315
VIII
ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың басындағы қаулаған та
рихи оқиғалар оғыз тайпаларында мемлекеттік ұйым элементтерінің дамуы
на түрткі салды. Бұған печенег-кангар конфедерациясымен соғыс және
сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өмірлік қажеттігі едәуір дәрежеде
себепші болды.
Оғыздардың мемлекеті туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасы-
рдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады.
Тегінде, Сырдария жабғулары державасының біржола қалыптасуы нақ осы
кез болса керек. Оғыздарда қалыптасқан мемлекеттің болуы туралы ең ер-
тедегі хабарлардың бірі әл-Якубидің (IX ғ.) шығармаларында кездеседі. Араб
географының мағлұматы оғыздар мемлекеті туралы айтуымен ғана емес,
одардың көршілес түрік тайпаларымен соғыстарын көрсетумен де кызық-
ты. Тайпалар арасында қарлүқтардың, тоғыз-ғұздардың және кимектердің
аталуы ерекше назар аудартады84. Ибн әл-Факихтің (X ғ.) географиялык
еңбегінде ІХ -Х ғасырлардағы оғыз тайпалары туралы өте қызықты мәлімет-
тер бар, мүнда ол кимектермен және тоғьіз-ғүздармен бірге оғыздардың
«патшалар» (мәлік) екені және түріктерде басқалардан көбірек қүрметт-
елетіні айтылады85.
Жазбаша деректердің нақты мәліметтері оғыздардың IX ғасырдың аяғы
- X ғасырдың басында қалыптасқан өз мемлекеттілігі болды деген қоры-
тынды жасауға мүмкіндік береді.
X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Ж аңа Гузия
деп аталатын кала болды. Оғыз державасының саяси орталығы ретінде Ян-
гикенггің тандап алынуына кептеген жағдайлар себеп болады. Бұлардың
ішіндегі ең бастысы оның Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен
және Мауараннахрмен түйісіп жатқан жердегі географиялык орны болды.
Янгикент кимек даласы аркылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойла-
рына баратын маңызды керуен жолының үстінде болды, Сығанак пен
Оңтүстік Оралға баратын сауда жолы осы қаланың үстінен өтетін еді.
Басқа да ертедегі феодалдык саяси бірлестіктер сияқты оғыздар мемле-
кеті де түтас топтасқан мемлекет болған жоқ. Әл-Идриси оғыздарда, сірә,
хандар болар, бірнеше «патшалардың» болғаны туралы айтады. Ірі бірлесті-
ктерді басқарған бұл көсемдердің ордалары бекіністі орындар болды, оларда
казына және азық-түлік сақталды. Оғыз хандары өздерінің иеліктерін қорғау
үшін арнайы әскери отрядтар қүрды, ал соғыс шыққан және шапкыншы-
лықжасалған кезде бала-шағасы мен мал-мүлкін алып, қамалдарға тығыл-
ды86.
ІХ -Х І ғасырларда оғыз мемлекетінің басшысы «жабғу» (ябгу) деген
атағы бар жоғарғы билеуші болды. Оғыз жабғуларының елді ездерімен бірге
билеушілері, сондай-ақ «күл-еркіндер» деген атақтары бар кеңесшілері
болды. Жабғудың билігі, ол ресми түрде патшалыққа сайланып қойылған
деп есептелсе де, мүраға қалып отырды. Билеушілер кеңестерде сайланды,
бұл кеңестер еткен замандағы халық жиналыстарының өзгерген түрі бо-
лған еді. Алайда оғыздардың халық жиналыстары ете сирек шақырылған,
ал күнделікті өмірде басты рөлді шонжарлар кеңесі (қаңқаш) атқарған.
Халык жиналыстары шақырылған жағдайда, олар оғыз аксүйектерінін
айтқанынан шықпаған.
Аңыздарға қарағанда, оғыз билеушілері билігі жүріп тұрған «хан түкым-
дарынан» «сайланған», ал «сайлаудың» өзітөре бойынша — әдеттегі күкыкта-
316
\
рдың жазылмаған жиынтығы бойынша өткізілген. Оның негізіне билікті
беруде інілеріне қарағанда ағасына артықшылық жасау алынды.
Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған, бала кезінде
оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған.
Басқа түрік билеушілері сиякты, оғыз жабғуларының әйелдеріне де «катын»
деген атақ беріліп, олар сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқа-
рған. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (сюбашы)
маңызды орын атқарған. Әскер басылары саяси оқиғаларға араласқан, кейде
тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған.
Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ерте-
дегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық құрылыстың
қойнауынан өсіп шықкан ел билеу институттары сақталды, ал жабғудың
билігін ірі әскери-тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды.
Ескі рулық-тайпалық институтгардың тез ыдырауы жағдайында патри-
архатгық-феодалдық қатынастар дамыды. Басқару аппараты калыптасты.
X ғасырдың аяғында-ақ уақытылы алынып тұратын алым-салык жүйесі
болды. Ханның салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы
атты отряд болып қүры лды , ал алы м -салы қ төлеуден бас тартқан
«бүлікшілерге» жазалау отрядтары жіберіліп отырды.
Оғыздар мемлекеті Евразияның саяси және әскери тарихында маңызды
рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтың ара
сында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәти-
жесіңде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-сая-
си одағы олардың саяси және сауда-экономикалык мүдделерінің бір бо-
луынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне
одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан кешпелі
оғыз шонжарлары өздерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз
маңындағы далаларға ете мұқтаж бодды, ал оған жетуге Хазария бегет жа
сады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Европаны
Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл
сауда жолдарын өз
бакы лауы нда
ұстауға ертедегі орыс мемдекеті де мүдделі
болатын. Хазарияныңталқандалуы орыс копестеріне Шығыс елдерінің бай
рыногына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағы-
тында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.
965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен үзақ
уақыт күрес жүргізді. Оғыздардың хазарлармен қан төгіс шайқастары, сірә,
Маңғыстауға батыс жағынан іргелесетін далаларда еткен болса керек. X
ғасырдың орта кезінде Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағасына дейін
жеткен Хазар державасының шекарасы осы жерден басталатын еді87.
Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатыныың
өсуіне себепші бодды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князь-
дерімен біріге отырып, Еділ Бүлғариясын да күйрете женді. Орыс шежі-
решілері 985 жылы князь Владимирдің торктармен (оғыздармен) одақтаса
отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтады. Князь әскерлері
Еділмен немесе Камамен қайықпен жүзді, ал торктар жағамен өздерінің
жауға мінетін аттарымен жүріп отырды.
X—XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-са-
лықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпалары-
ның кетерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына караға-
317
нда, бүл көтерілістер екімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның
екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның баскаруына карсы
жүргізіледі88.
Жабғулардың өз казыналарының камын ойлаған саясатына наразылық-
ты X ғасырдың орта кезінде-ақ Жентке жакын жерге келіп орын тепкен
салжүк
көсемдері пайдаланды. Салжұк көсемдері Жанкенттін оғыз биле-
ушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жентті басып алады. Алайда, олар, сірә
өздеріне арткан үмітті ақтай алмай, бұкараның қолдауынан айырылған бо
луы керек. Әйтпесе, олардың көп үзамай-ак Жент аймағынан кетуге мәжбүр
болғанын түсіндіру қиын. Көтерілісшілер қозғалысы сәтсіздікке үшырап,
халык «ландары» жанышталды.
Осының бәрі Әли ханның мүрагері және оның орнына тұрған Шахмәлік
екіметінің нығаюына себепші болды. Оның тұсында мемлекеттің күшей-
гені соншалык, 1041 жылы оғыздар Хорезмді басып алды. Алайда екі жыл-
дан кейін Шахмәлік деректемелер бойынша, бізге белгілі оғыз жабғулары-
ның соңғысы — салжүктардың қолына түсіп, өлтірілді. Көтерілісшілер козғ-
алысына қарсы күрес, салжүқтарға қарсы жылдар бойғы жүргізілген шайк-
астар мен соғыстар оғыз жабғуларының бірлестігін іштей үнгіп әлсіретті.
Оғыздар мемлекеті кыпшақтайпаларының соққыларынан кұлады. Оғыз-
дардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінінен Шығыс Европаға,
Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауараннахрдың Қарахан әулетінің және
Хорасанның салжүкбилеушілерінің қол астына көшті. Кьіпшақтар XI ғасы-
рдың ортасында талкандаған оғыздардың калдықтары кейін келе Дешті
Қыпшактың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті J
Этникалық және тайпалық қүрамы. Ертедегі оғызтобынын орныға бас-
тауы Батыс Жетісумен байланысты89. Оғыздардың тарихи аныздары да, осы
пікірді куатгайды, оларда оғыздардын алғашкы ата-бабаларының бірінін
Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулык (ежелгі оғыз-
дык) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін
калыптаскан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханнын
Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи
аңыздарда, оның әскерлерінде өздерін «окгуғра-оғызбыз» деп атайтын
бірнеше мың үйдің болғаны айтылады90. Бұл атаудағы «оқ» деген термин
назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайгіа» деген ұғымдарды білдірген. Айтар-
лықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі үшұктардын -
оғыз әскерінің сол канатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.
