың махаллаларға
бөлінуі феодалдық қоғам үшін занды болатын. Ол туыстық дәнекермен,
ортақ кәсіппен, дінмен топтасқан адамдардың сол қоғамға тән топ болып
тұйықталуына байланысты еді. X ғасырдағы автор Нершахидің «Бұхара та
рихы» еңбегінде «ку» және «махала» («махаллат») терминдері кездеседі, олар
махаллаларды білдірген27. Орта ғасырлардағы қала жұрттарын зерттеуші-
лер «махалла» ұғымын кенінен қолданады28.
Алайда, археологиялык әдебиетте «махалла» терминінің кеңінен пайда-
ланылғанына қарамастан, бұл үғым осы кезге дейін бірыңғай түсінілмей
келеді. Әдетте, махалла деп қала қүрылысының бүгінгі ұғымы айтылады,
ал оның түп тамыры антик дәстүрінде жатыр, ол кезде көшелердің тік
бұрышты аумағы тұрақты жоспарланған тұрғын үй алаптарымен ұштасып
жатқан29.
Бір зерттеушілердің пікірінше, Пенджикент махаллалары тік бүрыш
жасап тоғысып жатқан түйықталган көшелерден түратын үй алаптары бо-
лган30. Басқа біреулері жалпы қалалық көшеден тарайтын махалла ішіндегі
шолақ кешеге біріктірілген шағын үйлер тобын махалла деп санайды. Ма
халла барлық жағынан түйықталған, оның шекаралары үй иеліктерінің
сыртқы қабырғалары бойымен өтеді31.
Оңтүстік Қазақстан қалаларының жүртына кеңінен жүргізілген қазба
жұмыстары жеке махаллаларды, олардын шекараларын бөліп керсетуге
ж әне мынадай анықтама үсынуға мүмкіндік берді: «махалла дегеніміз кала
күры лы сы ны ң іш індегі көш елер нем есе үл кен көш ен ің бір бөлігін
біріктіретін бірнеше үйлерден тұратын шағын алабы. Махалланың сыртқы
беті жабық болады, көрші махаллалармен шекарасы барлық үйлердің сыр-
тқы қабырғалары мен ш еткі үйлердің бүйірдегі қабырғаларын бойлай
етеді»32.
Достарыңызбен бөлісу: |