Печенегтермен ұзақ уакыт шайқасу тайпалардың оғыз одағының саяси
топтасуына себепші болды. Оғыз конфедерациясы кірме элементтердін
Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындарымен араласуы-
ның нәтижесінде күрылды. Оның қүрамына кангар-печенегтердің біразы
және Сырдария аңғарының, Арал маңының ж әне Каспийдің солтүстік
төңірегінің баска да далалық тайпаларының біразы енді. Бұлар арғы тегі
үнді-европалық және фин-угорлық болғанымен, бара-бара түріктенген тай-
палар еді. Олардың бірсыпырасы Арал теңізінен Каспийдің шығыс жаға-
лауына дейінгі даланы мекендеген аландар, астар болды91. Тегінде, Батыс
Арал өңірінің дала халқы да осындай аралас халық болса керек, онда оғыз-
дарға дейін VIII—IX ғасырларда бажғарлар, нукардалар және бажналар
мекендеген92. Осы топтардың арасындағы тығыз қарым-қатынастың арка-
сында этникалық және мәдени жақындасу жүзеге асты. Сірә, калаларда
318
баска жақтан келіп коныстанушылар саны оғыздардың отырықшы топта-
рынан көп болса керек. Мәселен, X ғасырда Жанкент, Жент, Хора тұрғын-
дары негізінен алғанда «мұсылмандар» болған, ал ол кезде оғыздардың
негізгі бұкарасы, соның ішінде олардың билеушілері де әлі ислам дініне
кірмеген еді.
« Оғыздардың көрші түркі тілдес тайпаларымен және халықтармен — кар-
лұқтармен, башқұрттармен, кимектермен, қыпшақтармен тығыз қарым-
қатынас жасауы олардың барған сайын жақындаса түсуіне себепші болды.
М әселен, «Худуд әл-алам» шығармасына қарағанда, Андараз Хифчақ
аймағының кимектерінде оғыздарға ұксас әдет-ғұрып болған93. Махмұд
Қашғари оғыздар мен қыпшақтардың «ж» дыбысы басым говорларының
жақындығын талай рет атап көрсеткен94. Кимек-қыпшақ тайпаларының
оғыздармен этно-мәдени байланыстары ежелгі қазақ аңыздарынан да аңға-
рылады.
Қалыптасқан оғыз этносының құрамына Жетісудан шыққан түркі тілдес
компоненттер де кірді. Бұлар ең алдымен оғыздармен бірге Сырдарияның
орта шеніне ауа көшкен қарлүк топгары, сондай-ақ халаждар және басқа
батыс түрік тайпалары болды95. Олардың күрамына VIII ғасырда Ш у мен
Талас аңғарларын мекендеген жағрлар (шағр) және шарүқтардың бөлімдері
де енген96. Тегі, XI ғасырдағы оғыз тайпаларының бірі есебінде айтылатын
жарұкдұғгардың шарұқтардың ұрпағы болуы мүмкін.
Оғыздардың калыптасуына шығыс түрік тайпаларының кейбір топтары
да қатысты. Бүл орайда неғұрлым маңызды рөл атқарған имак-кимек тай
паларымен басқа да тайпалардың белімдері - негізгі кепшілігі Обь пен
Ертістің арасын мекендеген байандұрлар, имурлер және қайлар болды97.
Басқаша деуден гөрі бұл бөлімшелер оғыз көсемдерінің кангар-печенег
бірлестігіне қарсы күресінде олардың одақтастары болуы мүмкін98. Пече-
негтерді талқандағаннан кейін шалғай батыста қалғандыктан, олар бертін
келе оғыздардың құрамына енген.
Сөйтіп, оғыз этникалық қауымынын қалыптасуы күрделі де үзақ үрдіс
болды. Оғыздардың кұрамына Сырдария аңғары мен Арал-Каспий дала-
сының ертедегі (негізінен түрік болып кеткен) этникалық компоненті де,
Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпа-
ларьгда енді. Оғыз тобының алғашқы ұйытқысы Жетісуда калыптасты, алай
да өзінің батысқа қарай жылжу үрдісінде ол Оңтүстік және Батыс Казак-
стан аумағындағы көшпелі және жартылай отырыкшы халық есебінен
едәуір толықты.
Оғыздар бірқатар рулық қүрылымдар мен тайпаларға бөлінді. Оғыздар-
дың тайпалық құрамы толық анықталып біткен жок, XI ғасырда оларда 22
тайпа болғаны ғана мәлім. «Диуани лүғат-ат-түркте» оғыз тайпаларының
мынадай тізбесі келтіріледі, олар: қынык, байандұр, ива, салұр, афшар, бектілі,
бұкдұз, баят, язғыр, имур, қарабұлак, алқабүлак, иғдыр, урегир, тутырқа, ула-
йондулуг, түгер, жебни (жебеней), бежене, жуылдар, жаруклуғ.
Махмұд Қашғари оғыздар алғашында 24тайпадан қүралған дейді99. Алай
да неғұрлым кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпа
сы женінде ғана айтады100. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздар-
дың екі экзогамиялық фратрияға: тиісінше олардың әскерлерінің оң және
сол қанатына кірген бұзүқтар мен үшүқтарға бөлінуімен түсіндіруге бо-
лар. Әрбір топта 24 тайпадан болды, бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді.
319
Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бүзүқтар оң канатқа, «аға» тай
палар қатарына жатады да, ал үшүктар сол қанатгың «кіші» тайпаларына
жатады. Жоғарғы ханды «сайлағанда» бүзұқтардың (үшұктарға қарағанда)
көп артықшылыктары болған. Жалпы алғанда оғыз мемлекеті этникалық
құрамы жөнінен ала-қүла болып ерекшеленбеген.
Оғыздарда болған тайпалық және рулық бөлімшелер «бой», «оба», «көк»
деп аталды. «Диуани лұғат-ат-түркке» жэне басқа деректемелерге Карага
нда, оғыздарда «бой» тайпа деген сөз, ал «оба» жэне «көк» деген термин-
дер, сірә, кебінесе рулық бөлімшелерге қолданылған болса керек. Оғыздар
бұған коса үрұғгар мен аймактарға бөлінген. «Үрүғ» деген терминмен ру-
лық бөлімшелер жэне патронимия күратын атақты түкымдар, әулеттер ата-
лған.
Оғыздардың рулары мен тайпалары неғұрлым ірі тайпалық одақтардың
қүрамына кірген. Мүндай бірлестіктерді әдетте «ел» деп атаған, бүл «ха-
лық», «мемлекет» деген ұғымды береді. Оғыз рулары мен тайпалары алға-
шқы қауымдық үлгідегі таза қандас туысқандық үйымдар болмаған. Олар-
дың негізінде қандас туыстық емес, қайта шаруашылық-аумақтық байла-
ныстар жатыр. Оғыз коғамы іс жүзінде рулық-тайпалық ұйымның түрлерін
сақтаған ертедегі таптық қоғам болды.
Оғыздардың арасында, көбінесе далалық аймақты мекендегендерінің
ішівде, монгол тектес нәсілдік бет-пішін басым болды, бірақ сонымен қатар
европалық-монғолдык тектер аралас пішіндер мен басқа пішіндер де бол
ды. «Олар, — деп жазды Арал өңірінің оғыздары жөнінде X ғасырда әл-
Масуди, - ең аласалары (түріктердін ішінде) ж әне көздері барынша кысық
келеді». Баска ортағасырлык авторлар оғыздардың шаш, сақал-мүрттары-
ның сирек, таңқы танау келетіндігін айтады. Жазбаша деректемелердін
оғыздардьщ бет-пішіні туралы деректері палеоантроподогиялық матери-
алдармен де біршама дәлелденеді. Мәселен, Батыс Қазақстанның оғыз-пе-
ченег обаларындағы адамның бас сүйектері монғол тектес
(о ң т ү с т ік -с іб ір
пішіндес), сондай-ақ европалық тектес бет-пішінге жатады101. Этникалык
жағынан араласып тоғысудың ең жедел үрдісі, сірә, Орта Азияның оңтүстік-
шығыс аймақтарындағы оғыздар арасында орын алса керек.
Ортағасырлық деректемелерде оғыздардың көршілес халықтармен кан
тоғысуы, араласуы туралы тікелей айтылатын мағлүматтар бар102. Жарты
лай кешпелі және көшпелі оғыздардың бірқатары, шын мәнінде, Онтүстік
Қазақстанның егіншілік еңірлеріндегі отырықшы халықтармен тоғысып
кетті. Көбіне иран тілдес европеоидтермен араласқан мұндай этникалык
топтар нарратив деректемелерде түрікмендер деп аталады.
Огыз халқы қалыптасуының тездеуіне ескі қандас туысқандық байла-
ныстардың ыдырып, жаңа аумақтык-шаруашылық бірлестіктердің кұрьі-
луы және ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы себеп болды. Алай
да орта ғасырларда бұл үрдіс толық аяқталған жоқ.
Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, кар
акалпак халықтарының қалыптасуында компоненттердің бірі болып каты-
сты.
Оғьіздар Қазақстан аумағында. Оғыз тайпалары кең-байтақ жерді ме-
кендеді. Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықга, Жемде, Ойылда, Арал-
сор көлінің оң жақ жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір топта
ры Балқаш көлінің оңтүстік жағасына дейін барды, мұнда олардың Горғұз
320
деген бекінісі болды. Оғыздар сондай-ақ Арал маңын, Сырдария аңғарын,
Қаратау баурайын, Ш у өңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің бәрінде
бірдей көп болған жоқ. Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның
төменгі ағысында мейлінше тұтас қоныстанды.
Оғыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан қаласы болды.
«Нұзхат әл-муштак» шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және
олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстар-
дан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсыл-
ман көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы сатып алып жүрген103.
Ибн Хаукальдің шығармасында оғыздар Ш аш (Сырдария) өзені Саб-
ран (Сауран) шекарасынан ететін жерлердегі шөлді де жағалай мекендейді
делінеді. «(Шаш өзені) Сабран шекарасынан өткен жерде, - делінген Ис-
тахри еңбегінің парсыша нұсқасында, — осы өзен бойындағы Даруй деген
жерде оғыздардьщ тұрғын жайлары бар»104. Сабран көршілес оғыз, кимек
тайпаларына қарсы салынған шекаралық бекініс болды105.
Оғыздар Сырдарияның сол жағасында да көшіп жүрген, мұнда олар X
ғасырдан бастап Фараб аймағының құрамына кірген Сүткент қаласына дейін
жеткен. Оғыз тайпаларының бір тобы Сырдарияның Фараб пен Кендждех (не
месе Кеңжиде) арасындағы өңірінде, Арыстың орта ағысында мекендеген.
Тарихи-географиялық материалдар оғыздардың көшіп-қонып жүрген
жерлерін, шамамен алғанда, Қаратаудың оңтүстік жоталарынан, Бөген,
Ш аян және Арыс деңгейінен, Испиджаб шекараларына дейінгі, ал оңтустік
бағытта Шәуідцірден Алқакөл құмдарының шығыс шетіне дейінгі аралық-
та болған деп белгілеуге мүмкіндік береді. Оғыз тайпалары сондай-ақ Бет-
пакдаланың Сырдария жағалауын, Усрушанның солтүстік-батыс шекара-
сы төңірегін мекендеген.
Ибн Хаукальдің айтуына карағанда, оғыздардың бір тобы Шаш аймағы-
нда орналаскан, қазіргі Арыс өзенінің аңғарындағы Пскент қаласына сәйкес
келетін Бискент қаласында тұрған. «Мұнда, — деп жазады Ибн Хаукаль, -
мұсылман дініне кірген оғыз-түрік және қарлұқ тайпалары жиналуда»106.
Истахри шығармасының парсыша нұсқасында Келес даласында болған
«Оғыздар конысы» (Дех-и-гузз) айтылады’07. Мұнда, Келес даласында, Анг
рен мен Ш ыршық аңғарында, Шатқал және Угам жоталарының баурайын-
да оғыздар қарлұқгармен және басқа түркі тілдес топтармен аралас мекен
деген. Ислам дініне кіргеннен кейін олардың біразы Ш аш пен Испиджаб
аймақтарының қалалары мен селолық қоныстарында тұрып қалады.
Оғыз тайпалары Сырдарияның төменгі агысында да мекендеді. Мүнда Жент,
Ж анкент және Хора деген қалалар болған. Жент қираған Жаңақала қала
жүртына сәйкес келеді, ал Жанкентгің кұлаған орны Сырдарияның сол жақ
жағасыңца, Қазальшьщ оңтүстік жағыңца жатыр. Хораның накты орны әзірше
анық емес, ол Сырдарияның сағасына таяу жерде болған деуге келеді108.
Оғыздар егін салатын отырықшы аймақтар - Хорезммен, Мауараннахр-
мен ж әне Хорасанмен шектес болған. «Мауараннахрдың бүкіл шекарасы,
- деп жазады Истахри, — Хорезмнен Испиджабтың төңірегіне дейін оғыз-
түріктермен соғыс қимылдары болып жататын жер»109. Хорезмнің оғыздар-
мен шектес бекіністері Ж уржания ж әне үлкен бекіністі қоныс Баратегін
болған. Хорезмнің шекаралары Гургандждың солтүстік-батыс жағындағы
шөлдегі Жита қаласының маңында да оғыздардың жерімен шектесіп жат
ты. Огаздаласына баратын керуен жолы осы арадан басталатын еді. Хғасы-
11
- Қазақстан тарихы,
т.1
рда батыста Хазарияға дейін созылып жаткан далалар, сондай-ақ Солтүстік
Каспий өңіріндегі дала, Орталык, Унгуз сырты, оңтүстік-шығыс Қарақұм,
Арал өңіріндегі Қызылқұм Хорезм немесе Оғыз шөлі деп аталды.
X ғасырда оғыз тайпаларының көпшілігі Арал мен Каспий теңіздерінің
маңындағы далаларға қоныстанған. Масуди Хазар теңізінің маңындағы
шөлдерде көптеген көшпелі оғыздар түрады дейді110.
Сондай-ақ оғыздар Ырғыз бойында, Мұғалжар тауының баурайында,
Жем, Ж айық бойында, Аралсор, Ойыл жағалауларында көшіп жүрген.
Мүғалжар жотасы ауданында оғыздардың Нуджақ және Бадағақ деген қама-
лдары, Мүғалжардың солтүстік-шығыс беткейлері мен Оңтүстік Орал сілем-
дері арасында Даранда (Дендера) және Дарку деген шағын бекіністер бо-
лған. Соңғысы, сірә, оғыз «патшасының» жазғы ордасы болуы мүмкін; онда
үнемі сауда жасайтын, қолөнермен айналысатын адамдар тұрған.
Сөйтіп, оғыздардың қоныстары мен камалдарының батыс шекаралары
Оңтүстік Орал мен Еділдің төменгі бойына дейін жеткен.
Жайық бойында және Еділдің сол ж ак жағасында көшіп жүрген оғыз
тайпалары башкұрттармен, бұртастармен шекаралас болған.
4. КИМ ЕК ҚАҒАНАТЫ
Күйреген Батыс түрік қағанатының орнында көшпелі және жартылай
көшпелі түркі тілдес тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында қүдіретті үш
мемлекет: Жетісуда - қарлұқ этникалық-әлеуметтік бірлестігін, Сырдария-
ның орта және төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында — Оғыз держа-
васын, ал Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанда — Кимек қаған-
атын кұрды.
Кимектер тарихының ертедегі кезеңі кытай деректемелерінде VII ғасы-
рдағы батыс түрік ортасында болған оқиғаларға қатысты атап өтілген яньмо
тайпасымен байланысты айтылған. Синологтар яньмоны йемек (имек) тай-
пасына балайды, ол, зерттеушілердің көпшілігі шамалайтындай, кимек
атауының фонотекалық бір түрі болып табылады. Зерттеушілердің кимек
тер мен қыпшақтарды бір халыққа балап жүрген пікірі кате, ойткені орта
ғасырлардағы жазбаша деректемелердің мәліметтері оларды екі жеке, бірак
туыс түркі тілдес этнос ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Теле тайпа-
ларының бірі болған яньмолар VII ғасырдың бас кезінде Қобда алабында,
солтүстік-батыс Монғолияда мекендеген. Олардың шығысында оғыздар
болып, ал оңтүстігінде түргештер мен қарлұқтар қоныстанған. VII ғасы-
рдың ортасына таман имектер (кимектер) Алтай тауларынан солтүстігірек
жатқан аудандар мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Бұл тайпа 656 жылы Ба
тыс түрік қағанаты құлағаннан кейін оқшауланған еді. Ш ынына келгенде,
кимек тайпалық одағының ұйытқысы нақ осы кезде пайда болады. Кимек
тер тайпасы басшысының «шад-түтік» деген атағы болған111. «Шад» және
«түтік» деген атақгар түріктер арасында кеңінен мәлім ж әне VII—IX ғасы-
рлардағы ертедегі түріктердің руналық жазбаларында талай рет айтылады.
VIII
ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырдың басында кимек тайпала
ры үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға (негізінен, қыпшақтар),
оңтүстік-батыста Сырдария аңғары мен Оңтүстік Қазакстанға, оңтүстікте
Достарыңызбен бөлісу: |